Тізе рефлексі 2) Ахилл рефлексі. 12 страница



 

№5 ТАҚЫРЫП: Анализаторлар, олардың жасқа байланысты ерекшеліктері.

МАҚСАТЫ: Анализаторлардың құрылысы мен қызметі, анализаторлар жүйесіндегі бейімделу құбылыстарын, гигиенасымен танысу.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР:

Сивцевтің таблицасы көрсеткіш столға қоятын шама (жарық).

 

СҰРАҚТАР:

1. Анализаторлар туралы И. П. Павлов ілімі.

2. Организмнің сенсорлық жүйесі.

3. Көру анализаторы. Көз құрылысы.

4. Жақыннан және алыстан көргіштік.

5. Көру өткірлігі.

6. Жарық және түстер сезгіштігі.

7. Есту анализаторы және оның қызметі.

8.  Есту мүшесі.

9. Дыбысты қабылдау механизмі.

10. Есту анализаторының жасқа байланысты ерекшеліктері.

11. Балалар мен жеткіншектердің көру қабілетінің бұзылмауын және естімеушіліктерді болдырмау профилактикасы.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР:

Сивцевтің таблицасы көрсеткіш столға қоятын шама (жарық).

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:

№1 тәжірибе. – Соқыр дақты анықтау. Мариатт тәжірибесі.

Тәжірибеге қажетті құрал: Соқыр дақты анықтауға арналған сурет.

Тәжірибе барысы: Тексерілген адам шеңбер мен крест салынған суретті көз алдына ұстайды. Оң жақ көзін жабады сол көзімен крестке назар аударады. Сонан соң суретті алыстата немесе жақындата отырып, шеңбер кескіні жоғалған қашықты анықтайды. Тәжірибені сол көзді жұмып қайталайды.

№2 тәжірибе – Көздің өткірілігін анықтау.

 Тексерілетін адамды таблицадан 5 метр қашықтықта отырғызамыз. Оған 1 көзін жапқызып, 2-ші көзімен әрбір жолдағы әріптерді оқуға ұсынамыз.Тәжірибе жүргізуші жарық түсуіне кедергі келтірмей таблица жанында тұрып, әріптерді көрсетеді. Көрсетілген әріптерді тексерілетін кісі атауы керек. Қатесіз оқылған немесе оқу қателігі 20% соңғы жол көздің өткірлігін анықтайтын көрсеткіш есебінде алынады. Сол жолдың оң жағында тұрған цифр көздің өткірлігі шамасын көрсетеді.

№3 тәжірибе - Анализаторлар қызметінің шартты рефлексті реттелуі.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: суреттері бар кесте.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ: Оқулықтар мен ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау. : Анализаторлар әрекетіндегі шартты рефлексті реттелуін түрлі кескінде берілген суреттерге қарап, олардың көріну ерекшелігін бақылау. Жұмысты орындау барысында берілген суреттердің көрінісін дәптерге салу керек.

№6 ТАҚЫРЫП: Мектеп ғимараты мен мектеп маңындағы участокты санитарлық –гигиеналық тұрғыдан зерттеу.

 МАҚСАТЫ: Мектеп ғмираты мен оның маңындағы жер участогіне қойылатын гигиеналық талаптардың теориялық білімдерін бекіту, оларды санитарлы тұрғыдан зерттеу дағдыларын меңгеру.

СҰРАҚТАР:

  1. Қала мен ауылды жерде мектеп орналасатын жерлерге қойылатын талаптар.
  2. Мектептің жер участогынының зоналары: құрылыс салуға арналған алаң, оқу-тәжірибезонасы, демалыс зонасы және шаруашылық зонасы.
  3. Мектеп үйіне қойылатын талаптар.
  4. Мектеп үйлері: оқу үйлері,көмекші үйлер, тұрғын үйлер.
  5. Мектеп үйінің ауа режиміне қойылатын гигиеналық талаптар.
  6. Мектеп үйіндегі жарық режимі, жылыту, сумен жабдықтау.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:Санитарлық зерттеуді мектеп участогынан бастайды: оның орналасуын, қоршаған заттар, көлемін. Әр түрлі участогтың зоналарының орналасуын анықтайды. Негізінде спорт зонасын, оның алып жатқан алаңын,оның көлемі және онда орналасқан спорт жабдықтарын қарастырады.

       Мектеп ғимартының зерттеуде оның орналасуына, бөлмелердің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Рекреациялық бөлмелер санитарлық жағдайы мен ауданын анықтайды.

 

Мектеп ғимараты мен жер участогының санитарлы зерттеу картасы

  1. Зерттеу күні, уақыты және мекен-жай__________________________________________________________
  2. Мектеп_______________________________________________________
  3. Мектеп типі (бастауыш, орта) ___________________________________
  4. Қызмет көрсету радиусы________________________________________

 

Жер участогы

  1. Орналасуы (жанында орналасқан құрылыстар, участок және көрші құрылыстар ара қашықтығы, жел бағыты)_________________________
  2. Участок ауданы (жалпы аудан және бір оқушыға келетін аудан)_______
  3. Жер участок зонасы (атауы, көлемі, орналасуы)____________________
  4. Жасыл желектер (түрі, ауданы, орналасуы, жағдайы)________________
  5. Участоктың санитарлы жағдайы________________________________
  6. Участок территориясын жинау жүйесі___________________________
  7.  Спорттық зонасы (орналасуы, көлемі, спорт алаңдарының түрлері)

_______________________________________________________________

  1.  Спорт алаңдары (орналасуы, көлемі, қоршалуы, жабыны, құрал-жабдықтар, санитарлы жағдайы)_________________________________

 

Мектеп ғимараты

  1. Участокта ғимараттың орналасуы (ара қашықтығы,ориентаци фасада)_______________________________________________________
  2. Қабат саны және ғимарат компазициясы (оратлықтанған, блокты, павильон)_____________________________________________________
  3. Блок және қабат бойынша жоспарлануы___________________________
  4. Сыныптардың орналасуы_______________________________________
  5. Коридар (көлемі, панелдер, фрамуги, форточка)____________________
  6. Рекреациялық бөлмелер (түрі, көлемі, бір оқушыға келетін аудан)_____

________________________________________________________________

  1. Жуынатын жер (этаж бойынша орналасуы, қол жуғыштар, әжетхана, олардың санитарлық жағдайы)___________________________________
  2. Көмекші бөлмелер (мектеп мүдірі, мұғалімдер бөлмесі, мектеп күзетшісінің бөлмесі), олардың сынып бөлмелерінен оқшаулануы

________________________________________________________________

  1. Бөлмелерді жинау жүйесі_______________________________________
  2. Оқушыларды таза сумен қамтамасыз ету__________________________
  3.  Асхана (орналасуы, санитарлық жағдайы)_________________________
  4.  Қосымша мәліметтер__________________________________________
  5. Қорытынды (санитарлы-гигүиеналық бағалау)_____________________
  6. Санитарлы-гигиеналық жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстар

________________________________________________________________

  1. Қолы_________________________________________________________

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Мектеп жер участогына қандай гигиеналық-талаптар қойылады?
  2. Спорттық зонасына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
  3. Мектеп ғимаратына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
  4. мектеп ғимараты мен жер участогын зерттеу жұмыстарын қалай жүргізеді?

 

 

№7 ТАҚЫРЫП: Жүрек-қан тамырлар жүйесінің физиологиясы. Жүрек-тамыр жүйесінің барынша қарқынды дене жұмысы кезіндегі физиологиялық өзгерістерін тексеру.

МАҚСАТЫ: Балалар жүрек-қан тамырлар жүйесінің жастық ерекшеліктері туралы теориялық білімдерін бекіту, ауруларын алдын алу, оқу-дене жүктемелерін нормалау шарттарымен қарастыру.

СҰРАҚТАР:

1.Қанның маңызы және құрамы, қызметі,қан топтары.

2. Қанның түзілуі.

3.Қанның иммундық жүйесі.

4.Қанның үлкен және кіші қан айналу шеңберлері.

5. Жүрек, оның құрылысы мен қызметі.

6. Жүрек-қан тамырлар жүйеінің жасқа байланысты ерекшеліктері.

7.Жүрек-қан тамырлар жүйесінің гигиенасы.

ТАПСЫРМА ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

1. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ: Жүректің жас шамасына байланысты өзгеруі.

2. Жүрек циклі.

3. Қанның систолалық және минуттық көлемі.

4. Қанның тамырлар бойымен ағуы: а) қанның үздіксіз ағуы;

б) қанның тамырлар ағуының себептері;

в) қан қысымы:

г) қан ағысының жылдамдығы.

 

Тәжірибе №1. Жүрек-тамыр жүйесінің барынша қарқынды дене жұмысы кезіндегі физиологиялық өзгерісін тексеру.

Керекті жабдықтар: секундомер, стетофонендоскоп, сфигмоманометр, спирт, мақта.

Жұмыс барысы: Студенттер екі-екіден жұмыс істейді. Тексерілетін адамда жүрек соғуының жиілігі тамыр соғуы арқылы (тыныштықта отырған жағдайда анықталады), қан қысымы өлшенеді. Мынадай дене жұмысы ұсынылады: 30 секунд бойы тізені жоғары көтере барынша жиілікпен бір орныда тұрып жүгіру. Осындай дене жұмысынан соң дереу және бастапқы қалыпқа келудің екі, 4 ,6 минуттарында қан қысымы және тамыр соғу жиілігі анықталады.

Тәжірибе протоколы жазылады, тамыр соғуының және қан қысымының өзгеруінің кестесі сызылады, қорытынды шығарылады.

 

Алынған нәтижелер:  

 

Аты-жөні Қ Қ Р көрсеткіш Тыныштық көрс. Жүктемеден кейінгі көрс. 2 мин. 4 мин. 6 мин.
             
             
             
             

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.С. Жұмабаев. Жасерешелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А., 1988.

2. Күзембаева А. Адам анатомиясы. А.,2002.

3. А. Г. Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990.

4. Корабкова А. Атлас по нормальной физиологии. А., 1990.

 

№8 ТАҚЫРЫП: Ішкі секреция бездерінің физиологиялық маңызы. Жыныстық тәрбие.

МАҚСАТЫ: Ішкі секреция бездері, оның гормондарымен, ағзаға әсері, маңызы, жыныстық жетілу кезеңіндегі ерекшеліктері туралы теориялық білімдерін бекіту.

 

сұрақтары:

  1. Ішкі секреция бездері туралы түсінік.
  2. Ішкі секреция бездерінің түрлері.
  3. Ішкі секреция бездері бөлетін гормондар, олардың ағзаға әсері.
  4. Гипоталамус-гипофиздік жүйе, гипофиз, оның жұмысының бұзылуынан ағзада туатын өзгерістер.
  5. Қалқанша безі, қалқанша маңы безі, оның бөлетін гормоны.
  6. Бүйрек үсті безі, жыныс бездері, олардың ағзаға әсері.
  7. Қарын асты безі, оның қызметі.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.          

 

 

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:

Әрбір студент санитарлы-гигиеналық ағарту тақырыбын таңдап алып, оқулықтарды қолдана отырып жоспар құрады. Әңгіме жоспары кіріспеден, негізгі бөлімнен, мазмұны, қорытынды мен гигиеналық ұсыныстар болу керек. Студенттермен құрылған жоспар оқытушы тексеріп, қателерін түзетеді. Студенттер жоспар бойынша әңгіме құрастырады. Әр студент кезектесіп басқа студенттер алдында санитарлы-ағарту тақырыбында әңгімесін өткізеді.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

2. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

3. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

4.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

 

 

№9 ТАҚЫРЫП: Еңбек сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар.

 МАҚСАТЫ: еңбек сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптардың теориялық білімдерін бекіту, оларды санитарлы тұрғыдан зерттеу дағдыларын меңгеру.

СҰРАҚТАР:

  1. Еңбек сабақтарын ұйымдастыру.
  2. Мектеп шебарханаларына қойылатын гигиеналық талаптар.
  3. еңбек сабақтарындағы қауіпсіздік техникалары.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:Санитарлық зерттеуді мектеп шеберханаларынан бастайды: оның орналасуын, қоршаған заттар, көлемін. Мектеп шеберханаларындағы жарық режимі, жылыту, ауа режимі. Шеберхананың алып жатқан алаңын,оның көлемі және онда орналасқан спорт жабдықтарын қарастырады.

       Мектеп шеберханаларын зерттеуде оның орналасуына, бөлмелердің ерекшеліктеріне назар аудару қажет.

 


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 365; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!