Ми абцессі, спинальді эпидуральды абсцесс 1 страница



Орталық жүйке жүйесінің анатомо-физиологиялық сипаттамасы. Жүйке жүйесі - адам организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке тіні құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады. Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық). Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды. Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм құрайды. Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ, X – кезеген, XI – қосымша, XII – тіласты жүйкелері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми жєне екі ми сыңарларынан тұрады.   1.1.2. Жүйке жүйесінің негізгі бөлімдері: мидың жарты шары (ми қыртысы мен ақ заты, қыртысасты ганглий), аралық ми, ми бағанасы, мишық. Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шаралары). Мидың барлық салмағының 80%-ын үлкен ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 млрд жүйке жасушалары бар. Құылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай. кен ми сыңарларының сұр заты сыртында орналасқан.           Ол ми қыртысыдеп аталады, оның қалыңдығы 2-4 мм. ми қыртысы 7 қабаттан тұрады: молекулярлық қабат – ең үстіңгі қабат, ол ұсақ нейрондардан тұрады. Сыртқы түйіршікті қабат. Нейрондардың пішіні дән тәрізді. Сыртқы пирамидалы қабат. Нейрондардың пішіні пирамида тәрізді, мөлшері әртүрлі. Ішкі түйіршікті қабат. Ганглиозды қабат. Ірі пирамдалы Бец жасушаларынан тұрады. Полиморфты (көп пішінді) қабат. Нейрондардың пішіні әртүрлі. Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нейрондардан тұрады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миды жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Көп мөлшердегі енрв талшықтарынан тұрады. 3 жүйеге бөледі: ассоциативтік (бір ми сыңары қыртысының түрлі аймақтармен байланыстырады), комиссуралық (екі ми сыңарының симметриялы бөліктерін байланыстырады), проекциялық талшықтар(ми қыртысының бір бөлігін таламус және тізелік денемен, бір бөлігін орталық нерв жүйесінің төмен жатқан бөлімдері және жұлынмен байланыстырады).  Ми сыңарларында қыртыс асты ядролар (ганглийлер) орналасқан. 3 жиыны бар: жолақ дене, құйрықты ядро(қозғалыс белсенділігін), жасымық тәрізді ядро, бозғылт шар, шарбақ (claustrum), бадамша тәрізді дене. Бұлар ми қыртысын ми бағанасымен байланыстырады. Ми жарты шарлары екі үлкен қызмет атқарады: организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл-ойы; ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру. Аралық ми ортаңғы мидың алдында, алдыңғы мидың жолақ денелерінің артында орналасып, аталған құрылымдарды бір-бірімен байланыстырып тұрады. Оның құрамына таламус, гипоталамус және эпиталамус енеді. Таламус құрамына енетін имек денеге көру жэне есту анализаторларынан бағытталған импульстер келеді. Таламус ядроларында жанасу, пропи-ро-, термо-, ауырсыну, дәм сезу рецепторларынан бағытталған импульстер тоғысады, сондықтан көру төмпегі зақымданса, рецепция (рецепторлардың тітіркенуін қабылдау) бұзылады. Эпиталамуста иіс сезу орталығы мен ішкі секрециялық без -эпифиз орналасады. Гипоталамус — мидың үшінші қарыншасының вентральдық қабырғасын қүрайды, көру төмпегінің астыңғы жағында орналасады. Гипаталамус көру төмпегі мен ми қыртысын вегетативтік жүйке жүйесімен жалғастырушы буын болып табылады. Сол себепті гипоталамус вегетативтік функцияларды реттеуде, симпатикалық және парасимпатикалық реакциялардың атқарылуында маңызды орын алады. Гипоталамус дене температурасын реттеуге қатысады. Гипоталамусте белоктың, майдың, көмірсулардың, су мен минералды заттардың алмасуын реттейтін орталықтар орналасады. Мидың бұл құрылымы вегетативтік жүйке жүйесінің, ішкі секреция бездерінің және нейрогуморальдық механизмдердің жоғары деңгейлі үйлесімін қалыптастырады. Ми бағанасына жататындары: сопақша ми, артқы ми (көпір және мишық), ортаңғы ми. Сопақша ми ұзындығы 25 мм. Оливье (зәйтүн) сол арқылы жұлынмен эксрапирамидалды жүйе және мишықпен байланысады. Оливье – жұқа сына тәрізді ядро немесе Голля, Бурдаха ядролары деп аталады. Сопақша ми өзінің ядро құрылымдары және ретулярлы торлары арқылы вегетивтік, соматикалық дәм сезу, есту, вестибулярлық рефлекстердің жүруін іске асыруға қатысады. Сопақша ми ядроларының ерекшеліктерінің бірі ядроларында біртіндеп қозу процесінің нәтижесінде күрделі рефлекстің іске асуын қамтамасыз етеді. Әсіресе, асты жұту кезінде бірнеше ет біртіндеп, белгілі бір ретпен жұмыс істейді. Көпір сопақша мидан жоғары орналасқан, сезгіштік, өткізгіштік, қозғалғыштық және интегративтік рефректорлық қызмет атқарады. Көпірдің құрамына мынадай нервтердің ядролары кіреді –бет, үшкіл, әкетуші. Көпірдің ретикулярлы торы ортаңғы және сопақша ми торларымен жалғасып жатады. Көпірдің ең басты құрылымының бірі – мишықтың ортаңғы аяғы. Осы арқылы үлкен ми қыртысы мишықтың жарты шарларымен байланысып, компенсаторлы және морфологиялық қызметті қамтамасыз етеді. Көпірдің сезімталдық қызметін қамтамасыз ететін үшкіл және кіреберіс ұлу нервтері. Бұл жерде вестибулярлы тітіркендіргіш жердің тартылыс күшіне және бағытына талдау жасайды. Ал үшкіл нерв ядросы сезуді бет еті рецепторынан, бастың алдыңғы шаш бөлігінен, мұрын қуысындағы шырышты қабаттан және ауыздан, тістен, көздің алмасының дәнекер қабығынан (конъюктива) қабылдайды. Ортаңғы ми төрт төмпешіктен және оның аяқтарынан тұрады. Ортаңғы мидағы ең бір ірі ядроларының бірі қызыл ядро, қара зат, көз қимылдатушы және шытырын (блоковидный) нервтерінің ядросы, сонымен бірге торлы формация ядролары бар. Сезімталдық қызметі есту және көру информациясын іске асырады. Қозғалғыштық қызметі – шығыршық нерв, қозғаушы нерв ядросы, қызыл ядро, қара зат ядролары арқылы іске асырылады. Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады.Оның салмағы ересек адамдарда 120-150 грамм болады. Мишық бастың бүкіл артқы бөлігінде тұрады ,оны үлкен ми сыңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан жауып тұрады. Екеуінің арасындағы саңылауды мидың көлденең саңылауы деп атайды. Мишық екі сыңардан және оларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден тұрады және де сұр зат пен ақ заттан түзіледі.Сұр зат мишықтың сыртқы бетінде орналасып, оның қыртысын түзеді. Ақ зат сұр заттың ішінде орналасқан ,олардың ішінде 4 жұп ядролар болады. Мишықтың негізгі қызметі- денені қозғалтып, қимылға келтіру,тепе теңдік алма кезектік қызметтерді ,яғни үйлесімділікті рефлекс жолымен басқару. 3 жұп аяқшлары болады, осы аяқшалар арқылы ми қыртысынан, базальды ганглиден, экстрапирамидті жүйеден, ми бағанасынан және жұлыннан ақпарат қабылдайды.    1.1.3. Ретикулярлы формация, мидың лимбикалық жүйесі. Ретикулярлы формация - бас миының бағанасы мен жұлынның жоғарғы бөлімінің орталығында орналасқан жасушалы және ядролы түзілістер комплексі. Ретикулярлы торда әртүрлі бағытта басып өтетін талшықтардың көп мөлшері тор тәрізді түр береді. Барлық ретикулярлы тор каудальды және таламикалық бөлімдерге бөлінеді. Каудальды бөлім бас миының кең бөлімдері мен шекараларына әсер етудің диффузды, арнайы емес жүйесін анықтайды. Ретикулярлы тордың диффуздылығы (немесе арнайылығы) нервті- импульсті әсер- модальділік сипатымен көрінеді. Сөйтіп, ретикулярлы тор- бұл бас миының барлық бөлімін функциональды көрсетіп, жүйке жүйесінің барлық әрекет түрлеріне әсер етеді. 2 әсер ету бағыты бар: ретикулоспинальды және ретикулокортикальды. Ретикулоспинальды әсер жеңілдету немесе тежеу сипатына ие болады және қарапайым және күрделі қозғалыстар координациясында, психикалық сфераның адамның күрделі қозғалысты әрекеттерін іске асыруда маңызды рөл атқарады. Ретикулярлы тордың үлкен жартышарлар қыртысына әсер ету негізінде ағзаның сенсорлы жүйелерінен афферентті импульсация, сонымен қатар гуморальды әсер ( норадреналин, тироксин, реттеуші пептидтер және басқа физиологиялық белсенді заттар, ретикулярлы тор нейрондарымен қатысты) жатыр. Ретикулярлы тордың қызметі бұзылуы ең алдымен оның ядролары мен афферентті және эфферентті байланыстары әртүрлі деңгейде зақымдалу нәтижесінде қозғалыс бұзылу, ұйқы, сана бұзылыстары, вегетативті дисфункция болады. Лимбиялық жүйе деп үлкен ми сыңарларының медиобазальдық бөлігінде орналасқан нервтік құрылымдар мен олардың байланыстарын айтады. Бұл жүйенің құрылымдары ми бағанын көмкеріп жатады. Лимбиялық жүйенің орталық звеноларына миндаль тәрізді кешен, гиппокамп, белдеуше ирек жатады. Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гиппокампын алып тастаса, жақын арада болған барлық окиғалар естен шығып, ұмытылады. Ал операция кезінде бұл құрылым тітіркендірілсе, бірден тез өтетін оқиғалар еске түседі. Лимбиалық жүйе құрамына кіретін құрылымдар организм әрекетінің аса күрделі формаларын (қоректік, сексуальдық іс-әрекеттерді, түр сақтау үрдістерін, ұйқыны және ояу күйді, есті, зейінді, эмоциялық күйлерді т.б.) реттеуге қатысады да, тұтас соматовегатативтік интеграцияны жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Үш түрлі функциональдық жүйені ажыратады 1. Иіс сезу (иіс сезу пиязшығы мен төрт төбешік, диагональ шоғыр, миндалинаның қыртыс — медиальды ядролары); 2. Метаболизм үрдістері мен эмоциялық реакцияларды қамтамасыз ететіндер (қалқа, миндалинаның базолатеральдық ядролары, маңдай — самай қыртысы, базальдық қыртыс); 3. Эмоциялық реакцияларға қатысатындар (гиппокамп, энторинальдық қыртыс, белдеуше ирек).   1.1.4. Вегетативті нерв жүйесінің құрылысы мен функциясы. Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі — барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі. Вегетативті жүйке жүйесі нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған. Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді. Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді. Вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды (ганглионалды) миелинді жүйке талшықтары, экстрамуральды (қабырғадан тыс) және интрамуральды (қабырғалық) жүйке ганглиондары, постганглионды миелинсіз жүйке талшықтары қүрайды. Вегетативтік жүйке жүйесінің, жүйке жүйесінің сомалық бөлімінен морфологиялық ерекшелігі - оның шеткі бөлімі орталық жүйке жүйесімен екі нейроцит (өзіндік орталық нейроциттері және шеткі жүйке ганглиондарының нейроциттері) арқылы байланысады. Жүйке ганглиондары нейроциттерінің аксондарының эффекторлы ұштары орындаушы мүшелерде аяқталып, оларды жүйкелендіреді (парасимпатикалық жүйке жүйесінің ұштары ішкі мүшелер қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды және бездерді, ал симпатикалық жүйке жүйесінің ұштары — қан және лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды жүйкелендіреді).    1.1.5. Қыртысты – бұлшықет жолының әр түрлі деңгейінің зақымдануының клиникалық маңызы: бас миы (прецентралды ирелең, сәулелі тәж, ішкі капсула, ми бағанасы). Ерікті қимылды іске асыру үшін ми қыртысында пайда болған импульс бұлшықетке жеткізіледі. Бұл қызметті екі невроннан тұратын (орталық және сыртқы) ми қыртысы – бұлшық ет шоғыры атқарады. Орталық қимылдатқыш неврондар ми қыртысының алдыңғы орталық ирелеңінен және орталық маңдай ирелеңінің артқы бөлімі мен парацентральдық бөліктен басталады. Ал ол ми қыртысы жұлын шоғырын (tractus corticospinalis) құрастырады. Яғни пирамида шоғырын құрайды. 2 бөліктен тұрады: ми қыртысы – жұлын шоғыры, екіншісі ми қыртысынан басталып, бассүйек ми қимылдатқыш нервтерінің ядроларында аяқталатын талшықтардан тұратын кортико-нуклеарлық шоғыр – tractus corticospinalis. Мидың алдыңғы ирелеңінің толығынан сирек зақымданатындықтан аяқ немесе қол жарақаттанған тұсына қарама – қарсы жағында сіресіп сал болады (моноплегия). Егер тітіркенсе дененің қарама – қарсы жағындағы кейбір аймақтарындағы бұлшықеттер әлсін - әлсін ширығып жиырылады (Джексон эпилепсиясы) Мидың ішкі капсуласының зақымдануы – зақымданған тұсқа қарама – қарсы жақтағы бұлшықеттер сал болады. Ми бағанынының зақымдануы кезінде пирамида және басссүек ми нервтерінің ядролары қабаттаса зақымданады. Мұндайда альтернативтік сал болу пайда болады.


Дата добавления: 2018-04-15; просмотров: 812; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!