Жетілмеген остеогенез (несовершенный остеогенез) 5 страница
Тісжегінің ДДҰ ұсынған жүйесі (классификация ВОЗ, 9-переосмотр).
· кіреуке тісжегісі, дақты тісжегіні қоса алғанда (кариес эмали, включая «меловое пятно»);
· дентин тісжегісі (кариес дентина);
· цемент тісжегісі (кариес цемента);
· тежелген (тоқталған) тісжегі (приостановившийся кариес);
· одонтоклазия (одонтоклазия)
· басқалай (другой);
· дәлелденбеген (неуточненный);
Тісжегінің жергілікті емдеу шараларын дұрыс жүргізу үшін тісжегі қуыстарының Блэк (1884) ұсынған жүйесін де жақсы білу қажет. Орналасу ерекшеліктеріне қарай Блэк тісжегі қуыстарын 5 классқа бөледі:
I класс – барлық тістердің табиғи жүлгелері (фиссураларында) мен ойықтарында (көбінесе кіші және үлкен азу тістердің, жоғарғы екінші күрек тістердің тұйық тесіктерінде) орналасқан тісжегі қуыстары.
II класс – кіші және үлкен азу тістердің жанасу беттерінде орналасқан тісжегі қуыстары;
III класс – күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу беттерінде орналасқан және олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырларына ауыспаған немесе оларды бұзбайтын тісжегі қуыстары;
IV класс – күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу бетінде орналасқан, олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырларының бұзылуына әкеп соғатын тісжегі қуыстары;
|
|
V класс – барлық тістердің мойын бөлігінде орналасқан тісжегі қуыстары;
Қазіргі кезде VI кластық тісжегі қуыстарын да қарастырып жүр.
VI класс – жоғарыда көрсетілген шартты аймақтардан басқа жерде орналасқан, аумағы мен тіс тіндерінің жараққаттану ерекшеліктері жағынан жоғарыда келтірілген анықтамаларға сай келмейтін тісжегі қуыстары. Алтыншы кластық тісжегі қуыстарын атипиялық қуыстар немесе атипиялық тісжегі ( атипичный кариес – caries atypica ) деп атауға болады. Бұл тісжегі тіс сауыттарының тісжегіден басқа аурулары (тістер гипоплазиясы, тістер флюорозы, сынаға ұқсас ақаулары т. б.) орналасқан аймақтард, шайнау төмпешіктерінде, тістеу қырларында дамиды.
1-сурет. Дақты тісжегі.сайт-http://www.colgate.ru/ |

Дақты тісжегі (кариозное пятно- macula сariosa). Тісжегінің дақты кезеңінде немесе бастапқы тісжегі (начальный кариес-caries-incipiens) кезінде ешқандай
шағым болмайды және ұзақ уақыт байқалмауы да мүмкін. Кейде тәтті және қышқыл тағамдардан тістер қармалып қалған сияқты ыңғайсыз сезім (чувство оскомины) туындауы немесе алдыңғы тістерде орналасқан дақтар болса эстетикалық шағым болуы мүмкін (көбінесе тістердің мойын аймақтары жарақаттанған кезде). Көпшілік жағдайда басқа тістеріне шағымданып келген адамдардың тіс қатарларын мұқият қарап тексеру және тіс беттерінің күмән туғызған аймақтарын сүңгілеу арқасында анықталады. Қарап тексергенде бастапқы тісжегі немесе тісжегі дағы аймағында жылтырлығы жойылған мұнарланған ақ бор түсті немесе ашық қоңыр, қою-қоңыр кейде кара-қоңыр түсті ошақ түрінде байқалады (1-cурет).
|
|
Бастапқы тісжегі кезінде кіреукедегі минералсыздану ошағының қоңыр, қою-қоңыр түстері патологиялық үрдістің баяу дамыған кезінде призмалараралық шағын кеңістіктердің көлемдері үлкейгендіктен органикалық бояғыш заттардың сіңуі арқылы қалыптасады. Шарпенак Ю.A А.,(1970) ұйғаруынша, алғашқы кезде тісжегі дағы ошағында алмаспайтын амин қышқылы триптофан құрылады да кейіннен меланинге айналады.
|
|
Бор түстес ақ дақты ошақты сүңгілеп байқағанда беті бірде тегіс, кейде кедір-бұдырлау және сау аймақтарға қарағанда жұмсақтау көрінеді. Пигменттелген дақты ошақтарды сүңгілеп тексергенде бірде беті тығыздау, кейде кіреукенің жоғарғы қабатының жұмсарғаны соншалықта, сүңгі ұшы біраз тереңдікке еніп кетеді. Соңғы кездегі зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ, тісжегінің бастапқы сатысының әрі қарай дамуы немесе өз бетімен тежелуі де мүмкін. Тісжегі дағы тістің бетін қақтан тазалап, ауамен кептірген кезде анық көрінеді және метилен көгінің 2% ертіндісімен жақсы боялады.
Тісжегі дақтарын тіс гипоплазиясы мен флюорозы кезіндегі дақтардан ажырата білу керек. Гипоплазия кезіндегі дақтар аттас тістердің беттерінде симметриялы түрде орналасады, шекаралары анық, беттері тегіс және жылтыр болады, метилен көгінің ертіндісімен боялмайды. Өмір бойы өзгермей сол қалпында сақталады. Тіс флюорозы кезіндегі дақтар саны көп, түстері әртүрлі, шекаралары анық емес, көптеген тістер беттерінде орналасады және фторға бай ауызсуды пайдаланған эндемиялық аймақта кездеседі.
|
|
Жоғары тісжегі немесе кіреуке тісжегісі.
2-сурет. Жоғары тісжегі. сайт-http://www.ichilov.net/ |

Орта тісжегі.
3-сурет. Орта тісжегі. сайт-http://www.colgate.ru/ |
Ас қалдықтарынан, ыдыраған және жұмсарған дентиннен тазаланбаған қуыстың тереңдігін көрер көзбен немесе сүңгілеп анықтау қиын. Кейде жұмсарған дентиннің қалыңдығы соншалық, орта тісжегіге санап тұрған қуыс тазалағаннан кейін терең тісжегі қуысына айналады және жұмсарған қалың детин қабаты да тітіркендіргіштер әсерін ұлпаға өткізбейді.
Тісжегі қуысын егеп-тазалаған кезде де ауыру сезімі көп болмайды, сирек жағдайда қабырғаларында кіреуке-дентин шекарасына жақын аймақта ауыру сезімі пайда болуы мүмкін. Тістің электр қозғыштығы 2-6 мкА тең.
Орта тісжегіні сынаға ұқсас ақаудан, кіреуке эрозиясынан, терең тісжегіден және периодонттың созылмалы қабынуынан ажыратады (сауыт қуысы ашыылмаған жағдайда). Сынаға ұқсас ақау мен кіреуке эрозиясы кезінде жарақат ошақтары олардың тек өздеріне тән аймақтарында дамиды және қабырғалары қатты, тісжегімен асқынбаса жұмсарған дентин болмайды.
Терең тісжегіден науқастың шағымы және объективтік белгілері бойынша ажыратады.
Орта тісжегінің периодонттың созылмалы қабынуымен ұқсастығы – тісжегі қуыстары бола тұрса да ауыру сезімінің болмауы. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде сауыт қуысы кейде жабық болғанымен, егеп-тазалаған кезде оңай ашылады және тазалау кезінде, сауыт қуысы ашылған кезде де ауыру сезімі болмайды. Перидонттың қабынуы кезінде ешқандай тітіркендіргіштер ауыру сезімін туындатпайды және тіс ұлпасының электрқозғыштығы 100 мка жоғары.
Терең тісжегі.
4сурет. Терең тісжегі. сайт-http://www.ichilov.net/ |

Қарап тексергенде терең және кең тісжегі қуысы анықталады, ішінде ас қалдықтары, ыдыраған дентин сақталған, қабырғасында пигменттелген кейде пигменттелмеген ақшыл-сары түсті жұмсақ дентин қабаттары анықталады (4-cурет).
Қуыстың табаны бірде өте жұмсақ, байқап сүңгілемесе ұлпа мүйізшесі ашылып кетуі мүмкін, әлсіз сүңгілегеннің өзінде табанында ауыру сезімі байқалады (қарқынды дамыған тісжегі кезінде). Кейде қуыстың табаны пигменттелген, қаттылау, қаттырақ сүңгілеп байқағанда ғана ауыру сезімі туындайды (баяу дамыған тісжегі кезінде). Терең тісжегі кезінде ұлпаның электр қозғыштығы 6-8 мка тең, кейде аздап төмендеуі де мүмкін (10-15 мка шамасында). Ескере кететін жағдай, терең тісжегі қуысы тістердің жанасу беттерінде орналасқан кезде әртүрлі тітіркендіргіштерден ауыру сезімі мазалай бермейді. Тісжегі қуысы кеңейіп, қуыстың шайнау беті немесе еріндер жақ беттері қабырғаларындағы дентин толығымен минералсызданып, жабынды кіреуке шайнау күштері әсерінен бұзылған кезде ғана сырқат тіс мазалай бастайды және тісжегі қуысы анықталады. Бұндай жағдай көбінесе жоғарғы жақ тістерінде жиі орын алады.
Терең тісжегіні орта тісжегіден, ұлпаның жартылай жедел қабынуынан (острый частичный пульпит), созылмалы жай (фиброзды) қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуынан ажырата білу керек. Ұлпаның жартылай жедел қабынуына өз бетімен пайда болатын қстамалы, бірақ ұзаққа созылмайтын, сырқат тіспен ғана шектелетін ауыру сезімі тән. Әртүрлі тітіркендіргіштер ауыру сезімін туындатады немесе күшейте түседі. Тістің электрқозғыштығы 20-25 мка, кейде бұл көрсеткіштер одан да жоғары болуы мүмкін. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы кезінде ауыру сезімі әртүрлі тітіркендіргіштер әсерін туындайды, қарқындылығы аса күшті емес (сыздап ауырады) және ұзаққа созылып барып басылады. Сауыт қуысы көбіне тісжегі қуысымен байланысып жатады кейде сауыт қуысы жабық болуы мүмкін. Тістің электрқозыштығы 30-40 мкА. Баяу дамыған терең тісжегіні кейде периодонттың созылмалы қабынуынан (сауыт қуысы ашылмаған кезде) ажыратуға тура келеді.
Кейде тісжегі қуысының ауызы тар болған жағдайда астың қалдығы мен ыдыраған дентин ұзақ сақталып, тісте түн кезінде өз бетімен мазалайтын ауыру сезімі пайда болады және күндіз мазаламайды. Ауыру сезімі бірнеше түн қатарынан қайталануы мүмкін. Ауыру сезімі түнге қарай көбінесе тәтті тағамдар жеген кезде жиірек қайталанады. Мұндай жағдайдағы ауыру сезімі көбіне көмірсулы ас қалдықтарының ыдырап, қышқылдар құрылуы нәтижесінде және жұмсарған дентиннің ыдырауынан пайда болған уытты заттар мен микроорганизмдердің уыттарының ұлпаны тітіркендіруі әсерінен дамиды. Көптеген авторлар мұны ұлпа гиперемиясы (гиперемия пульпы) cимптомы деп түсіндіреді (Урбанович Л. И., Яворская Е. С.,1964). Бұл кездегі ұлпаның жағдайын анықтау үшін тісжегі қуысын егеп-тазалап, жылы ертінділермен жуып-кептіріп, 7-10 күнге уақытша пломбымен жабады. Белгіленген уақыт ішінде өз бетімен ауыру сезімі туындамаса – терең тісжегі деген диагноздың дәлелдегені.
Тісжегінің орналасу ерекшеліктері және патологиялық анатомиясы.
Тіс қатарларында әртүрлі топтағы тістердің тісжегімен жарақаттану деңгейі бірдей емес. Барлық тістерді тісжегімен сирек жарақаттанатын – тісжегіге тұрақты (кариесрезистентный) және тісжегіге тез ұшырағыш (кариес воспримчивый) тістер деп екіге бөледі. Тісжегімен жарақаттану жиілігіне қарай тістерді мынандай реттілікпен орналастыруға болады:
· төменгі бірінші үлкен азу тістер;
· жоғарғы бірінші үлкен азу тістер;
· төменгі екінші үлкен азу тістер;
· жоғарғы екінші үлкен азу тістер;
· жоғарғы кіші азу тістер мен күрек тістер;
· төменгі кіші азу тістер;
· жоғарғы сүйір тістер;
· төменгі сүйір және күрек тістер.
Тістердің әртүрлі беттерінің тісжегімен жарақаттануы да бірдей емес. Ең жиі жарақаттанатын кіші және үлкен азу тістердің шайнау беттеріндегі табиғи жүлгелері мен ойықтары, сондықтанда мұнда дамитын тісжегіні жүлгелік тісжегісі (фиссурный кариес) деп атайды. Жарақаттану жағынан екінші орынға үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттері ие бола алады Күрек тістердің жанасу беттері де тісжегімен жиі жарақаттанады. Тісжегінің осыдан кейін жиі дамитын аймақтары – төменгі үлкен азу тістердің ұрт жақ беттеріндегі, жоғарғы үлкен азу тістердің таңдай жақ беттеріндегі табиғи ойықтары мен жоғарғы екінші күрек тістердің таңдай бетіндегі тұйық тесіктері (слепые ямки). Қалған тістердің таңдай және тіл жақ беттері сирек жарақаттанады. Кейбір кездерде тістердің тісжегімен жарақаттануында симметриялық заңдылықтар да сақталады.
Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 310; Мы поможем в написании вашей работы! |

Мы поможем в написании ваших работ!