Сипап тексеру (ощупывание или пальпация - palpacio ) 13 страница



І. Тістердің фолликулярлық дамуы кезінде пайда болатын немесе тістер шыққанға дейін дамитын қатты тіндерінің жарақаттары:

· тістер гипоплазиясы;

· тістер гиперплазиясы;

· тістердің эндемиялық флюорозы;

· пішіндері мен көлемдерінің ауытқуы;

· тістердің түсінің бұзылуы;

· тістердің дамуының тұқымқуалаушылық әсерінен бұзылуы.

ІІ. Тістер шыққаннан кейін дамитын қатты тіндерінің жарақаттары:

· тістердің пигментациялануы және қақтары;

· қатты тіндерінің қажалуы,

· сынаға ұқсас ақау;

· тістер эрозиясы;

· тістердің қатты тіндерінің некроздануы;

· тістер зақымы;

· тістердің жоғары сезімталдығы.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ – ВОЗ) ұсынған топтастыру нәтижесінде құрылған жүйе:

І. Тістердің дамуы мен шығуының бұзылуы:

· Тістердің көлемі мен пішінің ауытқулары – тістердің бітіліп кетуі, бірігіп кетуі, бір-бірінің ішіне еніп кетуі (инвагинация зубов), кіреуке тамшылары.

· Теңбіл тістер – кіреукенің эндемиялық теңбілдігі (флюороз).

· Тістің қалыптасуының бұзылуы – кіреуке гипоплазиясы (пренатальдық гипоплазия, неонаталдық гипоплазия, Турнер тісі).

· Тістердің құрылысының тұқым қуалаушылық әсерінен бұзылуы – жетілмеген амелодентиногенез және одонтогенез.

· Туа дамыған мерез – Гетчинсон тістері, тутовые моляры -  азу тістер.

· Тістер дамуының басқа да бұзылыстары – резускеліспеушілік әсерінен тістің түсінің өзгеруі, билиарлық жүйенің ақаулы дамуынан, тетрациклин қабылдау әсерінен өзгеруі.

ІІ. Тістердің қатты тіндерінің жарақаттануы.

·  Шамадан тыс қажалу.

·  Тістердің зиянды әдеттер, кәсіби мамандық зияндықтары, тазалау және ұлттық әдет- ғұрыптар әсерінен қажалуы.

·  Эрозия.

·  Тістердің түсінің шықаннан кейін бұзылуы - металдар, металды қоспалар ұлпаға қан құйылу әсерінен.

·  Тістің қатты тіндерінің басқалай жарақаттары – сәуле әсерінен кіреукенің өзгеруі, дентиннің сезімталдығы.

 

ІІІ. Ауыз ағзаларының ішкі құрылымдарының бұзылуы.

·  Тіс сауытының кіреуке деңгейінде, дентин деңгейінде сынуы, ұлпаның ашылып қалуы.

·  Тіс түбірінің сынуы.

·  Тістің таюы (орнынан таюы).

 

4.1.Тістердің шыққанға дейінгі аурулары.

Тістер гипоплазиясы (гипоплазия зубов).Дәрігер-стоматологтың тәжірибесінде тіс кіреукесінің нашар дамуы немесе толық жетілмеуі-кіреуке гипоплазиясы жиірек кездеседі..

1- сурет.  Тістердің жүйелі гипоплазиясы,кіреукенің,дамымай қалуы , жиектік түрі
Біраз ғалымдардың ұйғаруынша, тістің қатты тіндерінің, оның ішінде кіреуке гипоплазиясының дамуы энамелобласттардың кіреукені құру үрдісінің бұзылуы немесе кіреуке призмаларының минералдану үрдісінің нашарлауымен тікелей байланысты.

В. М. Грошиковтың (1985) ұйғаруынша, тіс тіндерінің гипоплазиясы тіс ұрықтарында метаболиттік үрдістердің төмендеуі (минералды және белокты зат алмасудың бұзылуы ) және тіс ұрығына жергілікті зиянды ықпалдар әсер етуі нәтижесінде дамиды.

В.К.Патрикеевтің (1967) болжамына сүйенсек, тіс гипоплазиясының дамуында минералдану үрдісінің бұзылуы ғана емес, бірінші орында энамелобласттардың қызметінің баяулауына байланысты кіреукенің белокты матрицасының құрылуының тежелуі басым рөл атқарады.

Гипоплазия кезінде кіреукенің толық қалыптаспай немесе жетілмей қалуы – қайта қалпына келмейтін патологиялық үрдіс және оның нәтижесінде пайда болған әртүрлі ақаулар кіреукеде өмір бойы сақталады.

Кіреуке гипоплазиясы сүт тістерінде өте сирек, ал тұрақты тістерде жиірек кездеседі. Бала ана жатырында жатқанда дамитын сүт тістері гипоплазиясының қалыптасуы екіқабат әйелдің организміндегі әртүрлі зат алмасу үрдістерінің бұзылуына байланысты. Ал бала туғаннан кейін 5-6 айда қалыптаса бастайтын тұрақты тістер гипоплазиясының дамуы жас нәресте организмінде әртүрлі патологиялық үрдістердің орын алуымен тығыз байланысты.

Тұрақты тістер гипоплазиясы тістің қатты тіндерінің қалыптасуы және минералдануы кезінде төмендегі аурулармен (рахит, тетания, жұқпалы және асқорыту жолдары , эндокриндік жүйе аурулары, алиментарлық дистрофия, мидағы функциональдық және органикалық өзгерістер) ауырған балаларда жиі кездеседі.

Тұрақты тістердегі гипопластикалық ақаулардың 60% жас баланың алғашқы өмірінің тоғыз айында дамиды және гипоплазия ошақтарының орналасу деңгейлері, әр топтағы тістердің жарақаттануы баланың ауырған жасымен тікелей байланысты. Егер бала дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда ауырса, гипоплазия ошақтары орталық күрек тістердің тістеу қырларында, бірінші үлкен азу тістердің төмпешіктерінде орын алады, себебі бұл тістер бала өмірге келгеннен кейінгі 5-6 айда қалыптаса бастайды. Осыған байланысты бала өмірінің 8-9- айында ауырса, гипоплазия ошағы бүйір күрек тістер мен сүйір тістердің тістеу қырларында (олар осы айларда қалыптаса бастайды) орналасады.

Баланың сырқаты ауыр және ұзаққа созылған жағдайда, кіреукедегі өзгерістер тіс сауыттарын толықтай алып жатады. Гипоплазия кезіндегі тіс тіндері жарақаттарының ауырлығы бала организмінде байқалған зат алмасу үрдістерінің бұзылу деңгейіне байланысты болады.

Бір уақыт аралығында дамыған біраз топтағы тістер гипоплазиясын жүйелі гипоплазия (системная гипоплазия), ал бір немесе бір-екі тісте орын алатын болса, жергілікті гипоплазия (местная гипоплазия) деп атайды.

Жүйелі гипоплазия (системная гипоплазия)

 Жүйелі гипоплазияның үш клиникалық түрін ажыратады: 1)кіреукенің түсінің өзгеруі (изменение цвета); 2) жетілмей қалуы (недоразвитие); 3) қалыптаспауы немесе дамымай қалуы (аплазия).

2-сурет. Жүйелі гипоплазия,нүктелі-дақты түрі
Кіреукенің түсін өзгертетін және жеңіл түрі – дақты гипоплазия (пятнистая гипоплазия). Дақтардың түсі көбінесе аппақ борға немесе әкке ұқсайды, көлемдері әртүрлі, сауыт беттерінде шашыла (көбіне ерін, ұрт беттерінде) немесе тұтаса орналасады. Дақтардың жиектері анық, беттері тегіс, органикалық бояулармен боялмайды және өзгермей өмір бойы сақталады.

Тіс гипоплазиясының ауыр түрі – кіреукенің құрылымын бұзатын түрі төмендегідей болып бөлінеді:

· толқынды гипоплазия (волнистая гипоплазия);

· жүлгелі-сайлы гипоплазия ( бороздчатая гипоплазия),

· нүктелі гипоплазия (точечная гипоплазия);

· шәшкеге (тостағанға)  ұқсас гипоплазия (чашеобразная гипоплазия);

· баспалдаққа ұқсас гипоплазия (лестничная гипоплазия).

 

Толқынды гипоплазия кезінде сауыт бетінде қалыпты кіреуке аймағы мен нашар дамыған аймағы жіңішке жолақ тәрізді алмасып отырады және тісті тек бүйір бетінен қараған кезде ғана байқалады. Нүктелі гипоплазия кезінде ұсақ көлемді нүктелі ойықтар тіс сауытының әртүрлі деңгейінде орналасады (2-cурет). Жүре-жүре нүктелі ақау ошағындағы кіреуке қоңыр немесе қара түске боялуы мүмкін, бірақ кіреукенің тығыздығы мен тегістігі сақталады. Кейде гипоплазия сауыт бетінде бірлі-жарымды жіңішке науаға ұқсас сай түрінде кездеседі ( тіс сауытын буып қойғандай көрініс береді). Мұндай сайлар біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін және олар қалыпты кіреуке аймағымен алмасып отырады. Егер осындай сайлар сауытты түгел жаба орналасса, тіс беті баспалдаққа ұқсап қалады. Бұл кезде сайлардың қабырғалары мен табанында жұқа кіреуке қабаты сақталады, беті тегіс және жылтыр болады.

Шәшкеге ұқсас гипоплазия кезінде сауыт беттерінде домалақ немесе сопақ пішінді диаметрлері 1,0-2,0 мм ойықтар кездеседі. Олардың табандарында кіреуке жұқа қабат түрінде кездеседі, кейде құрылмай қалуы да мүмкін (аплазия). Мұндай жағдайда ақаудың табаны пигменттеледі және көпшілік жағдайда тісжегімен асқынады.

Гипоплазияның сирек кездесетін түрі – оның дамымай қалуы (аплазия). Бұл түрі тістер сауыттарының кейбір аймақтарында (тістеу қырларында, шайнау төмпешіктерінде, гипоплазиялық сайлардың табандарында) кіреукенің құрылмай қалуымен сипатталады. Көпшілік жағдайда кіреуке күрек тістердің тістеу қырында дамымай қалады (1-сурет) . Бұл кезде тіс бір-біріне кигізіліп қойған қос сауытты (ішкі сауыты тарлау және шығыңқы) пішінге ие болады. Сирек жағдайларда тістерде аталған гипоплазия түрлерінің бірнешеуі кездесуі мүмкін. Мұндай үрдісті аралас тіс гипоплазиясы (смешанная гипоплазия зубов) деп атауға болады.

Гистологиялық зерттеулер кезінде гипопластикалық өзгеріске ұшыраған тіс кіреукесінде призма аралық кеңістіктерінің үлкейгені, Ретциус жолақтарының кеңейіп, призма шекараларының анықтығы жойылғаны байқалады. Нүктелі гипоплазия кезінде дентинде де өзгерістер анықталады: шарлар аралық кеңістікті белдеу кеңейген, орынбасушы дентиннің қарқынды құрылуы байқалады. Ұлпада жасушалық құрылымдар азайған, нервтік элементтерде дегенерациялық өзгерістер орын алады.

Жүйелі гипоплазиялық тістерге Гетчинсон, Фурнье және Пфлюгер тістерін жатқызуға болады.

 

Гетчинсон тістері (зубы Гетчинсона) – бөшкеге немесе бұрандаға ұқсас орталық жоғарғы күрек тістер, мойын бөліктері тістеу қырынан кең, тістеу қырларында жарты айға ұқсас ойықтары бар. Ойықтардың табанының тереңдеу аймағы кіреукемен жабылмауы да мүмкін.

Фурнье тістері (зубы Фурнье) – бөшкеге ұқсас орталық күрек тістер, бірақ тістеу қырларында ойықтары жоқ .

3-сурет. а-Гетчинсон тістері. сайт-med-brand.ru
Ертеректе Гетчинсон және Фурнье тістері туа дамыған мерез кезінде орын алады және осы аурудың үш белгісінің (паренхиматозды кератит, тумыстан болған құлақ естімеушілік, Гетчинсон тістері) бірі деп тұжырымдаған. Кейінірек дәлелденгендей, мұндай тістер мерезден басқа да организмнің созылмалы уыттануын туындататын аурулар кезінде орын алатыны анықталған.

Пфлюгер тістері – сауытының мойын деңгейіндегі диаметрі шайнау бетінің диаметрінен үлкен, шайнау төмпешіктері нашар дамыған, бір-бірімен бірігіп тіс сауытына конусқа ұқсас пішін беретін бірінші үлкен азу тістер. Бұл тістер де туа дамыған созылмалы мерез инфекциясының әсерінен дамиды деген болжамдар бар.

Тіс гипоплазиясының салыстырмалы диагностикасы.

Тіс гипоплазиясын дақты және жоғары тісжегіден, тіс флюорозынан, тістің әртүрлі ақауларынан (сынаға ұқсас ақау, кіреуке эрозиясы, кіреуке некрозы) ажырату керек. Тісжегі дақтары көбіне жалғыз болады және белгілі аймақтарда орналасады (тістердің мойны, шайнау және жанасу беттері), ал гипоплазия дақтары көптеп кездеседі және тістердің кез-келген беттерінде симметриялы орналасады. Тіс тіндерін метилен көгінің 2% ертіндісімен ауыз ішінде бояу кезінде (прижизненное окрашивание зубов) гипоплазия дағы боялмайды, беті жылтыр, ал тісжегі дағы күңгірт және көк түске боялады.

Жоғарғы тісжегіні гипоплазиялық ақаулардан ажырату үшін сүңгілеу әдісін жүргізеді. Жоғарғы тісжегі кезінде кіреукенің бүтіндігі бұзылған, беті кедір-бұдыр, сүңгінің ұшы тісжег қуысына еніп кетеді немесе ілініп қалады, ал гипоплазиялық ақаулардың қабырғаларында кіреуке сақталған, жылтыр және беті жазық келеді. Сонымен қатар анамнез жинау кезінде алынған мәліметтердің де маңыздылығына мән беру керек.

 


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 279; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!