IV ТАРАУ. ЗООНОЗДЫ ИНФЕКЦИЯЛАР 15 страница



Адам аурудың көзі болып табылмайды.

Аурудың берілу жолдары:

1) контактілі – тері, шырышты қабықшалар арқылы. Адамдар ағымы жоқ суаттарда шомылу үстінде, сонымен қатар балық аулау, шаяндарды ұстау, шөптің үстінде жалаң аяқ жүру, егістіктерде, бау-бақшаларда өнімдерді жинау, саңырауқұлақтарды жинау, сырқат жануарларды күту, мал сойып ет бөлшектеген кезінде ауруды жұқтыруы мүмкін;

2)алиментарлы - кеміргіштер арқылы залалданған су, әр түрлі азық-түлік өнімдерін пайдалануға байланысты (әсіресе сүтті) ауруды жұқтыруы мүмкін.

Бұл ауру әсіресе суға шомылу мерзімінде, яғни жаз айларында өршиді – тамыз айында жиі кездеседі. Бірақ қалалық ошақтарда ауру жыл бойы кездеседі.

Қабылдаушы макроорганизм. Ауруға барлық жастағы адамдар сезімтал, жиі ересектер мен жас өспірімдер аурады. Қауіпті топтарға ауылшаруашылық, жұмысшылары, ет комбинатының қызметкерлері, күріш өсіріп жинайтын адамдар, дератизаторлар, ветеринарлар, зоотехниктер, аңшылар, шахтерлер, ит ұстайтын адамдар жатады.

Патогенезі және патологиялық анатомиясы.

1 сатысы – жұқтыру сатысы. Аурудың кіру қақпалары – тері мен шырышты (ас қорыту жолдарының) қабықшалары. Асқазан қышқылы лептоспираларға әсер етпейді.

2 сатысы – біріншілік қысқа бактериемия және біріншілік паренхиматозды бекіну. Лептоспиралар қимылдығына байланысты организмге еніп аз уақытта 3-5 минуттан кейін қанға түседі. Бірақ олардың аз мөлшерде болғанынан соң, қанда сақталу мерзімі өте қысқа. Сосын лептоспиралар әр түрлі паренхиматозды ағзаларға ошақтанып, әсіресе бауырдың, көкбауырдың, бүйрек пен өкпенің ретикулогистиоцитарлы жасушаларында қарқынды көбейеді.

Патогенездін осы еқі сатылары аурудың жасырың кезеңіне сәйкес келеді.

3 сатысы – қайталанған бактериемия мен токсинемия. Көбейген лептоспиралар көп мөлшерде қайтадан қанға өтеді. Қанда бұл уақытта арнайы (лептоспираларға қарсы) антиденелер түзіліп, олардың әсерінен қоздырғыштар  ыдырап қанға токсиндерін бөледі – гиалуронидаза, фибринолизин, гемолизин және т.б. Аурудың клиникалық белгіліері басталады – қызба, қалтырау, улану симптомдары. 1-ші аптаның соңында жайылмалы капилляротоксикоз қалыптасып – ішкі ағазаларда, тері бетінде геморрагиялар пайда болады. Улы заттардың салдарынан эритроциттер гемолизге ұшырап, анемия мен сарғыштану дамиды.

4 сатысы – екіншілік паренхиматозды бекіну. Қанда ыдырамаған лептоспиралар паренхиматозды ағзаларға (бауыр, бүйрек, ми қабығы және т.б.) қайтадан бекініп, ісіну және дегенеративті өзгерістер тудырады. Аурудың бұл сатысы 2-4-5 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Лептоспиралар бүйрек тұтқыларында ұзақ сақталады. Ал жұлын сұйықтығында лептоспиралардың жиналуы менингит дамуына алып келмек.

5 сатысы - иммунитет қалыптасу, аурудың ақыры немесе нәтижелері. Аурудың 2-3-ші аптасында қанда антиденелер жиналады да, қоздырғыштар қаннан жойылады, бірақ әртүрлі мүшелерде табылатын кездері болуы мүмкін. Бұл жағдайда түрлі асқынулар  дамиды.   

Аурудан кейін гомологиялық (тек қана бір серологиялық түріне қарсы) тұрақты иммунитет қалыптасады.

Клиникалық көрінісі. Аурудың дамуында жасырын, бастапқы, өршу және айығу кезеңдерін ажыратады.

Жасырын кезең 3-5 күннен 20-30 күнге дейін созылуы мүмкін, жиірек –7-14 күн болады.

 Бастапқы кезеңнің ұзақтығы4-5 күн. Негізгі белгі – тұрақты немесе ремиттерлеуші қызба. Ауру кенеттен басталып, науқаста қалтырау, дене қызуының 39-40°С дейін жогарылауы, көңіл-күйінің шұғыл нашарлауы байқалады. Науқас қатты басының ауыруына, ұйқысының бұзылуына, белінің қақсауына, тәбетінің нашарлауына, жүрегінің айнуына, лоқсуына шағымданады. Ауруға аса тән клиникалық белгі - бұлшық еттерінің, әсіресе балтырдың бұлшық еттерінің қатты шыдатпай аурып, ауру сезімінің қимылдағанда, пальпация жүргізгенде күшеюі. Бұл нышаны 55-82% науқастарда пайда болып, ешқандай басқа ауруларда бұлшық еттердің осындай интенсивті ауру сезімі кездеспейді.        

Өршу кезеңі. Ағзалардың патологиялық процеске ұшырайтын кезінденауқастың қал жағдайы нашарлайды. Улану синдромы күшейіп, әлсіздік пен бас ауыруы одан әрі артады. Науқастың жағдайы ауыр түрде, беті ісініп, қызарып тұрады – капюшон симптомы. Науқастардың шамамен 30%-де ауру басталғаннан кейінгі 3-5 күнде кеудесі мен арқасына, ішінде әр түрлі сипаттағы бөртпелер шығады: розеолезді, дақты-папулезді, уртикарлы, нүктелі; кейде терінің, конъюнктиваның қанталауы байқалады. Бұл бөртпелер 1-2 күннен соң жоғалады.

Өршу кезеңінің негізгі синдромдары: бауырдың, бүйректің, ОЖЖ зақымдануы және геморрагиялық синдром.

Аурудың 2-3 күнінде бауыр, 50% науқастарда көк бауыр ұлғаяды. Сарғыштану пайда болып, конъюктивада, теріде геморрагиялар анықталады (№50-51 сүреттер). Геморрагиялық бөртпелер аурудың сарғыштануысыз өтетін түрінде де кездеседі. Бауырдың тығыздығы қатты, ауру сезімімен сипатталады. Биохимиялық зерртеулерде жалпы билирубин, тікелей және тәкелей емес фракцияларының көрсеткіштері, АлАТ, АсАТ, сілітілі фосфатаза ферменттерінің белсеңділігі жоғарлайды. Вирусты гепатиттер мен салыстырғанда лептоспироз кезінде бұл көрсеткіштердің өзгеруі орташа денгейде.

Бүйректің зақымдануы – лептоспироздың өршу кезеңіне тән белгі. Олигурия, аурудың ауыр түрінде анурия, бүйректің жедел жетіспеушілігі қалыптасуы мүмкін. Одан басқа – протеинурия, цилиндрурия, гематурия анықталады. Бірақ АҚ жоғарламайды, ісік болмайды. Қанда қалдық азот, креатинин көрсеткіштері жоғарылайды.

 

Орталық жүйке жүйесінің зақымға ұшырау салдарынан бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық, сандырақтау тәрізді белгілер анықталады. Серозды менингит, менингоэнцефалит қалыптасуы мүмкін (10-20%).

Гемограммада нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ –ның жоғарлауы (40-60 мм\сағ.)  

Айығу кезеңі аурудың 20-25-ші күндері басталады. Бұл кезде дене қызуы қалыпқа келеді. Мүшелердің қызметінің қалпына келуі (бүйрек, бауыр, ОЖЖ) өте баяу өтеді. 20-60% оқиғаларда аурудың қайталануы болады. Бірақ ол тым жеңіл өтпек.

Асқынулары.

1. Инфекциялық – токсикалық шок.

2. Бүйрек-бауырдың жедел жетіспеушілігі.

3. Бүйректің жедел жетіспеушілігі.

Диагностикасы . Лептоспироздың диагностикасы, әсіресе аурудың 1-ші күні қиындық келтіреді.

1. Эпидемиологиялық тексерудің мәліметтері зор маңыз алады. Лептоспирозбен ауыру адамның мамандығына да байланысты (ветеринарлар, зоотехниктер, ет комбинатының жұмысшылары, аңшылар, шахтерлер т.б.), сондай-ақ кеміргіштермен, иттермен және басқа да үй жануарларымен байланыста болу аурудың жұғуына бірден бір себепкер нәрселер. Жұғу жаз айларында суға шомылудан, балық аулаудан да болуы мүмкін.

2. Клиникалық көріністері :

· кенеттен басталатын ауру;

· негізгі белгілері: ағзаның улануы, қызба,

· бұлшықеттердің ауыруы

· бүйректің зақымдану белгілері

· геморрагиялық синдром

· бауырдың зақымдануы - сарғыштану

· менингеалді синдром

3. Лабораториялық көрсеткіштер: лейкоцитоз, анемия, билирубиннің жоғарлауы, АлАТ пен АсАТ белсенділігінің жоғарылауы, зәрдің патологиялық өзгерістері, азотемия.

4. Қараңғы айдындағы микроскопия арқылы лептоспираларды науқастың қаны мен зәрінен табуға болады.

5. Бактериологиялық әдіс – қан, зәр, жұлын сұйықтығын қоректі ортаға себіп бөліп алуға болады. Бірақ, бұл әдістін нәтижесін 1 айдан кейін береді.

6. Биологиялық әдіс.

7. Серологиялық әдіс: КБР (1:10 –1:20), ТГАР, микроагглютинация және лизис реакциялары  – 1:100.

8. ПТР

 

Емдеуі.

Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.

1. Этиотропты еміне: бензилпенициллин тәулігіне 6-12 млн.бұлшық ет ішіне, менингит кезінде 24 млн. 7-10 күн бойы; немесе, эритромицин бұлшық ет ішіне 500 мг 6 сағат сайын, сирек доксициклин - емдеудің 1-ші күні 0,1 г 12 сағат сайын, келесі күндері тәуліктік дозасы 0,1 г ұсынылған.

2. Патогенетикалық ем. Барлық науқастарға улануға қарсы ертінділер, диуретиктер, аскорбинді қышқыл, рутин, викасол белгіленген. Ағзаның улануы мен геморрагиялық синдром барысында глюкокортикостероидтар көрсетілген (преднизолон 60-120 мг тәулігіне).

Арнайы ем: лептоспираға қарсы гетерологиялық гамма -глобулин бұлшық ет ішіне 10-15 мл – 1-ші күні, келесі 2 күн бойы 5-10 мл.

Бүйректін жетіспеушілігі дамығанда гемодиализ жүргізу қажет.

Диспансерлік бақылау  - 6 ай бойы (инфекционист, нефролог, невропатолог, офтальмолог).

Алдын-алу шаралары.

1. Аурудың көзіне қарсы шаралар - кеміргіштермен, қаңғыбас иттермен күрес жүргізу шараларын іске асыру, лептоспирозбен ауырған ауылшаруашылық жануарларына дер кезінде ем жүргізу.

2. Аурудың берілу жолдарын үзу – шикі суды ішуден, жануарлар жайылатын аймақтардағы ағымы жоқ суаттарда шомылудан сақтану керек. Лептоспироздың табиғи ошақтары, яғни бөгеттердің, құдықтардың тазалығын қатаң сақтау, жұмысшыларды арнайы киімдермен қамтамасыз ету.

3. Ауруды жұқтыруға бейім келетін кәсіп иелеріне лептоспирозға қарсы егу шараларын жүргізу (вакцинация).


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 396; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!