Концептуалды метафора теориясы 2 страница



 

Билет

Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуына негіз болған когнитивтік ғылымдар

1. Когнитивті лингвистика бірнеше ғылым түрлерінің өзара қатысымдылығы негізінде пайда болды:

2. Когнитивті ғылымдар (когнитология, когиотология). Оның зерттеу

обьектісі – адами білімнің құрылымы мен қызметі, оның өзі инженерлік пәндердің негізінде қалыптасқан. Когнитивті ғылым ақпарат теориясынан ақпарат ұғымы, білім құрылымы, ақпаратты өңдеу, оны жадыда сақтау, одан қажетті мәліметтерді алу, тілдік формалар мен адам санасындағы ақпараттарды таратып түсіндіру(репрезентация) туралы мәселелерді иемденеді және адам санасы қалай ұйымдастыылрған, адам дүниені қалай таниды, дүние туралы қандай мәліметтер білімге жатады, менталды кеңістік қалай жасалады деген сұрақтарға жауап табуға ұмтылады

Когнитивті психология пәнін де когнитивті лингвистиканың қалыптасу көзіне(источнигіне) жатқызамыз. Когнитивті лингвистика когнитивті психологиядан концепт және когнитивті моделдер туралы ұғымды алады.

Лингвистикалық семантика когнитивтік лингвистиканың даму көзі болып табылады. Кейбір зерттеушілер когнитивті лингвистиканы «аса тереңдетілген семантика» деп есептейді, оны семантикалық семантиканың табиғи даму нәтижесі ретінде қарастырады.

2.«Идеалды қазақ» концептісі

Кез келген тілдік құбылыс, тілдік даралық мәтін арқылы танылатыны белгілі. Әрбір көркем мәтін дүниені тану мен ұйымдастырудың индивидуалды-авторлық концепциясын танытады. Автордың дүние туралы ұғымы, білімі көркем мәтін арқылы белгілі бір танымдық жүйе түрінде адресатқа беріледі. Сонда көркем мәтінде дүниені концептуализациялау, бір жағынан, дүние бейнесін құрудың (дүние моделін жасаудың) әмбебап заңдылықтарына бағынса, екінші жағынан, жеке-дара, тіпті қайталанбайтын қиялдағы идеялардың табиғатын танытуға ат салысады. Дүниенің концептуалдық бейнесінің (суретінің) екі жағы – индивидуалды және әмбебап сипаты бір-бірімен барлық уақытта сәйкесе бермеуі, тіпті мүлде сәйкеспеуі мүмкін. Сондықтан көркем мәтінге концептуалды талдау жасау: біріншіден, мәтіндегі кілт сөздерді табу, екіншіден, мәтіннің семантикалық кеңістігіндегі базалық концептілерді анықтау, үшіншіден, базалық концептілер арқылы танылған концептуалдық кеңістікті сипаттау түрінде жүргізілуі тиіс.

Мәтіннің семантикалық кеңістігі – менталды жасалым. Оның қалыптасуына, біріншіден, көркем шығарманың өзі, яғни, автор қолданған тілдік таңбалар – сөздер, сөйлемдер, күрделі синтаксистік құрылымдар (виртуалды кеңістік), екіншіден, оқырманның мәтінді қабылдау кезіндегі түсінілімі (оны мәтін семантикасының актуалды кеңістігі дейміз) негіз болады.

«Қазақ» концептісі деп аталатын концептуалдық танымды сипаттайтын Ә.Кекілбаев ұсынған мәтіннің семантикалық кеңістігінде ұлттық дүние бейнесі басты орын алады.

Мысалы, «Қылышын белдеуіңе байлап, найзасын шаңырағыңа шаншып...», «...қайқы құйрық қара ала төбет көрген шәуілдек күшіктей жымып жөнелер еді», «... жамалдатып өлген түйенің көніндей қабартып алған». «Тексізден шығып, бағы оза бастаған бала сұлтанды кекеп-мошқағанда аузы-бастары құйын соққан үйдің туырлығындай желпілдеп ала жөнелетін.» Елу мың түтіні, сексен шақырымдық майданы бар ызғындай қаланың орнында аман қалса, ит аяқ қана аман қалады. Келтірілген образды оралымдардағы қару-жарақ, киіз үй жабдықтарының атаулары, малдың жамалдату ауруы, түйе, көн, төбет, күшік, ит аяқ, ішмерез әйел сөздері «батырлық», «қазақтың киіз үйі», «қайқы қара ала төбет және шәуілдек күшік», «көкбет әйел», «түйе» т.б. туралы ұғым-түсініктерге семантикалық жақтан байланып, «қазақ» концептісін толықтыратын негізгі ұлттық атрибуттарды беріп тұр.

Ал «өзге» контексіндегі орыс халқының өкілдерін суреттегенде: «Арақ ұрттап, қияр қажаған орыс адамы...». «Алауыздық мұхитында да Орыс дипломатиясы дейтін жойқын флотилия аршындап жүзе бастады». «Әр әрпі аяғыңды жалап, әр сөзі басын шұлғып тұрған» түріндегі образдар алынады.

3. Әлемнің тілдік моделі

Әлем туралы түсініктің тілдегі көрінісі, құрылымы. Ол фразеологизмдер, метафоралар, мақал-мәтелдер, мифтік танымға негізделген тілдік және тілден тыс құбылыстармен түсіндірілетін ұғымдар жүйесі, ономастикалық атаулар, прецеденттік есімдер т.б. осы тәріздес тілдік-танымдық деректер арқылы көрінеді.

 

Билет

Когнитивтік лингвистика және лингвистикалық семантика

1. Когнитивтік лингвистика – танымдық тіл білімі. Ол XX ғасырдың 70 жылдары Европада кең таралған тіл білімінің бір саласы болып табылады. Бұл лингвистикалық бағыт өзінің пайда болған отаны – Америка Құрама Штаттарында «когнитивті грамматика» аталса, Ресейде «когнитивті семантика» - когнитивті зерттеулердің алғашқы бастауы болды. Семантиканың өзі – тіл бірліктерінің мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында семантиканың орнына семасиология термині қолданыла бастаса, қазіргі кезде де семантикамен айналысатын ғалымдарды семасиологтар деп аталады. Орыс тіл білімінде сөздердің тұлғалық жағын оның семантикасымен, семантикалық құрылымы, мағынасының дамуы, қалыптасуы, сөздің бастапқы семасы, ішкі формасы деген мәселелерді зерттеу бірте-бірте тілді танымдық – когнитивті зерттеуге ұласты.

2. «Ақындық» концептісі

 

Ақындар ерте дәуірлерден бері қарай түркі тілінде түрліше атауларға ие болған. Жыраулар тілінде ақындыққа қатысты «жырау», «жыршы», «ақын», «шайыр», «тақтақ» сөздері қолданылады, ал ақындық тұлғаның «мендік» бейнесі жүйрік, шайыр, шешен, жорға, шұбар, саңлақ, бәйгекер, тұлпар сөздерінің образдық өрісінде сипатталады. Мысалы, жырауларда:

Шайырлықтың белгісі – Сөзге қамшы салдырмай…

Ажарлап сөзін өңдейтін… Айтулы жүйрік мен едім,

Жорғамын сүргін басқаны-ай, Алысқа шапқан шұбалып…

Таусылмайтын сарқылып Жылқы ішінде шұбармын,

Қайнармын өзен тасқан-ай… Шұбарға таққан тұмармын,

Мен – ежелгі жүйрікпін, Өзім шұбар болған соң,

Алдына қара салмаған… Әр-бері сөйлеп қызған соң,

Айтулы жүйрік мен едім, Топтан ойнап шығармын…

Салдырмай қамшы ұмтылған... Мен – байрақты жүйрік саңлағың…

(Сәттіғұл) Мен – ежелгі бәйгеке (Ақтан)

Мәтіндегі жүйрік, жорға, шұбар, саңлақ, бәйгекер, тұлпар сөздерінің мағыналарын жылқы атауының семантикалық аясына топтастыруға болады. Немесе «ақындық – жүйріктік» концептісінің бір кілт сөзі жүйрік, яғни жылқы. Жүйрік сын есімінің заттық мәні (жылқы) шабатын, салдырмай қамшы, алысқа шапқан етістіктері арқылы өзектендіріліп тұр. Шұбар сөзінің семантикасында әрі сындық әрі заттық мағына сыйдырылып берілген. Шұбар – ерекшелік өзгеге ұқсамайтын бөлекше түр. Яғни өзгелер ортасындағы меннің бейнесі. Көптің, жалпының ішінен айрықшаланған жеке бейнесі. Жалпы ақындық меннің коннотатциясында «жеке» мен«көптің», «жалқы» мен «жалпының» ара жігі ажыратылып, жеке және жалқы ұғымы дараланады. Жыр контекстіндегі «топ, ду, алаш» сөздері – «көп, жалпы» мәнінде жекенің (жүйрік) ерекше болмысын айқындап, оқшаулап көрсету үшін, фон ретінде беріліп тұр. Яғни дудың (дуылдаған топ, орта, алқа, көпшілік), топтың, көлденең алаштың (жалпы қазақ, адам баласы) ортасынан бөлініп шыққан дара жүйрік. Ақындықтың жылқымен баламаланып берілуі оның бойындағы жүйріктік қасиетімен байланысты екендігі түсінікті. Сонда жорға, шұбар, саңлақ, бәйгекер, тұлпар сөздерінің ортақ атрибуты – жүйрік атауы, ал осы атаулар тұтасымен шайырлықтың, шешендіктің сипатын беру үшін жұмсалып тұр. Ақын – елдің, жердің шежірешісі, өлеңмен өрілген тарихы, оның ақындық «мені» жеке-дара бола отырып, «топқа», «көпке» ортақ.

 

3. Гештальт термині

 

Гештальт сөзі «бейне, құрылым, біртұтас форма» деген ұғымды береді. Гештальтизм – XX ғасырда алғаш Германияда пайда болған психологиялық бағыт. Оның негізгі мазмұны адам психикасын тұтас құрылым (гештальт) ретінде танып, зерттеумен байланысты. Оның теоретиктерінің түсіндіруінше, дүние ұйымдасқан формадан тұрады, дүниені қабылдау, оның жеке бөліктерін емес, ұйымдасқан тұтас формасын қабылдау арқылы жүзеге асады. Қабылдаудың мұндай түрі адам дүниеге келместен бұрын пайда болады. Дүниенің тұтастығы оның жеке элементтерінің ұқсастығы, туыстығы, жалғастылығы, тағдырластылығы арқылы анықталады. Гештальт құрылымда фон мен фигураның қатыстылығы ерекше ескеріледі.

 

Билет

Когнитивтік лингвистиканың негізігі бөлімдері

 

1. Когнитивті лингвистиканың негізгі мақсаты тілді танымдық тұрғыда зерттеу болғандықтан, оның мазмұнында логика, философия, психология, пәндерінде қолданылатын дүние бейнесі, тұлға, когниция, психика, ойлау, таным ұғымдары қарастырылады. Когнитивті лингвистиканың негізгі бөлімдері: Когнитивті лингвистикадағы сананың рөлі мен маңызы, тіл мен ойлау, тіл мен таным арақатынасына байланысты пікірлер, когнитивті лингвистиканың қалыптасу тарихы, басқа ғылымдармен байланысы, когнитивті лингвистика және тілдік қатынас, лингвомәдениеттанымның когнитивті лингвистикамен байланысы, когнитивті лингвистикаға тән терминдер мен ұғымдар, ұғым, мағына, концепт, олардың арақатынасы, тіл біліміндегі концепт, концептосфера мәселесінің талдануы, когнитивті модельдер туралы пікірлер деген мәселелерден тұрады. Сонымен бірге когнитивті лингвистиканың негізгі бөлімдеріне тіл біліміндегі жеке тұлға мәселесі, оның қалыптасуына тіл мен танымның әсері, тіл және ғаламның концептуалдық моделі, мәдени контекстегі ғаламның тілдік моделі, тілдің концептілік аясы, оның когнитивті лингвистикаға әсері, бұл процемтерді зерделеп танудың өзектілігі мәсмлелері кіреді.

 

2.Дүниенің тілдік тұлғасы туралы мәселе

 

Тілді жеке тұлға аспектісінен қарастыру соңғы жылдары тек лингвистика ғана емес, психология, философия, лингводидактика тәрізді пәндерде де зор қызығушылық тудыруда. Бұндай «аралас контекстегі» қызығушылықтың басты нысаны жай адам емес, жеке тұлға. Яғни өзіндік күрделі де қайшылықты ішкі әлемі бар, дүниедегі (материалдық, идеялық) зат, құбылыстарға өзіндік көзқарасы, қарым-қатынас межесі қалыптасқан, өзін-өзі, өзі және өзге, өзі және жаратылыс атаулымен ерекше диалог орната білетін үлкен сана мен тіл иесі, шын мәніндегі Адам болуы қажет. Лингвистикалық аспектдегі жеке тұлғаны зерттеу тек тіл арқылы жүзеге асырылады. Тілдік тұлға мәселесін орыс тіл білімінің аясында зерттей отырып, Ю.Н.Караулов сөз болып отырған мәселені лингвистикалық деңгейде қарастырудың 3 түрлі жолын көрсетеді: Біріншіден, сөйлеу мен тілдің психологиялық ерекшелігі тұрғысынан, бұл психолингвистикалық жол; Екіншіден, тілді оқып-үйрету әдістемесі тұрғысынан, бұл лингводидактикалық жол; Үшінші, көркем әдебиет тұрғысынан зерттеу. Бірінші әдіс Б.Куртенэнің зерттеулерінде қолданылды. Ол әдеби тілге тарихи талдау жасауда, тарихи танымды дүниеге көзқараспен қатар қойды. Ол тілдік тұлғаны түрлі әлеуметтік-тілдік категориялардың бірлігі ретінде қарастырды. Оны жазушының дара стилінен гөрі көркем шығармадағы әлеуметтік-топтық, ұжымдық дағдымен ұстанған бағыты қызықтырды.

Қазіргі психолингвистикада тілдік тұлға тіл мен ойлаудың қарым-қатынасына байланысты немесе тілдік онтогенезге қатысты қаралады.

Тілдік тұлғаны зерттеудің лингводидактикалық аспектісі ең ежелгі және тамыры тереңдегі мәселе болып табылады. Тілдік тұлғаны лингводидактика тұрғысынан түсіну екі ерекшелігімен ажыратылады: біріншіден, тілдік тұлға жалпы тілді қолданушы, ал тілді қолдану адамға тән тума қабілет ретінде қаралды, мұндай жағдайда тілдік тұлғаның құрылымы мен мазмұны оны қолданушы тұлғаның ұлттық ерекшелігіне қатысты бола алмайды. Екіншіден, лингводидактика тілдік тұлғаның генезисіне меже жасай отырып, жинақтық баға береді, сол арқылы көркем шығарманың тілін зерттеу ретінде тілдік тұлғаны талдаудың кең мүмкіндігін жасайды Маслова тілдік тұлға мазмұнының құрамдас үш бөлігін көрсетеді:

1. Бағалауыштық, дүниетанымдық, тәрбиелеуіштік компонент. Бұл компонент бойынша алғашқы дүниетанымдық көзқарас қалыптасады, ұлттық мінез жасауға негіз болатын тілдік дүние бейнесін рухани қабылдаулар иерархиясы жасалады, ол тілдік қарым-қатынас арқылы таратылады.

2. Мәдени-танымдық компонент мәдениетті тілге ден қоюдың нәтижелі құралы ретінде көрсетеді.

3. Даралық компонент – тілдік тұлғаның жекелік сипаты. Жекелік сипат тілдік тұлғада тіл мен ішкі байланыстар негізінде қалыптасады. Тілдік тұлға тілдік дәстүрлердің жасалуына ықпал етеді.

Орыс тіл білімінде тілдік тұлғаның ғылыми - теориялық негіздемесін жасауда Ю.Н. Карауловтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің маңызы зор. Оның ғылыми пайымдауларында тілдік тұлға құрылымы үш түрлі деңгейде қарастырылады: нөлдік – тілдік – құрылымдық немесе семантикалық, бірінші – лингво-когнитивтік, екінші – уәждемелік (мотивационный) деңгей.

 

3.Гнесеология терминіне түсінік

 

Гнесеология грек тіліндегі gnosis – «білім», logos – «ілім» сөздерінен шыққан. Ол – философияның таныммен байланысты саласы. Лингвистикада тілдің гнесеологиялық сипаты деген ұғым бар. Тілді таныммен байланысты зерттеу дегеніміз – тілге адамның танымы, ойлауы, санасы арқылы талдау жасау. Гносеологиялық таным өз кезегінде екі түрлі қызметпен анықталады. Біріншісі – дискурсивтік қызмет: ойдың іліктестігі мен үрдістілік (процессуалдық), дамытушылық (динамикалық) құрылымымен сәйкес келеді. Көптеген зерттеулерде тілдің ойлауға ықпалы, тіл мен ойлаудың бірлігі туралы мәселелерге баса назар аударылады.

Екіншісі – тілдің куммулятивтік қызметі: ойлау нәтижелерінің санада көріну мүмкіндігіне бағытталады. Куммулятивтік қызмет арқылы адам іс-әрекетінің шындығы тілдік бірліктерде сақталады және танылады.

8-билет.Тіл мен таным арақатынасына байланысты лингвистикалық бағыттар

 

1. Тіл - ойлау қарым-қатынасы тарихындағы бірнеше лингвистикалық бағыттарды атауға болады: 1) тіл біліміндегі логикалық бағыт бойынша тілдің қалыптасуы мен дамуындағы ойдың қызметіне ерекше мән беріледі;

2) тіл біліміндегі натуралистік бағыт тілді табиғи организмнің дыбыстық материясынан жасалынған деп түсіндіретін «тұрпайы материализм»;

3) тіл біліміндегі структуралистік бағыт тілдің ойдан дербестігін, ойлауға кері әсер етудегі қызметін жоғары қояды. Тілді иманентті мән ретінде таныта отырып, оны ойлауға ғана емес, шындыққа, объектіге қатыстылығы тұрғысынан зерттеуді ұсынады;

4)тіл біліміндегі психологиялық бағыт тіл мен ойлаудың байланысын, бірлігін, тілдің логикалық құрылымының грамматикалық құрылымға әсерін жоққа шығарады.

Аталған бағыттардың қай-қайсысы да тіл мен ойлаудың бірлігіне байланысты бір мәселе төңірегінде ойлануды ұсынады: ойлау жалпы адам баласына ортақ. Ал сол ойдың берілуі неге әр түрлі тілдік құралдар арқылы (грамматикалық құрылымы, фонетикалық жүйесі, лексикасы әртүрлі тілдерде) жүзеге асады? Логикалық – эстетикалық бағыттың өкілі Карл Фослердің көзқарасы бойынша, тіл дегеніміз жеке рухани шығармашылықтың көрінісі. Егер адамдар бірін-бірі түсінсе, ол ортақ тілдік дағдының, ортақ тілдік материалдың болғандығынан емес, барлық индивидтерге ортақ жаратылыспен берілген сөйлеу қабілетіне байланысты. Ең төменгі сатыдағы «тілдік тәуелді»(«языковой раб») адамның өзінің жанының бір түкпірінде тәуелсіз, автономды сөйлеу қабілеті сақталады. Фослердің концепциясы бойынша, тілге психологиялық жақтан емес, эстетикалық, логикалық жақтан келу қажет. Фослермен қанаттас пікір Бенедетто Кроченің пайымдауында айтылады: танымның екі түрі бар: индуктивтік, логикалық. Индуктивтік танымның құралы – фантазия, нәтижесі – образ, логикалық танымның құралы – интеллект, интеллект арқылы түсінік қалыптасады.

 

2. Джордж А. Миллердің «апперцепция» идеясы

Джордж А.Миллер метафора табиғатын түсіну үшін «апперцепция» идеясын ұсынады. Оның мазмұны: мәтін арқылы берілген ақпаратты қабылдаумен байланысты түсіндіріледі. Мәтінмен танысу барысында, реципиент адресант (автор) арқылы ұсынылған ақпараттың не идеяның мазмұнына қатысты өзіне бұрыннан белгілі ақпараттарды іздестіреді. Басқаша айтқанда, жадыдағы бейне жаңғыртылады. Таным қоймасынан табылған мәлімет арқылы жаңа ақпаратқа сай «семантикалық модель» құрастырылады. Жаңа ақпарат бұрыннан таныс мәлімет қорымен неғұрлым сәйкес келсе, семантикалық модельдің құрылуы да жеңіл бола түседі. Мәселен:

Ағызайын арнасын,

Кеудемде асыл бұлақ бар.

Кеудедегі асыл бұлақтың – «жыр» екенін түсіну үшін, бұлақ туралы білімімізді

өзектендіру қажет. Ол үшін бұлаққа қатысты «білімдік ая», «өзіндік таным» іске қосылады. «Бұлақ –жердің астынан бүлкілдеп шығып жататын, сарқылмайтын су көзі. Бұлақтан жан баласы сусынын қандырады. Бұлақтың басында өсіп тұрған ағаштарға саялайды. Бұлақ – тіршілік көзі, бастауы», – тәрізді танымнан келіп, адамның кеудесінде сарқылмай үнемі өніп тұратын, басқаларды сүйсіндіріп, мейірін қандыратын нәрсе – cөз, яғни жыр, өлең деген жаңа «семантикалық модель» қалыптастыруға болады. Дж.Миллердің апперцепция идеясы «метафора» шындық дүние ақиқатынан алыс, бірақ соған (автор ұсынған идеяға) қатысты мүмкін болатын образдардың бәрін іске қосамыз» деген ой-түйінмен тұжырымдалады.

3.Денотативті мағына

 

Денотация – көне латын тіліндегі denotation – «ауыстыру және белгілеу» деген ұғымдағы екі сөзінен жасалған термин. Ал денотативті мағына дегеніміз – тілдік бірліктің тура немесе, нақты мағынасы, яғни лексикалық мағынасы. Деннотация – коннотация терминінен қарама-қарсы мағынада жұмсалады.

 

9-билет. Ф-де Соссюрдің тіл – сөйлеу арақатынасына қатысты теориясы

1 .Тіл мен ойлау арақатынасында ең іргелі мәселелердің бірі тіл мен сөйлеу оппозициясы туралы теория болып табылады.

Тіл мен сөйлеуді қарама-қарсы қоя отырып, Ф-де Соссюр оларды сөйлеу қызметінің екі жақты компоненті деп есептейді. Тіл – сөйлеу қызметінің ең маңызды құрамдас бөлігі. Ол коммуникативтік мақсатқа қол жеткізудегі сөйлеу аппаратын қолдану қызметін ұйымдастырады және тәртіпке келтіреді. Сондай-ақ ұлы лингвистің пікірінше, тіл - әлеуметтік нәтиже. Себебі ол ұжымда қалыптасып, ұжым мүшесінің әрбіріне байланысты болады. Сөйлеу (речь) индивидуальды (жеке дара) акт, онда ұжымдық сипат жоқ. Тілдің сөйлеуден айырмасы оның жүйелілігінде. Ол мағыналық жүйе құрайды. Тіл мен сөйлеуді ажырату арқылы мына ұғымдар ажыратылады: 1)әлеуметтік – жеке даралықтан; 2)табиғи – кездейсоқтықтан.

Дыбыс пен мағына тілге емес, сөйлеуге тән. Тілдің өзге жүйелермен (ойлау, сөйлеу жүйелері) қарым-қатынасы мағына арқылы анықталады.

Ф-де Соссюрдің пайымдауы бойынша, тіл – форма, бірақ субстанция емес. Ал сөйлеу – екі субстанцияның бірлігі (единство), олар – материалдық (дыбыстық, физикалық) және рухани (сөйлеу қызметінде, мәтінде көрініс беретін мән (смысль), ой, сана) түрінде жіктеледі.

Жалпы зерттеулерден тіл мен ойлау қарым-қатынасында тілдің материалдық немесе идеялық табиғаты туралы мәселе басты роль атқаратынын байқаймыз. Ф-де Соссюр тіл материалдық емес, оны жасайтын элементтер – таңбалар дыбыстың физикалық болмысына емес, психологиялық рухани, идеялық аясына тән деп көрсетеді. Ф-де Соссюрдің тілдің материалдық емес табиғаты, тілдің сөйлеуші мен сөйлеуді қабылдаушы индивид арасындағы қатысты білдіретін қызметі туралы тезисі лингвистиканың аса ірі өкілдері Э.Бенвенист, Г.Гийома т.б. ғалымдар тарапынан қолдау тапты.

 

2.Өлімді сипаттайтын тезаурус

Жыраулар поэзиясында өлім концептісін құрайтын белгілі бір когнитивтік тілдік жүйе қалыптасқан. «Өлім» атты концептілік өрісте танылатын «аялық білім» жалпы логикалық – танымдық тәжірибеден жинақталған ақпараттар жүйесі арқылы қалыптасқан. Яғни өлім туралы барлық адам баласына ортақ стереотиптік танымдағы өлімнің сипаты бар. Оның түпқазық сөздері - өлім, ажал, жан, қараңғы, көр, жер, қара, рух, тән, дүние, көшу, кету, өту т.б.

Стереотиптік ситуациялар негіз болған концептілік құрылымдағы өлім: жан кеткен соң кеудеңнен, Қараңғы көрге кірерсің, жан тәсілім болар шақта, дүние салды;

Поэтикалық құрылымда өлім: Ұшып кеткен рухың; Шыбының тастап сені кеткен шақта; Тигесін ажал оғы; Дәріл – фәни дүниеден керуенің көшіп көлбепті; Кеудеден көбелек жан кеткен шақта; Гулей бастан аттанған; Уақыт таразы біткен соң; Қаһар-сынның төнуі; Қазаның аштың қақпасын түрінде беріледі.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 21; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!