Сипап тексеру (ощупывание или пальпация - palpacio ) 11 страница



 

1 шаршы 2 шаршы
4 шаршы 3 шаршы

Мысалы, 21 саны жоғарғы сол жақ бірінші күрек тісті білдіреді, 48 саны төменгі оң жақ үшінші үлкен азу тісті көрсетеді. Уақытша тістер үшін шаршылардың нөмірін 5, 6, 7, 8 сандарымен белгілейді және тістер реттілігін араб сандарымен көрсетеді.

Тістердің жағдайын анықтау үшін әріптік белгілер қолданылады: тісжегі – С, ұлпа қабынуы – Р, периодонттың қабынуы – Pt, пломбы (бітек) – П, сауытпен жабылған тіс – К, алынбайтын протездің жасанды тісі – И әріптерімен белгіленеді.

Тіс тасы, тістер гипоплазиясы, флюорозы туралы мәліметтер тістер үлгісінің (формуласының) астындағы графаларда көрсетіледі.

 

3.16.Ауыз кілегейлі қабығына шығатын бөрткендер

 

Ауыздың кілегейлі қабығы мен еріндер ауруларының диагнозын нақтылау үшін онда көбірек шығатын бөрткендерді (сыпь) немесе патоморфологиялық элементтерді жақсы білу керек. Ауыз ішіне шығатын бөрткендердің көпшілігі теріге шығатын бөрткендерге ұқсас келеді.

Барлық бөрткендерді біріншілік және екіншілік деп екі топқа бөледі. Біріншілік бөрткендер - өзгермеген теріге немесе кілегейлі қабық бетіне алғаш шыққан бөрткендер. Екіншілік бөрткендер біріншілік бөрткендердің кейінгі даму сатысында пайда болған немесе осыған дейін өзгеріске ұшыраған кілегейлі қабық немесе тері бетіне шыққан бөрткендер.

Біріншілік бөрткендер кілегейлі қабықтың түсін өзгертетін (дақты бөрткендер – пятнистая сыпь), рельефін өзгертетін – инфильтративті және жалқықты (экссудативті) бөрткендер болып бөлінеді.

Біріншілік бөрткендердің даму тегі бірдей болса, оларды біртекті бөрткендер (моноформная сыпь), ал тегі әртүрлі болса (дақ, түйіншек, көпіршік), көп текті бөрткендер (полиморфная сыпь) деп атайды. Көп тектілік шынайы (истинный полиморфизм) немесе жалған (ложный полиморфизм) болуы мүмкін. Мысалы бір жерде көпіршік бөрткен сақталған, екінші жерде ол жарылып жұқа жараға (эрозияға), ал үшінші жерде эрия тереңдеп ойық жараға айналған. Бұл көрініс жалған көптектілік құрайды.

 

Дақты бөрткендер – (пятнистая сыпь)

 

1- сурет . Дақ. 1-жабынды эпителий, 2 –нағыз дәнекертін қабаты , 3 — қан тамырларының кеңейуі. Сайт-http://stomatologist.org/  
Дақ (пятно – macula) – кілегейлі қабық пен терінің және ерін жиегінің шағын аймақта түсінің өзгеруімен сипатталатын бөрткен. Дақтың бір ерекшелігі сипап тексергенде сезілмейді (кілегей қабықтың рельефі өзгермейді). Дақты бөрткендердің түсі әртүрлі болуы мүмкін.

Даму ерекшеліктеріне қарай дақтар қабынбалық (воспалительное пятно) және қабынбалық емес (невоспалительное пятно) болып бөлінеді.

Қабынбалық дақтар қабыну кезінде әр түрлі қан тамырларының (артериолардың, веналардың) кеңеюі (артериальная, венозная гиперемия) нәтижесінде дамиды және түстері қан тамырларының түстеріне сай шымқай қызыл немесе көкшіл-қызыл түсті болады (1-сурет) . Диаметрі 1,5 см-ге дейін домалақ пішінді қабыну дағы розеола, ал көлемді қабыну дағы эритема (қызарма) деп аталады. Розеолалар екіншілік мерез, қызылша кезінде, эритемалар ауыз кілегей қабығының әртүрлі әсерлерден катаральды қабынулары кезінде орын алады. Қабыну дағына тұрақсыздық тән, егер оның бетіне мөлдір шыны немесе пластмасса қалақша (шпатель) қойып, қаттырақ басса (витропрессия әдісі), дақ жоғалып кетіп, қысым басылған кезде қайта пайда болады.

Беткей орналасқан қан тамырлары қабырғаларының салданып кеңеюінен дамыған дақтарды телеангиэктазиялар деп атайды.

Қабынбалық емес дақтарға геморрагиялық, пигменттік және тамырлық дақтар жатады. Кілегейлі қабық және тері қан тамырларының өзгеріске ұшырауы (өткізгіштігінің жоғарылауы және қабырғаларының бүтіндігінің бұзылуы) нәтижесінде тіндерде қан құйылу ошақтарының пайда болуынан дамитын дақтар геморрагиялық дақтар деп аталады. Нүктелі қан құйылу ошақтарын геморрагиялар (геморрагии) немесе петехиялар, диаметрі 0,2-0,5 см ошақтарды пурпуралар, ал ірі белгілі бір пішінсіз қан құйылу ошақтарын экхимоз, үлкен көлемді жолаққа немесе сызатқа ұқсас қан құйылу ошақтарын вибицес (vibices) деп атайды. Экхимоздың бір түрі – гематома (синяк – көгерік). Геморрагиялық дақтар үстінен қысым көрсетілген кезде жоғалып кетпейді. Солардың бірі гематома, тереңірек орналасады, аймағындағы тіндер ісінеді және түсі өзі пайда болғаннан кейін өткен уақытқа байланысты қызыл, көкшіл-қызыл, жасылдау, сары және қоңыр болып өзгереді (көпшілік арасында оны «көгеріктің гүлденуі (цветение синяка)») деп атайды. Геморрагиялық дақтардан кейін ешқандай із қалмайды, сирек жағдайда пигментациялық дақ пайда болады, ал пурпура ошағында эпителий қабаты өліеттеніп, жұқа немесе ойық жараға айналуы мүмкін.

Пигменттік немесе дисхромиялық дақтар ( пигментные или дисхромические пятна) теріде немесе кілегейлі қабықта пигменттің шамадан тыс жиналуынан (гиперпигментация), азаюынан немесе жойылуы әсерінен (депигментация) дамиды. Шамадан тыс пигменттену туа пайда болуы (қалдар – родимые пятна) және жүре пайда болуы мүмкін (секпілдер, екі қабат кездегі хлоазма, бауыр ауруы кезінде сары түстену, Аддисон ауруы кезінде терінің қола (бронза) түстенуі). Пигменттің жоқтығы да туа дамуы (альбинизм) және жүре дамуы (витилиго - ахромия) мүмкін.

Кілегей қабықтың түсінің өзгеруі эпителийдің шамадан тыс мүйізгектенуі кезінде де байқалады. Ол кезде ақшыл-сұр немесе ақ түсті күңгірт мүйізгектенген ошақтар пайда болады (лейкоплакия кезінде). Әр түрлі дәрі-дәрмектер, ас тағамдарын қабылдау (шие, таңқурай тосаптары, жеміс шырындары) кілегейлі қабықтың түсін өзгертуі мүмкін (көбінесе тіл үстіндегі жіпке ұқсас бүртіктер боялады).

Біріншілік жалқықты бөрткендер.

Домбықпа (волдырь – urtica) қуыссыз жастыққа ұқсас жалқықты бөрткен, тығыз консистенциялы, тері мен кілегей қабық беттерінен көтеріңкі орналасады, түсі ақшыл-сұр, дәнекер тін бүртікті қабатының жедел қабына домбығуы нәтижесінде дамиды. Домбықпа кенеттен пайда болады және біраз уақыттан кейін (10 минут – 2-3 сағаттан кейін) ешқандай із қалдырмай сорылып кетеді. Домбықпа Квинке домбығы (отек Квинке), есекжем (крапивница) кезінде кезедеседі, қатты қышып, кейде қышусыз да шыға береді. Ауыз кілегей қабығында домбықпа кейде көпіршік немесе күлбіреуік бөрткенге ауысуы мүмкін.

2-cурет. Көпіршік бөрткен.  Төменгі еріндегі көпіршік бөрткен және оның схемалық түрі: 1- жабынды эпителий, 2- нағыз кілегейлі қабық қабаты, 3- эпителийішілік жалқыққа толы қуыс. Сайт-http://stomatologist.org/  
Көпіршік (пузырек – vesicula) қуысты жалқықты бөрткен, диаметрі 1-5 мм, эпителий қабатының ішіне жалқықтың (сарысулы немесе геморрагиялық) жиналуынан пайда болады, төңірегіндегі тіндерден көтеріңкі тұрады (2-сурет). Бірде ішіндегі сұйықтығы кеуіп, қабықшаға айналса, кейде жарылып, орнында жұқа жара (эрозия) пайда болады. Күлбіреуіктен көлемі кіші және құрылу механизмінің де ерекшелігі бар. Кейде жиі орналасқан ұсақ көпіршіктер бірігуі нәтижесінде көпқуысты күлбіреуік бөрткен (многокамерный пузырь) пайда болады.

Көпіршік бөрткендер эпителий жасушаларында гидропиялық дистрофиялану (вакуольді және баллонды), спонгиоздану сияқты патогистологиялық өзгерістердің нәтижесінде дамиды.

Кеуектену немесе спонгиоздану (spongiosis) –жабынды эпителийдің тікенекті қабат жасушаларының арасында сұйықтықтың жиналып, жасушааралық кеңістіктерді керіп кеңейтуі.

3-сурет Вакуольді дистрофиялану. Сайт-http://stomatologist.org/
Вакуольді дистрофиялану (вакуольная дистрофия) – базальды және тікенекті қабат жасушаларының ішінде сұйықтықтың жиналуы нәтижесінде олардың бұзылысқа ұшырауымен сипатталатын патогистологиялық үрдіс(3-сурет)Баллонды дистрофиялану(баллонирующая дистрофия,баллонная дистрофия)тікенекті қабат жасушаларында сұйықтықтың                                                                                 жиналуынан олар домалақ шар пішіндес болып үлкейеді және

 клеткааралық байланыстың үзілуі әсерінен жиналған жасушааралық сұйықтықта жүзіп жүреді. Осының нәтижесінде жасушаларда колликвациялық өліеттену дамиды. Көпіршік бөрткендер көбінесе жұқпалы вирустық аурулар кезінде шығады. Іші іріңді жалқыққа толған көпіршікті іріңдік (гнойничок-pustula) деп атайды.

Күлбіреуік (пузырь – bulla) – қуысты жалқықты бөрткен, диаметрі 5 мм-ден үлкен, эпителий ішінде немесе астында біраз мөлшерде сұйықтықтың жиналуы нәтижесінде пайда болады. Күлбіреуік бөрткенде де көпіршік сияқты қабық болады. Орналасу тереңдігіне байланысты қабығы қалың (эпителий астында орналасқанда) немесе жұқа болады (эпителий ішінде орналасқанда) және тез тесіледі (-сурет). Күлбіреуіктің ішіндегі сұйықтығы бірде мөлдір, бірде сары-бал түсті немесе лай түстес болады, кейде қанды-сарысулы сұйық та кездеседі. Күлбіреуік тесілгеннен кейін орнында тыртықсыз жазылатын жұқа жара – эрозия пайда болады. Эпителий ішіндегі күлбіреуік көбіне акантолиздену үрдісінің нәтижесінде дамиды.

 

 

4-сурет. Акантолиздену. Сайт-http://stomatologist.org/
Акантолиздену – (acantolysis) тікенекті қабат жасушааралық заттың лизиске (ыдырауға) ұшырауы нәтижесінде олардың бір-бірімен байланысы үзіліп, араларында жалқыққа толған кеңістіктің пайда болуы. Осының әсерінен біртіндеп күлбіреуік қалыптасады. Тікенекті қабат жасушалары домалақ пішінге ие болып, көлемі кішірейеді, керісінше жасуша ядросының көлемі үлкейеді. Мұндай үрдістің дамуы иммундық механизмдерге байланысты және көбінесе күлбіреуікше ауруы кезінде кездеседі.

Іріңдік (гнойничок – pustula) – іші іріңді жалқыққа толы, жарты шарға ұқсас шағын қуысты бөрткен (шие дәнінің көлеміндей). Теріде жиі кездеседі, эпителий жасушаларының өліеттенуі нәтижесінде дамиды, кейде көпіршіктің сұйығы да екіншілік инфекцияның әсерінен сарғыш-жасыл түсті іріңді жалқыққа айналуы мүмкін. Қабығы жұқа ішінде іріңді жалқығы бар күлбіреуік фликтена (phlictena) деп аталады.

Киста (жылауық – cysta) - әр түрлі көлемді қабырғалары эпителий қабатымен төселген, дәнекер тіннен тұратын қабығы бар қуысты құрылым. Даму ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді: ретенциялық, фолликулярлық және түбір кистасы немесе радикулярлық киста.

Абсцесс (abscessus) – жұмсақ тіндердің терең қабатында іріңді жалқықтың жиналуынан дамыған қуысты құрылым.

 

Біріншілік инфильтративті бөрткендер (патоморфологиялық элементтер)

5-сурет. Түйіншек.1-эпителий қабаты. 2-өзіндік қабат.3-эпителидің төмпешігі. сайт-http://stomatologist.org/

Түйіншек (узелок – papula) – қуыссыз бөрткен, қабыну әсерінен дамиды, эпителийдің төменгі және дәнекер тіннің бүртікті қабаттарында шағын аймақта (көлемі 5 мм-ге дейін) жасушалар шоғырлануынан (инфильтрат құрылуынан) пайда болады. Кілегей қабық және тері беттерінен аздап көтеріңкі орналасады, түсі мен тығыздығы әр түрлі болады (аурудың клиникасына байланысты). Беттері жазық, конусқа ұқсас, жарты шарға немесе күмбезге ұқсас, пішіндері домалақ немесе көпбұрышты (полигональды) болып келеді. Ауыз ішінде орналасқан түіншіктер кілегейлі қабық бетінен сәл ғана көтеріңкі орналасады, беттері жазық келеді; көлемі де аса үлкен болмайды (тары және күріш дәндерінің көлеміндей-ақ). Кейбір аурулар кезінде (қызыл жалпақ теміреткі) топтаса бірігіп, тоға (бляшка – plaquae) құрайды. Ауыз кілегей қабығында жалпақ папулалар орын алады. Әр түрлі тітіркендіруші ықпалдар әсерінен беттері эрозиялануы, кейде көлемдері ұлғаюы (гипертрофиялануы) мүмкін.

Түйіншектің құрылуы эпителийдегі (эпидермисте) әр түрлі патогистологиялық үрдістермен (гиперкератоздану, паракератоздану, акантоздану, гранулездену, папилломатоз, қабынбалық инфильтрация) байланысты.

Гиперкератоздану – мүйізгекті қабаттың қалыңдауына әкеліп соғатын шамадан тыс мүйізгектену үрдісі. Кератоздану-мүйізгектенбейтін аймақта мүйізгекті қабаттың пайда болуымен сипатталатын патогистологиялық үрдіс (лейкоплакия кезінде).

6-сурет. Гиперкератоздану үрдісі. Эпителийдің түлеуі. Сайт-http://stomatologist.org/
 
Паракератоздану– мүйізгектену үрдісінің бұзылуы, кератогиалин мен элеидин құрылу сатысының жойылуы. Паракератоздану кезінде кілегейлі қабықта түйіршікті қабат, теріде жылтыр қабат құрылмайды және мүйізгекті қабат жасушаларында ядролар сақталады. Мүйізгекті қабат жасушаларында жабысқақ зат – кератин жойылады, соның нәтижесінде жедел түлеу үрдісі байқалады (ерін қабынулары кезінде ерін жиектерінде қабыршақтардың пайда болуы). Ауыз кілегейлі қабығы гиперкератоздану және паракератоздану әсерінен ақ-сұр түстенеді бетінде мүйізгекті жарғақ пайда болады.

 

Акантоздану (7-сурет).  – тікенекті қабат жасушаларының қатарларының көбеюі (5-6 қабаттан 40-қа дейін), дәнекер тін бүртіктері аралық эпителий өсінділерінің дәнекер тінге қарай ұзаруымен сипатталатын патологиялық үрдіс (7-cурет).

   7-сурет. Акантоздану үрдісі. Сайт-http://stomatologist.org/
Гранулездену – түйіршікті қабаттың қалыңдауы, кейде ол 1-2 қатар емес 3-4 қатарлы жасушалар қабатынан тұрады.

 

 

              

Бұдырмақ (бугорок – tuberculum) қуыссыз, инфильтративті бөрткен, терінің торлы, нағыз кілегейлі қабықтың төменгі қабаттарында біраз көлемді жасушалар шоғырлануынан пайда болады, төңірегіндегі тіндерден көтеріңкі орналасады, пішіні жарты шарға,    конусқа немесе күмбезге (куполға) ұқсайды, көлемі көк бұршақ пен шие дәнінің көлеміндей, түсі әртүрлі (ауруға байланысты), шашырай немесе топтаса орналасады (8-сурет).


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 245; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!