Жетілмеген остеогенез (несовершенный остеогенез) 10 страница



«Майлы-жағынды» қабатты жоюдың механикалық және химиялық жолдары бар. Қазіргі кезде қолдау тапқан химиялық әдіс – қышқылмен еріту жолы (метод химического травления).

Қышқыл әсер еткенде «майлы-жағынды» қабат және олардан тұратын тығындар ериді, ал гидрооксиаппатит кристаллдарының еруі нәтижесінде коллаген талшықтары босап шығады. Егер бұл аймақты праймермен (композиттік материалдармен пломбылаған кезде) өңдесе, ол коллаген талшықтарының арасына еніп гибридті қабат (белдеу) құрады және композиттік материалдың жақсы жабысуын қамтамасыз етеді.

Тісжегіні емдеген кезде жіберілетін қателіктер мен асқынулар.

Тісжегіні емдеген кезде жіберілетін қателіктер мен асқынулар өте жиі кездеседі және олар дәрігер-стоматологтың біліктілігіне тікелей байланысты. Жиі кездесетін асқынулар төмендегілер:

Ұлпаны кездейсоқ ашып алу. Бұл көбінесе тіс қуысының топографиясын нашар білгендіктен, терең тісжегі қуысының табанын тазалаған кезде кішкентай диаметрлі борды және оны үлкен жылдамдықта қолдану нәтижесінде туындайды. Емі: ұлпаны сақтап емдеу әдісін қолданады.

Қойылған пломбының қасында екіншілік тісжегінің дамуы. Себебі: жұмсарған дентинді толық алмау, кіреуке жиегін дұрыс тегістемеу, аралық төсемді кіреуке-дентин шекарасына шығара төсеу, әртүрлі материалдармен пломбылау техникасын дұрыс орындамау. Емі: пломбыны алып тастап, тісжегі қуысын қайта егеп-тазалау, техникалық ережелерді сақтап, пломбыны жаңадан қою.

Пломбы қойылғаннан кейін ұлпаның қабынуы және өліеттенуі (некроздануы). Себебі: ұлпаға зиянды әсерлері бар пломбылық материалдардың астына аралық төсемді дұрыс қоймау, терең тісжегі кезінде емдік төсемдер қолданбау. Емі: ұлпа мен периодонт қабынуларын емдейді.

Қызылиек бүртіктерінің қабынуы және пародонттың шектеле қабынулары (жедел және созылмалы). Себебі: III, IV, Y және II кластық тісжегі қуыстары кезінде салбыраңқы қойылған пломбылар және тістердің түйісу орындарын дұрыс қалыптастырмау. Емі: пломбыны қайтадан қою керек. Кейбір жағдайларда жасанды сауыттар кигізуге тура келеді.

Пломбының түсіп қалуы (кешікпей немесе біраз уақыт өткен соң). Себебі: тісжегі қуысы дұрыс егеліп-тазаланбаған, пломбылау кезінде сілекей түсіп кеткен, пломбылық материал дұрыс таңдалмаған және қою техникасы дұрыс сақталмаған. Емі: тісжегі қуысын дұрыс егеп-тазалау және пломбыны қайтадан қою.

Тістің түсінің өзгеруі (дисколорит). Себебі: жұмсарған дентиннің толық алынбауы, ұлпаның өліеттенуі, пломбылық материалды дұрыс және тіс түсіне сай таңдамау. Себебі дұрыс анықталғаннан кейін тістің түсін қалпына келтіруге арналған шараларды тиімді жүргізу.

Ауыздың жұмсақ тіндерін жарақаттап алу. Себебі: бордың ұштыққа нашар бекітілуі, тістен тайып, қолдан шығып кетуі. Болашақта бордың бекуін мұқият тексеру, ұштықты қолда дұрыс ұстау. Жарақат ошағынан аққан қанды тоқтатып, антисептиктермен өңдеу, жарақат ошағының жазылуын тездететін жақпамайлар қойып емдеу.

 

 

                                                                        

 

 

 


 

 


 

 


 

 

ТАРУАУ

Пломбылық материалдар.

Тісжегіні жергілікті емдеудің қорытынды кезеңі – егеп-тазалап дайындаған қуысты тістің қатты тіндерінен бөгде материалдармен толтыру немесе пломбылау. Пломбылау – жергілікті емдеуді аяқтаушы және ең бір жауапты және алдына үлкен мақсат қойылатын кезең. Ол мақсат – тісжегі әсерінен жойылған тістің қатты тіндерінің орнын пломбылық материалмен алмастырып, тістің анатомиялық пішінін және жойылған қызметін қайта қалпына келтіру және тісжегі үрдісінің әрі дамуына жол бермеу.

Бұл мақсаттарды орындаудың бірден-бір кепілі – керекті пломбылық материалды дұрыс таңдап алу және тиімді қолдану.

Сол үшін дәрігер-стоматолог оның құрамын, құрылымын, физико-химиялық қасиеттерін, организмге жалпылай және тіс тіндеріне әсер етуін жақсы білу керек.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін пломбылық материалдар қатарында үлкен және кіші азу тістер үшін металлқұрамды материалдар (амальгамалар), силикат-фосфатты цементтер, алдыңғы тістер үшін силикатты цементтер кең пайдаланылып келді. Бірақ силикат-цементінің тез сынғыштығы, ауыз сұйығында ерігіштігі оның орнына басқа материалдар іздестіруді талап етті. Сондықтан да 60-шы жылдардың басында акрил пластмассалары және кейінірек акрил негізінде композиттік материалдар шығарыла бастады. Жетпісінші жылдары көптеген оңтайлы қасиеттері бар иономерлі цементтер де өмірге келді. Қазіргі кезде амальгамалармен қатар иономерлі цементтер мен композиттер кең қолданыс тапты.

Құрамына, негізгі қасиеттеріне, қолдану жағдайына байланысты барлық пломбылық материалдарды төмендегі топтарға бөлінеді:

· уақытша пломбылауға арналған;

· тұрақты пломбылауға арналған;

· аралық төсемге арналған;

· түбір өзектерін бітеуге немесе пломбылуға арналған.

6.1.Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы).

Қазіргі кезде уақытша пломбылар үшін қолданылып жүрген материалдарға шартты талаптар қойылады:

· араластыруы оңай және тісжегі қуысына енгізуі жеңіл болу;

· тісжегі қуысында тұрғанда герметизмді (жабуды) толық қамтамасыз ету;

· тістің тіндеріне және организмге зиянды әсер тигізбеу;

· тісжегі қуысынан оңай алыну.

Уақытша пломбылар тісжегі қуысында, өзек ауыздарында немесе өзектерде қалдырылған емдік дәрілерді ауыз іші факторларының ықпалдарынан сақтау үшін аз уақытқа (1-3 тәуліктен 2-3 аптаға дейін) немесе ұзақ уақытқа (үш-алты айға дейін) қойылады.

Жиірек қолданылып жүрген уақытша пломбылық материалдардың өкілі – жасанды дентин (суға шыланған) және дентин-қойыртпағы (өсімдік майларына шыланған). Жасанды дентин (искусственный дентин) немесе сульфатты-цемент ертеректе Флетчер цементі деген атпен белгілі және арнаулы сұйықтыққа шыланатын. Сұйықтықтың құрамына гуммиарабиктің сулы ерітіндісі, глицерин, спирт, бура, карбол қышқылы және апиынның өте аз

1-сурет . Жасанды дентин ұнтағы.
мөлшері (ізі) кіретін.

 
Жасанды дентин ұнтағы (1-сурет) мырш тотығынан (65-70%), цинк сульфатынан (25%), каолиннен немесе декстриннен (5-10%) тұрады. Пломбылық материалды шыны пластинаның бұдырлы бетінде араластырады және қуыстың көлеміне сай дистилденген су (2-4 тамшы) мен ұнтақ мөлшерін қатар орналастырып алған соң, ұнтақты суға қосып араластырады. Дайын болған материалдың консистенциясы қою кілегейдей болады және тегістегіштің көмегімен тісжегі қуысын тұтас толтыратындай бөлігін бір мезетте ғана қуысқа апарып, мақта анжымен нығыздап, артығын алып, мүмкіндігінше пішін береді. Жасанды дентин 1,5-2 минөттен кейін қатая бастайды және 3-4 минөттен кейін толық қатаяды. Осы уақыт аралығында пломбыны қойып үлгеру керек. Ескеретін жағдай, жасанды дентин механикалық әсерлерге аса төзімді емес. Сондықтан уақытша пломбыға шайнау күшін көп түсірмеу керек.

2-сурет. Дентин қойыртпағы.
Дентин қойыртпағы (дентин-паста) дайын күйінде шығарылады (2-сурет). Ауыз іші температурасында 2-3 сағаттан кейін қатаяды. Дентин қойыртпағын тісжегі қуысында сұйық дәрілер қалдырылғанда және аралық төсем ретінде қолдануға болмайды.

Уақытша пломбылық материал ретінде эвгенолға араластырылған мырш тотығын (цинк-эвгенолды цемент) пайдалануға болады. Қатайғаннан кейін бұл пломбы механикалық әсерлерге біраз төзімді болады және көбіне сүт тістерін пломбылау үшін қолданады.

Соңғы жылдары шетелдік фирмалар уақытша пломбылық материалдардың механикалық әсерлерге төзімді және тісжегі қуысында герметизм сақтайтын түрлерін шығара бастады және олардың ішінде сәуле әсерінен қатаятындары да бар.

 

3-сурет. Уақытша пломбылық материал провикол.
   
Provicol (Провикол) құрамында эвгенол жоқ цемент (3-сурет), уақытша пломбылар қоюға, жасанды сауыттар мен ортопедиялық конструкцияларды уақытша бекіту үшін пайдаланылады, негізгі және қатайтушы қойыртпақтар түрінде пластмасса сықпаларда шығарылады. Негізгі (базовая паста) және қатайтушы қойыртпақ (каталитическая паста) 1׃1 қатынасында шыны бетінде біркелкі консистенцияға дейін араластырылады (20 секөнд шамасында). Дайын болған материалмен тісжегі қуысы аса қысым көрсетілмей жабылады. Материал 4-6 минөттан кейін қатаяды және артық бөлігі алынып тасталады.

4-сурет. Циномент.
Zinoment   (Циномент)- цинкэвгенольды цемент (4-cурет). Емдік төсем ретінде (композиттерден пломбы қойған кезде бетін басқа материалдармен жабу керек), уақытша пломбылар және ортопедиялық конструкцияларды уақытша бекіту үшін қолданылады. Шыны немесе қағаз бетінде ұнтақтың 2 бөлігімен сұйықтың бір бөлігін ақпайтын және жабыспайтын қамыр консистен-циясына дейін металл қалақшамен араластырады. Қатаю уақыты – 3-5 минөт.

Cimpa (симпа) – уақытша пломбылық материал, тіс тіндеріне зиянды әсері жоқ, ұлпаны тітіркендірмейді, тез қатаяды.

Septo – Pack (Септо-Пак) – құрамында талшықтары бар өзі қатаятын жұмсақ қойыртпақ, уақытша пломбылық материал ретінде басқа дәрілік заттармен бірге қолдана беруге болады. Құрғақ және таза қалақшамен ыдысынан алып шар пішін бере отырып, тісжегі қуысына апарады. Қуыс ішінде 2-3 минөттан кейін жұмсақтығын жоя бастайды және жарты сағатта қатаяды.

Clip (Клип) – кремнийдің қос тотығы (диоксид кремния) және полиуретанакрилат полимері негізінде дайындалған сәуле әсерінен қатаятын уақытша пломбылық материал, сықпа түрінде шығарылады.

Клипті тісжегі қуысына енгізіп, белгілі пішін бергеннен кейін 20-40 секөнд шамасында галлоген сәулесін жібереді. Пломбы қабатының қалыңдығы 5 мм болса, 40 секөндтен кейін қатаяды. Пломбының қалыңдығына қарай сәуле жіберу уақытын ұзартады.

 

6.2.Пломбылық төсемдер.

Пломбылық төсемдер аралық және емдік болып екіге бөлінеді.

· Аралық төсемдер немесе оқшауландырушы төсемдер.

· Аралық төсемдер (изолирующие прокладки) әртүрлі жағдайларда тиімді қызмет атқарады:

·Ұлпаны зиянды заттардан және зиянды әсерлерден қорғайды;

·Пломбылық материалдарды тіс лимфасының (дентин сұйықтығының) әсерінен қорғайды;

·Пломбының жақсы жабысуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде аралық төсемдерді бондинг жүйесін тұрақты пломбылық материалдарды пайдаланған кезде, емдік төсемдердің, немесе түбір өзектерін толтырған материалдардың бетін жабу үшін, егеп-тазаланған тісжегі қуысының барлық қабырғасына пломбылық материалдың жабысуын жоғарылату үшін қолданады. Қазіргі кезде қолданылатын тұрақты пломбылық материалдардың тітіркендіргіш қасиеттері бар екені – дәлелденгені ақиқат. Мысалы, цементтер ұнтағы мен пен сұйықтығын араластырған кезде байланыспай қалатын қышқыл арқылы, металқұрамды материалдар жылу өткізу арқылы, ал композиттік материалдардың органикалық негізін құрайтын акрилаттардың зиянды әсері және полимеризацияланған кезде бөлінетін жылу арқылы ұлпаға теріс ықпал етеді. Осы зиянды ықпалдарды тоқтату үшін де аралық төсемдер тісжегі қуысына төселеді.

Аралық төсемдерге де қойылатын шартты талаптар бар. Олар төмендегідей:

· ұлпаны тітіркендірмеу (уытты болмау);

· қатайғаннан кейін механикалық төзімділікке ие болу;

· қышқылдар мен мономерлерді өткізбеу (тұрақты пломбылық материалдар қатаю кезінде бөлінетін);

· жылу өткізгіштігі төмен болу;

· дұрыс егеп-тазаланған қуыстың пішінін өзгертпеу;

· тістің түзін өзгертпеу;

· тіс тіндеріне жабысу қасиеті жоғары болу;

· рентген суретте айқын көріну (рентгеноконтрастность),

· кеңею коэфициенті тіс тіндерінікіне жақын болу.

1-сурет. Цинк –фосфатты цемент.
Соңғы уақытқа дейін барлық шартты талаптарға жауап бере алмаса да аралық төсем ретінде фосфатты-цементтер кең қолданылып келді (1-сурет). Оның ең бір басты кемшілігі – дентин сұйықтығы шығатын дентин өзекшелерінің тісжегі қуысына қараған ауыздарын толық бітей алмауы. Осының нәтижесінде «микроағым феномені» («феномен микроподтекания») атауы пайда болды. Бұл феноменге көп көңіл бөлінетін себебі, дентин сұйықтығының шығуы композиттік материалдардың дентинге жабысуын төмендетіп, пломбының жиектік өткізгіштігінің (краевая проницаемость) қалыптасуына әкеп соғады. Сонымен қатар, ауыздары ашық дентин түтікшелері арқылы микроорганизмдер мен олардың уыттарының ұлпаға өтуі нәтижесінде онда қабыну үрдісі дамуы мүмкін.

Фосфатты-цементтен аралық төсем қояр алдында егеліп-тазаланған тісжегі қуысын дентин үгінділерінен жуып, ауамен кептіріп алады. Шынының тегіс бетінде ұнтақ пен сұйықты 3:1 қатынасында (бір тамшы сұйыққа 0,15 г. ұнтақ) хром-никельді құймамен (қоспамен) көмкерілген қалақшамен қоюлау қамыр консистенциясына дейін араластырады да, бөлшектеп тісжегі қуысына апарып табанына ,қабырғаларына кіреуке-дентин шекарасына дейін нығыздағышпен (штопфермен) нығыздай отырып, жұқалап және жаймалап төсейді. Аралық төсемнің қалыңдығы 0,5-1 мм аспау керек.

Егер аралық төсем кіреуке-дентин шекарасынан жоғары төселсе, ол тұрақты пломбының жиектік жабысуын төмендетеді және аралық төсемнің ауыз сұйықтығында оңай еруіне байланысты пломбының төңірігінде саңылау пайда болады. Аралық төсем қойылып жатқан кезде қуысқа сілекей түспеу керек, ол төсемнің жабысуын және сапасын нашарлатады.

Қазіргі кезде аралық төсем үшін көптеген материалдар пайдаланылады.

Poscal (Поскал) – ұсақ дисперсиялы (ұнтақты) цинк-фосфатты цемент, жақсы араластырылады, жұмсақ, физико-химиялық қасиеттері өте тиімді. Сұйықтың бір бөлігі мен ұнтақтың екі бөлігін шыны бетінде араластыру арқылы дайындайды, қатаю уақыты – 3-5 минут.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 514; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!