Тізе рефлексі 2) Ахилл рефлексі. 3 страница



2. Қозу әр синапста 0,2-0,3 мс –тей кідіріп, жүйке орталығына баяу өтеді.

3. Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке талшықтарына қарағанда тез қажиды, біріншіден синапста медиаторлар санының азаюынан, екінішіден – нейрон денесіндегі қуат қорының азаюынан, үшінішіден – нейрондарға оттегінің жетіспеуінен болады.

4. Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтсе, келесі толқыны жылдамырақ өтеді. Бастапқы қозу келесі қозудың тез өтуін жеңілдетіп, жүйке орталығында із қалдырады.

5. Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіштің жиілігі мен күшіне тең бола бермейді.

6. Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайтарылатын жауап, уақыты жағынан әлдеқайда ұзағырақ.

7. Дивергенция мен конвергенция. Қозудың орталық жүйке жүйесінде өту ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты.Бір нейрон аксонының серпінісі бірден бірнеше нейронды қоздырады- бұл дивергенция. Бұған қарама-қарсы құбылыс конвергенция.

8. 1862 жылы И.М.Сеченов ашқан жаңалық – орталық жүйке жүйесінде туған қозу тап осындай екінші бір қозуға ұласады да нейронның қозуын күшейтеді. Осы процесты – қозудың жинақталуы дейді.

9. Орталық жүйке жүйесінің ең бір қызметі рефлекстерді координациялау, яғни жинақтау. Мысалы: оң аяқты бүгетін еттердің орталығы қозып тонусы көтерілсе, дәл сол сәтте бүгілген аяқты жазатын еттердің орталығы тежеледі ал жазу орталығы қозады. Сондықтан оң аяқ бүгілгенде сол аяқ жазылады. Осыдан адам жүре алады. Адам бір сәтте тамақты шайнап жұта алмайды, өйткені шайнау мен қозу орталығы бір мезгілде қозбайды. Біреуі қозғанда , екіншісі тежеледі. Сондай – ақ демалу орталығы қозса, дем шығару орталығы тежеледі. Сондықтан орталық жүйке жүйесі қозу мен тежелу процестерінің тууы мен сөнуін, орталықтардың қарама- қарсы қатынасын үздіксіз жөнге келтіріп отырады. Орталықтағы қозу сол жерде қалмай қызметіне байланысты басқа орталықтарға жайыла бастайды осы – жайылуды қозу иррадиациясы дейді. Қозу мен қатар оның айналысындағы орталықтарды тежелу туып, қозу прооцесін жан-жағынан қоршап, оны кері қарай алғашқыда пайда болған жеріне жаяды осы процесті – концентарция деп атайды.Қозу мен тежелудің иррадиациясы мен концентарциясы тітіркендіргіштердің күшіне байланысты. Жүйке орталығында пайда болған бір процесс екінші қарама – қарсы процестің тууына себепкер болса бұны индукция құбылысы деп атайды.Индукция себебінен пайда болған тежелуді Ч.Шерингтон реципроктық немесе ілеспелі тежелу деп атайды. Доминанттық қозу – белгілі бір жағдайда уақытша бір орталық үстемдік ететін билеуші орталық бола алады. Үстем қозу орталығы басқа орталықтардың қызметін тоқтата алады.

1. Өте қозғыш келеді. Қозу табалдырығынан төмен күштерге жауап береді.

2. Басқа орталықтарға бағытталған серпіністерді өзіне тартып, өзіндегі қозуды күшейтеді де басқа орталықтардың қызметін тежеиді.

3. Қозу созыңқы болады.

4. Қозудың күші, жиілігі тітіркендіргіштің күші мен жиілігінен көп артық. Сәл берілген тітіркендіргіштерге күшті жауап береді.

5. Қозу тез жинақталады.

Бас миының бөлімдері: Сопақша ми – сопақша мидың нейрон шоғырлары адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады. Оған тыныс , қан тамырларын тарылтып,кеңітетін, жүрек соғуын баяулатып, сирететін орталықтар жатады.Сопақша көптеген қорғаныс және ас қорытуға қатысы бар рефлекс орталықтары бар. Мысалы эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай қалса, жаңа туған емгенімен , сүтін жұта алмайды. Сүт өңеш қарынға бармай тыныс жолы арқылы өкпеге құйылады да, бала ашығып өліп кетеді.Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Мысалы: адам аузына ас аларда шірік иісін сезсе, шірік – деген ойға келсе адам лоқсуы, құсуы мүмкін. Артистер сахнада жылай алады, осыларды барлдығы сопқша мидың қызметін ми қыртысы реттейтінін көрсетеді.

Варолиев көпірі – осы күнге дейін толық анықталмаған. Көпір құрамында ақ зат көп. Сондықтан ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу.Ал ақ зат негізінен жұлынның жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай бағытталған жолдары. Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде бас- сүйек – ми жүйкелерінің У,У1,У11- парларының ядролары, көлденең жолақты етерді ширықтыруға қатысатын рефлкс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпірде демаолуды ,дем шығару процесімен алмастырып тұратын пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апанейстік орталық орналасқан.

Мишық - әр біреуі үлкен ми сыңарларының артқы жағында, сопақша мидың үстіңгі жағында орналасқан қос жарты шардан және ортаңғы бөліктен тұрады.Мишық орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен төменгі,ортаңғы, жоғарғы аяқшалары арқылы жалғасқан. Мишықтың қызметі – адамның өз еркімен атқарылатын немесе оған бағынбайтын қимыл - әрекеттерді үйлестіріп отыру. Егерде мишық көп жылдар бойы бұзылатын болса, мишықтың қызметін мидың басқа бөлімдері , әсіресе ми қыртысы өзіне алып қимыл әрекеттерін түзете алады. Егерде мишықты жартылай немесе түгелдей алып тастаса дененің қимыл әрекеті әжептәуір бұзылады.Мишыққа қан құйылса да осындай болады. Егерде иттің мишығын мүлде алып тастаса, атаксияға (жүріс –тұрысы бұзылады) ұшырайды, әрі керексіз қимылдар жасайды астазияға ұшырайды (теңселіп-шайқалады). Дене еттері солғын тартып, күшінен (астения), табиғи тонусынан айырылады(атония). Мишығы зақымдалған адам қатты табиғи екпінмен сөйлей алмайды, біресе жай, біресе созып, біресе жедел сөйлеп, дауысы бірде қатты , бірде ақырын шығады.

Ортаңғы ми - варолий көпірі мен сопақша мимен бірге ми бағанасының негізін құрайды. Оның сырт жағында ми қақапағы, іш жағында ми аяқшалары орналасқан.

 

Қайталау сұрақтары:

1. өткізу ерекшеліктері синапстардың қозуды өткізу ерекшеліктеріне байланысты.қаншаға бөлінеді?

2. Дивергенция мен конвергенция дегніміз не?

3 Қозудың жинақталуы дегеніміз не , ол қай уақытта пайда болады?

4 Иррадиация дегеніміз не?

5 Жүйке орталығында пайда болған бір процесс екінші қарама – қарсы процестің тууына себепкер болу құбылысы қалай аталады?

6 реципроктық немесе ілеспелі тежелу дегеніміз не?

7 Сопақша ми қай жерде орналасқан атқаратын қызметі?

8 Варолиев көпірі атқаратын қызметі, құрылысы?

9 Егерде мишықтың жартысын немесе толығымен алып тастаса қандай өзгерістер болады?

10 Варолиев көпірінің қызметІ?

 

    Ұсынылған әдебиеттер:

1.Физиология человека. Учебник для институтов физической культуры.

/Под ред. Проф.Н.В.Зимкина/ М., ФиС,1975 г.

2.Адам физиологиясы Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.,Өтепбергенова Ә.А.-Алматы: «Білім»2002 ж.

3.Адам физиологиясы Исмагулова Ф.А.,Төленбеков И.М.,Алматы «Мектеп»1985 ж.

 

 

Дәріс № 3

Тақырыбы: Вегетативтік жүйке жүйесі және оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты:

1. Вегетативті жүйке жүйесінің қызметтер реттелуіндегі және ағзаныңішкі орта тұрақтылығын сақтаудағы маңызы.

2. Сипатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің құрылымдары , қызметтері.

3. Эмоция және вегетативтік жүйке жүйесі.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны

Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты сомалық және вегетативтік деп екіге бөледі.                     Сомалық жүйке жүйесі – (СЖЖ) – қаңқа етермен байланысқан, ағзалардың түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді.

Вегетативтік жүйке жүйесі-(ВЖЖ)- ішкі ағзалардың қызметін, заттар алмасуын, өсіп-өну процестерін реттейді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері.

Вегетативтік жүйке жүйесін- сомалық жүйке жүйке жүйесімен салыстыра отырып,олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін байқауға болады. ВЖЖ – морфологиялық ерекшеліктері:

1. Парасимпатикалық және симпатикалық болып бөлінеді.

Парасимпатикалық – жүйке жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөз бөлімінде

  2. Симпатикалық – жүйке жүйесі жұлынның көкірек бөліміндегі сегменттердің бүйір мүйізінде орналасқан.. 

  3. Вегетативтік жүке сомалық жүйкеден әлдеқайда жіңішке.

  4. Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамдалған.

Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері:

1.Вегетативтік жүйкелер негізінен- эфференттік жүйкелер. Олар қозуды орталықтан шеткі орналасқан ағзаларға жеткізеді.

2.Вегетвтивтік жүйке жүйесінің қозу қабілеті сомалық жүйке жүйесіне қарағанда әлдеқайда төмен,ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керісінше жоғары.

3. ВЖЖ- талшықтары арқылы қозу өте баяу өтеді.

4. ВЖЖ-де постсимпатикалық қоздыру потенциалы ұзаққа созылады.(50-80мс)

5.ВЖЖ- нің реакциясы өте төмен

6. ВЖЖ- нің талшықтарынан медиаторлар – ацетилхолин не адреналин бөлінеді.

ВЖЖ- сі ішкі ағзалар қызметін ішкі және сыртқы орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Парасимпатикалық және сипатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне, әдетте қарама- қарсы әсер етеді. Мысалы: симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп күшейтсе, ал парасимпатикалық жүйке керісінше сиретіп, әлсіретеді. ВЖЖ – сі зат алмасуын реттейді. Симпатикалық жүйке диссимиляция (ыдырау) және зат алмасу қарқынын күшейтсе, ал парасимпатикалық жүйке ассимиляция (түзілу) процестерін күшейтеді, зат алмасу қарқынын төмендетеді. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны – адреналин көбейеді.

 

Қайталау сұрақтары:

1.Сомалық және вегетативтік жйке жүйесі дегеніміз не?

2. Симпатиткалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады және олардың ролі?

3.Парасимпатикалық жүйке жүйесі дегеніміз не?

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Физиология человека. Учебник для институтов физической культуры.

/Под ред. Проф.Н.В.Зимкина/ М., ФиС,1975 г.

2.Адам физиологиясы Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.,Өтепбергенова Ә.А.-Алматы: «Білім»2002 ж.

3.Адам физиологиясы Исмагулова Ф.А.,Төленбеков И.М.,Алматы «Мектеп»1985 ж.

Дәріс №4

Тақырыбы:

Жүйке- бұлшық ет жүйесі және оның жас ерекшеліктері

Дәрістің мақсаты: Әрекеттердің жүйкелік және гуморальдық реттелісін,бірлестігін физиологтар ашқан жүйкеаралық байланыс- синапстармен де дәлелдеуге болады.Қозу жүйесі кезінде жүйке мен бұлшық ет арасында қандай байланыс бар екенін, қозғалысқа қалай келетіні жайында түсінік.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

1.Бұлшық еттің жиырылу түрлері

2. Бірыңғай салалы ететрдің жиырылу түрлері

3 Жүйке талшықтарының түрлері

4.Қозуды өткізу заңдылықтарының түрлері

5.Синапс, оның құрылысы

 

Еттің жиырылу күші тітіркендіргіштің күшіне,жиілігіне және еттің құрылыс ерекшелігіне,функциональдық жағдайына байланысты.Бұлшық ет мыңдаған ет талшықтары будағынан тұрады.

Белгілі бір бұлшық еттің қозу табалдырығын анықтаған соң тітіркендіргіш күшін біртіндеп көбейтсе,бұған сәкес еттің жиырылу күші белгілі бір деңгейге жеткен соң еттің жиырылу күші одан ары жиырылмайды. Еттің оптимум және пессимум жиілігі болатыны және оның себебі белгілі.Ұзын ет талшықтары қысқаларына қарағанда қаттырақ жиырылады. Қажыған еттің жиырылу күші біртіндеп азаяды.

Еттің күші оның көтере алатын ең үлкен жүгімен анықталады. Бұл кезде ет талшықтарының бәрі қатысады.,қатаяды. Мұндай күшті максимальды күш деп атайды. Максимальдық күш ет талшықтарының санына және оның әрқайсысының жуандығына байланысты.

Еттің максимальдыдық күшінің оның анатомиялық көлденеңінің ауданына қатысын еттің салыстырмалы күші деп атайды.Бірыңғай салалы еттің қаңқа еті секілді қозғыштық,қозуды өткізу,жиырылу қасиеттері болады. Мұнымен бірге ол ерекше пластикалық қасиеті төмен,хроноксиясы және қозу табалдырығы жоғары, абсолюттік рефрактерлік кезеңі ұзақ лабильділігі төмен болады.

Бірыңғай салалы еттің жекелеген жиырылуы өте ұзаққа созылады. Әсіресе латенттік және жазылу кезеңі қаңқа етінен ұзақ.

Қозу процесі бірыңғай салалы ет арқылы өте баяу таралады. Мұның себебі бұл етте пайда болған ӘП-ның жылдамдығы тканьге әсер еткен тітіркендіргіштің күшіне және тітіркендіргенде бірден қозатын ет талшығының санына байланысты.

Бірыңғай салалы етті қатты созса, ол келесі тітіркендіруге дейін шиырықпай  сол ұзындығын сақтайды. Кейбір бірыңғай салалы еттердің автоматиялық қасиеті болады.Олар тітіркендіргіштердлің әсерінсіз ақ өзддігінен белгілі бір ырғақпен жиырылады және ол түрлі сырттан келген әсерлер арқылы жиіленеді,кейде тежелуіде мүмкін. Бұл автоматиялық қасиетінің туу себебінің бірі- оның МП – ның тұрақсыздығы.

Жүйке талшықтарының құрылымы мен физиологиялық қөасиеттері.

Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері мен олардың қызметтерін талшықты нейрон денесінен бөліп алып жеке зерттеуге болады. Жүйке орталағынан шетке шыққан нейронның ұзын өсінділері топтанып түрлі жуанды-жіңішкелі жүйке құрайды. Әр жүйке көптеген талшықтардын тұрады, мысалы бақаның шонданай жүйкесі 12000 –дай жүйке талшықтарынан тұрады.

Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерінің бірі оның қозғыштығы, екіншісі- қозу процессін өткізу. Қозғыштық қозғыш ұлпаларының бәріне тән қасиет.Олар қозу процесінклеткалық мембрананың бойымен өткізеді.Қозу процесінің жүйкеден өтуін және өту ерекшеліктерін зерттеу үшін жүйке –ет препаратын пайдаланылады. Жүйке талшықтары миеленді және миеленсіз болып бөлінеді. Сезгіш, қозғалқыш жүйкелердің көбі миеленді талшықтардан тұрады, ал вегетативтік ганглиден кейінгі постганглилік талшықтардың көбі миеленсіз болады. Әр жүйке талшығы цилиндр тәрізді біліктен тұрады. Біліктің сыртын аксолемма қаптап жатыр, ал оның іші аксоплазмаға толған. Аксоплазмада ұзыннан ұзақ орналасқан өте жіңішке , диаметрі 10-40 нм нейрофибрилдер мен нейротүтіктер бар. Араларында митохондрилар,микросомдар бар. Миеленді жүйке талшықтарының білігін сыртынан майлы қабық бірнеше рет орап жатыр. (Шванн клеткасы). Миеленнің арасында кертіктері болады. Олардың кертіктерін немесе үзілген жерін Ранвье керіктері деп атайды. Қозу процесінің жүйке талшығының бойымен жылжуы аксоплазманың қасиеті.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 684; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!