Жетілмеген остеогенез (несовершенный остеогенез) 1 страница



Жетілмеген остеогенез мезенхиманың дұрыс қалыптаспауынан тіс тіндерінде коллагеннің жетіспеушілігінен дамитын және жиі тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатады. Сүт тістері мен тұрақты тістер бірдей жарақаттанады, тістер шыққаннан кейін тіс кіреукесі дентиннен тез ажырайды. Беті ашылған дентин тез арада қажалуға ұшырап, тістердің көлемі кішірейе бастайды.

 

Гипофосфатезия.

Бұл ауру сілтілі фосфатазаның құрылуының туа дамыған ауытқуы әсерінен дамиды. Ауру күрделі клиникалық белгілермен сипатталады: бас сүйегі күмбезінің сүйектену уақытының бұзылуы; аяқ-қолдың деформациялануы және жиі сынуы; шаш және тырнақтардың сынғыштығы, көкшілденуі (цианоз); жиі жүрек айнуы мен құсу; іш жүрмеуі; бұлшық еттердің тырысып тартылуы. Сонымен қатар тіс түбірлерінің толық дамымауы, кіреуке гипоплазиясы, уақытша тістер түбірлерінің ерте сорылып, уақытынан бұрын тісеуі байқалады.

Рентгендік тексеру кезінде альвеола өсіндісінің нашар дамуы, сүйек тінінің кеуектенуі, уақытша тіс түбірлерінің ерте сорылуы анықталады.

Ертеректе сипатталған тістің қатты тіндерінің туа дамыған патологиялық үрдестерімен қатар, тістердің көлемдерінің, пішіндерінің, түстерінің, санының өзгеруі, жеке тістердің немесе тіс қатарларынының жарақаттануы организмдегі көптеген патологиялық өзгерістермен тікелей байланысты болуы мүмкін.

Тістердің уақытында шықпауы рахит, туберкулез, жүйке және эндокриндік жүйе аурулары, дұрыс тамақтанбау, тіс ұрықтарының ауытқи орналасуы нәтижесінде орын алады. Сонымен қатар сүт тістерінің түбірұштары аймағындағы қабыну үрдістерінің, жақ сүйектерінің дұрыс дамымауының және сүт тістердің ерте жұлынуының да маңызы бар. Кешеуілдеп шығатын тістер қатарына жоғарғы сүйір тістерді, төменгі бірінші кіші азу тістерді және ақыл тістерді, ал шықпай қалатын тістер қатарына жоғарғы бүйір күрек тістерді, төменгі кіші азу тістерді және ақыл тістерді жатқызуға болады.

Тістердің дұрыс шықпауына баланың саусақтарын, тілін, жоғарғы немесе төменгі ерінін сору сияқты зиянды әдеттері де себепкер болады.

Тістер ұрығының шамадан тыс көп болуын атавизм белгісі және тіс құрушы пластинаның (зубообразовательная пластина) жоғары өнімділігінің нәтижесі деп санайды.

Тістердің көлемінің өзгеруі көбінесе генетикалық қасиеттерге және ішкі бездер қызметінің бұзылуымен байланысты болады. Бірінші жағдайда бала әкесінің ірі жақ сүйегін, анасының ұсақ тістерін алуы немесе керісінше болуы да мүмкін. Бұл кезде барлық тістер ұсақ немесе ірі, болмаса кейбір топтағы тістерде ғана көлемдік өзгерістер байқалуы мүмкін. Гормональдық жетіспеушілік кезінде екінші күрек және сүйір тістердің көлемдерінің кішіреюі байқалады.

 

4.2.Тістердің шықаннан кейінгі жарақаттары.

Тістердің сынаға ұқсас ақауы (клиновидный дефект зубов)

Сынаға ұқсас ақау тістің қатты тіндерінің біртіндеп жойылуынан пайда болады және тістердің мойын бөліктерінің ерін және ұрт жақ беттерінде орналасады. Сынаға ұқсас ақау орта жастағы және жасы ұлғайған және пародонт тіндері өзгеріске ұшыраған адамдарда жиірек кездеседі. Сондықтан оны пародонт ауруларының бір белгісі деп те қарастырады. Қазіргі кезде бұл жарақат 20-30 жастағы адамдар арасында да кездесе бастады.

9-сурет. Сынаға ұқсас ақаулар
Сынаға ұқсас ақаудың себептері туралы әртүрлі көзқарастар бар. Біраз зерттеушілер оны тіс тазалау кезінде мәсуектің (зубная щетка) көрсететін механикалық әсерінен болады деп түсіндіреді. Оның дәлелі - ақаудың тіс қатарында шығыңқы орналасқан тістердің (сүйір тістер мен кіші азу тістер) мойын бөлігінде, солақай адамдардың (левша) оң жақ тістерінде, ал оңқай адамдардың (правша) сол жақ тістерінде жиірек кездесуі. Бірақ тіс мәсуегін пайдаланатын адамдардың бәрінде бұл ақау кездесе бермейді.

Енді біраз зерттеушілер ақаудың пайда болуын ас қабылдау кезінде түзілетін қышқылдардың әсері деп тұжырымдайды. Бірақ ақаудың қышқылдардың ең көп құрылатын аймағы – тістердің жанасу беттері мен шайнау беттерінде пайда болмауы, бұл тұжырымның дәлелсіз екенін көрсетеді.

Сынаға ұқсас ақау көбінесе ересек және жасы ұлғая бастаған адамдарда тіс қуысында конкремент құрылған кезде, екіншілік дентин белсенді құрылып тіс қуыстары тарылған, кейде тіпті жабылған адамдарда жиі кездеседі. Мұның өзі тістің қатты тіндерінің трофикасының бұзылып, атрофиялық өзгерістерге ұшырауынан деген ой келтіреді. Ал тіс тазалайтын мәсуек көрсететін механикалық әсер – тек қосымша ықпал деп түйіндеуге болады

Клиникалық көрінісі.

Сынаға ұқсас ақау кезінде тіс аса көп мазаламайды, тек косметикалық ыңғайсыздық туындатады (алдыңғы тістерде пайда болған кезде). Ақау баяу дамиды, тістің қатты тіндері ыдырауға ұшырамай және жұмсармай біртіндеп жойылады. Сирек жағдайда ғана әртүрлі тітіркендіргіштерден тез басылатын ауыру сезімі пайда болады. Ауыру сезімінің болуы тіс тіндерінің жойылу және екіншілік дентиннің құрылу жылдамдығына байланысты.

Сынаға ұқсас ақау бірнеше тісте, кейде көптеген тістерде симметриялы орналасады. Ақау бір-бірімен сүйір бұрыш жасап орналасқан екі қабырғадан тұрады; қызылиек қабырғасы көлбеу, ал тіс экваторы жақ қабырғасы оған сүйір бұрыш жасай оналасады (9-cурет). Кейбір кездерде тістің қатты тіндерінің жойылу деңгейі жоғары және көлемді аумақты алып жатса, ақау сынаға ұқсамай, жазықтанып жиегі аздап көтеріңкі (жойылмаған кіреукеден тұрады), табаны жазық табақшаға ұқсап және диаметрі қызылиектен тіс экваторына қарай ұзарады. Қабырғалары қатты, жылтыр және тегіс. Ақаудың терең болғанына қарамай, тіс қуысы ешқашан ашылмайды(үшіншілік дентиннің құрылуы салдарынан), кейде механикалық әсерден тіс сауыты ақау деңгейінде сынып кетуі мүмкін.

Сынаға ұқсас ақаудың салыстырмалы диагностикасы.

Сынаға ұқсас ақауды тереңдігіне байланысты тісжегіден ( жоғары, орта тісжегі), кіреукенің мойын аймағында некроздануынан және кіреуке эрозиясынан ажырата білу керек. Тісжегі кезінде қуыстың қабырғаларында жұмсарған тіндер байқалады, қуыс аузындағы кіреуке жиегі тегіс емес, су шайған жарға ұқсас болады, сүңгілеп байқағанда табанында немесе кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі болады. Сынаға ұқсас ақаудың ауызы кең, өзіне тән пішіні бар, қабырғалары қатты.

Кіреуке эрозиясы кезінде де тіс тіндері жұмсармай жойылады, ақаудың пішіні жарты ай немесе тостағанға ұқсас болады. Төменгі күрек тістер ешуақытта жарақаттанбайды.

Сынаға ұқсас ақауды емдеу.

Ақаудың басталған кезінде оның әрі дамуын тоқтатуға арналған шаралар жүргізеді.

Ол үшін тістің қатты тіндерінің төзімділігін күшейтетін дәрілік препараттар қолданады (кальций глюканатының 10% ерітіндісі, фторлы натрийдің 2% ерітіндісі, 75% фторлы қойыртпақ, құрамында фтор бар гельдер және лактар). Тістерді тазалау үшін қайта минералдандырушы қасиеттері бар тіс қойыртпақтары және жұмсақ мәсуектер қолданады. Егер ақаулар тереңдеу болса, оларды композиттік материалдармен егеп-тазаламай-ақ пломбылап, тістің пішінін қалпына келтіреді. Ақау өте терең болып, тіс сауытының сынып кету қаупі болса, жасанды сауыт кигізуге тура келеді.

 

Тістер эрозиясы (эрозия зубов)

Тістер эрозиясы деп тістердің қатты тіндерінің белгілі бір себепсіз жойылуымен сипатталатын патологиялық үрдісті айтады.

10-сурет. Тістер эрозиясы.сайт-http://vse32.ru/
 Біраз болжамдарға сүйенсек, тістер эрозиясы да, сынаға ұқсас ақау сияқты мәсуектің (зубная щетка) механикалық әсерінен пайда болады. Кейбір зерттеушілер цитрусты жемістер мен олардың шырынын тағамдық зат ретінде аса жиі пайдаланудан дамиды деп тұжырымдайды. Максимовский Ю.М. (1981) тістер эрозиясы эндокриндік ауытқулармен, оның ішінде қалқанша бездің қызметінің тым жоғарылауымен байланысты деп түсіндіреді. Дені сау адамдарға қарағанда тиреотоксикозбен ауыратын науқастарда тістер эрозиясы екі есе жиі анықталған, ал аурудың ұзақтығы бір жылдай уақытқа созылғанда, тістер эрозиясы бар науқастардың саны 20% артқан.

Федоров Ю.А. және б.,(1990) қалқанша бездің ұлғайып, қызметі                                   бұзылған науқастардың 40-50%-да тістер эрозиясын байқаған. Тістер эрозиясы жоғарғы күрек тістер мен сүйір тістердің ерін жақ беттерінде, екі жақ кіші азу тістердің ұрт жақ беттерінде пайда болады. Төменгі күрек және азу тістерде ешуақытта байқалмайды. Жарақат орта жастағы адамдарда кездеседі және емдеу шараларын жүргізбесе 10-15 жылға созылады.

Тістер эрозиясының себебі әлі толық анықталмаған деп қорытуға болады. Дегенмен Максимовский Ю.М. (1981) байқауынша, қалқанша бездің қызметінің жоғарылаған кезінде сілекей бөлінуінің күшеюі және оның тұтқырлығының төмендеуі сілекейдің қайта минералдандыру қасиетін төмендетеді және осының нәтижесінде беріктігі өзгере бастаған тістердің қатты тіндерінің әртүрлі механикалық ықпалдардың әсерлерінен жойылуына мүмкіндік туындайды.

Тістер эрозиясының клиникалық көрінісі.

Тістер эрозиясы кезінде ең алдымен кіреуке содан кейін дентин жоғарыда аталған аймақтарда біртіндеп жойылып, тістер бетінің ең дөңес аймақтарында домалақ, сопақ немесе жарты ай пішіндес әртүрлі көлемді, тереңдігі де әртүрлі ақаулар пайда бодады. Көбіне аттас тістерде симметриялы орналасады, қабырғалары тік, табаны жазық, тегіс және жылтыр болады (10-сурет). Эрозия шекарасының біртіндеп кеңеюі және өзінің тереңдеуі тістің ұрт жақ бетіндегі кіреукенің түгел, ал дентиннің жартылай жойылуына әкеп соғады. Кейде эрозия ошақтарының пішіні науаға, қашауға ұқсас болады, ақаулар аздап ойықталып, эрозия жиектері біртіндеп сауыттың сау бетіне ауысады. Мұндай көрініс дентиннің жедел мүжілуі әсерінен дамиды.

Эрозиялана жарақаттанудың екі кезеңін ажыратады: бастапқы сатысы (кіреуке эрозиясы) және дамыған немесе анық сатысы (кіреуке және дентин эрозиясы).

Тереңдігіне байланысты үш сатыға бөледі:

· Бірінші немесе бастапқы сатысы – кіреукенің жоғарғы қабаттарының жойылуы;

· Екінші немесе орта сатысы – кіреукенің дентин – кіреуке шекарасына дейін жойылуы;

· Үшінші немесе терең сатысы – дентиннің жоғарғы қабаттарының қоса жарақаттануы.

Боровский Е.В. және б., (1978), Максимовский Ю.М., (1981) екі клиникалық сатысын ұсынады: қарқынды және тұрақтанған.

Қарқынды сатысы тістің қатты тіндерінің жедел жойылуымен және жарақат ошағының әртүрлі тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдығымен сипатталады.

Тұрақтанған сатысы патологиялық үрдістің баяу дамуымен, жарақаттанған тіндерде жоғары сезімталдықтың болмауымен сипатталады.

Кіреуке эрозиясы кезінде тістердің қатты тіндерінің басқалай жарақаттарына қарағанда жоғары сезімталдық жиірек кездеседі.

 

Кіреуке эрозиясының патологиялық анатомиясы.

Эрозия ощағындағы кіреукеге микроскопиялық зерттеу жүргізген кезде беткей қабатта өзгерістер байқалған. Поляризациялық микроскоптың көмегімен зерттеу кезінде кіреукенің жоғарғы қабатында қараңғы жолақ түрінде өзгеріске ұшыраған кіреукені, ал кіреукенің астыңғы қабаты ешбір өзгеріссіз қалғанын анықталған. Электронды – микроскопиялық зерттеулер жарақат ошағының бетінде органикалық жарғақты, кіреукенің кристаллдық торының анықтығының бұзылғанын, аморфты ошақтардың пайда болғанын анықтаған.

Дентиндегі өзгерістер оның жоғарғы қабатында орналасқан: дентин өзекшелері кристалды құрылымдармен толған, өзекше аралық аймақтарда кристалдар бағыттары өзгерген, құрылымсыз диагностикасы.

Кіреуке эрозиясын жоғары тісжегіден, сынаға ұқсас ақаудан ажырата білу керек. Эрозия мен сынаға ұқсас ақау сыртқы пішіндермен, орналасу аймақтарымен ерекшелінеді. Жоғары тісжегі кіреуке эрозиясынан орналасу аймағымен, қабырғаларының жұмсақтығымен, кіреукенің түсінің өзгеруімен ерекшелінеді.

Кіреуке эрозиясының емі.

Жарақаттың бастапқы сатысында қайта минералдандырып емдеген тиімді. Құрамында фтор, кальций бар арнаулы ертінділермені бастырма қою (аппликация) немесе электрофорездеу әдісімен жарақат ошағына сіңіреді. Қайта минералдандыру үшін қоскомпонентті кальций нитратының 10% ертіндісінен және аммоний қышқыл фосфатының ерітіндісінен тұратын қоспаны пайдалануға болады.

Максимовский Ю.М. (1981) эрозиялық ақауларды композиттік материалдармен пломбылап, тісті реставрациялаудың алдында жарақат ошағында қайта минералдандырып емдеу шараларын жүргізіп, тістің қатты тіндерін тығыздандырып алған тиімді деген қағиданы ұстанады. Мұның өзі пломбының жиектік жабысуын жақсартып, пломба төңірегінде саңылаулар пайда болмауын қамтамасыз етеді.

 

Тістің қатты тіндерінің өліеттенуі (некроз твердых тканей зубов)

Тістердің қатты тіндерінің өліеттенуінің себептері анықталмаған. Көпшілік ұйғарымдарға жүгінсек, мұндай жарақаттар ішкі бездер (қалқанша без, жыныс бездері) қызметінің ауытқуы нәтижесінде дамиды.

Клиникалық көрінісі. Тістің қатты тіндерінің некроздануы белгілі бір аймақтарда кіреукенің жылтырлығы жойылып, алғашқыда бор түстенуімен д кейінірек қою-қоңыр түстенуімен сипатталады. Жарақат ошағының шекарасы өте анық және бірыңғай тегіс емес, иір-қиыр болып келеді. Ошақ ортасында тіндер жұмсарып, ақау пайда болады. Бұл кезде кіреуке өте нәзік және сынғыш келеді, аршығыштың көмегімен-ақ сындырып алуға болады және көптеген тістер жарақаттанады. Жарақаттанған тістер әртүрлі тітіркендіргіштерге өте сезімтал болғандықтан, науқас тістерінің ыстықтан, суықтан, механикалық және химиялық әсерлерден қақсап ауыратынына және тез басылатынына шағымданады.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 621; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!