Тізе рефлексі 2) Ахилл рефлексі. 8 страница



Шайнау.- шартты және шартсыз рефлекстер арқылы шайнау еттерінің қатысуымен іске асырылады.Бұл жақ қимылының нәтижесі.Ауызға түскен тамақты шайнауға,жақ еттерімен қатар,тіл және бет еттеріде қатысады.Ас кесегі ауыздағы рецепторларды тітіркендіргенде,олардан шыққан қозу сигналдары афференттік жүйке талшықтарының бойымен сопақша мидағы шайнау орталығына жетедіде торлы құрылым мен көз төмпешіктері арқылы ми сыңары қыртысының қозғалтыш зонасында орналасқан шайнау еттерін жиырушы нейрондарды тітіркендіреді.

 

 

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар :                                                           

11. Ас қорытудың қанша түрлері бар?

12. Ауыздағы ас қорыту процесі қалай өтеді?

13. Қандай сілекей бездері бар?

14. Сілекей бездерінің сөлдері?

15. Сілекей сөлінің құрамы,қасиеті және маңызы қандай?

16. Шайнау процесі қалай өтеді?

17. Жұту процесі қалай өтеді?

18. Қарын сөлінің құрамы және маңызы?

19. Сілекей бөліну орталықтары қайда орналасқан?

20. Ұйқы безі сөлінің құрамы,қасиеті және маңызы?

                                                                                                                       

 

 

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995

 

 

Дәріс№11

Тақырыбы:

 Зат және қуат алмасуы және жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты:

Зат алмасу өте күрделі процесс. Мұны түсіну үшін тамақ заттарының денеге түсуінен бастап, оардың организмде өтетін барлық өзгерістерін және бұдан соң пайда болған ыдырау өнімдерінің сыртқа шығарылу процестеріне дейін білу қажет.

Негізгі сұрақтар қысқаша мазмұны:

1.Зат алмасудың кезеңдері яғни бірінші,екінші, үшінші қалай өтеді?

2.Алмасу кезінде ферменттердің қандай ролі бар?

3.Биологиялық катализаторлар дегеніміз не?

4.Белоктардың алмасуы қалай өтеді?

5.Азот балансы дегеніміз не?

6. Адам жасына және салмағына қарай бір тәулікте қанша белок қабылдау керек?

7.Май, су, көміртектердің, минералды заттардың, тұздардың алмасуы қалай өтеді?

Зат алмасуы организм тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі процестен тұрады: ассимиляция – клеткалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі); диссимиляция – зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі химиялық заттар тотыққан сәтте олардан потенциялдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияға, айталық механикалық, электр энергиясына, ақырында бұлардың бәрі жылуға айналады. Бұл энергия клеткада жаңа заттар түзілуіне, клеткалар мен ағзалардың, ағза жүйелерінің, тұтас адам денесі атқаратын қызметтеріне жұмсалады. Клеткалар құрылысы мен энергия қорының байырғы қалпына келуі және бүкіл дененің өсіп-дамуы үшін қажетті мөлшерде оларға сырттан қоректік минералды заттар, витаминдер мен су уақытында келіп түсуі шарт. Тіршіліктің көзі – тағам (тамақ), оның сапасы, мөлшері, құрамындағы қоректік заттар, олардың арақатынасы дене мұқтаждығын қамтамасыз етіп тұруы қажет. Денедегі тотығу өнімдері, әсіресе белок өнімдері көбінесе уытты келеді. Арнайы ағзалары арқылы организм олардан уақытында арылып отырады.

Белок алмасуы

Белок – денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі клетка негізін құратын құрылыс материалы. Қоректік заттар түзілуі, ыдырауы ферменттердің қатысуымен өтеді. Ал ферменттер түгелдей белоктардан тұрады. Демек, белоксыз тіршілік жоқ, яғни белок – тіршілік көзі деген ұғымның дұрыс екенін көрсетеді. Белок құрымында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам (жануар) денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі. Алғашқылары – орны толар, соңғылары – орны толмас амин қышқылдары. Лейцин, изолейцин, валин, метионин, гистидин, аргинин, трифтофан, лизин, треонин, фенилаланин адам (жануар) денесінде түзілмейді. Бұл орны толмас амин қышқылдары аста жеткіліксіз болса, жас организм өспей қалады, жүдейді, оның өмірі қысқарады.

Көмірсу алмасуы.

Адам (жануар) денесінде көмірсу энергия көзі. 1 г. көмірсу тотықса 4,1 ккал (17,17 мДж) энергия бөлініп шығады. Көмірсу тез тотығады, оның денедегі қорынан босап шығуы оңай, сондықтан ол, әсіресе кенеттен өте шапшаң қимыл жасап, көбірек энергия жұмсарда пайдаланылады. Адамға тәулігіне 450-500 г-дай көмірсу қажет.

Әдетте қандағы қант деңгейі төмендей бастаса, гликолиз арқылы қант бауырдан босап шығады да қанға өтеді, сөйтіп қант түрақтылығы сақталады. Глюкоза бауырда ғана емес дене еттерінде де қор (1 – 2) болып гликоген күйінде сақталады. Клеткалардың көбі қаңдағы глюкозаны жұтып құрылыс (пластикалық) материалы және қуат көзі ретінде пайдаланады.

Көмірсу клеткада оттегінсіз ыдырап алдымен сүт қышқылына (анаэробтық фаза) көмірқышқылды газ бен суға айналады. Аталған заттар артық болса өкпе арқылы сыртқа шығарылады.

Май алмасу.

Көптеген ауру-сырқаулар, патологиялық процестер май алмасуының бұзылуынан болады. Май және май тәрізді қосындылар липидтер деп аталады. Адам (жануар) денесі үшін май – негізгі энергия көзі. Ересек адамда тәулігіне 70 – 100 г мал майы (тоң май, сары май мен өсімдік майы) керек. 1 г май тотықса, 9,3 ккал (38,39 кДж) жылу бөлінеді, соңдықтан да май көбінесе энергия ретінде жұмсалады.

Май алмасуын реттейтін арнайы орталық гипоталамуста орналасқан. Осы орталықтың төменгі – ішкі ядросы зақымданса, керісінше, азады (кахексия). Гипоталамус денеге вегетативтік жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездері арқылы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесі денелегі май қорының жұмсалу және тотығу қарқынын күшейтеді. Парасимпатикалық жүйке жүйесі май алмасуына керісінше әсер етеді. Гипоталамустағы орталыққа, оның қызметіне жоғары жүйке жүйесі және эмоция тудыратын лимбиялық жүйе ықпал етеді. Ішкі секреция бездерінің гормондары да май алмасуын реттеуге қатысады.

Су алмасу.  Ересек адамның дене салмағының 60 – 70% су. Организм неғұрлым жас болса, соғұрлым онда су көбірек болады. Эмбрион салмағының 90%, жаңа туған нәрістенің 75%, кәрі адамның 55% су болады. Салмағы 75 кг ересек адамның организмінде 53 литрдей су бар.

Денедегі барлық сұйықтықты 2 түрге бөледі: 1. Клетка ішіндегі сұйықтық организм салмағының 70% (30 – 40 л шамасында), яғни судың көбі клетка протоплазмасының құрамында болады.

2.Клеткадан тыс тамыр ішіндегі сұйықтық (қан, лимфа) клеткааралық сұйықтық құрамына кіреді. Денедегі судың 20% (15 –17 л) клеткадан тыс сұйықтықта жатады. Оның 13 - 15% интерстициялық сұйықтық пен лимфа, ал 4 - 5% қан плазмасына кіреді.

    Минерал алмасу. Академик В.И.Вернадскийдің биогеохимиялық ғылыми мектебінің зерттеуі бойынша адам денесінде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Организм құрамындағы бұл элементтерді биогендік элементтер деп атайды, себебі олар дененің барлық клетка құрамына кіреді және жануарлар мен өсімдік организмдерінің құрылым тірлігін сақтауға қажетті заттар.

    К, Na, P, Ca, Cl, Mg секілді химиялық элементтер денеде бірсыпыра көбірек шамада кездеседі де, басқалары F, Cu, Mn, Co, Mo, Zn т.б. жануарлар организмінде өте аз мөлшерде болады. Оларды микроэлементтер деп атайды. Олардың организм үшін маңызы өте зор.

    Барлық тұздардың организмдегі маңызы өте күшті.

1) олар қан мен тканьдегі осмостық қысымды реттейді;

2) қанның сілтілі-қышқылды реакциясының тепе-теңдігін және қанның белсенді реакциясын бірқалыпты сақтауға қатысады;

3)минералды заттар катализаторлық қызмет (химиялық реакцияларды тездетеді) атқарады.

4)Тұздар құрылыс пластикалық материал ретінде қанқаның, организмдегі барлық клетка құрылымының құрамына кіреді, бірақ белок, май, көмірсудан ерекшелігі, минералдық тұздардың энергиялық маңызы жоқ.

    Тұздардың артық мөлшері денеде қор түрінде сақталуы мүмкін. Мысалы, NaCl теріде сақталып, организмге қажет жағдайда пайдаланылады. Fe бауыр мен көкбауырда, Са мен Р - сүйекте, К – етте сақталады. Са түздары екіқабат әйелдің организмінен оның баласының қажетіне пайдаланылады.

    Қалыпты дұрыс тамақтанатын адам жеткілікті мөлшерде минерал тұздарын қабылдайды. Өсіп келе жатқан организмге тұз көп мөлшерде қажет, әсіресе Са, Р тұздары сүйек, жүйке, тканьге өте қажет.

    Су мен тұз алмасуының реттелуі. Гиппоталамуста ерекше шөлдеу және тұз алуына арналған жүйке орталықтары бар.

Бұл орталықтарға ауыз қуысының шырышты қабатында орналасқан осморецепторлардан (ауыз құрғағанда) мәліметтер келіп тұрады, рефлекстік афференттік жауаптар, гуморальдық факторлар, гормондар қатысуымен жүреді.

Тұздардың, әсіресе натрий тұзының алмасуын реттеуге бүйрекүсті безінің гормондары қатысады.

Кальцийдің алмасуына паратгормон, тирокальцитонин, Д3 витамині әсер етеді. Д3 витамині – Д витаминнің гормондық түрі, ас құрамындағы кальцийдің ішекте сіңуіне және оның бүйректе қайта сіңуіне, кальцийдің сүйекте жиналуына әсер етеді.

Адамда (жануарда) зат алмасуы мен энергия алмасуы өзара тығыз байланысқан үздіксіз жүріп жататын біртұтас процесс.

Негізгі зат алмасу

Жұмсалған энергия мөлшері айналадағы температураға, істелген жұмыстың, ішілген астың түріне, оның мөлшері мен құрамына, денедегі зат алмасу қарқынына т.б. жағдайларға байланысты.

Энергия жұмсалуы стандартты жағдайда өлшенеді. Денеден шығатын энергия стандартты жағдайда жұмсалатын энергиямен салыстырылады. Стандартты жағдайда жұмсалған энергия негізгі алмасу деп аталады.

Негізгі алмасу деңгейі адамның салмағына, бойына, жасына, жынысына байланысты. Жұмсалған энергия мөлшері салмаққа байланысты болғандықтан ол адамның 1 кг салмағына жұмсалатын энергиямен белгіленеді. Орта бойлы (170 см) 25 – 40 жастағы адам 1 сағат ішінде салмағының әрбір килограмына 1 ккал (4,2 кДж) энергия жұмсайды. Салмағы 70 кг ер адам тәулігіне денесінен 1700 ккал (7117 кДж) энергия бөліп шығарады.

Ер адамға қарағанда әйелде заттар алмасу қарқыны 10% төмен. Негізгі алмасу адамның көніл-күйіне (эмоцияға) қарай да өзгеріп отырады. Көніл-күйі өзгергең адамда симпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғарылайды, зат алмасу қарқыны күшейеді. Жұмсалған энергия мөлшерін адам денесі аумағының әр шаршы метріне шақса, барлық жағдайда да энергия шығыны біркелкі болады.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар :                                                           

          1.Зат алмасудың кезеңдері яғни бірінші,екінші, үшінші қалай өтеді?

2.Алмасу кезінде ферменттердің қандай ролі бар?

3.Биологиялық катализаторлар дегеніміз не?

4.Белоктардың алмасуы қалай өтеді?

5.Азот балансы дегеніміз не?

6. Адам жасына және салмағына қарай бір тәулікте қанша белок қабылдау керек?

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995

 

 

Дәріс№12

Тақырыбы: Жылу алмасу және жас ерекшеліктері

Мақсаты: Зат алмасу процесінің барсыныды түзілетін кейбір ыдырау өнімдерін организм пайдалана алмайды.Соған байланысты ыдырау өнімдері бірте-бірте көбейе берсе, организмдуі улап тіршілік процесіне үлкен зиянын тигізеді.Әртүрлі ауруларға байланысты бүйректің де жұмысы нашарлайды.Сондықтан адам организмінде судың,заттың, минералды затттардың, көміртектің т.б., алмасуы үлкен роль атқарады.

Негізгі сұрақтар қысқаша мазмұны:

1.Заттардың алмасуы.

2.Белоктың алмасуы

3.Судың алмасуы

4.Көміртектердің алмасуы

5.Майлардың алмасуы

Зат алмасу процесі пайда болған қалдық заттарды сыртқа шығарумен аяқталады. Күрделі диссимиляция (ыдырау) процестері қорытындысына денеде зат алмасуының ең соңғы өнімдері – «қалдық зат» (шлак) пайда болады. Шлак организмде пайдаланылмайды, ал қор болып жиналып қалса оны уландырады, әсіресе белок алмасуы барысында түзілетін мочевина, несеп қышқылы, креатинин, аммоний тұздары сияқты заттар өте улы келеді. Олар сондай-ақ көмірсу мен май алмасуының соңғы ыдырау өнімі – көмір қышқылы мен су. Барлық зат алмасу процесінің нәтижесінде бөлінген қалдық заттар организмнен шығару мүшелері арқылы сыртқа шығады.

Адам мен жануарлардың сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, ас қорыту түтігі.

Сыртқа шығару тіршілікке өте қажет физиологиялық процесс. Сыртқа шығару процесі бұзылса, көптеген физиологиялық процестер бұзылады. Солардың бірі – уремия, белок алмасуының соңғы ыдырау өнімдері (мочевина, несеп қышқылы) жиналып қанға өтеді де организмді уландырады.

Сонымен, экстреторлық мүшелердің негізгі қызметі – денедегі зат алмасудың соңғы өнімдерін, өзге текті басқа заттарды, мәселен, дәрі-дәрмектерді сыртқа шығарып отыру.

Сыртқа шығару ағзалары мүнымен қатар бірнеше қосалқы қызмет атқарады. Гомеостаздың, яғни ішкі орта тұрақтылығын – қан құрамы мен қасиеттерін лимфаның интерстициялық сұйық пен ликвор құрамының тұрақтылығын сақтайды.

Сыртқа шығару ағзаларының қан құрамындағы және денедегі басқа сұйықтықтар құрамындағы иондар концентрациясының тұрақтылығын (изоиония) және қан мен басқа биологиялық сұйықтардың осмостық қысымының тұрақтылығын (изоосмия), денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-теңдігінің тұрақтылығын (изогидрия) қамтамасыз етеді. Экскрециялық ағзалар денедегі басы артық қышқылдар мен сілтілерді сыртқа шығарып отырады. Мұнымен қатар клетка ішіндегі және сыртындағы сұйықтықтармен әрдәйім алмасып қанның тамырдағы көлемдік тұрақтылығын (изоволемия) сақтайды.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 610; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!