Ми абцессі, спинальді эпидуральды абсцесс 2 страница



  1.1.6. Қыртысты – бұлшықет жолының әр түрлі деңгейінің зақымдануының клиникалық маңызы: жұлын (жұлынның бүйір бағаны, алдыңғы мүйізі), алдыңғы түбіршік, өрім, перифериялық нерв, нерв-бұлшықеттік синапс, бұлшықеттік. Жұлынның бүйір бағанының зақымдануы. Зақымданған жақта жұлынның жарақаттанған деңгейінен төменгі аймақтағы бұлшықеттер сіресіп сал болады. Жұлынның алдыңғы мүйізі мен алдыңғы түбіршіктері зақымданғанда бұлшықеттер зақымданған сегменттер деңгейінде сал болып қалады. Нерв өрімінің зақымдануы. Қолдың қары немесе бел-сегізкөз өрімдері жарақаттанса қол немесе аяқ зақымданған жағында салданады.   1.1.7. Сезімталдылықтың бұзылу типтері: перифериялық, сегменттік, өткізгіштік, қыртыстық. Сезімталдылықтың диссоцирленген бұзылыс түрі. Сезімталдылықтың перифериялық бұзылыс түрлеріне: мононевриттік, полиневриттік, өрімдік, түбірлік түрлері жатады. Мононевриттік синдром – зақымданған нерв бағанасына байланысты аймақта сезімталдылықтың барлық түрі жойылады немесе бәсеңдейді. Полиневриттік синдром – аяқ пен қолдың төменгі жағында шұлық, ұйық, қолғап тәрізді гиперестезия немесе анестезия пайда болады. Өрімдік синдром – зақымданған нерв өрімдерінің құрамына кіретін нервтерге қатысты аймақта сезім деңгейі бұзылып, гиперестезия, гипестезия, анестезия болуы мүмкіін. Түбірлік синдром – ауырсыну деңгейі денені белдеулей қоршайды, қол-аяқты ұзына бойлап алған тәрізді сезіледі. Өткізгіштік жұлын синдромы – жұлынның көлденеңінен немесе бүйір және артқы бағаналары зақымданғанда кездесетін сезімталдылықтың бұзылуы. Жұлынның зақымданған тұсының төменгі аймақтарында сезімталдық жойылады немесе әлсірейді. Жұлынның артқы бағаналары зақымданғанда терең сезіну қабілеті сол тұстан төмен қарай жоғалады. Жұлынның бүйір бағаны зақымданғанда осы зақымданған тұстың қарама қарсы жағында ауырсыну және ыстық суықты анықтау сезімі жоғалады. Ми қыртысы жоғарғы төбе бөлшегі зақымдануы кезінде сезімталдылықтың күрделі түрі өзгеруінің белгілері пайда болады: астереогнозия, аутотопоагнозия, аназогнозия, псевдополиомиелия. Сезімталдылықтың диссоциирленген бұзылыс түрі. Сегменттік артқы мүйіз синдромы – жұлынның сұр затының артқы мүйізі зақымдануына байланысты сезімталдықтың бұзылуы. Егер жұлынның мойын немесе жоғарғы кеуде тұсындағы сегменттернің артқы мүізі бір жағынан зақымданса ауырсыну мен ыстық-суықты сезінбеу жартылай күрте тәрізді болып келеді. Комиссуралдық – сегменттік синдром – жұлын сұр затының тұтасқан жерінің алдыңғы жағы, яғни ауырсыну мен ыстық суық сезімталдылығын өткізетін жолдың көру төмпешігіне дейінгі аралығының айқасқан тұсы зақымдануы. Симметриялы түрде ауырсыну мен ыстық-суық сезілмейді де жанасу және терең сезімталдық сақталады.   1.1.8. І жұп - иіс сезу нерві және иіс сезу жүйесі, зақымдану симптомы мен синдромы. Иіс сезу анализаторы 3 невроннан тұрады. 1ші неврон мұрын шырышты қабықшасында орналасқан клеткалардан басталады да бассүйек қуысына кіріп иіс сезіну жуашықтарында аяқталады. 2ші неврон иіс сезі жуашықтарында орналасқан, аксондары ми қыртысы астындағы иіс сезу орталықтарына келіп жетеді. 3ші неврон клеткалары алдыңғы тесіктелген зат пен мөлдір аралықтағы иіс сезу бұрышында орналасқан. Зақымдану симптомдары: аносмия (иісті мүлде сезінбеу), гипосмия (иісті толық сезінбеу), гиперосмия (шамадан тыс сезіну), дизосмия (иістің сипатын айқындай алмау), иіс елесі (жоқ иісті сезіну). 1.1.9. ІІ жұп – көру нерві және көру жүйесі, түрлі деңгейдегі көру жүйесінің зақымдалу симптомдары. Көру анализаторы 4 невроннан тұрады. 1ші неврон – көздің торлы қабықшасындағы таяқшалар мен сауытшалар. 2ші неврон – көздің торлы қабықшасындағы биполярлы клеткалар. 3ші неврон – көздің торлы қабықшасындағы ганглинозды клеткалар. Көру нерві көру тесігі арқылы көз қуысынан бас сүйек қуысына өтеді де түрік ері төмпешігінің алдында жартылай айқасып, көру нервінің айқасуын құрайды. Одан әрі көру нерві жолы болып, ми қыртысасты орталықтарында аяқталады. 4ші неврон – клеткалары сыртқы иінді денеде орналасқан. Көру жолы ішкі капсуланың артқы сирағының артқы бөлігі арқылы өтіп, шүйде бөлігінің іш жағына келіп тоқтайды. Осы аймақта заттың пішіні, шамасы, бояуы, орналасуы айқындалады. Зақымдалу симптомдары. Көру аясының тарылуы, жоғалуы (скотома), жартылай тарылу (гемианопсия). Хиазманың ішкі айқасқан бөлігі зақымданса көру аясының сыртқы жақтары жоғалады- битемпоралды гемианопсия, сыртқы жағы зақымданып көру аясының ішкі жартысы жойылады – биназальды гемианопсия болады. Ішкі капсуланың артқы саны зақымданғанда қарама – ққарсы жағындағы үштік гемисиндром пайда болады: гемиплегия, гемианестезия, гемианопсия. Ахроматопсия – түсті ажырата алмау, дисхроматопсия – 2 түсті ажырата алмау. 1.1.10. ІІІ жұп – көз қозғалтқыш нерві, зақымдану симптомы.  Көз қозғалтқыш нервісінің 5 ядросы бар. Олар: екі ірі соматикалық, үш ұсақ клеткалы парасимпатикалық ядролар. Ми аяқшасы мен варолий көпірінен өтіп, бассүйек қуысынан шығады. Бес бұлшық етін (көздің жоғарғы қабағын көтеретін жоғарғы, төменгі, ішкі түзу, төменгі қиғаш бұлшықеттері) және көздің бірыңғай салалы еттерін нервтендіреді. Зақымдану симптомдары. Үстіңгі қабақтың сал болуы – птоз, көздің ішкі тік бұлшықетінің қызметінің бұзылуынан көз екі жақ сыртына және төменірек қылиланады, диплопия пайда болады. Қарашықтың бұлшық еті әлсіресе – мидриаз болады. Үш тік бұлшықеттері күшінің бірден жойылуынан экзофтальм пайда болады. Көз қозғайтын нервтер ми бағаны тұсында зақымданса қарама – қарсылық синдромдар пайда болады: Вебер, Бенедикт, Фовилл синдромдары. Төрт төмпешік тұсында зақымданса Парино синдромы пайда болады.   1.1.11. V жұп – үшкіл нерві, зақымдану симптомдары. Үшкіл аралас нерв, құрамында сезгіш және қимылдатқыш талшықтар бар. Сезгіш бөлігінің 3 невроны, қимылдатқыш бөлігінің екі невроны бар. Үшкіл нерв тармақтары – көздік нерв, жоғарғы және төменгі жақ нервтері. Олар бассүйек қуыстарынан тиісті тесіктер арқылы: 1-сі жоғарғы көз саңылауынан, 2-сі дөңгелек тесіктен, 3-сі сына сүйектің сопақша тесігінен шығады. 1ші, 2ші тармақтары беттің терісін, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігін, жақ пен тісті, мұрынның қосалқы қуысын, ми қабықтарын нервтендіреді. 3ші тармағы тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің дәм сезуін қамтамасыз етеді. Үшкіл нервтің түбірі немесе тармақтары зақымданса беттің сол зақымданған жақтағы жартысында ұстамалы ауырсыну, нерв тармақтарының бетке шығатын тұстарын басып байқағанда ауырсыну, бет терісінде сезімділік өзгерістері (гиперестезия, гипестезия немесе анестезия) пайда болады. Гассер түйіні зақымданса бетте ауырсыну мен қоса қабыршақ тәрізді күлдіреу пайда болады. Шайнау нерві зақымданса зақымданған аймақта шайнау бұлшықеттері сал болып қалады.   1.1.12. VII жұп – бет нерві, зақымдану симптомдары. Бет нерві мимикалық бұлшықеттерді нервтендіреді. 2 невроннан түзіледі. Орталық неврон прецентралды ирелеңінде орналасқан, сыртқы неврон бет нервісінде орналасқан. Бет нервісі жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықеттен басқа барлық бет бұлшықеттерін нервтендіреді. Бет нервісінің сыртқы невроны зақымданса, беттің зақымданған жағындағы бұлшықеттер сал болып қалады. Қоянның көзі тәрізді белгі, Белл симптомы, Шарко леп белгісі пайда болады. Бұлардан бөлек Мийяр-гублер айқасушы синдромы көрінеді (зақымданған бұлшық ет сал болып, қарсы жағында сіреспелі гемиплегия немесе гемипарез болады) және көпір-мишық бұрышының зақымдануы көрінеді.   1.1.13. VIII жұп – кіреберіс ұлу нерві, есту және вестибулярлы жүйесі, зақымдану симптомдары. VIII жұп есту және кіреберіс нервтерінен түзіледі, екеуі де сезгіш нервтер. Есту анализаторының құрылымы. 1ші неврон ұлу иірімінде жатыр, аксондары бассүйек қуысына ішкі есту тесігі арқылы өтіп, ми бағанындағы алдыңғы және арқа ядроларына келеді. Бұл ядрода екінші неврон бар. Ішкі иін мен төрт төмпешіктің артқы томпақтарында 3-ші неврон орналасқан. 3ші неврон аксондары жоғары көтеріліп, ми қыртысының самай бөлігінің жоғарғы жағындағы Гешль ирелеңіне келіп тоқтайды. Зақымдану белгілері. Есту нерві жартылай зақымданса есту қабілеті төмендейді (гипакузия) немесе саңырау болып қалады (анакузия). Есту анализаторының ми қыртысына тоғысатын ұшы зақымданса, жалған дыбыстар естіледі.   1.1.14. ІХ жұп – тіл-жұтқыншақ нерві, зақымдану симптомдары. Аралас нервке жатады. Құрамында қимылдатқыш, сезгіш, және вегетативтік талшықтар бар. Ядросы сопақша мидың қақпағында орналасқан. Артқы бассүйектегі мойындырық тесігінен шығады. Соматикалық және вегетативтік қызметтерді үйлестіреді. Соматикалық функциясы:жұмсақ таңдай, жұтқыншақ және көмей бұлшықеттерінің жиырылуын, жұтыну және дыбыс шығару актісін үйлестіреді. Тіл түбірі, жұтқыншақ көмей, ортаңғы құлақ сезімділігін қамтамасыз етеді. Вегетативтік функциясы – шықшыт безінен сілекей шығуын реттейді. Зақымдануы: маңқалап сөйлеу (назолалия), дыбысы шықпай қалу (афония), жұтынудың қиындауы (дисфагия), таңдайдың салбырап кетуі, тіл түбірінде дәм сезу баяуулайды – гипогейзия немесе мүлде сезбейді – агейзия.      1.1.15. ХІ жұп – қосымша нерв, зақымдану симптомдары. Таза бірыңғай қимылдатқыш жұлын нерві. Оның ядросы жұлынның біріншіден жетінші мойын сегменттеріне дейінгі алдыңғы мүйізінде орналасқан, ядроның алдыңғы бөлігі сопақша миға кіреді. Нерв көптеген түбіршіктерімен жұлынның түбір бетіне шығады да бір нерв бағанына бірігіп, шүйденің үлкен тесігі арқылы бассүйек қуысына кіреді де одан мойындырықтық тесігі арқыла қайта қайтады. Қосымша нерв екі төс-бұғана –емізіктік және трапеция тәрізді бұлшықеттерді нервтендіреді. Олар басты оңға және солға бұрады, алға қарай еңкейтеді, шынтақты көтереді, жауырынды ортаға қарай қозғайды. Зақымдануы. Ядросы бір жағынан зақымданса, басты немесе мойынды сау жағына қарай қимылдату, бұру қиындайды. Зақымданған жағындағы жауырын төмен түсіп, иығы салбырап қалады. Қосымша нервтің орталық невроны тітіркенсе, бас зақымданған жаққа бұрылып дірілдейді, мойны қисаяды, басы изеңдейді.   1.1.16. ХІІ жұп – тіласты нерві, зақымдану симптомдары. Таза қимылдатқыш нерв. Тіласты нервінің ядролары сопақша ми қақпағындағы ромб тәрізді шұңқыр түбінің ортасына таяу орналасқан. Тіл бұлшықеттерін нервтендіреді. Зақымдануы. Тіласты нервінің немесе оның ми бағанындағы ядросы зақымданса, зақымданған жаққа сәйкес тілдің бөлігі солып, әлсіреп немесе қимылдамай қалады (глоссоплегия), тілін шығарғанда әлсіреген жағына қисаяды. Егер де ядро зақымданса мұнымен қоса тіл бұлшықеттерінің талшықтары жыбырлап дірілдейді, сөйлеу қабілеті қиындайды (дизартрия). Тіласты нерві ядролары екі жағынан зақымданса, тіл қозғалмай қалады (глоссоплегия), сөйлеу мүмкіндігі жойылады (анартрия).   1.1.17. Ми қанайналымы. Жекелеген қантамыр бассейнінің зақымдану семиотикасы.   Ми қан айналысы екі артериялык жүйе: ішкі ұйқы және омыртқа артерияларымен қамтамасыз етіледі. Омыртқа артериялары бұғана асты артериясынан бастальш, мойын омыртқасы көлденең өсінділерінің каналына кіреді де, 1-мойын омыртқасы деңгейінде одан шығады. Соңынан үлкен шүйде тесігі арқылы бас сүйек қуысына кіріп, сопақша ми астына (табанына) орналасады. Сопақша ми мен варолиев көпірі аралығында негізгі артерияның жалпы бағанасымен қосылады. Әрбір омыртқа артериясынан екі тармақ шығып, төмен қарай жұлынға бағытталады. Олар бірігіп алдыңғы жұлын артериясын құрайды. Сонымен, сопақша ми астында "Захарченконың артериялық шеңберінің" ромбысы қалыптасады, оның жоғаргы бұрышы - негізгі артерияның, ал төменгісі — алдыңғы жұлын артериясының басталған тұсы. Ішкі ұйқы артериясы — жалпы ұйқы артериясының тармағы, ол сол жақта — тікелей аортадан (қолқадан), ал оң жақта — оң бұғанаасты артериясынан шығады. Аталмыш артерия бас сүйек қуысына ; үлкен шүйде тесігі арқылы кіріп, одан түрік ершігінің және көру нервтері қилысының екі жағынан шығады. Ішкі ұйқы артериясының тікелей жалғасы — орталық ми артериясы мидың төбе, мандай және самай бөліктерінің арасында сильвиев қыртысы бойымен жүреді. Ішкі ұйқы артериясы ми астында алға қарай тік бұрыш жасап, алдыңғы ми артериясына ұласады. Екі алдыңғы ми артериясы алдыңғы біріктіруші артерия арқылы анастомоз жасайды. Екі артериялық жүйенің (каротидтік пен вертебралдық) байланысы виллизиев артериялық шеңбері арқылы іске асады. Негізгі (базиллярлық) артерия екі жақтағы омыртқа артерияларының қосылуы арқылы пайда болып, варолиев көпірінің алдыңғы қырында тағы да екіге бөлінеді де, артқы ми артерияларына айналады, оның әрқайсысы артқы біріктіруші артерия арқылы ішкі ұйқы артериясымен анастомоз жасайды. Сонымен, вилизиев шеңбері негізгі (базиллярлық) артерия, артқы ми артериясы, артқы біріктіруші, ішкі ұйқы (орталық ми), алдыңғы ми және алдыңғы біріктіруші артериялардан пайда болады. Виллизиев шеңберінің тармақтары (бұтақтары) ми ішіне кірмей, оның сыртына жайылады да, тік бұрыш жасап шығатын көптеген жіңішке бұтақшаларға біртіндеп бөлінеді. Олар үлкен жарты шарлар сыртында қан ағымының біркелкі таралуын қамтамасыз етіп, ми қыртысын қан тамырларымен қамтуға (васкуляризация) қолайлы жағдай жасайды. Осы себепті мида кең калибрлі қан тамырлары болмай, оның есесіне ұсақ артериялар, артериолдар, капиллярлар басым келеді. Капиллярлардың тарамдалған жолдары гипоталамус аймағы мен субкортикалдық (қыртыс асты) ақ затта көптеп кездеседі. Мидың веноздық тамыр жүйесіне веналар, синустар және веналық қан шығатын орындар жатады. Қан сыртқы веналар арқылы үлкен жарты шар қыртысы мен жұмсақ ми қабығына жиналады. Қыртыс асты құрылымдары мен ми қарыншаларынан қан; ішкі веналар жүйесі арқылы үлкен ми венасына (Гален венасы) келеді. Одан сыртқы және тереңдегі веналар вена қойнауларына (синустерге) құйылады. Синустың қатайған қорғаны оның жабысып керілуіне кедергі жасайды. Бас сүйек қуысында барлығы 21 синус бар (саги-талдық жоғарғы және төменгі, тік, келденең, жоғарғы және төменгі тасты, қуысты, т.т.). Қан синустардан шүйде аймағына орналасқан синустар (қоймалар) жиынтығымен ішкі күре венаға, одан жоғарғы қуысты венаға құйылады.                                                             •

Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 989; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!