Тізе рефлексі 2) Ахилл рефлексі. 11 страница



Өлшеулер нәтижесі оқушы денесінің өсуі кең норманың шегінде деп санауға негіз болады, басқаша айтқанда, ол қалыпты дамуда. Бірақ болашақ ұстаз оқушы денесінің өсуін жан-жақты бағалау үшын оның денсаулық жағдайын жақсылап тексеру қажет.

Мектеп оқушыларының денесінің өсуі мен денсаулық жағдайын сипаттау.

       Адамның бойын тиісті өлшеуішпен анықтайды, дене салмағы медициналық таразымен өлшенеді, көкірек клеткасы сантиметрлік лентамен өлшенеді. өлшеу методикасы «Мектеп гигиенасы» оқулығында айтылған.

       Әрбір тапсырманы орындаудағы келесі кезең – жиналған материалды талдау. Тап осы жағдайы бой, дене салмағы және көкірек клеткасы дамуының көрсеткіштерін №1 табл. Көрсеткіштерімен салыстыру. Табылған айырманы сигмаға (С) бөлу керек. Егер бөлінді 1-ден жоғары немесе төмен болмаса, онда дененің өсуі норманың шегінде деп есептейміз: егер бөлінді 1,2- нің маңында болса, онда дененің өсуі нормадан жоғарғы не төмен, ал 3-тің маңында болса, онда дененің өсуі жақсы немесе төмен деп жіктеледі.

Былай деп ұйғарайық: оқушы К.13 жаста, бойы 148,3 см, салмағы 42,3 кг, көкірек клеткасының шеңбері 69,5 см (тыныштық жағдайда). Бұл жасқа лайықты орташа көрсеткіштер (немесе стандарттардың орташа шамасы - М), тиісінше -144,8 см (С-7,9), 36,4 (С-5,9), 99,5 (с-4,3). Анықталған шама мен орташа шаманың айырмасы - 148,3-144,8 см +3,5 (оң таңба, себебі бойдың анықталған шамасы орташа шамадан көп).

       Табылған айырманы сигмаға бөлеміз С (3,5:7,9) 10,44, сонан соң бөліндінің шамасын таблицаға түсіріп, нүктесін табамыз. Осы сияқты есептеу дене салмағы мен көкірек клеткасының шеңбері бойынша жүргізіледі.

Салмақ: 42,3 кг - 36,4 кг 5,9 кг. С 5,9 : 5,9 +1.

Көкірек клеткасының шеңбері: 69,5 - 69,5 0. С 0:4,3 0

Егер анықталған шама орташа шамадан аз болғанда, олардың айырмасы теріс (-) таңбамен белгіленеді. Анықталған мәліметтерді антропометриялық карточкаға түсіру және табылған нүктелерді сызықпен қосып дененің өсу профилін Мартиннің методы бойыншы анықтаймыз.    

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

 

Әдебиеттер: А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер «Возрастная физиология и школьная гигиена». М., 1990 ж.  

С. Жұмабаев. «Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» А., 1991 ж.

 

 

№2 ТАҚЫРЫП: Жүйке жүйесінің физиологиясы. Адамның проприорецепті тізе рефлексін анықтау.

МАҚСАТЫ: Адам тізе және ахилл рефлексін туғыза алуға үйрену және осы рефлекстердің қарқынына орай тексерілетін адамның қозғыштығын бақылау.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: Орындық резинка, балғашық.

СҰРАҚТАР:

1. Жүйке жүйесінің маңызы мен құрылысы.

2. Нейрон- жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі.

3. Қозу, қоздырғыш, тітіркену және тітіркендіргішке түсініктеме.

4. Рефлекс – жүйке қызметінің негізгі формасы. Рефлекторлық доға және сақина.

5. Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар және олардағы қозуды жеткізу механизмі.

6. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу және оның пайда болу жолдары.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:

Адамның проприорецепторлық рефлексін бақылау.

Тізе рефлексі 2) Ахилл рефлексі.

Бұлшық еттерде, тарамыстарда, буындарда болатын рецепторлар проприорецепторлар деп аталады. Осы рецепторлардан қозу бұлшық ет жиырылғанда немесе босансығанда орталық жүйке жүйесінеберіледі. Тексерілетін кісінің жүйке жүйесінің қозғыштығы неғұрлым жоғары болса, пайда болатын рефлекс соғұрлым қарқынды болады. Осындай рефлекстерге тізе және ахилл рефлекстері мысал бола алады.

а) Тізе рефлексін былайша тудырамыз. Тексерілетін кісіні орындыққа отырғызамыз. Одан бір аяғының екінші аяғының үстіне қоюын талап етеміз. Сонан соң резинка балғашықпен (немесе алақанның қырымен) тізе көзінен төменірек санының төрт басты бұлшық етінің тарамысын ақырындап ұрамыз. Сол кезде тізе жазылады. Рефлекторлық доға жұлынның 3-4 бел сегменттерінде тұйықталады. Аяқ жазылуының шұғыл және биіктігін ескере отырып тексерілетін адамның рефлексін бағалаймыз. б) Ахилл рефлексі. Тексерілетін адамды орындыққа екі тізесімен (аяқ басы салбырап тұратындай етіп) отыруды талап етеміз. Ахилл тарамысын ақырындап ұрған кезде аяқ басы табанға қарай бүгіледі. Бұл рефлекстің доғасы жұлынның 1-2 құймышақ сегментінде тұйықталады. Тізе және ахилл рефлекстері доғаларының схемасын салу керек.

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүйке жүйесінің маңызы қандай?
  2. Жүйке талшықтарының құлымы мен қасиеті қандай?
  3. Синапс, синапс түрлері, оның физиологиялық қасиеттері.
  4. Рефлекс туралы түсінік, рефлекстік әрекет, рефлекстің жіктелуі.
  5. орталық жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?

Әдебиеттер: А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер «Возрастная физиология и школьная гигиена». М., 1990 ж.  

С. Жұмабаев. «Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» А., 1991 ж.

 

№3 ТАҚЫРЫП: Балалардың жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің типологиялық және жастық ерекшеліктері. Ассоциативті эксперимент.

МАҚСАТЫ: Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметінің механизмінің нейрофизиологиялық негізі, шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің пайда болу және сөну әрекеттерін қарастыру.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: Столға қоятын шам, штатив, Ричардсон баллоны, резина түтік.

СҰРАҚТАР:

1. Шартты рефлекстер туралы И. П. Павловтың ілімі. Шартты және шартсыз рефлекстердің сипаттамасы.

2. Шартты рефлекстердің түзілу жағдайлары және жолдары.

3. Үлкен ми сыңарлары қыртысының анализдік синтездік қызметі.

4. Динамикалық стеоретип. Оның қалыптасу жолымен және оқыту процессіндегі ролі.

5. Болмыстың екі сигналдық жүйесі.

6. И. П. Павловтың жоғарғы дәрежелі жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:

№1 тәжірибе. Ассоциативті эксперимент.

Адам миының үлкен жарты шарларының анализдік-синтездік әрекетінің негізі болып, сөздер арасындағы уақытша байланыстардың, яғни ассоциацияның түзілуі болып табылады.   Осы байланыстарды зерттеу барысында өмір сүруі кезінде қалыптасқан шартты рефлекстердің көп түрлілігі мен олардың негізін, белгілердің көрінуін, адамның ЖДЖЖ-нің кейбір жеке ерекшеліктерін анықтауға болады. ЖДЖЖ-нің барлық ерекшеліктерін ассоциативті эксперимент қою арқылы анықтауға болады.

Құрал-жабдықтар: Баған бойынша 10-20 сөз жазылған карточкалар, секундомер.

Жұмыс барысы: Карточкадағы сздерді зерттелуші оқиды (тек зат есім). Зерттелуші әрбір айтылған сөзге ойына келген сөз ассоциациясны айтуы қажет. Жауап беру кезеңі белгіленеді. Ассоциация түзілген уақыты мен айтылған сөздерді кестеге толтырады. Оларды талдап, қорытынды жасаңдар.

Ассоциация эксперимент нәтижелері

Зерттелушіге берілген сөздер тізімі Сөз-ассоциация Ассоциация пайда болуға кеткен уақыт, с
     
     
     
     

Алынған нәтижелердің анализі ЖДЖЖ-нің мынадай ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

1. Уақытша байланыстардың көптігі. Егер берілген сөздердің ассоциациясы бірде-бір рет қайталанбаса, онда уақытша байланыстың көптігі туралы айтуға болады.

2. ЖДЖЖ-нің типтері. Егер берілген сөздер ассоциясында бейнелі, көркем сөздер болса, онда ЖДЖЖ-нің типі- көркем, егер сөздердің ассоциясы жинтықты, қорытынды негізде болса, онда бұл тип – ойшыл. ЖДЖЖ-нің орта типіне түрлі деңгейдегі ассоциацияға 1 және 2 типтер тән.

 

№2 тәжірибе. Шартты кірпік қағу рефлексін жарық әсерінен қалыптастыру.

ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫ: Тексерілетін адамды штативке жақын отырғызамыз. Штативте Ричардсон баллонымен жалғасқан резинка түтік орналасқан. Резинка түтіктің тесігі тексерілетін адам көзінің деңгейінде 5-7 см қашықтықта болуы тиіс.

       Шартты рефлекс былайша қалыптастырады: алдымен шам жағылады (жарық шартты тітіркендіргіш). 1-2 сек. Содан соң Ричардсон баллоны қысу арқылы ауа ағысымен кірпік қағу рефлексін тудырамыз. (шартсыз қуаттандыру). Осыны көп мәрте қайталаған соң шамды жаққан кезде шартсыз қуаттандырусыз, яғни Ричардсон баллонын сығымдамасақта, кірпік қағу рефлексі пайда болады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

 

№3 тәжірибе. Қозудың 1-ші сигналдық жүйеден 2-ші сигналдық жүйеге берілуін дәлелдеу.

ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫ: Алдымен шартты кірпік қағу рефлексін қалыптастыру. Осы шартты рефлексті қалыптастырған соң шам жағудың орнына – шам немесе жарық деп ауызша айтамыз. Осы сөздерге кірпік қағу рефлексін Ричардсон баллонын сығымдамай-ақ жүзеге асыруымыз қажет. Яғни шартсыз қуаттандыруды қолданбай-ақ.

 

Әдебиеттер: А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер «Возрастная физиология и школьная гигиена». М., 1990 ж.  

С. Жұмабаев. «Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» А., 1991 ж.

 

№4 ТАҚЫРЫП: Ойлау қабілетін анықтау.

МАҚСАТЫ: Адамның зейінінің физиологиялық ерекшеліктерін анықтауды меңгеру.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: Анфимов кестесі, сеундомер.

СҰРАҚТАР:

1. Зейіннің нейрофизиологиялық механизмдері және оның жасқа байланысты түзілуі.

2. Қабылдаудың нейрофизиологиялық механизмі және оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

3. Естің физиологиялық механизмдері.

4. Мотивация және эмоция, олардың мақсатты әрекеттегі маңызы.

5. Үйқы мен сергектіктің нейрофизиологиялық механизмдері.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

№1 тәжірибе. Анфимов кестесінің көмегімен зейінді анықтау.

Жұмыс барысы:

Қазіргі таңда адамның ойлау қабілетін зерттеуде корректрлі әріптік кесте қолданылады (Анфимов кестесі). Бұл кесте біртекті тітіркендіргіштермен әсер ету арқылы зейіннің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Мұндай кестені қолдануда есте сақтау мүмкіндігін азайтады және сонымен қатар зейіннің жинақтығын қажет етеді. Жұмысты талдай екі бағытта жүргізіледі: берілген уақыт аралығында зейіннің сапалы және сандық жағы бағаланады. Алынған нәтижелерді талдауда қарастырылған әріптердің жалпы саны, сызлығандары, жіберілген қателері, тапсырманы орындау жылдамдығы және көлемі анықталады. Формула көмегімен келесі көрсеткіштер анықталады:

А) тапсырманы толық орындау коэффициенті; (А),

А=

Мұнда, М – сызылған әріптер саны, N – жалпы әріптер, қарастырылған текстегі әріптерді сызу.

 Б) Ойлаудың коэффициенті (Р);

Р=АхS

Мұнда, S – жалпы қарастырылған әріптер саны.Дәлдік коэффициентінің сандық көрсеткіші және ойлаудың өнімділігі зейіннің концентрациясын көрсетеді.

 

Анфимов кестесі

с х а в с х е в и а х н а и с н х в х в к с н а и с в х в х е н а и

в н х и в с н а в с а в с н а е к е а х в к е х с в с н а и с а и с

н х и с х в х е к в х е к в х и в х е и с н еи н а и е н к х к х и

х а к н х с к а и с в е к в х н а и с н х е к х и с с н а к с к в х

и с н а и х а е х к и с н а х е к е х е и с н а х к е к е к х в и с

с н а и с в н к х в а и с н а х к е х с н а к с в е е в е а и с н а

к х к е к н в и с н в е х с н а и с к е с и к н а е с н к х к в и х

а и с н а е х к в е н н х в е а и с н к а и к е в н в н к в х а в е

к а х в е и и в н а х и е н а и к в и е а к е и в а к с в е и к с в

н к е с н к с в х и е с в х к н к в с к в е в к н и е с а в и е х е

к е и в к а и с н а с н а и с х а к в н н а к с х а ие н а с н а и

е в х а к х с н е и с н а и с к в н в к х в е к е в к в н а и с с н

а в с н а к х а с е с н а и с е с х к в а и с н а с а в к х с н е и

а в с н а к х а с е с н а и с е с х к в а и с н а с а в к х с н е и

в и к в е н а и е н е к х а в и х н в и х к х е х н в и с н в с а е

н к е х в и в н а е в и с н в и а е н х в х в и с н а е и е к а и в

к е и н с н е с а е и х в к е в и с н а е а и с н к в х и к х н к е

с а к а е к х е в с к х е к х н а и с н к а в е в е с н а и с е к х

и с н е и с н в и е х к в х е и в н а к и с х а и е в к е к и е х е

в х в а к с и с н а и а и е н а к с х к и в х н и к с н а и в е с н

с н а и к в е х к х в е с к н с х и а с н а к с х к в х в х е а е с

е к х е к н а и в к в к х е и к х и с н а и к х а к е н а и е н в к

и с н а и е и к х а к е н и в а и е в к и х в а и в х е н и х в и к

х в е к к с и к е х а и е к с н а и и е х с е х с к е н и с в н е к

а в е н а х и а к в е и в е а и к в а в и х н а в х к с е в х х е к

с и а в е с к в х е к с н а к х в с н х с в е х к а с н в х н и с а

к е в с х н в и х н в к а и с е н к х и а н е к а с и в с и и х а к

к и с н н е к н в и с х х а и в е н н ан а и х н и х к в х а и е н

к и с н к е н к х а и н а в и с и в е н к а и с ха и с е н а в н а

и с к а и в к х а к и н е и в и с к х а и х в к а и с х в в с к в е

н а и с и х с к в к и с н а и е н х н а и с в е х в е к а и с х и в

Жұмыс барысы:

Зерттеуге қатысушылар В.Я. Анфиомвтың кестесін белгілеп, өзара бөліп алады. Нұсқау бойынша «Бастаңдар» 2 мин аралығында (секндомер бойынша) инструктажда көрсетілген әріптерді белгілеп шығуы тиіс, мысалы «А» және «Н» әріптерін. Ал «Аяқтаңдар» - десе, қай дерге тоқтағанын көрсетуі тиіс. Содан кейін 2 минут көлемінде «А» және «Н» әріптерін белгілеу жалғасады, бірақ анықталған тіркестерді сызып қана қою керек, мысалы «СА» және «ЕН». Нұсқау бойынша «Бастаңдар» - зерттелушылер кестелерді қарап жалғастыруы керек, «А» және «Н» әріптерін және «СА» және «ЕН» тіркестерін сызу керек.

Егер зейін қабілеті динамикалық оқытуда апта бойы М.В. Антропованың, 1974 көрнекілікті тапсырмаларын орындау қажет.

Тапсырмалар

Апта күндері

Әріптер шартты тітіркендіргіштер

Оң әсер (сызып тастау) Теріс әсер (белгілеу)
Дүйсенбі Х А ИХ Са
Сейсенбі В К ИВ ЕК
Сәрсенбі С А ИС НА
Бейсенбі Н Е СИ АЕ
Жұма Х И ВХ ЕИ
Сенбі И А ВИ КЕ

Динамикалық қабілеттілікті танытуда оқу күніне тапсырманы 3-5 рет сабақ басталғаннан соңына дейін беруге болады.

Алынған нәтижелержі анализдеп, қорытындысын шығарыңдар.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 2299; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!