Жетілмеген остеогенез (несовершенный остеогенез) 12 страница



Фосфатты-цементтер аралық төсем үшін, сүт тістерін пломбылауға, түбір өзектерін бітеу және ортопедиялық конструкцияларды бекіту үшін қолданылады.

 Силикатты цемент -Силицин Плюс

1-сурет. Силицин плюс.
Силикатты - цемент. Бұл топтағы цементтердің ұнтағының құрамында 47% дейін кремний тотығы, 35% дейін алюминий тотығы, 15% фторлы натрий, 3-15% кальций тотығы, 0,2-1,5% магний тотығы кіреді. Сұйықтығы – мырш тотығы және алюминий су тотықтарымен жартылай бейтараптандырылған орта-мета-пирофосфор қышқылдарының судағы ерітіндісі.Силикатты-цементтің өкілдері: силицин, силицин плюс (10-cурет), силицин-2, фритекс, силикап, модент, био-трей, парцилап. Құрамында кремний тотығының басым болуына байланысты силикатты-цемент тіс кіреукесіне түсі жағынан жақындау. Сондықтан басқа пломбылық материалдар болмаған жағдайда (ауылды жерлерде немесе қаражат жетіспеушілігі кезінде) оны III, IV, және V кластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін қолданады. Ұлпаға зиянды әсері болғандықтан пломбының астына міндетті түрде аралық төсем салынады.

Силикат-фосфатты цементтер. Бұл цементтер силикатты және фосфатты цементтердің ұнтақтарын араластыру арқылы алынады. Аралас қоспаның 80% силикатты цементтің, 20% фосфатты цементтің ұнтағынан тұрады, кейбір түрлерінің құрамында 60% силикатты цементтің, 40% фосфатты цементтің ұнтақтары бар (инфантид) . Сұйықтығы – фосфор қышқылдарының (орта-мета және пирофосфор қышқылдарының) қоспасының судағы ерітіндісі (жартылай бейталаптандырылған). Силикатфосфаттты цементтердің қолдану аялары тар. Соңғы кезде шығарылып жатқан композиттік материалдар бола бермейтін ауылды жерлерде, қаражат тапшылығын көп тартатын адамдардың бұзылған тістеріндегі I, II және III кластық тісжегі қуыстарын (ерін жақ беттерінде кіреуке сақталған жағдайда) және жасанды сауыттармен жабылатын тістердегі тісжегі қуыстарын пломбылау үшін қолданады. Бұл цементтердің өкілдері: силидонт, силидонт-2, люмикон, лактодонт, аристос, теллурий, де-трей және инфантид (сүт тістері үшін).

Полимерлі цементтер.

Полимерлі цементтер (полимерные цементы) – бұзылған тісті қалпына келтіретін жаңа пломбылық материалдар тобына жатады. Олардың минералды цементтерден айырмашылығы – араластыратын сұйықтығы ретінде тістің қатты тіндерімен химиялық байланысқа түсетін полиакрил немесе полималеин қышқылдары пайдаланылады.

Поликарбоксилатты цементтер.

2-сурет. Поликарбоксилатты цемент Белокор.
Поликарбоксилатты цементтер (ПКЦ) өткен ғасырдың 60-шы жылдарында шығарыла бастады. Ұнтағы – магний тотығы қосылған мырыш тотығы ( фосфатты-цементке ұқсас). Ал сұйықтығы – полиакрил қышқылының 37% судағы ерітіндісі. Физикалық-механикалық қасиеті жағынан цинкфосфатты-цементтерге ұқсас, тіс тіндеріне жақсы жабысады, сұйықтықта аз ериді, биологиялық сиымдылығы жоғары, тіс тіндерімен химиялық байланысқа түсе алады, ұлпаға зиянды әсері жоқ. Көп қолданылатын өкілі-Белокор (11-сурет).

Қолданар алдында ұнтақ пен сұйықты шыны бетінде бірден араластыруға кіріседі. Дұрыс араластырылған цемент қою және аздап созылғыш, беті жылтыр болады. Тісжегі қуысына бір бөлікпен ғана апарылып, қуыс қабырғасына жаймалана жабыстырылады. Араластыруға және қуысқа қою уақыты – 3 минөттен аспауы керек, жіпше созыла бастаған цементті пайдалануға болмайды. Қатая бастаған цементтің артық бөлігін аршығыштың көмегімен алып тастайды.

Поликарбоксилаттық цементтер аралық төсемнен басқа ортопедиялық және ортодонтиялық конструкцияларды бекіту үшін, сүт тістерін және жасанды сауыттармен жабылатын тістерді пломбылау үшін қолданылады.

Шетелдік өкілдері: « Carboxylate Cement » , « Durelon », « Harvard CC », « Carboco ».

Кейінгі кезде суға араластырылатын түрлері де шығарылуда. Мұндай цементтерде лиофилденген полиакрил қышқылы ұнтақтың құрамына кіреді. Цементті суға араластырған кезде қышқыл ериді де гель-матрица құра отырып, химиялық реакцияға қатынасады. Суға араластыратын цементтің өкілдері: “Poly-F-Plus”, “Aqualox”.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 377; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!