Концептуалды метафора теориясы 7 страница



2.Түсінілім модулі

 

В.З.Демьянков «Понимания как интерпретирующая деятельность» деген мақаласында «Түсінілім модулы» терминін қолданады. Оның түсіндіруінше, түсінілім модулы бірнешеу: біріншісі тілдік білімді пайдалану деп аталады. Түсінілім – адресат пен айтылым авторын байланыстырушы категория, осы тұрғыдан «түсінілім» және «тіл» бір қатардағы ұғым десе де болады. Себебі тіл де сөйлеуші мен тыңдаушыны байланыстырады. Түсінілімдегі тілдің мүмкіндігін А.Ф. Лосев «тілдік валенттілік» деп атайды. Жоғарыдағы модуль аясында (шеңберінде) тіл түсінілімді анықтайды және оның басты шарты болып табылады. Түсінілімге тән сипаттар: айтылымдағы тілдік білімнің

дұрыстығына сенімділік және сөздің мағынасын толық игеру, компоненттілік.

Компененттілік пен тілдік сенімділік өте индивидуалды сипатқа ие. Компоненттілік өлшемі тілдің дамуымен бірге өзгереді де қоғамдық пікірлермен анықталады. Аталған өлшем барлық уақытта тілдік сенімділікті анықтай бермейді. Басқа ұрпақтың тіліндегі айтылымдардың түсінігін талдаған кезде немесе шет ел тілінде сөйлескенде біз өзіміздің тілді өлшемнен төмен деңгейде (ниже стандартного уровня) білетінімізге күмән келтіре алмаймыз.

Екінші модуль тыңдаушының болжамдық интерпретациясына негізделеді. Тыңдаушы мәтіннің толық айтылып бітуін күтпей-ақ, ондағы оқиғалар туралы өзіндік пайымдауын жобалайды. Бұл жоғарыда сөз болған Т. Ван Дейктің макростратегия терминімен сәйкес келеді.

(Үшінші модуль «айтылған мәліметті меңгеру» (освоение сказанного). Өзгенің айтылымын түсіну барысында тыңдаушы айтылым мазмұнына қатысты өзінің ішкі әлемінде қалыптасқан дүние моделін негізге алып, мүмкін әлемнің құрылымын жасайды («семантика возможных миров» деген термин қалыптасқан). «Ішкі әлем» адамның ішкі дүниесінің үзігі. Моделді дүние (модельный мир) интерпретатордың ішкі әлеміне сәйкеседі, оның одан кейінгі ішкі өмірінің ағымымен параллель өмір сүреді (дүниенің объективті, субъективті бейнесі).

Төртінші модуль айтылымның уәжділігі, сол арқылы берілетін түпкі ой, ниет.

Бесінші модуль ішкі дүние мен дүние моделінің сәйкессіздігін көрсетеді. Сәйлеушінің әлемі мен интерпретатордың әлемі бірдей емес. Сөйлеуші өз сөзін түсіндіргенде де оның ішкі әлемінде өзгеріс болады. Потебняның «Тіл дегеніміз адамның өзін-өзі түсіну құралы» деген сөзінің жаны бар.

Ішкі әлем мен ішкі дүние моделінің арақатынасы түсінілімде түрліше танылады. Бұл алтыншы модульдың мазмұнын құрайды

Модельді дүние мен объективті дүние туралы білімдер қоры арақатынасы жетінші модульдың мазмұнын береді. Түсінілім процесінен кейін интерпретатордың білім қоры немесе ақпараттық қоры өзгеріске ұшырап отырады.

Семантика

Тілдік бірліктердің мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Саланың зерттеу құралы семантиккалық талдауға негізделеді. Семантиканың өзі – тіл бірліктерінің мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында семантиканың орнына семасиология термині қолданыла бастаса, қазіргі кезде де семантикамен айналысатын ғалымдарды семасиологтар деп аталады. Орыс тіл білімінде сөздердің тұлғалық жағын оның семантикасымен, семантикалық құрылымы, мағынасының дамуы, қалыптасуы, сөздің бастапқы семасы, ішкі формасы деген мәселелерді зерттеу бірте-бірте тілді танымдық – когнитивті зерттеуге ұласты.

Билет

Тілдік тұлға мәселесі

 

1.Ю.Н. Караулов «тілдік тұлғаның» адамның сөйлеу туындысында (речевое произведение), яғни мәтінде танылатын мінез-құлқы мен қабілетінің жиынтығы екенін айта келіп, мәтінді талдаудың үш түрлі аспектісін көрсетеді: 1. тілдік-құрылымдық деңгейінің күрделілігі жағынан; 2. шындықтың терең, дәл бейнеленуі жағынан; 3. белгілі-бір мақсатқа бағытталуы тұрғысынан зерттеу.

Ю.Н. Карауловтың еңбектерінде «тілдік тұлға» психологияның объектісі ретінде қаралып, жалпы «тұлға» ұғымының теориялық түсініктемесі беріледі: тұлғаның мінез-құлқы, әлеуметтік-өмірлік мақсаттарға жетуде ұстанған жолы арқылы танылатын рухани бітімі, оның құндылықтар әлемі, идеалды талпыныстары шығармадағы тұлғаның көркемдік тұрпатын жасайды. Бірақ адамның рухани өмірі тек әлеуметтік-мәнді қызметі немесе мінез-құлқының сыртқы бет- пердесі аясында ғана анықталмайды, рухани болмыс адамның сөйлеу мүмкіндіктерінде, тілдік әдебінде, кең мағынасында олар туғызған мәтіндерде толық танылады. Тілдік тұлға – интеллектуалды ерекше жаратылыс иесі. Кез-келген адам мен болмыс тұлғаның деңгейін («тұлғаны» «жеке адам» ұғымымен шатастырмау керек) бере алмайды. Кез-келген шығармашылық адамы жеке-дара тұлға бола алмайтыны белгілі. Сондай-ақ, тілдік тұлға – «автор бейнесі» де, «көркем бейне» де, «авторлық тұлға» да емес. Тұлғаға ең алдымен даралық қасиет тән. Яғни «өзгелер» деп атауға болатын жалпылама ортақ болмыстың ерекшеленіп бөлініп шыққан өзіндік бітім-болмысымен анықталуы қажет.

Екіншіден, тұлға адамзатқа тән құндылықтарды тап басып тани білуі, сезініп қабылдай алуы тиіс. Және сол құндылықтар үддесінен өзі де көрініс беруі керек.

Үшіншіден, тұлға тудырған интеллектуальды таным нәтижесі белгілі бір мәдениет түрінде (сөз өнері, сурет, мүсін, музыка т.б.) көрініс беруі қажет.

Ал тұлғаға ұлттық сипат тән бе деген заңды сұрақ туады. Тұлға – жалпы адамзатқа тән ішкі терең құндылықтарды танытушы болмыс болғандықтан, оны бір ғана ұлттың шеңберінде қарау тарлық етеді. Бірақ тұлғаның тіл арқылы көрінетін сипаты – тілдік тұлға – жалпы адами жоғары сана болмысын танытумен қатар, әрбір тілдің өзіндік ұлттық ерекшеліктері тұрғысынан да нақтыланып айқындала түсетіндігін мойындатады.

2. Мәтіндегі ақпарат және оның түрлері

Мәтіннің прагматикалық әлеуеттілігі оның белгілі бір ақпараттар жүйесін бере алуымен де айқындалады.

Ғылыми-теориялық аяда хабарламалардың барлығы бірдей ақпараттық

мән бере алмайды. А.Мартиненің байқағанындай «ақпарат» және «коммуникация» бір бірін жоққа шығармайтын, бірақ бір бірімен сәйкеспейтін әр басқа ұғымдар болып табылады [190]. Ақпарат категориясы таза лингвистикалық аядан тыс көптеген мәселелерді қамтиды. Сондай мәселенің бірі – ақпараттың «жаңалығы» мәселесі. Жаңа ақпарат әлеуметтік, психологиялық, ғылыми-техникалық, жалпы мәдени, жас мөлшері, мезгілдік т.б. факторлардан тыс қаралмайтыны анық. Бір тыңдаушыға жаңалық болып көрінген ақпарат екінші тыңдаушы үшін жаңалық емес не мүлде түсініксіз болуы мүмкін. Немесе белгілі бір мезгіл өтуімен байланысты сол уақытқа дейін жаңалық болып келген мәселе өзінің ақпараттық мәнін жоғалтады.

Екінші мәселе ақпараттың құндылығымен байланысты. Бұл мәселе философияның, жекелеп қарағанда эстетиканың бір саласы болып табылатын аксеологияның ауқымында сөз етіледі. Ақпарат неғұрлым қайталанған сайын өзінің құндылығын жояды. Ал кейбір мәтіндер өзгермейтін құндылыққа ие. Олардың эстетикалық, танымдық немесе ғылыми мәнділігі барлық уақытта адамзат мәдениетінің қазынасында сақталады. Олар барлық уақытта жаңаның көзі болып, ақпараттық құндылығын сақтайды. Біздің зерттеулерімізге дерек болған жыраулар поэзиясының мәтінін өзінің ақпараттық құндылығы жағынан мезгілдік заңдылыққа бағынбайтын, ұлттық мәдениет пен жалпы адамзатқа ортақ идеяны бойына жинаған когнитивтік кеңістік ретінде қарастырамыз. Ақпарат мәтіннің негізгі категориясы ретінде тек мәтінге ғана қатысты бола отырып, өзінің прагматикалық белгісінде әр жақты. Оның негізгі түрлері: 1. мазмұндық-фактуалды; 2. мазмұндық-концептуалды; 3. мазмұнды-астарлы..

Жыр мәтініндегі мазмұндық-фактуалды ақпарат: жыр – тек әдеби, тілдік қана емес, сонымен бірге тарихи категория. Себебі жыраулар қазақ қоғамында саяси-қоғамдық қызмет атқарғаны тарихтан белгілі. Жыр мәтінінде тарихи тұлғалар, олардың өмірі мен қызметі жөніндегі мәліметтерді көп кездестіреміз. Тарихи оқиғалардың сипаты мен мезгілдік, мекендік деректері жыр мәтінінен табылады. Жер-су атаулары, қазіргі географиялық атаулардың тарихи көне нұсқалары, ру-тайпа атаулары, олардың тарихи қоныстары, дін тарихына қатысты оқиғалар мен тарихи деректер жыр қойнауында тұнып жатқан тарихи-мәдени фактуалды қоймамыз деуге болады. Мысалы, Абыл жыраудың Сүйінқара батырға арнауы, Хиуа хандығының қазақ даласына жүргізген қысымшылықтары туралы толғау, термелері, Қалнияздың «Ер Қармыс», «Балуанияз» дастандарында суреттелген тарихи соғыстар мен атақты батырлар бейнесі, Аралбай жыраудың Маңғыстау даласына ерекше сойқан алып келген ашаршылық жылы туралы «Ит жұтына» дастаны, Қашағанның «Адай тегі» дастаны т.б.

Жыр мәтініндегі мазмұндық-концептуалдық ақпаратқа жыраулық дәстүрмен біте қайнасқан туған жер, атамекен, ұлттық рух идеясын атауға болады. Сонымен бірге мұсылман дінінің, соның ішінде сопылық ілімнің «шынайы адам» концепциясы, жалпы адамзаттық ойлаумен астасып жатқан, жыраулық индивидуалдық дүние бейнесі, жеке тұлғаның қалыптасуы, ақындық болмыс туралы пайымдалардың мәтін мазмұны мен тілі арқылы танылуын жатқызамыз.

Жыр мәтініндегі мазмұнды-астарлы ақпарат түрін қабылдау кез келген тыңдаушы мен оқырманның пешенесіне жазыла бермейтін, жеке сөздердің мағынасын түсініп қоюды аздық ететін, жыраулық дәстүрді тудырған тілдік сананы, жоғары ұлттық менталитетті, тілде жасырынған «білім қорын» түгел меңгерген оқырманына ғана құпиясын ашатын «құлыпталған мәдени-танымдық ақпарат» деп түсіндіреміз.

3. Семантикалық кеңістік

 

Мәтіннің мағыналық құрылымын зерттеудің түрліше қырлары пайда болды. Соның ішінінде қазіргі кезде көптеген зерттеушілердің назарын аударып отырған мәтіннің семантикалық кеңістігі мәселесі деуге болады. Кеңістік категориясында мәтін таңбалық және мағыналық бірліктерде танылады. Бұндай кеңістікті виртуалды және актуалды деп екіге жіктеуге болады. Виртуалды семантикалық кеңістікте мәтіннің бастапқы пайда болуындағы автордың алғашқы ойы (замысель) көрінсе, актуалды семантикалық кеңістік дегеніміз мәтіннің тыңдаушы арқылы қабылдану барысындағы мазмұны. Басқаша айтқанда, алғашқысы мәтіннің басталу кеңістігі болса, екіншісі мәтіннің аяқталу кеңістігі деп түсінеміз.

Мәтіннің семантикалық кеңістігі – менталды жасалым. Оның қалыптасуына, біріншіден, көркем шығарманың өзі, яғни, автор қолданған тілдік таңбалар – сөздер, сөйлемдер, күрделі синтаксистік құрылымдар (виртуалды кеңістік), екіншіден, оқырманның мәтінді қабылдау кезіндегі түсінілімі (оны мәтін семантикасының актуалды кеңістігі дейміз) негіз болады.

Көркем шығарманың семантикалық кеңістігін зерттеу «адам», «уақыт», «кеңістік» деп аталатын үш түрлі басты мәтіндік әмбебап ұғымдарды қарастырумен тығыз байланысты. Осылардың қатарында әсіресе, «адам» универсалииінің мәні зор. Себебі көркем шығарманың кейіпкері де, авторы да, қабылдаушысы да – адам. Л.Г.Бабенко мен Ю.В.Казариннің «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» еңбегінде мәтіннің семантикалық кеңістігінің үш түрлі саласы ұсынылады: 1. концептуалды, 2. денотативті, 3. эмотивті. Мәтіннің концептуалды кеңістігін зерттеу негізінен төмендегі мәселелермен байланысты қаралуы тиіс:

1. Шығарманың концептуалды кеңістігінің белгілі бір ұлт мәдениетіне қатыстылығы, яғни ұлт мәдениетінің дамуы сол тілдегі көркем шығарманың тілдік, концептуалдық әлеуетімен тығыз байланысты;

2. Мәтін тілінің ұлттық концептосферамен, ұлт мәдениетімен байланысы;

3. Ұлт мәдениетіндегі тұрақты мәдени концептілердің болуы, оның көркем мәтінде көрінуі;

4. Концептінің «адамзат санасына» ортақ білімдік аяда тоғысуы (концептінің әмбебаптығы);

5. Концептінің динамикалылығы, үнемі дамуға қабілеттілігі;

Концептуалдық талдаудың мақсаты: мәдени мәнділікке ие концептілердің парадигмасын айқындау, олардың концептосферасын сипаттау, концептінің менталды өрісін құрайтын компоненттерді табу.

 

Билет

Мәтін теориясы

1.Мәтін лингвистикасы туралы сөз болғанда, бір зерттеулерде мәтіннің жазба нұсқаға түскен сөйлеу құрылымы екендігі баса айтылса, кейбір зерттеушілер мәтінді ауызша да, жазбаша да сөйлеу құрылымында кездесетін жүйе ретінде қарастырады. Мәтін қандай формада көрініс берсе де (ауызша, жазбаша, мономәтін түрінде, поэзиялық, прозалық сипатта) белгілі бір дәуір туғызған мәдениеттің, шығармашылықтың, рухани қызметтің жемісі әрі осындай рухани байлықты ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізуші феномен болып табылады.

И.Р.Гальпериннің зерттеулері бойынша мәтін мынадай басты категорияларға ие: 1. ақпарат (мазмұнды концептуалды, мазмұнды фактуалды, мазмұнды астарлы); 2. когезия (мәтін ішілік байланыстар); 3. континиум (уақыт пен кеңістікте дамитын мәліметтер мен оқиғалардың бірізділігі); 4. мәтін үзіктерінің автосемантикасы (тұтас мәтін немесе оның бөліктерінің мағыналық қарым-қатнасы); 5. мәтіннің модальдылығы (ой-предметтің субъективті бағалауыштық сипаттамасы); 6. ретроспекция (оқырманды бұрынғы мазмұнды-фактуалды ақпаратқа апаратын тілдік өрнектердің грамматикасы); 7. проспекция (мәтіннің келесі бөліктерінде хабарланатын мазмұнды-фактуалды ақпараттарды білдіру үшін түрлі тілдік формаларды байланыстыратын мәтіннің грамматикалық формасы); 8. интеграция (мәтіннің тұтасымдылығына қол жеткізу мақсатында оның барлық бөліктерін бір-бірімен ұластыру); 9. аяқталғандық (аяқталғандық ұғымы мәтін бөліктеріне емес, тек қана тұтас мәтінге байланысты)

 

2. Д.С.Лихачевтің «Орыс концептосферасы» туралы еңбегі

Д.С.Лихачев «Орыс концептосферасы» деген еңбегінде концептінің теориялық негіздемесін жасап, терминдерін орнықтыруға үлес қосты. Алғаш рет концептосфера, яғни концептілік өріс ұғымын қолданды. Зерттеушінің пікірі бойынша, концептінің әлеуеті неғұрлым кең және бай болуы үшін адамның мәдени тәжірибесі де кең әрі бай болуы қажет. Д.С.Лихачев әрбір адамның өзіндік дара (жеке) мәдени тәжірибесі, дағдысы мен білім қоры оның концепт байлығын немесе жұтаңдығын айқындайтын болады деп көрсетеді. Концепт, біріншіден, жалпы адамзаттың, осы тілде сөйлеуші жеке адамның мәдени тәжірибесіне, білім қоры мен дағдысына байланысты; екіншіден, концепт көрінетін нақты контекске тәуелді. Концептінің кейбір мүмкіндіктерін, адресат арқылы қабылдануын контекст белгілі бір жағдайда шектеуі де мүмкін. Сонда концепт арқылы берілетін менталды таным кейде тілдің шеңберінен де шығып кетеді. Бұл жерде контекстің тасасындағы «тілден тыс мағына» іске қосылады. Концептосфера жасауда жазушылар (ақындар), фольклор жеткізушілер, жеке кәсіп иелері мен діни сословие өкілдері басты рөл атқарады деген пікірлер де бар. Тілдің байлығы «сөздік қордың» көлемімен ғана емес, концептуалдық әлемнің, концептуалдық аяның байлығымен де өлшенеді. Мағынаға қарағанда концептінің аясы кең. Д.С.Лихачевтің көрсетуінше концепті сөздің базбір мағыналарымен сәйкесіп те жатады. Мәселен, өлім – «дененің өмір сүруін тоқтатуы» деген мағынаны береді, концепт бойынша да: «кеудеден жанның кетіп, өмір керуенінің тоқтауы». Бірақ бұл сәйкестік барлық уақытта сақтала бермейді. Өлім жыраулар тілінің концептісінде: «қараңғы жер астына кіру, қараңғы көрге ену, ажал оғы тию, Алладан әмір болған күн, шыбын жанның кірпіш тәннен бөлектенуі» тәрізді мазмұнда да танылады. Сондай-ақ мағына белгілі бір тіл аясында қарастырылса, концепт тілден тыс та қарала береді. Айталық ««және», «бірақ» сөздерінің жеке мағынасын түсіндіру қиын, ал олардың аясындағы концепт анық, яғни біріктіру және қарама-қарсылық...»

 

3.Тілдік кооперация

 

Түсінілімнің екі жақты «келісіммен» жүзеге асырылуы туралы идея логикада «кооперация принципі», лингвистикада «тілдік кооперация» ұғымдарымен түсіндіріле бастады. Тілдік кооперация болу үшін «ортақ ақпараттық өріс», «ортақ ақпараттық территория» болу қажет. «Ортақ ақпараттық өріс» жырауларда «өлім» концептісінің ұқсас фреймдермен берілуі арқылы байқалады. Айталық жыраулардың қай-қасысында да өлу «кету, оралмау» ұғымымен беріледі.

«Нұржан сапар етті, - деп,

Бұ дүниеден кетті» деп,

Хабар берген адам бар.

«Ортақ ақпараттық өріс» жеке сөздердің семантикалық қолданысы арқылы да анықталады. «Құл» сөзінің баршаға мәлім ортақ мағынасы: «біреуге (қожайынына) қызмет ететін, бас еркіндігі жоқ адам». Ал жыраулардың:

Қараңғы жерде қабір бар –

Иманды құлға тым жарық...

Құл болғасын ғұмырсыз

Бізден бұрын бір патша

Өткен екен бір ұлсыз. (Нұрым)

деген қолданысында құл – «Алланың құлы, пенде, мұсылман» деген мағыналарда алынып тұр. Сондай-ақ жыр тілінде «перзент, ұл бала» деген ұғымды құл сөзімен беру кездеседі:

Құдайың сүйіп құл берген,

Тұлымын сыйпар ұл берген, (Нұрым)

Қашаған жырау Ізбаспен айтысында оны «құл» деп кемітеді:

Бұл күндері болғанда

Жас сексенге толғанда

Базардағы Ізбас құл

Көз салыпты біздерге

Осындағы құл сөзінің кейінгі адресаттар үшін бұлдыр тартқан, түсініксіздеу ұғымына тоқталайық. Ертеде жаугершілік кезінде қолға түскен ұл баланы елдің белгілі азаматтары өздеріне бала қылып алады. Егер бала жақсы, тәрбиелі болып өссе, елге шапағаты тисе, ондай адамның бір кездегі келу тарихы, тегі еске алынбай, ұмыт болады, сол елдің төл перзентіндей болып кетеді. Мысалы, Қашағанның «Адай тегі» дастанында Бай далада жылап жатқан ұл баланы көтеріп алып: «Жақсы болса, ұл болар, Жаман болса, құл болар» дейді. Ал егер күндердің күнінде сол асыранды баланың не өзінен, не кейінгі ұрпағынан қандай да бір ши шығып жатса, оның бір кездегі түбінің шикілігі еріксіз еске алынады. Қазақ ондай кірменің ұрпағын «құл» деп кеміткен. Қашаған Ізбастың арғы аталарындағы (дұрысында, Ізбастың тікелей өз атасы емес, немере туыстары кірме болған) осындай шикілікті әдейі бетіне басады. Әрине, Ізбастың ешкімге құл емес екендігі екі жаққа да, тыңдаушысына да аян. Бірақ «құл» туралы қазақ халқының менталитетінде қалыптасқан ортақ «білім» Қашағанның уәжіне еріксіз тоқтатады. Ортақ білім немесе ортақ ақпараттық өріс болмаған жағдайда сөздің де прагматикалық әлеуеті әлсірей түседі. Айталық қазіргі оқырманның барлығына бірдей «құл» сөзінің мағыналық астары түсінікті бола бермеуі мүмкін. Ортақ ақпараттық өріске ене алмаған коммуниканттар сол ұғымның айналасында тілдік кооперация құра алмайды.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 16; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!