Тізе рефлексі 2) Ахилл рефлексі. 9 страница



Бүйрек эритроцит түзілуі (эритропоэз) процесіне де қатысады, яғни эритроциттердің пісіп жетіліп, қан арнасына қосылуына әсер етеді, қан түзілуін күшейтетін арнайы полипептидтер (гемопоэтин, эритропоэтин, лейкопоэтин) бүйректе түзілетіні дәлелденіп отыр.

Бүйрек аса маңызды биологиялық процесс – қан ұюына қатысады. Бүйректе қанның ұюына кедергі жасап, қан тамырында тромба пайда болуына қарсы тұратын фибрин еріткіш арнайы зат урокиназа ферменті түзіледі. Урокиназа бүйректегі қан айналысын жақсартады. Бүйрек тамырлары арқылы бір тәулікте 1400 – 1800 л қан өтетінін еске алсақ, оның қандай маңызы бар екені айтпаса да түсінікті. Урокиназаның әлсіз-күштілігін білу арқылы бүйрек ауруларын дәл аңықтауға болады, сондықтан да бұл әдіс клиникада кеңінен пайдаланылады.

Бауырда түзілген дәрітсіз алғашқы гормон – витамин Д3 бүйректе физиологиялық белсенді гормонға айналып, ішекте кальцийдің сіңуін күшейтеді. Сүйек тканінен алынған витамин Д гормоны да бүйрек түтікшелерінен кальций ионының кері сіңуін тездетеді.

Бүйректің белок көмірсу және липидтер алмасуына қатысады.

Бүйрек

Бүйректің негізгі қызметі – несеп тұзу. Ересек адамда тәулігіне 1000 – 1800 мл несеп түзіледі. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға: олигурия – тәуліктік диурездің азаюы; полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі, анурия – несеп түзілуінің тоқтауы. Ауруға шалдыққан кездерде туатын өзгерістер – энурез, никтурия. Бүйректегі күрделі зәр жасалуды терең түсіну үшін несеп пен қан плазмасының құрамдарындағы әртүрлі заттардың өзара қатынасын салыстырып қарау керек, үйткені бүйрек арқылы зат алмасу процесінің соңғы қалдықтары шығарылады.

Қан мен несеп құрамында кездесетін кейбір заттар

А.Кешни бойынша)

Зат аттары

Көлемі процент есебі мен қан плазмасында

Несеп құрамындағы заттың қан құрамындағыдан айырмашылығы

Алғашқы несепте Соңғы несепте
Мочевина Несеп қышқылы Глюкоза Калий Натрий Фосфаттар Сульфаттар Белок Креатинин 0,03 0,004 0,1-1,15 0,02 0,32 0,009 0,002 7,0-8,0 0,001 2,0-3,0 0,05 - 0,15 0,35 0,15 0,18 - 0,075 67-70 есе көп 12 есе көп несепте болмайды 7 есе көп 7 еседей көп 16 есе көп 90 есе көп несепте болмайды 75 есе көп

Ересек адам несебінің құрамымен орта есеппен алғанда тәулігіне 30 г дейін мочевина (12 г-нан 36 г-ға дейін) шығарылады. Несеппен шығарылатын азоттың жалпы саны тәулікте 10 г-нан 18 г дейін өзгеріп отырады. Оның мөлшері белоққа бай тамақ ішкенде, ауырғанда, әсіресе белок көп ыдырайтын ауруларда жоғарылайды. Қалыпты жағдайда несеппен глюкоза, белок шығарылмайды.

Бүйрек жұп мүше, салмағы 120-200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон, ол мальпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған және араларында интерстициальдық сұйықтық болады. Әрбір нефронда бір-біріне тәуелді аса күрделі процестер жүріп жатады. Соның нәтижесінде бүйректе несеп түзіледі.

Нефрон құрылысы - өте күрделі. Ол Шумлянский – Боумен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпиги шумағынан және түтікшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлігі гломерулалық бөлім деп аталады. Шумлянский – Боумен капсуласы түптеп келгенде бүйрек түтікшелеріне айналады. Сондықтан оны нефронның түтікше бөлімі деп те атайды. Бұл, бүйректің қыртысы бөлімінде, ал Генле ілмешегі және несеп жиналатын түтіктер ми бөлімінде болады. Әр бөлімнің өз құрылымдық ерекшеліктері болады.

Бүйректің организмдегі ең негізгі қызметі – шығару. Сонымен қатар ішкі орта тұрақтылығын, сілті-қышқыл теңдігін, осмос қысымын, тамырындағы қан көлемін, басқа да ішкі сұйықтық ортаның көрсеткіштерін қамтамасыз ететін бір топ функциональдық жүйе жұмысын орындатуға қатысады. Бүйрекпен шығарылатын несеп құрамы, қасиеті және мөлшері, ондағы пайда болған әртүрлі өзгерістерге байланысты. Осыған сәйкес, ішкі және сыртқы ортаның әртүрлі күрт өзгерістерінің әсерінен пайда болған информация орталық жүйке жүйесіне толып жатқан саны көп әртүрлі рецепторлардан мысалы, ноцицептивтік немесе ауру, қысым, хемо-, волюмо-, термо-тағы да басқа рецепторлардан барады.

Бүйрек вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимптикалық жүйкелерімен қамтамасыз етілген.

Бүйректің симпатикалық жүйкесі кесілсе, несеппен хлорлы тұздардың шығарылу мөлшері көбейеді. Симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде негізінен Мальпиги шумақтарының қан тамырлары тарылады да, бүйректе несеп жасалуы бір бағытта өзгермейді. Артериола тарылғанда, осы әсерге байланысты несеп шығарылу мөлшері едәуір азаяды. Ал егер де қанды алып кететін тамыр тарылса, сүзілу қысымы жоғарылап, несеп жасалу көбейеді.

Тәжірибелер жүргізіп, мидың қыртыс қабаты бөлімдерін – мидың төртінші қарынша түбін, сопақша ми, көру төмпешігіне мишықты т.б. әртүрлі әдістермен тітіркендіргенде несеп жасалу процесі өзгеретіні аңықталған.

Жүйкесі кесілген бүйректе тітіркендіргіштердің ауырсыну әсері гипоталамус арқылы, ал одан – гипофизге әсер етіп, антидиуретикалық гормон бөлінеді (АДГ).

Бұл гормон рефлекстік механизм қатысуымен бүйректе несептің жасалуын және оның құрамын реттейді.

Адреналин қанды алып кететін артериолаларды тарылтып, шумақ нефрондарында сүзілу қысымын жоғарылатып, кәдімгі диурезді көбейтеді. Адреналин дозасы көп болса, несеп жасалуды едәуір төмендетеді, тұздардың шығарылуын жоғарылатады, эмоция уақытында АДГ бөлінуін төмендетеді. Бүйрек қызметіне, бүйрекусті безінің гормондары да әсер етеді.

Гипофиздің алдыңғы бөлімінің соматотропты гормоны, организмдегі жалпы зат алмасу дәрежесіне әсер ету арқылы диурезді көбейтеді.

Диссимиляцияның, органикалық заттардың көпшілігі шумақтағы сүзілуді көбейтеді. Тироксин де бүйрекке осындай әсер етеді. Инсулин клеткааралық кеңістікте судың ұсталуына әсер етеді, ал ол олигурияға әкеліп соғуы мүмкін.

Несеп бүйректе көп немесе аз мөлшерде үздіксіз жасалады, бірақ оның организмнен шығарылуы белгілі бір уақыт арасында орындалады. Ересек адамдарда қалыпты жағдайда тәулігіне 2-3 рет, ал балаларда жас ерекшелігіне қарай жиі шығарылады. Несеп шығаратын мүшелерге несепағар, қуық және несеп шығаратын түтік жатады.

Бүйректе жасалынған несеп жинағыш түтіктерден тостағаншаларға өтеді, тостағаншалар толып жиырылуынан, бүйрек түбегі арқылы несепағарға ауысады. Несепағардың толқынды жиырылуынан аз көлемді несеп 2-3 мм/с жылдамдықпен қуыққа құйылады.

Симпатикалық жүйке несеп ағардың перистатикалық жиырылуын күшейтіп, қуық қабырғасы еттерін босаңсытады және несеп шығаратын түтік сфинктерінің тонусын жоғарылатады. Бұл жағдай қуықта несеп жиналуына мүмкіндік тұғызады.

Парасимпатикалық жүйке әсерінен қуық еттері жиырылып, несеп шығаратын түтіктің сфинктер еттері босаңсиды, соның нәтижесінде қуық несептен босатылады.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар :                                                           

 

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995

 

                      

Дәріс№13

Тақырыбы ,Ішкі сөлініс бездері және жас ерекшеліктері

 

Мақсаты: Ішкі сөлініс бездерінің қызметін және олар бөліп шығаратын гормондардың маңызын білу,әдістерін білу. Гормондардың жасалуы ағзалар қажетіне және қоршаған орта жағдайларына тікелей қандай байланысы бар екенін білу .

Жоспары:

1.Ішкі сөлініс бездерінің гормондары

2.Гормондардың әсер ету жолдары мен механизмі

3.Ішкі сөлініс бездерін зерттеу әдістері.

4.Гипоталамус- гипофиздік жүйе

5.Гипофиз физиологиялық әсерлері

Адам денесіндегі көптеген клеткалар (жалпы саны 100 трилионнан астам) арнаулы тканьдер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.

Денедегі барлық құрылымыдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңестік тәртібімен түрлі жолдар мен механизмдер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморальдық жолмен (қан, лимфа, тканьаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.

Функциялардың (қызметтердің) гуморальды реттелуінде маңызды ролді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организм ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері жасап шығарған заттар гормон деген атаура ие болды.Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік – гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамус жүйке жүйесінің бір бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндркриндік реттеуге ауысады. Гипофиз- мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5- 0,6 г, алдыңғы,ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы – аденогипофиз, ортаңғысы – меланогипофиз, артқысы нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы мен қызметі жағынан әртүрлі.

Қалқанша без – Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без – ірі без. Ересек адамдарда салмағы 20-30 грамм, Балаларда (2 жас) 1,5 – 2 гр. Қартайғанда басқа бездер сияқты ол да көлемі кішірейеді. Эпителий клеткалары құрамында иод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин, тетрайодтиронин немесе тироксин. Олар белокпен қосылып иодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзейді.

Эндокриндік бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ, без клеткалары қан және лимфа капиллярымен өте жиі торланған, сондықтан өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Соңғы екеуі аралас секрециялы бездер.

Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті) әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады - эстроген, прогестерон және гонодотропин. Ішкі секреция бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының (кейбір жүйке клеткаларының) нейросекрециясы бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің клеткалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны аңықталған. Бұлардан басқа ішкі секреция бездеріне бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин, панкреозимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б.

Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму процестері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тканьдерге ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:

1) метоболикалық – зат алмасу процестерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне әсері;

2) морфогенетикалық – конформациялық құрылымдық процестерге ажырату әсері;

3) кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;

4) корригиялық тканьдер мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату тездету, бәсеңдету қозғалыстары).

Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі:

1. Белоктық – пептидті қосылымдар (инсулин, глюкогон, соматропин т.б.);

2. Стереоидтар (бүйрекүсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);

3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер - адреналин, норадреналин). Гормондардың биосинтезі арнайы эндокриндік клеткалардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады.

Гормондардың әсер ету механизмі өте күрдеі және биохимиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. Белгілі бір гормонның қажеттілігі артса, гормон – белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда болады. Байланысқан гормондар қор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңіл пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.

Гормондар қан ағысына ілесіп барлық тканьдер мен ағзаларға жеткенімен белгілі бір гормонды қабылдауға дағдыланған, әрі клетканың мембрана құрылымында орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір ткань мен ағзаға ғана әсер етеді. Оларды нысана тканьдер деп атайды. Клеткалық рецептор арнайы белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі гормон молекуласының белгілі бір фрагментіне сәйкес келеді. Бұл сигналды қабылдауды, яғни гормон мен клетканың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Егер берілген гормонды қабылдайтын рецептор болмаса, клетка гормонмен қарым-қатынасқа түспейді, яғни оны танымайды.

Белоктық және пептидті гормондардың рецепторлары клетканың цитоплазмалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормондар өз рецепторларымен қарым-қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферментінің активтенуі жүреді. Оның әсерінен клеткада циклдік 31, 51 – аденозинмонофосфат (ЦАМФ) пайда болады.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:

 

1.Гормондар қандай сөздің мағынасын білдіреді?

2.Гормондардың қандай түрлері бар, олардың атқаратын қызметі?

3. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тканьдерге ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады, қалайша?


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 502; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!