Тізе рефлексі 2) Ахилл рефлексі. 4 страница



Қозудың жүйкеден өту заңдылықтары. Қозуды өткізу қозуды екі жақты өткізу және қозуды жеке өткізу. Қозуды екі жақты өткізу заңы бұл- қозу процесін екі жаққа қарай өткізеді. Орталық жүйке жүйесімен байланысы үзілмеген жүйкелерден қозудың белгілі бір бағытта өтуі орталықтағы нейрондар арасындағы синапстардлың қасиетіне байланысты болады. Синапсқа дейін қай жүйке болса да қозуды екі жаққа өткізеді.Қозуды жекеөткізу заңы- Әрбір шеттегі жүйке құрылымында мыңдаған жүйке талшықтары болады,осы жүйке талшықтары қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай, тек өз бойымен өткізіп,тек өзімен ғана байланысқан ет талшықтарына тұп-тура жеткізеді. Егер қозу жананыды жатқан жүйке талшықтарының бәріне таралатын болса онда организм қалай болса солай қимылдап, қажетті қимылдар жасай алмайды. Синапс - өзара жүйке клеткалары не жүйкемен шеттегі қызмет клеткасы түйіскен жерінде серпіністерді өткізетін арнайы ұласуды айтады. Синапсты ең алғаш рет ағылшын физиологы Ч. Шерингтон ұғымын енгізген.Синапстра ұласқан клеткалардың түріне қарай нейронаралық, ет- жүйкелік болып әсеріне байланысты қоздыратын,тежейтін, ал қозуды өткізу әдісіне қарай химиялық, электрлік, болып бөлінеді. Жүйке тармағы мен миоцит түйіскен жерде ет- жүйелік синапс құрылады. Жалғыз жүйке талшығы бұтақтанып 3- -3000 дейін синапс құрайды. Денедегі барлық синапстардың құрылысы біркелкі. Әрбір синапс үш элементтен тұрады пресинапстық, постсинапстық, синапстық саңылаудан тұрады. Қозу процесі пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат- медиатордың қатысуымен өтеді. Медиатор – қозу процесін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігіндегі везикулаларда болады.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:

1.Қозу дегеніміз не?

2.Бірыңғай салалы бұлшық еттердің қызметі атқаратын ролі?

3.Қозудың өткізу заңдылықтары?

4.Синапс дегеніміз не?

5.Синапс деген ұғымды ең алғаш кіргізген ғалым?

6.Синапстар ұласу түрлеріне қарай қаншаға бөлінеді?

7.Синапс қанша элементтен тұрады және олардың атқаратын қызметтері ,ролі?

 

Қолданылатын әдебиеттер:

 1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995

 

 

Дәріс № 5

Тақырыбы:

Сенсорлы жүйелер және олардың жасқа байланысты ерекшеліктері

Дәрістің мақсаты:

 Талдағыштар (анализаторлар) немесе сезім жүйесі дегеніміз арнайы қабылдағыш-рецепторлардан, аралық және орталық жүйке клеткаларынан, оларды байланыстыратын арнаулы талшықтарынан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Сезім ағзалары организмнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

1.Сенсорлы жүйелердің жалпы жүйесі және олардың қызметтері

2.Қозу рецепторларының жіктелінуі және механизмі

3.Рецепторлардың қасиеттері

4.Көру жүйесі

5.Көздің жарықты өткізуі және рефракциясы

6.Фоторецепторлар

7.Есту жүйелері

8.Сыртқы,ортаңғы және ішкі құлақтың қасиеттері

9.Дыбысты қабылдаудың физиологиялық механизмі

 

Талдағыштар туралы ілімді И.П.Павлов ашты. Ол, ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты: рецепторлық (шеткі бөлімі), афференттік нейрондар және өткізгіш жолдар (аралық бөлім), соңында афференттік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы (орталық бөлімі).

Талдағыштардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар және арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көптеген қабылдағыштар (рецепторлар) құрады.

Барлық рецепторлар екі үлкен топқа бөлінеді: сыртқы немесе экстерорецепторлар және ішкі немесе интерорецепторлар – көру, дыбыс, иіс, дәм, терінің сезу рецепторлары. Ал интерорецепторларға – ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар және тірек-қимыл жүйесінің вестибуляры мен пропиорецепторлары жатады.

Рецепторлар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне байланысты екіге бөлінеді: дистанциялық рецепторлар – олар ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан (көру, есту, иіс), ал контактық рецепторлар тікелей жанасқанда мәлімет алады.

Рецепторлар өздері бейімделген тітіркендіргіштердің табиғатына қарай мынандай болып жіктеледі: механорецепторлар – есту, тепе – теңдік, тірек – қимыл аппаратының, терінің сипап сезу рецепторлары, жүрек пен қан тамырларының қысым рецепторлары, хеморецепторлар - дәм, иіс, қан тамырларының және тканьдердің химиялық заттарды сезетін рецепторлары, фоторецепторлар, терморецепторлар (терінің және ішкі ағзалардың, орталық жүйке жүйесінің қызу сезгіш рецепторлары), ауырғанды сезу (ноцицептік) рецепторлар.

Барлық рецепторлар біріншілей және екіншілей сезетін болып екіге бөлінеді. Біріншісі – иіс, сипап сезу рецепторлары және проприорецепторлар. Бұларда тітіркендірістерді ұғыну және өңдеу үшін қозу толқыны сезгіш нейрондардың тікелей өзінде пайда болады. Екіншісіне дәм, көру есту, тепе – теңдік рецепторлары жатады. Мұндай рецепторлардың сезгіш нейрондары мен тітіркендіргіштердің арасында өте мамандалған (икемделген) қосымша қабылдағыш клеткалар болады. Яғни сезгіш нейронда қозу тікелей әсерден емес, тек қосымша қабылдағыш клеткалар арқылы туады.

Өздерінің негізгі қасиеттеріне байланысты рецепторлар тез және баяу бейімделуші, төмен және жоғары табалдырықты, біррайлы және көпрайлы т.б. болып бөлінеді. Іс жүзінде, түйсіктердің сипатына қарай рецепторлардың психофизиологиялық жіктелуді өте маңызды орын алады.

 

Көру жүйелері.

Көру талдағышы а дам мен жоғары омыртқалы жануарлар үшін аса маңызды сезім мүшелерінің бірі. Ол барлық рецепторлардан миға келетін мәліметтің 90 %жеткізеді. Көзге ілінген заттардың торлы қабыққа түсіп қабылдағыштарды қоздырады. Қозу толқындары ми қыртысындағы көру талдағышының жоғары бөліміне жетіп талданады.

Көздің оптикалық жүйесі

Көру сенсорлы жүйелері бірнеше бөліктерден тұрады:

1.перифериялық(шеткі)- бұл көздің қосымша органы болып саналады, бұнда фоторецпторлар және нейрондардың  1–ші(биполярлы) және 2-ші(ганглиозды) денелері орналасқан.

2.өткізгіштік бөлік

3.қыртысты бөлік

Көз алмасы шар тәрізді диаметрі 2,5см келген, жарықты өткізгіш ортасы-қасаң қабық, алдыңғы камераның сұйықтығынан,хрусталиктен, шыны тәрізді денеден тұрады.

Фоторецепторлар – таяқша мен колба тәрізді жасушалардан тұрады. 

Көз алмасының үш қабықшасы бар, олар көз ұясында орналасқан. Оны сыртынан ақ қабықша немесе склера қаптап жатыр, бұл тығыз дәнекер қабықтан тұрады. Склераның аортқы жағында тесік болады, ол арқылы көру жүйкесі енеді. Ақ қабықшаның алдыңғы бөлімі мөлдір қасаң қабыққа өтеді.

Ал қабықшадан кейін тамырлы қабықша орналасқан.Қабықшаның алдында нұрлы қабық. Ал торлы қабық көздің ішкі үшінші қабықшасы.

Нұрлы қабықтан кейін екі жағы дөңес келген мөлдір линза – көз бұршағы орналасқан. Көздің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырып тұрады.

Жарық сәулесін толтыратын орта ( қасаң қабық,көз бұршағы, шыны тәріздес дене) және торлы қабық (ретина) көздің негізін құрайды..

Әрбір оптикалық жүйенің жарық сәулесін сындыру үшін диоптримен (Д) белгілейді. Адам көзінің сындыру күші алыстағы заттарға қарағанда -70,5 (Д) болады.

Есту талдағышы.

Есту сенсорлы жүйелері- сыртқы ортадан келген дыбыс толқындарын қабылдап анализ жасайды.

Есту сенсорлы жүйелері бірнеше бөліктерден тұрады:

 Перифериялық (шеткі), өткізгіштік, және қыртысыты бөлімдерден тұрады.

Есту мүшесі үш бөліктен тұрады –сыртқы, ортаңғы, ішкі.

Дыбыс шалушы және өткізуші аппараттар.

Сыртқы құлақ- Сыртқы құлақ дыбысты қабылдау бөлімі болып саналады.

Ортаңғы құлақ - дыбысты өткізуші аппарат болып саналады, бұл бір- бірімен байланысқан балғашық, төс, үзеңгі сүйекшелерден тұрады. Олар дабыл жарғағының тербелісін іщкі құлаққа жеткізеді.

 

Өз бетімен дайындалуға сұрақтар:

1.Талдағыштардың арасындағы әсер ету механизмдері?

2.Өткізу табалдырығын қалай анықтауға болады?

3.Адам құлағы қанша жиілік диапазоныныда дыбыстарды қабылдайды?

4.Неге көру аймағы әртүрлі түсте бірдей емес?

5.Көру аймағының көлемі неге байланысты?

6.Орталық және шеткі көру дегеніміз не?

7.Көз қарашығы қанша нейрондардан тұрады?

8.Неге түн кездерінде жануарлардың көзі жарқырайды?

9.Сары дақ дегеніміз не?

10.Тауық соқыры және жарықтан қорқу деген не?

11.Көз аккомодациясы дегеніміз не және оның механизмдері?

12.Алыстан көру және жақыннан көру дегеніміз не?

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995

Дәріс №6

Тақырыбы:

Жоғары жүйке іс - әрекетінің физиологиясы және жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты:

Адам ағзаларында өтетін құбылыстарды, шартты және шартсыз рефлекстердің қалай пайда болатынын және рефлекстердің бір – бірінен айырмашылықтарын оларды қалыптастыру және жіктеу.

 Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

1.И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың жоғары жүйке әрекеті туралы

2.Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылықтары

3.Шартты рефлекстердің жасалу механизмдері

4.Шартты рефлекс түрлері

5.Шартты рефлекстің тежелуі

6.Динамикалық стереотип

7.Жоғарғы жүйке әрекетінің типтері.

Декарттан И.П.Павловқа (1894-1936) дейін рефлексті, рецепторларды тітіркендіруден туатын реакция деп түсінгенімен, И.М.Сеченовтан басқа физиологтардың бәрі оны тек ОЖЖ-нің төменгі бөлімдерімен ғана байланысты деп есептеді.

Психикалық әрекетті мидың жоғарғы бөлімінің физиологиялық жұмысы ретінде қарап, оған талдау беруге бірінші қадам жасаған. Ол 1863 жылы шыққан «Ми рефлекстері» деген еңбегңнде психикалық әрекеттің барлық көріністері сыртқы ортаның әсерімен қалыптасқан және оның негізіне ОЖЖ-нің рефлекторлфқ жауабы – рефлекс жататынын дәлелдеді.Психикалық әрекеттің рефлекторлық механизмді екендігінің мойындаудың нәтижесінде И.М.Сеченов адамның кез – келген әрекетінің бірінші себебі сыртта жатады және бірдей ішкі, сыртқы жағдайлар кезінде адам әрекеті де әр уақытта тір түрлу болу керек деген қорытынды шығарды. С.М.Сеченов адамның бұлшық ет қозғалыс – қимылдарын ғана емес, сондай-ақ мидың қызметін білдіретін сөзді де рефлекстерге жатқызды.

Адамның психикалық қызметі мидың анатомиялық тұтастығы мен атқаратын қызметіне тәуелділігін ежелгі уақыттан ақ жорамалданған. Ми зақымданғанда сананың, естің, сзөдің және т.б., бұзылатыны мәлім. Мұндай пікірді философтар, биологтар, басқа ғалымдар мақұлдадаы. И.М.Сеченовадамның бұлшық ет қимылдарын ғана емес сондай-ақ мидың қызметін білдіретін сөзді де рефлекстерге жатқызды.

И.М.Сеченовтың кітабы- сло кездегі философия мен жаратылыстанудың озат идеяларының алғашқы талантты синтезі. Ол орыстың ағартушы –демократтарының ұлы идеяларының әсерімен жазылған. И.П.Павловтыңфизмиолгиядағы ғылыми қызмет кезеңі павловтық кезең деп аталады.И.П.Павловты астың түрі, иісі немесе ол туралы әңгімесілекей бездерін қоздыратын адамның психикалық қозу күйі деп аталатын құбылыс қызықтырды.Сілекей бездерінің өзектерісыртқа шығарылған жануардарға эксперимент жүргізу арқылы ол қоршаған ортаның, белгілі бір жағдайлардың сілекей бөлінуіне әсер ететіндігін байқады. Мысалы,егер итті бірнеше рет тамақтандырғанда электр шамын жақса немесе қоңырау соқса, тітіркендіркіш пайда болып, сілекей бөлінеді. Павлов организхмнің мұндай әсерінен үлкен ми сыңарлары қыртысының атқаратын қызметін, яғни алдын- ала көру немесе есту мүшесін тітіркендіру арқылы алғашында дәм рецепторларын тітіркендіруге, ал кейінірек алдыңғы тітіркендіргіштің тек біреуінің әсеріне рефлекторлық жауап қайтару құбылысын көрді.

Шартты және шартсыз рефлекстер. Организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіруге қайтаратын барлық жауап әсерлері рефлекстер деп аталады. Олар шартты және шартсыз болып бөлінеді. Шартсыз рефлекстер – іштен туа пайда болады, тұрақты, тұқым қуалай берілетін әсерлер. Мысалы, қарашық, тізе, ахиллов және басқа рефлекстер. 18- апталық ұрыққа тән ему және қимыл рефлекстері шартсыз рефлекстердің қатарына жатады. Шартсыз рефлекстер жануарлар мен адамда шартты рефлексте қалыптастырудың негізі болып саналады. Олар балалар үлкейген сайынсинтездік рефлекстер куомплексне айналып, орнанизмнің сыртқы ортаға бейімдеушілігін арттырады.

Шартты рефлекстер – бейімделуші, уақытша және қатаң түрдегі жеке рефлекстер. Шартты рефлекстер біртіндеп, белгілі бір ортада түзіліп, үлкен ми сыңарларының қалыпты жетілген қыртысы мен мидың төменгі бөлімдерінің атқаратын функциясы болып табылады.

Егер ұрпақтан- ұрпаққа рефлекстерді қалыптастыру жағдайлары тұрақты болса, онда рефлекстер тұқым қуалау, яғни шартсыз рефлекстерге айналуы мүмкін. Ми қыртысын алып тастағанда шартты рефлекстер жойылып кетеді. Ми қыртысы зақымданған жоғары сатыдағы сүтқоректілер мен адам мүгедекке айналады.

Белгілі уақыт аралығында рефлекс қалыптастыру үшін шартты тітіркендіргіш бола алады. Егер жануарды әрбір 10 минут сайын тамақтандырса, бірнеше уақыттан кейін шартты рефлекс пайда болады.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 804; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!