Жетілмеген остеогенез (несовершенный остеогенез) 9 страница



Егеп-тазаланған тісжегі қуысында төмендегі элементтер қалыптасады: а) жиегі, қабырғалары, бұрыштары және табаны. Табаны деп қуыстың ұлпаға қараған қабырғасын атайды.

Барлық тісжегі қуыстарын егеп-тазалаған кезде ұстанатын ережелер:

· қуыстың табаны мен бүйір қабырғалары арасындағы бұрыш тік (90º) болуы қажет;

· көрші қабырғалар арасындағы бұрыш тік (90º) немесе доғал (120º), толығырақ айтқанда өте анық болу керек;

· қабырғалары мен жиегі және табаны тегіс және жазық (ровный и гладкий) болу керек. Тек терең тісжегінің табанын өңдеген кезде бұл ереже сақталмауы мүмкін. Өйткені табанға жақын орналасқан ұлпаны ашып алмау үшін табанын кейде ойыс немесе дөңес (тісжегі қуысының орналасу ерекшелігіне байланысты) етіп қалыптастырады.

Қазіргі кезде тісжегі қуысын егеп тазалау үшін бордың (бұрғының) бір минуттік айналысына әртүрлі жылдамдық беретін баяу айналымды (10000-30000- дейін) микромоторлық және өте жоғары айналымды (3000000) турбиналы ұштықтар қолданылады. Олармен жұмыс істеу дәрігерден үлкен біліктілікті және шеберлікті қажет етеді. Тісжегі қуысын егеп-тазалаудың әрбір кезеңін орындағанда оларды тиімді қолдану керек. Мысалы, тісжегі қуысын ашу, пішін беру кезінде турбиналық ұштықпен, ал жұмсарған дентинді алу, терең қуыстың табанын өңдеу кезінде баяуырақ айналатын ұштықпен жұмыс істеген тиімді.

Егеп-тазаланған тісжегі қуыстарының пішіні бес класқа байланысты әртүрлі болады.

 

 

1-сурет. 1 класс бойынша егеліп-тазаланған тісжегі қуысы. Сайт- http://www.newreferat.com/
І кластық тісжегі қуыстарының пішіні емделу жүргізілетін (кіші және үлкен азу тіс) және тісжегімен жарақаттанған табиғи жүлгелер мен ойықтардың орналасу ерекшеліктеріне де байланысты. Осыған сай қуыстың пішіні төрт бұрышқа, үшбұрышқа, ромбыға (1-сурет), цилиндрге және қосу белгісіне ұқсас болуы мүмкін. Кіші және үлкен азу тістердің шайнау бетіндегі тісжегі қуыстарын егеп тазалағанда барлық жүлгелерді (фиссураларды) мұқият тексеріп, күмән туғызған жағдайда толық ашу керек. Үлкен азу тістің шайнау бетінде және ұрт жақ бетіндегі ойықта тісжегі қуыстары пайда болып, екі қуысаралық тіндер жұқарып кетсе, оларды біріктіріп егеп-тазалауға болады және олардың деңгейлері бірдей болмаса, табандарын сатыға ұқсатып, бір-бірімен тік бұрыш жасай қалыптастыруға болады (2-сурет). Ал жоғарғы екінші күрек тістің таңдай жақ бетіндегі тұйық тесікте және төменгі үлкен азу тістердің ұрт жақ беттеріндегі, жоғарғы үлкен азу тістердің таңдай жақ беттеріндегі ойықтарда жеке дамыған тісжегі қуыстарын егеп-тазалаған кезде оларға цилиндрге ұқсас немесе сопақ пішін береді (3-cурет).

Азу тістердің шайнау беттеріндегі тісжегі қуысын және оның төңірегіндегі күмәнді жүлгелерді қоса ашып егеп-тазалаған кезде олардың табандарының тереңдіктері бірдей болмауы мүмкін. Бұндай жағдайда бұзылмаған тіс тіндерін сақтау үшін қуыстардың табандарын сатыға ұқсас етіп қалыптастырады. Егерде шайнау бетіндегі тісжегі қуысы бірнешеу (2-3) болса және олардың арасындағы қатты тіндерден тұратын қабырға қалың болса, әрқайсысын жеке-жеке егеп-тазалайды.

Екінші кластық тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың бірнеше ерекшеліктері бар. Егерде көрші тіс болмаған жағдайда тісжегі қуысына еркін енуге мүмкіншілік болса, оны шайнау бетіне шығармай-ақ егеп тазалайды және дайын қуыстың пішіні төртбұрышқа ұқсас, домалақ немесе сопақ пішінді болуы мүмкін. Көрші тіс болған жағдайда немесе қуысқа еркін ену мүмкіндігі бола тұра, оның шайнау жақ қабырғасы өте жұқарған болса, тісжегі қуысын шайнау беті арқылы ашады. Алмас үгінділерімен жабылған немесе қатты қоспадан жасалған өткір борлардың көмегімен қуыс үстінен тесік жасап барып, оны кеңейту арқылы қуысқа енеді. Одан кейінгі шараларды тісжегі қуысын егеп-тазалаудың кезеңдеріне сай жүргізеді және олардың деңгейлері бірдей болмаса, табандарын сатыға ұқсатып, тік бұрышты етіп қалыптастыруға болады.

Бұл кезде қуыстың табаны тік және жазық болады, қызылиек жақ қабырғасын табанына тік бұрыш немесе сүйір бұрыш жасай отырып қалыптастырады (қызылиек бүртігін жарақаттап алмас үшін). Қатты тіндерге аса көп күш түсірмеу үшін қуыстың табаны мен қызылиек қабырғасының қосылған жеріндегі бұрышты аздап доғалдандыруға да болады. Мұндағы тағы бір ерекшелік, шайнау күшінің тіс тіндері мен пломбыға тепе-тең бөлініп, пломбының ұзақ тұруы үшін шайнау бетінде қосымша алаң жасау қажет. Қосымша алаңның ұзындығы шайнау бетінің ұзындығының ⅓-½ бөлігіне, ені негізгі қуыстың еніне тең болуы, ал табаны кіреуке-дентин шекарасынан 1-2 мм төмен орналасуы керек. Қосымша алаңның пішіні әртүрлі (тік бұрышқа, трапецияға, қарлығаштың құйрығына ұқсас) болуы мүмкін.

Егер үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттерінің екеуінде де тісжегі қуысы пайда болған болса, онда оларға шайнау бетінде ортақ қосымша алаң жасалады (2-сурет).

2-сурет. Кіші азу тістің жанасу беттерінде 2- класс бойынша егеліп-тазаланып, ортақ қосымша алаң құрылған тісжегі қуыстары.сайт- http://www.newreferat.com/
Аталған тістердің жанасу беттерінде тіс экваторынан төмен орналасқан тісжегі қуысын көрші тіс болмаған жағдайда V класқа тиісті ереже бойынша егеп-тазалайды, ал көрші тіс болған кезде біраз бұзылмаған қатты тіндерді егеп ала отырып, шайнау бетіне шығаруға тура келеді.

Кейде ІІ кластық тісжегі қуысын ұлғая қабынған қызылиек бүртігі жартылай немесе толық жауып қалуы мүмкін. Бұл кезде егеп-тазалауды қызылиек бүртігін кесіп, немесе диатермокоагуляциялап алып тастағаннан орындайды.

Кейде ІІ кластық тісжегі қуысын тоннельді әдісті қолдана отырып, егеп- тазалауға болады (Радлинский С. В.,1996).

Тоннельді егеп-тазалау әдісі.

Бұл әдіс кезінде тісжегі қуысын шайнау беті (окклюзиялық беті) арқылы тісжегі қуысына жақын орналасқан үшбұрышты ойық аймағында шайнау бетінің жанасу бетіне ауысатын қырындағы біліктен 2-2,5мм шегіне отырып, аса үлкен емес бордың көмегімен тісжегі қуысына қарай тоннель жасап ашады да тісжегі қуысын қағидаға сай егеп-тазалайды. Бұл әдіс аса үлкен емес екінші кластық тісжегі қуыстары тістің экватор аймағында немесе одан төменірек орналасқн жағдайда қолданылады және шайнау бетіндегі апроксимальды білік сақталынады. Әдістің кемшін жағы тісжегі қуысын көзбен көріп, егеп-тазалау кезеңдерін толық бақылаудың қиындығы және осыған байланысты тіс ұлпасын ашып алу қаупінің жоғары болуы. Екінші кластық тісжегі қуыстарының таңдай немесе ұрт жақ қабырғалары аса жұқарған жағдайда тісжегі қуысын ашуды осы беттер арқылы орындауға мүмкіншілік туады.

3-сурет. 3- класс бойынша егеліп-тазаланған тісжегі қуысы.сайт- http://www.newreferat.com/
Үшінші кластық тісжегі қуысын егеп-тазалаудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер оның орналасу жағдайына және жарақат ошағының аумағына байланысты. Егер тісжегі қуысына еркін ену мүмкіндігі болса, жарақат ошағына сай оған үшбұрыш пішін бере отырып егеп-тазалайды. Тістер тығыз орналасқан және көрші тіс болған жағдайда тісжегі қуысына жол ашып алады. Ол үшін таңдай немесе тіл жақ бетінен тісжегі аймағындағы бұзылмаған кіреуке мен дентин қабатын алып тастап, қуысты аталмыш беттерге шығарып алғаннан кейін ережеге сай егеп-тазалайды. Қуыстың ерін жақ қабырғасындағы бұзылмаған кіреукені барынша сақтап қалуға тырысу керек.

Үшбұрыштың табанын қызылиек қабырғасы, екі бүйір қабырғаларын ерін және ұрт немесе тіл жақ қабырғалары құрайды, ал өткір бұрышы немесе шыңы тістеу қырына бағыттала орналасады. Кейде тісжегі қуысының қабырғалары керісінше орналасуы да мүмкін (3-сурет). Егер тісжегі әсерінен тістің тек жанасу беті ғана емес, ерін және тіл жақ беттері де бұзылған болса, әр беттегі қуысты бір-бірімен байланыстыра отырып егеп-тазалайды. Бұл кезде жанасу бетіндегі қуыстың табаны ерін және тіл жақ беттеріндегі қосымша қуыстардың табанына доғал бұрыш жасай орналасуы керек (3-сурет) .

4-сурет. Егеліп-тазаланған 2-кластық тісжегі қуысы, шайнау бетінде қосымша алаң жасалған. .a)негізгі қуыс; б) қосымша алаң.1.Кіреуке жиегі; 2.Кіреуке дентин шекрасы:3.негізгі және қосымша қуыстар табандары.сайт- http://www.newreferat.com/
Егер тісжегі қуысы аса терең болмай, пломбы ұзақ тұрмайтындай жағдай болса, тістің таңдай немесе тіл жақ бетінде ІІ кластық қуысты егеп-тазалау ережесіне сай қосымша алаң жасайды (4-сурет).

Төртінші кластық тісжегі қуысы кезінде де негізгі қуысты ІІІ кластық қуысты егеп-тазалау ережесі бойынша үшбұрыш пішінді етіп өңдейді және міндетті түрде қосымша алаң жасайды.

 

5-cурет. 4- класс бойынша егеліп- тазаланған тісжегі қуысы.сайт- http://www.newreferat.com/

 Егер тістің тістеу қыры қатты қажалған болса, қосымша алаңды тікбұрыш пішінінде тістеу қырында, тістеу қырына жақын тіл немесе таңдай жақ бетінде жасайды. Қосымша қуыстың ені аталмыш беттердің ¼ аумағын алып жатуы керек, биіктігі негізгі қуыс биіктігіне сай немесе одан аласа болады, ал пішінін төртбұрышқа, трапецияға ұқсас, кейде бүйрек пішіндес етіп жасауға да болады (5-сурет). Пломбының жақсы бекуі үшін қабырғаларында арнаулы ретенциялық құрылымдар (ойықтар, жүлгелер) жасауға тура келеді. Егер тістің ұлпасы тірі болса, пломбының жақсы тұруы үшін парапульпарлық штифтерді, ал ұлпасы алынған тістерде өзекішілік штифтерді пайдалануға да болады.

6-сурет. 5- класс бойынша егеп-тазаланған тісжегі қуысы.сайт- http://www.newreferat.com/
Бесінші кластық тісжегі қуысын жалпы ережеге сай егеп-тазалап, әртүрлі пішін (сопақ, жарты ай, бүйрекке ұқсас) береді (6-сурет). Ең маңыздысы– қуыс қабырғалары мен табанының арасындағы бұрыш тік болуы керек. Пломбының жақсы тұруы үшін бұл жағдайда да қуыстың бүйір қабырғаларында ретенциялық құрылымдар жасауға болады. Кейде қуыс қызылиек астына кеңейе ораналасқан кезде егеп-тазалау қиындайды. Сондықтан егеп-тазалар алдында уақытша жансыздандырғаннан кейін қызылиек жиегін коагуляциялап алып тастайды. Ескеретін жағдай, ретенциялық құрылымдар жасау қолданылатын пломбылық материалға байланысты. Композиттік пломбылық материалдар қолданылатын жағдайда ретенциялық құрылымдар жасау қажеттілігі жойылады. Дегенмен де ауылдық жерлерде композиттік материалдарға деген сұраныс төмен және оған кез-келген тұрғынның мүмкіндігі бола бермейді.

Атипиялық тісжегі қуыстарын (VI класс) егеп-тазалаған кезде бірнеше кластың элементтерін ұқсата қолданған жөн. Мысалы, айналма тісжегіні (циркулярный кариес) егеп-тазалаған кезде V кластық қуыстардың бірнеше элементтері біріктіріледі. Бір азу тісте І және ІІ кластық тісжегі қуыстары орналасқан кезде біріншісін екіншісіне қосымша алаң ретінде егеп тазалауға болады.

Тістердің ұрт жақ және шайнау төмпешіктеерінде орналасқан тісжегіден басқа жарақаттар ошақтарындағы кіреуке қабатын егеп-тегістеу үрдісімен қатар І немесе ІІ-ІІІ кластар бойынша егеп-тазалау әдістері де қолданылуы мүмкін.

Композиттік материалдардан пломбы қойылатын жағдайда тісжегі қуыстарын егеп-тазалау ерекшеліктері.

Тісжегі қуысына композиттік материалдардан пломбы қойылатын кезде тістің қатты тіндерін егеп-тазалаудың қалыптасқан әдістен басқа ерекшеліктері бар. Дәстүрлі әдіс (традиционный метод) кезінде қалай болса да қуыста пломбының механикалық жолмен дұрыс бекуі көзделеді. Ал композиттік материалдар тіс тіндерімен берік механикалық байланыс қана емес, химиялық байланыс құратын болғандықтан, тісжегі қуысын егеп-тазалаудың барлық кезеңдерін ұстанудың және ретенциялық құрылымдар құрудың аса қажеттілігі болмайды.

    Тісжегі әсерінен бұзылған тіс сауытын композиттік материалдардың көмегімен қалпына келтіру (реставрациялау) мақсатында тіс тіндерін егеп-тазалаған кезде ұстанатын қағида – тістің бұзылмаған тіндерін барынша сақтап, тек жұмсарған және пигменттелген дентинді, түсі өзгерген кіреукені мұқият алып тастау. Сонымен қатар тісжегі қуысы жиегін бойлай отырып кіреуке 45º бұрышпен кесіліп алынады (фальц жасалынады) және бұл шара III, IV кластық тісжегі қуыстарында тістердің ерін жақ беттерінде, ал V кластық тісжегі қуысында (алдыңғы тістерде) қуыс жиегін айналдыра жүргізіледі. Мұның өзі композиттің жиектік жабысуын жоғарылату және кіреуке-композит шекарасын көрсетпеу немесе жасыру (нивелировать) мақсатында істеледі.

Тісжегі қуыстарын егеп-тазалау және қалпына келтірілген тіс беттерін өңдеу үшін карбидті және алмас үгіндісімен жабылған борлар қолданылады. Борлардың пішініне байланысты оларды шығаратын фирмалар өз белгілерін береді: борлардың сабында бекітілген қара, көк және жасыл жолақтар тек егеп-тазалайтын борларға тиісті. Саптарында қызыл, сары және ақ жолақтар бекітілгендері – мәрелік борлар (финишные боры), олармен тіс беттерінің пломбының көмегімен қалпына келтірілген аймақтары немесе пломбы беті өңделеді (әрленеді).

Тіс тіндерін егеп-тазалау салқындатқышпен қамтамасыз етілген турбиналық ұштықтардың көмегімен орындалады. Турбиналық ұштықпен сусыз жұмыс істеу тіс тіндерінің қатты қызып кетуіне, бордың алмасты жабындысының жанып кетуіне және ұштықтың тез істен шығуына әкеліп соғады.

Тісжегі қуысын композиттік материалмен пломбылауға арнайы егеп-тазалаған кезде қосымша әрекеттерді қажет ететін екі жағдай туындайды:

·өзгеріске ұшыраған дентинді егеп-тазалау кезінде дентин өзекшелері ашылып, олардан композиттік материалдың дентинге бекуін төмендететін сұйықтық ағады;

·дентинді егеп-тазалаған кезде қуыстың қабырғаларында дентин сынықтары мен үгінділерінен және микроорганизмдер жиынтығынан, дентиннің органикалық затының еруінен пайда болған заттар тобынан тұратын тығынды немесе «майлы-жағынды қабат» (смазанный слой – “Smaer layer”) қалыптасады.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 420; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!