Концептуалды метафора теориясы 4 страница



3.Концептілік өріс

Белгілі бір ұлттық мәдениет, таным түріне тән концептілер жүйесі. Концептілік өріс туралы теорияны алғаш рет ұсынған орыс тіл білімінде Д.С.Лихачев болды.

Мәселен, дүние концептісінің концептілік өрісін өмір, өлім, дін, қоғам, адам т.б. концептілері құрайды. Адамның дүние туралы түсініктер жиынтығы тұтас концепт түрінде берілсе, оны ашып, талдау үшін өмір мен өлім, қуаныш пен қайғы, жақсылық пен жамандық, адам мен қоғам, дін туралы жеке концептілік құрылым бола алатын түсініктерді талдау қажет болады.

Билет

В.Гумбольдтың «тілдік философиясы»

1. В. фон Гумболдьттың тілдік теориясы бойынша барлық тілдер, тіпті мейлінше алшақ тілдердің өзі де, адам баласының тілдік қабілеті арқылы бір-біріне жақындасады. Бұл қабілет тілдерді зерттеудің өзегі болып саналады және тілді зерттеудің барлық операцияларын анықтап, бағыт береді. Яғни тілдің адамзатқа ерекше қабілет ретінде берілуінің ортақ қисыны бар. Сондықтан да тілдік қабілет барлық адамдар үшін ортақ құбылыс деп түсінілуі қажет. Осыдан келіп тілдің объективтілігі, сонымен бірге субъективтілігі туралы идея туады. Сонымен бірге В. фон Гумбольдттың: «языки не являются собственно средствами изображения уже познанной истины; боле того, они суть средства открытия до сих пор еще не познанного» деген пікірі тіл мен ойлаудың бірлігін көрсетеді. Лингвофилософтың пайымдауында тілдердің айырмашылығында олардың дыбыстық, таңбалық өзгешелігі емес, дүниені көруіндегі (мировидение) ерекшелік маңызды рөл атқарады. Таным қоры – барлық тіл атаулыға қатыссыз, олардан бірдей аралықта орналасқан адамның рухани өңдеуінен өткен таным алаңы. Сондықтан қандай да болмасын таным актісі жеке субъектінің қабілеті де қатысатын шығармашылық акт болуға тиіс, бір мезгілде бұндай танымдық акт тілдің қатысуынсыз мүмкін емес. Себебі тіл – барлық дәуірлердегі адамзат ұрпағы өз ізін қалдырып отырған ұлттың туындысы, сонымен бірге нақты бір индивидтің қатысуы арқылы субьективті сипат алатын, жалпы адамға, ұлтқа қатысты алғанда объективті рухани әлем. Түрлі тілде сөйлеушілерге бірдей ортақ таным алаңының (поле познание) бар екендігі туралы идея кейінгі лингвистикалық, философиялық зерттеулерде дамытылды.

 

2.Мәтіннің прагматикалық әлеуетіндегі ақпараттың рөлі

 

Мәтіннің прагматикалық әлеуеттілігі оның белгілі бір ақпараттар жүйесін бере алуымен де айқындалады. Ғылыми-теориялық аяда хабарламалардың барлығы бірдей ақпараттық мән бере алмайды. А.Мартиненің байқағанындай «ақпарат» және «коммуникация» бір бірін жоққа шығармайтын, бірақ бір бірімен сәйкеспейтін әр басқа ұғымдар болып табылады. Ақпарат категориясы таза лингвистикалық аядан тыс көптеген мәселелерді қамтиды. Сондай мәселенің бірі – ақпараттың «жаңалығы» мәселесі. Жаңа ақпарат әлеуметтік, психологиялық, ғылыми-техникалық, жалпы мәдени, жас мөлшері, мезгілдік т.б. факторлардан тыс қаралмайтыны анық. Бір тыңдаушыға жаңалық болып көрінген ақпарат екінші тыңдаушы үшін жаңалық емес не мүлде түсініксіз болуы мүмкін. Немесе белгілі бір мезгіл өтуімен байланысты сол уақытқа дейін жаңалық болып келген мәселе өзінің ақпараттық мәнін жоғалтады. Екінші мәселе ақпараттың құндылығымен байланысты. Бұл мәселе философияның, жекелеп қарағанда эстетиканың бір саласы болып табылатын аксеологияның ауқымында сөз етіледі. Ақпарат неғұрлым қайталанған сайын өзінің құндылығын жояды. Ал кейбір мәтіндер өзгермейтін құндылыққа ие. Олардың эстетикалық, танымдық немесе ғылыми мәнділігі барлық уақытта адамзат мәдениетінің қазынасында сақталады. Олар барлық уақытта жаңаның көзі болып, ақпараттық құндылығын сақтайды. Біздің зерттеулерімізге дерек болған жыраулар поэзиясының мәтінін өзінің ақпараттық құндылығы жағынан мезгілдік заңдылыққа бағынбайтын, ұлттық мәдениет пен жалпы адамзатқа ортақ идеяны бойына жинаған когнитивтік кеңістік ретінде қарастырамыз.

Ақпарат мәтіннің негізгі категориясы ретінде тек мәтінге ғана қатысты бола отырып, өзінің прагматикалық белгісінде әр жақты. Оның негізгі түрлері: 1. мазмұндық-фактуалды; 2. мазмұндық-концептуалды; 3. мазмұнды-астарлы.

3. Кілт сөздер

Көркем мәтінге концептуалды талдау жасау үшін, алдымен, сол мәтінде қолданылған кілт сөздер жиынтығын айқындап алу қажет. Ол кілт сөздердің әрбірі концептуалды мәнді жеткізуші болып табылады және оларды жинақтағанда концептіге тән бүкіл қасиеттер, олардың атрибуттары, предикаттары, бейнелі ассоциациялары айқындалады.

 

Билет

А.Потебняның поэтикалық тіл туралы ой-тұжырымдары

 

1. Поэтиканың теориялық мәселелері А.Потебняның еңбектерінде біршама лингвистикалық тұрғыда сөз етілді. Ол «поэтика дегеніміз сөз өнерінің теориясымен байланыста қаралуы тиіс» деген принципті басшылыққа алды.

Ғалымның поэтикалық тіл табиғатын айқындауға қатысты «Сөз өнері теориясы туралы жазбалар», «Ойлау мен тіл», «Сөз және миф», «Эстетика және поэтика» т.б. еңбектері бар. А.Потебняның поэтикалық тіл табиғатын айқындаумен байланысты ой-тұжырымдарын былайша топтастырып көрсетуге болады:

1.Тіл мен ойлаудың тарихи тамырластығына меже жасай отырып, «сөздің ішкі формасы (қалпы)» туралы ілімнің негізін жасайды. Оның пайымдауынша біздің дүние туралы ойлауымыз ақиқат дүниенің көшірмесі болып табылады. Сөздің екі мазмұны бар: бірі объективті, яғни жақын этимологиялық мағынасы, ол барлық уақытта бір белгіде көрінеді, екіншісі субъективті мазмұн, оның белгілері бірнешеу болуы мүмкін. Сөздің ішкі формасы этимологиялық мағынамен байланысты және ол ойлау мазмұнының санаға қатысын анықтайды. Ойлау процесі арқылы түсінік қалыптасады. Алдымен адам жаңа зат пен құбылысты өзіне бұрыннан таныс ұғымдармен байланыстыра қарайды. Жаңа ұғым мен етене (бұрыннан таныс, үйреншікті) ұғымдар арасында аналогия, ассоциация (астасу), қабысу процестері жүреді. Мәселен, көгілдір, көгершін, көгершіндеу (приголубить – орыс тілінен тікелей аудармасы көгершіннің «балапандауы») сөздерінің бәріне ортақ ұғым көк түске байланысты. Бірақ көгершіндеу сөзіне көк ұғымы этимологиялық мағына бола алмайды, себебі көгершіндеу сөзінің жасалуына көгершін заттық атауы негіз болып тұр. Потебняның түсіндіруінше сөз өзінің бастапқы ішкі формасын «ұмытады». Нәтижесінде мүлде тың ұғымдар қалыптасады. Тілдің бір орында тұрып қалмай үнемі қозғалыста, дамуда болуы осындай құбылыстар арқылы жүзеге асады деп көрсетеді ғалым.

2. «Тіл және ойлау» арақатынасы туралы мәселені талдай отырып, А.Потебня «көркем образ» туралы теория ұсынды. Ол лингвистикалық поэтиканың негіздемесін «сөз өнері теориясы» яғни теориялық поэтика туралы ілімде тұжырымдап берді. Өнерді түр мен мазмұнның бірлігінен ғана тұрады деп есептейтін дуализм іліміне қарсы А.А.Потебня «Сөз өнері туралы жазбалар» атты еңбегінде поэзияны «образдар жөніндегі өнер түрі» деп сипаттайды. Потебня ұсынған құрылым бойынша поэтикалық сөйлеудің жүйесі мен басты белгілері көркем-әдеби шығармалардың құрылымдық ерекшеліктерін айқындаумен тұтас қаралады.

3. Тілдің танымдық қызметі туралы ілімді негізге ала отырып, А.Потебня образдық және ұғымдық ойлаумен біртұтас мифтік сана туралы ғылыми пайымдаулар ұсынды. Мифтік ойлау белгілі бір кезеңмен шектелмейді, ол адамның барлық даму кезеңдеріне тән құбылыс. Мифтің пайда болуы тек тілмен байланысты. Мифтің қалыптасуында әсіресе сөздің ішкі формасы басты рөл атқарады. Ғалым мифті материалды дүниедегі құбылыстардың түсіндірмесі, ол адамдардың жай ғана ойлап тапқан қызықты оқиғалары емес, тіпті миф те белгілі бір деңгейде аналогиялық ойлауға сүйену арқылы ғылыми пайымдаулармен қатар тұра алады деп көрсетеді

 

2.Мәтін прессупозициясы туралы көзқарастар

З.Ш.Ерназарованың қазақ сөйлеу тілінің прагматикасын зерттеуге арналған еңбегінде пресуппозиция ұғымына жан-жақты талдау жасалынған. В.А.Звегинцевтің, Ф.О.Кифердің, Н.Д.Арутюнованың, А.Бейкердің еңбектеріне сүйене отырып зерттеуші: «Пресуппозиция – сөйлеу жағдаятымен байланысты анықталатын сөйлеушілердің білім қорының, тәжірибесінің қажетті бөлігі», «Пресуппозиция ұғымы тілдік және тілдік емес шарттардың сөйлесім мазмұнын анықтауға қатысын көрсетуде қажетті категория болып табылады» деген өз тұжырымын ұсынады. З.Ш.Ерназарованың пайымдағанындай пресуппозицияның бірнеше түрлері бар (экзистенциональды лексикалық, лексикалық емес, прагматикалық, семантикалық), сөйлеу жағдаятында пресуппозицияның түрін анықтайтын, таңдайтын сөйлеуші субъект болып табылады. Нақты қарым-қатынасқа өзіндік психикалық ерекшелігі бар, белгілі бір жастағы, этностық, әлеуметтік топқа жататын адамдар түседі. Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасын зерттеуші Қ.Есенованың пікірінше де пресуппозиция: «сөйленімде берілетін ақпаратқа негіз, алғышарт болатын болмыс үзіктері, фрагменттері деуге болады». Оның қызметі «коммуникация барысында сөйлеушіге де, тыңдаушыға да бұрыннан белгілі дерек, мәліметтердің арнайы сөйлем түрінде айтылмай, жалпы меңзелуі, яғни бір оқиға не құбылыс туралы бұрыннан белгілі ақпаратқа сүйене отырып, коммуникант жаңаша ойын баяндай береді». Сондай-ақ мәтін прагматикасына қатысты өзге де еңбектерде: «пресуппозиция – бір сөзбен білдіре алмайтын мәліметті, қабылдаушының санасында барлық мәліметтерді және одан тыс жатқан, алайда оларды дұрыс және жеткілікті түрде түсінуге кепілдік беретін мәтіннің мағыналық компоненті», «мәтіннің болжамы» [Г.Әзімжанова] деген тәрізді пікірлер айтылады. Е.В.Падучеваның зерттеуінде пресуппозиция мен презумпция ұғымдары тең дәрежеде алынып, олардың прагматикалық және семантикалық түрлері талданған. Оның көзқарасы бойынша сөйлемнің семантикалық презумпциясы дегеніміз сөйлемде ақиқат шындыққа сай мәселенің берілуі болса, прагматикалық пресумпция арқылы нақтылауды, мақұлдауды қажет етпейтін пайымдау көрінеді. Шынайы лингвистикалық пресуппозиция болжам мен пайымдаудан ажыратып қарауды қажет етеді. Мәселен бір сөйлемге қатысты ұғынылатын пресуппозиция мен сөйлем мазмұны арқылы жасалынатын пайымдау, сөйлем мазмұны туралы алдын-ала болжау бір деңгейде бола бермейді. «Сіз үздіксіз жаттығумен айналысуды қойып кеттіңіз» деген сөйлесім арқылы берілетін пресуппозицияны: 1) сөйлеуші тыңдаушының жаттығумен айналысып жүргенінен бұрыннан хабардар; 2) тыңдаушы бұрын үнемі жаттығумен айналысып жүрген; 3) сөйлеуші тыңдаушының үнемі жаттығумен айналысып жүруіне мүдделі, себебі ол дәрігер не жаттықтырушы, ұстаз түрінде құруға болад. Ал осы сөйлесімнің логикалық мазмұны арқылы тыңдаушы немесе оқушы «үнемі жаттығу жасап тұрудың қажеттілігі» туралы қорытынды пайымдау жасайды. Егер сөйлесім құрылымын «Сіз үнемі жаттығу жасап тұрасыз ба?» деп өзгертсек «жаттығу жасап тұрудың қажеттілігі» туралы пайымдау бар, бірақ пресуппозиция жоқ.

3. Коннотативті мағына

Сөздің кейінгі, қосымша мағынасы. Латын тілінде communication – мағына сөзінен алынған коннотация термині түсінік пен байымдаудың негізгі мазмұнына қосымша сөйлеушінің зат, нәрсеге эмоциялық, бағалауыштық қатынасын білдіретін реңктік мағына ретінде жұмсалады.

Билет

1.Тілдің материалдық болмысы туралы теориялар

Жалпы зерттеулерден тіл мен ойлау қарым-қатынасында тілдің материалдық немесе идеялық табиғаты туралы мәселе басты роль атқаратынын байқаймыз. Ф-де Соссюр тіл материалдық емес, оны жасайтын элементтер – таңбалар дыбыстың физикалық болмысына емес, психологиялық рухани, идеялық аясына тән деп көрсетеді. Ф-де Соссюрдің тілдің материалдық емес табиғаты, тілдің сөйлеуші мен сөйлеуді қабылдаушы индивид арасындағы қатысты білдіретін қызметі туралы тезисі лингвистиканың аса ірі өкілдері Э.Бенвенист, Г.Гийома т.б. ғалымдар тарапынан қолдау тапты.тілдің материалдық болмысы туралы көзқарас, әсіресе, кеңестік кезеңдегі лингвистикалық, философиялық әдебиеттерде кең өріс алды. Материалистік таным бойынша ойлаушы адам – қозғалатын, түрлі формаға ие материяның даму нәтижесі, оның ойлауы – материяның бір түрі болып табылатын мыйдың қызметі. Ең бастысы идеалды болмыс материалды формадан тыс, өз бетінше өмір сүре алмайды. Ойлау, сана, ой қозғалатын түрлі формадағы материалдар тәрізді реалды өмір сүреді. Материяның ең жоғарғы формасы бола отырып, мый белгілі бір материалдық формада ғана көрінеді.

Г.В.Кольшанскийдің ғылыми пайымдауларында тіл – ойлау мен дүние бейнесінің материалдық көрінісі ретінде сипатталады. Ғалым: «егер ойлау – адамның өмірлік тәжірибесі негізінде қалыптасқан материалдық дүниені тану формасы болса, осы таным формасының сыртқы «қабықшасы» тіл болып табылады» - деп көрсетеді. Тіл – ойлау формасы ғана емес, сонымен бірге нағыз ойлау үрдісінің құралы, ойлаудың сезімдік, дыбыстық белгісі. Ойлау да, тіл де шындық өмірді бейнелеуге қатысады, бірақ ойлау – шындық дүниені сәулелендірсе, тіл оны атайды.

Адамзат өзінің қоғамдық-тарихи даму барысында шындық өмірді іс жүзінде меңгере отырып, заттар мен құбылыстарды таниды, жаңа ұғымдар қалыптастырады, олардың арасында белгілі бір байланыстар мен өзара тәуелділіктер орнатады, сүйте отырып, деректіні дерексіздендіреді, жалпыны жалқыландырады. Адам танымындағы мұндай дамытушылық үрдіс тілде көрініс береді. Тіл тек таным құралы, заттар мен құбылыстар әлемін, идеялар әлемін жаңғыртушы ғана емес, ол ойды жалғастыру (ұрпақтан ұрпаққа), сезімді жеткізу қызметтерін атқара отырып, адамның сезімдік, тілдік ойлау (языкомышление) қызметін де қамтамасыз етеді. Мәселен жыраулық үрдіс арқылы қалыптасқан дүниенің концептуалдық бейнесімен (дүниенің жаратылуы, дүниедегі заттар мен құбылыстарға бағалауыштық көзқарас, белгілі бір діни, мифологиялық танымға негізделген ұғымдар мен қабылдаулар, ұлттық болмыс т.б.) таныса отырып, тыңдаушы не оқырман өзі де сол дүние құрылымына еріксіз енеді, қабылдайды, өзінің осыған дейінгі қалыптасқан когнитивтік санасындағы дүние бейнесіне толықтырулар мен өзгертулер енгізеді. Өлімді бір жақты бағалау параметрінде «жаманшылық, қорқыныш, үрей» түрінде ғана бағалап, танып келген оқырман үшін, жыраулық таным ұсынған өлімнің екінші «жағымды» жағы: ел-жер үшін көз жұмудың қасиеті, туған топырағыңда мәңгілік мекен табудың қадірі, өлген адамды ақырғы сапарға аттандырудағы «өлім салтанаты», «өлінің аруағын сыйлау» туралы менталды ақпарат тосын әрі қонымды болып қабылдануы сөзсіз.

2.«Ортақ ақпараттық өріс» туралы түсінік

Түсінілімнің екі жақты «келісіммен» жүзеге асырылуы туралы идея логикада «кооперация принципі», лингвистикада «тілдік кооперация» ұғымдарымен түсіндіріле бастады. Тілдік кооперация болу үшін «ортақ ақпараттық өріс», «ортақ ақпараттық территория» болу қажет. «Ортақ ақпараттық өріс» жырауларда «өлім» концептісінің ұқсас фреймдермен берілуі арқылы байқалады. Айталық жыраулардың қай-қасысында да өлу «кету, оралмау» ұғымымен беріледі.

«Нұржан сапар етті, - деп,

Бұ дүниеден кетті» деп,

Хабар берген адам бар.

«Ортақ ақпараттық өріс» жеке сөздердің семантикалық қолданысы арқылы да анықталады. «Құл» сөзінің баршаға мәлім ортақ мағынасы: «біреуге (қожайынына) қызмет ететін, бас еркіндігі жоқ адам». Ал жыраулардың:

Қараңғы жерде қабір бар –

Иманды құлға тым жарық...

Құл болғасын ғұмырсыз

Бізден бұрын бір патша

Өткен екен бір ұлсыз. (Нұрым)

деген қолданысында құл – «Алланың құлы, пенде, мұсылман» деген мағыналарда алынып тұр. Сондай-ақ жыр тілінде «перзент, ұл бала» деген ұғымды құл сөзімен беру кездеседі:

Құдайың сүйіп құл берген,

Тұлымын сыйпар ұл берген, (Нұрым)

Жыйырма бес жыл құлданған

Тарқады қолдан базарым.(Аралбай)

Қашаған жырау Ізбаспен айтысында оны «құл» деп кемітеді:

Бұл күндері болғанда

Жас сексенге толғанда

Базардағы Ізбас құл

Көз салыпты біздерге

«Жасы жеткен шал ғой» деп,

Буындары босаған...

Осындағы құл сөзінің кейінгі адресаттар үшін бұлдыр тартқан, түсініксіздеу ұғымына тоқталайық. Ертеде жаугершілік кезінде қолға түскен ұл баланы елдің белгілі азаматтары өздеріне бала қылып алады. Егер бала жақсы, тәрбиелі болып өссе, елге шапағаты тисе, ондай адамның бір кездегі келу тарихы, тегі еске алынбай, ұмыт болады, сол елдің төл перзентіндей болып кетеді. Мысалы, Қашағанның «Адай тегі» дастанында Бай далада жылап жатқан ұл баланы көтеріп алып: «Жақсы болса, ұл болар, Жаман болса, құл болар» дейді. Ал егер күндердің күнінде сол асыранды баланың не өзінен, не кейінгі ұрпағынан қандай да бір ши шығып жатса, оның бір кездегі түбінің шикілігі еріксіз еске алынады. Қазақ ондай кірменің ұрпағын «құл» деп кеміткен. Қашаған Ізбастың арғы аталарындағы (дұрысында, Ізбастың тікелей өз атасы емес, немере туыстары кірме болған) осындай шикілікті әдейі бетіне басады. Әрине, Ізбастың ешкімге құл емес екендігі екі жаққа да, тыңдаушысына да аян. Бірақ «құл» туралы қазақ халқының менталитетінде қалыптасқан ортақ «білім» Қашағанның уәжіне еріксіз тоқтатады. Ортақ білім немесе ортақ ақпараттық төріс болмаған жағдайда сөздің де прагматикалық әлеуеті әлсірей түседі. Айталық қазіргі оқырманның барлығына бірдей «құл» сөзінің мағыналық астары түсінікті бола бермеуі мүмкін. Ортақ ақпараттық өріске ене алмаған коммуниканттар сол ұғымның айналасында тілдік кооперация құра алмайды.

3. Менталдылық

Латынның mens, mentis «ақыл-ой, ақыл, интеллект» сөзінен алынған. Индивидтің интеллектуалды-эмоциалық ерекшелігі, мәдени құндылыққа негізделген ой мен сезімнің біртұтастығы. Тұлғаның менталдығы оның өмірлік тәжірибесі негізінде қалыптаесады. Сондықтан түрлі мәдени ортада тәрбиеленген жеке адамдардың менталдылығы әр басқа болады.

 

 

Билет

Лингвистикалық қатысымдылық теориясы

 

1.Лингвистикалық қатысымдылық теориясы 20 ғасырдың 30-жылдары «Сепир-Уорфтың гипотезасы» деген атпен белгілі болды. Бұл теорияның негізін қалаған этнолингвистикалық зерттеулермен айналысқан, американдық үндістердің тілін зерттеуге маманданған Бенджамин Ли Уорф болды. Ол гипотезаның негізгі концепциясын этнолог әрі лингвист Эдвард Сепирдің идеяларына сүйеніп жасап шықты.

Гипотезаның мәні мынада: тілдің құрылымы адамның ойлау қабілетін және ойлау арқылы ақиқат дүниені тану әдістерін қалыптастырады. Түрлі тілде сөйлейтін халықтар сан, мөлшер, уақыт, кеңістік, меншіктілік т.б. сияқты іргелі ұғымдарды түрліше қабылдайды. Олардың ақиқат өмірдегі оқиғалар мен құбылыстарды қабылдау, сезінуінде, бағалауында да үлкен айырмашылық байқалады. Бұл гипотеза бірнеше тілде сөйлейтін адамдар ойлаудың түрліше әдістерін пайдаланады деген қорытындысымен ерекшеленеді. Тіл жүйесі қоршаған шындық өмірдің ерекше классификациясын анықтайды, тіл арқылы әлем әсерлер мен бейнелердің калейдоскопиялық ағыны ретінде танылады.

Гипотезаның негізгі зерттеу нысаны:

· Формаларды қабылдау,

· Түстерді қабылдау,

· Себептік-сабақтастық байланыстарды сезіну,

· Уақытты сезіну,

· Танымдық және ойлау қабілеті.

Лингвистикалық қатысымдылық проблемасын оңашаланған тілдік құбылыстар арқылы (жалпы тілдік жүйеден тыс) қарастыру екі түрлі принципті қателікке ұрындырады: 1.Тілдік формаларды таным жүйесімен емес, тікелей материалдық дүниемен қарым-қатынаста қарастыру. 2.Аталған формаларды тілдің күрделі механизмнен тыс, яғни лексикалық, грамматикалық өзара байланыстар мен компенсациялардан бөлек қарастыру. Бірінші қателік авторларды ғаламның тілдік бейнесі туралы қорытындыға әкелсе, екінші қателік тілді тұтас жүйе ретінде қарастыруды жоққа шығарады.

 

2.Г.М.Мучниктің «көркем адресат моделі»

Г.М.Мучниктің «көркем адресат моделінің» мәні мынада: мәтіннің коммуникативтілік мәні оның адресантпен байланыстылығы және адресатқа бағытталуы арқылы анықталады. Мәтіннің байланыстылығы мен қабылдануы оның басты ерекшелігін белгілейді.

Г.М.Мучник көркем мәтіннің қабылдану проблемасына байланысты «автор – мәтін - оқырман» үш жақты моделін ұсынады. Ғалымның сөзімен айтсақ, көркем адресат моделі деп аталатын бұл үш жақты байланыстылықты талдау поэтиканың ерекше мәселесінен саналады. Көркем мәтінді қабылдау үш түрлі: индивидуалды, топтық және жалпылама түрде болады. Индивидуалды қабылдауда тыңдаушының жеке көзқарасы, тәжірибесі, көңіл-күйі басты рөл атқарса, топтық қабылдау тыңдаушы не оқырмандардың жас ерекшелігіне, кәсіби, әлеуметтік, ұлттық сипаттарын айғақтайтын ортақ белгілеріне байланысты болады. Жалпылама қабылдау түрлі деңгейде көрінеді: сөздер мен сөз тіркестерінің, сөйлемдердің мағыналарын ұғыну, мәтіннің жеке бөліктері арасында байланыс орната білу, мәтін ішіндегі мәтінді тани білу. Мәтінді қамту мүмкіндігі (көзбен қанша мөлшерде шолып шыға алады), белсенді жадының қызметі, ақпараттың жинақталуы, қозу мен тежелудің алмасып келіп отыруы – осының барлығы адамның жалпылама қабылдау қабілетін физиологиялық жақтан бірыңғайлап отырады. Қашағанның:


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 27; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!