Тізе рефлексі 2) Ахилл рефлексі. 1 страница



АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ     ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ   Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері және спорт түрлер     5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы үшін   Құрастырғандар: Калиева С.К. Биология ғылымдарының кандидаты,доцент      

Семей 2013ж

 

 

ПОӘК- авторлары туралы мәліметтер

 

Мазмұны

 

 

Силлабус………………………………………………………………….

Тарау 1. Пән бойынша глоссарий………………………………………

Тарау 2. Лекциялардың қысқаша конспектісі………………………

Тарау 3. Зертханалық сабақтарды жүргізуге

арналған әдістемелік нұсқаулар………………………………

Тарау 4. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар……………………

Тарау 5. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар……………………….

Тарау 6. Бақылау – тексеру құралдары…………………………………

 

 Пән бойынша глоссарий

Анатомия - организмнің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейтін ғылым.

Аккомодация (көздің икемділігі) - көздің түрлі қашықтықтағы нәрселерді айқын көрінуге мүмкіндік беретін сәулелерді сындыру күшінің өзгеруін атайды.

Астигматизм- деп торлы қабықта нәрсе бейнесінің анық болмауын атайды.

Анализ - мида әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін әралуан әсерді ажырату.

Ассимиляция - жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі).

Анализаторлар (талдағыштар) - белгілі ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құрылған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі (қабылдағыш, өткізгіш жолдары, орталықтар) бөлігі.

Акселерация -бала организмінің морфофункционалдық дамуының жылдамдауы.

Антропометрия - дене көрсеткіштерін өлшеуді атайды.

Аксон - жүйке жасушасының ұзын талшығы.

Афференттік (сезімтал) жүйке - қозуды орталыққа жеткізетін жүйке.

Бипорлярлы - қос тармақты нейрон .

Вегетативті жүйке жүйесі -ішкі ағза қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді.

Гемостаз (грек. haemo-қан, stasis-тоқтау) деп қанның сұйық қалпын және эндотелтийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық үрдісін атайды.

Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат.

Гемолиз ( грек,. haima-қан, lysis-еру) - деп эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуын атайды.

Гигиена (грек. hygieinos-дені сау) - денсаулықты сақтау жөніндегі ғылым.

Гормон - ішкі секреция бездері жасап шығаратын биологиялық белсенді заттар.

Гомеостаз - деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, тяғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы) атайды.

Гиперметропия - көздің алыстан көргіштігі.

Дендрит - жүйкенің тармақталған қысқа өсіндісі.

Диастола - жүректің босаңсу кезеңі.

Диссимиляция - деп зат алмасуға қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы.-

Дистанциялық қабылдағыштар - бұл ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан қабылдайды.

Иммунитет - деп иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін айтады.

Инспирация - ол демалу.

Инстинк - тұқым қуалайтын әрбір жануарға тән, оның күйіне қарай немесе тап осы жағдайда жүзеге асырылатын, күрделі туа біткен мінез -құлығының жиынтығы.

Интерорецепторлар - ішкі ағзаларда, ұлпаларда, қан тамырларда орналасады, ішкі мүшелердегі өзгерістерді қабылдайды.

Карбогемоглобин - гемоглобин көмірқышқылымен байланысқан тұрақсыз қосылыс.

Контакты қабылдағыштар - бұл тітіркендіргішпен тікелей жанасқанда мәлімен алады.

Лейкоцит (leucocytus) - қанның ақ жасушасы.

Лейоцитоз - ден қанда лейкоцит санының көбеюі.

Лейкоцитопения - деп қанда лейкоцит санының азаюы.

Лимфоцит - анрнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл ағзадағы иммунитет жайын қабылдайды.

Мектеп гигиенасы - өсіп келе жатқан ұрпақтың, балалардың, жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, нығайту және дамыту жөніндегі ғылым.

Морфология (грек. morphe- форма) - деп адам және жануарлар денесінің құрылысы мен формасын зерттейтін ғылымды атайды.

Миопия - көздің жақыннан көргіштік кемістігі.

Медиатор - қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігінің везикулаларында болады.

Меланхолик (саудайы) - жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, жауапкершілікпен сескнгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиетті болады.

Мультиполярлы -деп көп тармақты нейрондарды атайды.

Нутрициология - тамақтану туралы ғылым.

Нефрон - бұл бүйректің морфофункционалдық құрылымы, маьпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады.

Нейрон - деп жүйке жасушасын атайды.

Нейроглия - нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды атайды.

Оксигемоглобин - гемоглобин өкпеде оттегімен байланысқан тұрақсыз қосылыс.

Өкпенің тіршілік сиымдылығы дегеніміз - терең дем алып, терең дем шығарған кезде сыртқы шығатын ауаның көлемі.қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігіндегі везикулаларда болады.

Панкреас - ол ұйқы безінің бөлетін асқорыту сөлі.

Проприорецептор - сіңірде, буын қабында орналасады.

Планцета ( лат.plancenta, грек. placus- бала орны) - әйел жүкті болған кезде түзіліп, ұрық пен ана организмінің көпқырлы байланысын қамтамасыз етеді.

Рефлекс (лат. reflecsus-тойтарыс беру)- деп орталық жүйке жүйесінің қатысуымен сыртқы және ішкі тітіркендіргішке беретін күрделі жауабы.

Сангвиник (ширақ) - мінезі жайдарлы, іскез, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам.

Систола- жүректің жиырылу кезеңі.

Синтез - біріктіру, талдап, қорыту, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру.

Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйке мен шеттегі қызмет атқарушы жасушас түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнай ұласуды атайды.

Тромбоцит - екі жағы дөңес, дөңгелек не сопақша құрылымды қан пластинкасы.

Тыныс алу деп - ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты процестерді атайды.

тыныстың минуттық көлемі . бір минут ішінде окпе арқылы өтетін ауаның көлемі.

Темперамент - бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаты.

Униполярлы - бір тармақты нейрон.

Фагоцитоз (грек. phagien- жұту, қармалап алу, cytus-жасуша) - деп денеге түскен бөгде заттарды қармалап алып ферменттерімен қорыту.

Флегматик (салғырт) - сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды келеді.

Физиология (грек. phisis-табиғат, logos-ілім) - тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары әрекетін, функциясын зерттейтін юиологиялық ғылым.

Фонокардиография - жүрек тондарын (дыбысын) жазып алу.

Холерик (ұстамсыз) - албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам.

Электрокардиография - жүрек биотогын жазу.

Экспирация – дем шығару.

Экстерорецепторлар (грек. exterus-сыртқы) - дене сыртында, теріде, ауыз және көздің кілегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды.

Этология - мінез-құлықты жете тексеретін, оның шығу тетіктерін зерттейтін ғылым.

Эритроцит (грек. erytros-қызыл, cytos-жасуша) - қанның қызыл түиіршіктері.     

Эритроцитоз - эритроцит санының көбеюі.

Эритроцитопения - эритроцит санының азаюы.                        

Эфференттік (қозғалтқыш) - қозуды орталықтан эффекторға жеткізетін жүйке.

Эндокриндік бездер (грек. endon-ішкі, crineo-бөлемін немес шығарамын) - сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан, лимфа капиллярларымен торланған бездер.

 

           

                                    Пәннің қысқаша конспектісі

Дәріс №1                                                                               

Пәннің тақырыбы: Кіріспе. Физиологияның шығу тарихы.Физиологияның зерттеу әдістері. Ағзалар және оның атқаратын физиологиялық қызметтері.

Дәрістің мақсаты:

Физиология-биология ғылымдарының аса маңызды салаларының бірі. Ол тірі организмнің органдары мен жүйелерінің өмір сүру процессін зерттеп, оның себептері мен функцияларын ашады, тірі органгизмнің сыртқы ортамен қарым- қатынасындағы заңдылықтарды зерттейді.

  Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1. Физиология пәні,оның басқа пәндермен байланысы және дене шынықтыру және спорттағы маңызы.

2. Физиологиялық зерттеу әдістері  

3. Физиологияның даму кезеңдері

4. Физиологияның даму ерекшеліктері

5. Жас кезеңдері

Физиология-(грекше phusis-табиғат, logos-ілім) – тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тканьдері және клеткаларының әрекетерін, функцияларын зерттейтін биологиялық ғылым.Физиология организм жүйелері иен ағзаларының бір- біріне әсерлерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым- қатынасын тексереді.. Сонымен қатар ол функцияларды жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды.

Физиология үрдіс дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химия пәндерінің әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жиналды. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты.

Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып үшке бөлінеді.

-Жалпы физиология- организмнің клеткалары мен тканьдеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік процестерінің табиғатын, функциялардың жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді.Олардың сыртқы және ішкі ортаның әр түрлі әсерлеріне жауабын, тітіркену және қозу,тежелу құбылыстарын қарастырады .

-Жеке физиология-кейбір ұлпалардың ( ет, жүйке т.б.), ағзалардың (жүрек, буыр, бүйрек т.с.с.) қасиеттерін, олардың жүйелерге (қан айналымы, тыныс, ас қорыту т.с.с.), бірлесіп ұйымдастырылу және реттелу негіздерін тексереді.

-Қолданбалы физиология- адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс- әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды. Тағы да еңбек физиологиясы, спорт физиологиясы, космостық физиология, тамақтану физиологиясы, экологиялық физиология,ауылшаруашылық жануарлар физиологиясы , патологиялық физиология болып бірнешеге бөлінеді.Физиологияның дамуында 870-950 жылдары ӘбуНасыр әл-Фараби, ХХ- ғасырдың 30-шы жылдары ғылыми техникалық пргрестің дамуына байланысты адам физиологиясы бөлімінен спорт физиологиясы жеке бөлініп шықты. Х1Х –ғасырда денені шынықтыру кезінде ағзаларға түсетін салмақтарды зерттеуде үлкен роль атқарылды. Физиологиялық спорттың дамуында орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И.П. Павлов,Н.В.Введенский, А.А.Ухтомский,И.С.Бериташвили, К.М. Быковтардың үлестері көп. Орталық жүйке жүйесінің барлық қызметі рефлекс түрінде атқарылады. Ең алғаш рет рефлекс туралы түсінікті ху11 ғасырдың соңында Р.Декарт негіздеген. А.П.Полосухин бастаған қазақстандық физиолгтар қан айналысы жүйесі мен лимфология саласын зерттеуде үлкен үлестерге жетті. Физиология ғылымының өркендеуіне академик- Н.О.Базанова, тамақтану физиологиясының дамуына Т.Ш.Шармановтың еңбектері ерекше орын алады.                                                        

    Системалардың жалпы теориясы жайлы ілім ғылым тарихына, біздің ғасырымыздың 40-шы жылдары ғалым Л. Берталанфи атымен бірге енді. Бұл ілімнің негізін құрайтын системалық принциптерді бөліп көрсеткенде былай болып келеді.

а) тұтастық – системалардың қасиеттерін, оның жеке бөлімдері қасиеттерінің жиынтығы деп қарауға болмайды.

ә) құрылымдылығы – системаларды өздерінің құрылымдары арқылы түсіндіру мүмкіндігі.

б) иерархия сатысы – системаларды құрайтын элементтердің бір-біріне тәуелділігі.

в) система мен ортаның өзара байланысы.

    Пайдалы қорытынды алу үшін өзара бірігіп әсер ететін компоненттердің комплексі функционалдық система деген атпен физиология ғылымына

П.К.Анохин енгізді.

    П.К.Анохиннің пікірі бойынша организмнің болымды адаптациялық нәтижелерге жету қасиеттері, олардың эволюциялық дамуының алғашқы сатысында пайда болған. Бұл қасиеттердің дамуы адам мен жоғары сатыдағы жануарларда аяқталады. Өзін-өзі реттейтін тұрақты системалардың пайда болу мүмкіндігі, өзін-өзі реттеудің бірінші болымды нәтижесі ретінде сыртқы ортаның факторларына қарсы әсер ететін тұрақтылық пайда болды. Шын мәнісінде активті түрде бейнелендіру системалық баскарудың жаңа дамыған кезеңі, әрі оның озық өзгешелігі. Бұл П.К.Анохиннің пікірі бойынша, сырттан келетін әсерге алдын ала активті түрде жауап дайындау болып табылады. Мұндай алдын-ала дайындық сыртқы ортаның информацияларын үздіксіз жинақтаудың нәтижесі.

    Адам мен жануарлардың миы сыртқы ортаны бейнелетін тамаша құрал. Бейнелену активті түрде жүретін реакция. Жануарлар сыртқы ортаның бейнеленген әсерлеріне өзінің өмір жағдайларына қарай қажетті түзетулер жасап, жүріс-тұрыстың формаларын өзгертіп отырады. Бұл жануарлардың сыртқы орта әсерінен пайда болған бұл жаңа қозғалыс формалары, олардың сыртқы ортаға бейімделуіне ыңғайлайды.

    Функционалдық система жеке органдардың қызметін дамытып, жаңа сапалы дәрежеге көтереді. Мұнда басқарудың 1) микроавтономиялық, 2) макроавтономиялық, 3) аралық үш дәрежесін бөліп көрсетуге болады. Микроавтономиялық система негізгі физиологиялық локалды системалардың көрсеткішінің тұрақты дәрежесін сақтайды. Макроавтономиялық система сыртқы ортаның әсеріне қарсы ішкі органдардың тіршілік режимін реттейді.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 362; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!