Жетілмеген остеогенез (несовершенный остеогенез) 11 страница



Septoscell (Септосель) – оксифосфат цинкті цемент, жабысқақтық қасиеті өте жоғары, көлемінің тұрақтылығын сақтайды, қышқылдығы және ерігіштігі төмен. Аралық төсем ретінде тісжегі қуысының табанына төсеу үшін қолданылады.

Carboco (Карбоко) – карбоксилаттық цемент, мырыш тотығы-полиакрил қышқылы негізінде дайындалған, физико-химиялық қасиеттері өте тиімді және төмендегідей:

· дентинмен химиялық байланыс құру мүмкіндігі жоғары;

· сұйықтықта аз ғана ерігіштігі бар;

· ұлпаға зиянды әсері жоқ;

· қышқылды ортада тұрақты;

    Аралық төсем және ортопедиялық конструкцияларды бекіту үшін қолданылады.

Selfast (Сельфаст) – поликарбоксилатты цемент, дентинмен және металдармен байланыса алады, созылғыштығы және қаттылығы жоғары,

аралық төсем ретінде пайдаланылады.

 

 

2-сурет.  Ионобонд (аралық төсемге арналған шыныиономерлі цемент).
Ionobond (Ионобонд) – шыныиономерлі цемент, кіреуке мен дентинге жабысу қасиеті жоғары (2-сурет). . Аса көп қажалуға ұшырамайды және әртүрлі ортада ерімейді. Құрамынан фтор бөлу нәтижесінде екіншілік тісжегінің дамуын тежейді. Емдік төсем ретінде де пайдалануға болады. Ионобонд қуыста 3-4 минөттен кейін қатаяды және эвгенол құрамды дәрілік заттар мен материалдардың оңтайлы қасиеттерін төмендетеді.

Aqua Ionobond (Аква Ионобонд) – суға шыланатын шыныиномерлі цемент, кіреуке мен дентинге химиялық жолмен байланысады, механикалық әсерлерге төзімді, сұйық ортада ерігіштігі төмен, рентгенайқындық (рентгеноконтрастность) қасиеті жоғары және құрамынан тұрақты түрде фтор бөлінеді. Көбінесе аралық төсем ретінде қолданылады.

3-сурет. Ионосил.
Ionoseal (Ионосил) – аралық төсем үшін пайдаланылатын, сәуле әсерінен қатаятын шыныиномерлі цемент (3-сурет). Галоген сәулесімен әсер еткенде 20-30 секөндте қатаяды. Дентинге және композиттік материалдарға жақсы жабысады, физико-химиялық қасиеттері жоғары, құрамынан ұзақ уақыт фторидтер бөлінеді. Материал тісжегі қуысының табанына шприц арқылы апарылып, қалыңдығы 1мм қабатпен төселіп болған соң 20-30 секөндке галоген сәулесі жіберіледі.

Argion (Аргион) – шыныиномерлі цемент, суға араластырылады, құрамында күміс бар. Кіреуке мен дентинге жақсы жабысады, сұйықта ерімейді. Құрамынан ұзақ уақыт фтор мен күміс бөледі, сондықтан екіншілік тісжегінің дамуын тежейді. Аргион сүт тістерін пломбылау, тістердің табиғи сызаттарын жабу үшін, азу тістерде аралық төсем ретінде, тіс тұқылдарын өсіру үшін пайдаланылады. Алдыңғы тістерде қолдануға болмайды, себебі құрамындағы күміс тіс тіндерінің түсін өзгертуі мүмкін.

Aqua Cenit (Аква Ценит) – құрамында аздаған композиті бар шыныиномерлі цемент, негізгі құрамы натрий-алюминий-кальций-фторлы шыныдан тұрады, рентген айқындылығы үшін арнаулы зат, ал сәуле әсерінен қатаю үшін полиакрилді компонент қосылады. Дентинге жабысқақтығы және биологиялық үйлесімділігі (биосовместимость) өте жоғары. Аралық төсем ретінде басқа материалдар да (Fuji 2, Base Line, Chemfil Superior, Chelon Fil ) қолданылады.

 

6.3.Емдік төсемдер.

Терең тісжегі қуысын егеп-тазалаған кезде оның табаны тіс ұлпасына тым жақын орналасады және оның 80% аумағын ішінде одонтобласттар өсінділері орналасқан дентин түтікшелері алып жатады. Аса сақтықпен және өте мұқият тазалағанның өзінде одонтобласт өсінділері жарақаттанады. Ал мұның өзі тіс ұлпасына зиянды әсерін тигізеді. Сонымен қатар кейде тісжегі қуысының табанында амалсыздан қалтырылатын жұмсарған дентиннің құрамындағы микроорганизмдер бөлетін уытты заттардың және органикалық заттардың ыдырауы нәтижесінде ортаның рН-ның өзгеруі ұлпаға тікелей әсер ететінін де жоққа шығаруға болмайды.

Сондықтан ұлпада дамуы мүмкін қабыну үрдісінің алдын алу және қабынуға қарсы әсер ету, жұмсарған дентинді қайта минералдандырып, орынбасушы дентиннің құрылуын жылдамдату үшін тісжегі қуысының табанына құрамында емдік дәрілері бар төсемдер салынады. Сондықтан да бұл төсемдер «емдік төсемдер» (лечебные прокладки) деп аталады.

Емдік төсемдер үшін қолданылатын материлдарға арнаулы талаптар қойылады:

·-қабынуға, микробтарға қарсы және одонтотроптық әсері болуы;

·-ұлпаны тітіркендірмеуі;

·-астындғы дентинмен жақсы герметикалық байланыс құру, тіс тіндерімен, аралық төсемдк және тұрақты пломбылық материалдармен жақсы байланысу:

·-тұрақты пломбылық материалдардың физико-химиялық қасиеттеріне сай болу.

 Емдік төсемдер терең тісжегіні емдеген кезде, ұлпаны кездейсоқ ашып алғанда (случайно вскрытая пульпа) және ұлпа қабынуларын ұлпаны толық және жартылай сақтап емдеу кезінде қолданады.

Қазіргі кезде емдік төсем ретінде құрамында кальций сутотығы (Ca (OH)2) бар препараттар қолданылып жүр. Кальций суоксидінің реакциясы (рН) сілтілі (12-14) болғандықтан, ол қабыну ошағындағы қышқыл рН-ты бейтараптандырып, ұлпада қан айналымын жақсартып, қабынуға қарсы әсер етеді және орынбасушы дентиннің құрылуын жеделдетеді. Сондықтан бұл төсемдер одонтотроптық емдік төсемдер деп аталады.

Кальций суоксиді құрамды материалдр әртүрлі дәрілік формада шығарылады:

·Кальций суоксидінің судағы суспензиясы.

·Кальций суоксилі негізді лактар.

·Химиялық жолмен қатаятын кальций-салицилатты цементтер.

·Сәулемен қатаятын кальций суоксиді құрмды полимерлік материалдар.

Ресейде емдік төсемдер ретінде кальмецин шығарылады, қағаз қораптың ішінде екі құтының бірінде ұнтақ, ал екіншісінде сұйық болады. Кальмециннің ұнтағының құрамына кальций суоксиді, альбуцид, құрғақ қан сарысуы және мырш тотығы кіреді, ал сұйықтығы метилметацеллюлозадан тұрады. Қолданар алдында таза шыны бетінде 3:1 қатынасында ұнтақ және сұйықтықты қамыр тектес етіп араластырып алады. Қазіргі кезде көбірек қолдау тауып жүрген алыс шет елдерден әкелінетін емдік төсемдер:

· Кальций суоксидінің судағы суспензиясы: Calcicur, Calasept, Calcipulpe, Superlux Calcium –Liner, Кальрадент.              

· Кальций суоксиді негізді лактар: Contrasil.

· Химиялық жолмен қатаятын кальций-салицилатты цементтер: Calcimol, Dycal, Life, Septocalcine Ultra, Reocap, Кальцесил.         Alcaliner, Сalrodent, Calcicur,

· Сәулемен қатаятын кальций суоксиді негізді полимерлік мтериалдар: Сalcimol LC, Ultra-Blend, Кальцесил LС, Calcipulpe.

 

1-сурет. Емдік төсем кальцикур
Calcicur (Кальцикур) – құрамында кальций су тотығы бар (рН = 12,0) су негізінде дайындалған, рентген айқындылығы нашар қойыртпақ, бактерицидтік әсер көрсетеді,орынбасушы дентиннің құрылуын жылдамдатады (8-cурeт) . Терең тісжегіні, ұлпаның кездейсоқ ашылуын және ұлпаны жартылай сақтап емдеу кезінде, толық қалыптаспаған түбірлер өзектерін пломбылау үшін қолданылады. Егеп -тазаланған тісжегі қуысын жылы антисептикалық ерітіндімен жуып, мақта анжымен кептіріп алған соң қуыс табанына тегістегіштің көмегімен апарып, мақта анжының көмегімен нығыздай отырып жаймалайды. Қуыс қабырғасына шығып кеткен бөлігін қырып алып тастайды. өз бетімен немесе ауаның әсерінен кепкеннен кейін керекті пломбыны қояды.

Calcimol (Кальцимол) – рентген айқындылығы жоғары емдік қойыртпақ. Құрамы кальций сутотығы 26% құрайды, қойыртпақ-қойыртпақ (негізгі және қатырушы) жүйесінде шығарылады.Шыны бетінде қойыртпақты 1:1 қатынаста тез араластырып, тісжегі қуысының табанына нығыздағыштың көмегімен 1мм қалыңдықпен жаймалайды. Кальцимолдың жұмсақтығы 2 минутке ғана созылады.

 

 

2-сурет. Емдік төсем кальцимол LC  
Calcimol LC (Кальцимол ЛЦ) – сәуле әсерінен қатаятын, рентген айқындылығы жоғары, ақ түсті аққыш емдік қойыртпақ. Құрамында ұзақ әсер ететін кальций суоксиді 5% құрайды. Механикалық төзімділігі және оқшауландырушы қасиеті (изолирующее свойство) жоғары (9-сурет). Тісжегі қуысының табанына 1 мм қалыңдықпен төселген соң, 20-30 секөнд галоген сәулесі жіберіледі.

Calcipulpe (Кальципульп) – кальций сутотығы негізді емдік қойыртпақ, орынбасушы дентиннің құрылуын қамтамасыз етеді. Терең тісжегіні кезінде, ұлпаны жартылай сақтап емдегенде, жасанды сауыт кигізу үшін егелген тістердің аса сезімталдығын төмендету үшін қолданылады.

Septocalcin (Септокальцин) – құрамында кальций сутотығы бар емдік төсем, ашылған және ашылмаған ұлпа бетін жабу және түбір өзектерін пломбылау үшін қолданылады. Септокальцин бір жағынан дентин мен ұлпа арасындағы, ал екінші жағынан дентин мен пломбылық материалдар арасындағы қорғаушы қалқан қызметін атқарады.

Аталған емдік төсемдермен қатар химиялық жолмен қатаятын қос компонентті Dycal (Дайкал), Alcaliner (Алцалинер), Leif (Лайф), бір компонентті Calrodent (Калродент) кең қолданыс табуда.

Кальций сутотығы негізді емдік төсемдермен қатар цинк-эвгенольды қойыртпақтар (мырш тотығымен эвгенолды 3:1 қатынасында араластыру арқылы алады). Олардың шетелдік өкілдері: Zinoment, Kalsogen Plus және Cavites.

Емдік төсемдер үшін қолданылатын күрделі дәрілі қойыртпақтар.

Құрамына антибактериальды, сенсибилизациялаушы, иммунитет реттеуші (натрий нуклеинаты), көмірсулы-белокты зат алмасуын реттейтін ( С, Р витаминдері), белоктар алмасуын (натрий мефенаминаты) реттейтін және ауыру сезімін азайтатын (анальгетиктер) дәрілер, ферменттер кіретін күрделі емдік төсемдер де қолданылады.

Солардың бірі – Pulpomixine (Пульпомиксин), құрамына дексаметазон ацетаты, фрамицетин сульфаты, полимиксин Б сульфаты, полиэтиленгликоль кіреді. Мұндай дәрілер қоспасы қабынуға қарсы, бактериостатикалық әсер етіп, қабынған ұлпадағы қысымды азайтатындықтан терең тісжегі мен ұлпа кездейсоқ ашылғанда, ұлпа қабынулары кезінде ұлпаны сақтап емдеу әдістерін жүргізген кезде пайдаланылады.

Ескерте кететін маңызды жағдай, құрамында кальций суоксиді бар емдік төсемдердің аз мөлшері де жақсы емдік қасиет көрсетеді. Сондықтан, емдік төсеммен тісжегі қуысының табанын түгел жабудың қажеті жоқ, тек ұлпа мүйізшесі тұсына немесе қуыс табанының терең аймағына пародонтальдық сүңгінің немесе қарапайым сүңгінің көмегімен тамшы көлеміндей материалды қойса жеткілікті. Емдік төсем қатайғаннан кейін ғана аралық төсеммен тұрақты пломбы қояды. Қалың және аумақты қойылған емдік төсем аралық төсем мен пломбының қуыс қабырғаларына жабысуына кедергі келтіреді.

Аралық төсем үшін қолданылатын лактар (изолирующие лаки).

Егер тісжегі қуыстары аса үлкен болмаса, қабырғаларындағы дентинді арнаулы лактармен немесе сырлармен жабуға болады.

Termoline (Термолайн) – барлық типті пломбылық материалдардың астына аралық төсем ретінде және егелген тістердің бетін жабу үшін қолдануға болатын оқшауландырғыш лак. Құрамында кальций фториді және натрий фториді бар. Тефлон бөлшектері қорғаныс және оқшауландырғыш қасиет береді. Лак ұлпа мен дентинді бактериялық және физикалық әсерлерден жақсы қорғайды.

Silcot (Силкот) – копал шайыры негізінде дайындаған лак, кіреуке мен дентинді жабу үшін қолданылады және тіс тіндерін зиянды әсерлерден жақсы қорғайды.

Соңғы кезде композиттік материалдар мен бірге шығарылатын адгезивті-бонд жүйесін қолдану тісжегі қуысын пломбылаған кезде арнаулы аралық төсемдер қоюдың қажеттілігін азайтты.

 

6.4.Тұрақты пломбылық материалдар.

Тісжегі қуыстарына ұзақ уақытқа қойылатын (бұзылғанға немесе түскенге дейін) пломбылық материалдыр тұрақты пломбылық материалдар деп аталады және үш түрге бөлінеді: стоматологиялық цементтер, металқұрамдас материалдар және композиттер.

Тұрақты пломбылық материалдарға қойылатын шартты талаптар:

· механикалық әсерлерден бұзылмау және қажалуға ұшырамау (қаттылығы өте жоғары болу);

· химимялық әсерлерден бұзылмау, ауыз сұйықтығында ерімеу;

· қатайғаннан кейін көлемінің тұрақтылығын сақтау, себебі көлемі кішірейіп кетсе, пломбының төңірегінде саңылау пайда болады, ал көлемі үлкейсе қуыс қабырғалары іштен қысым түсуі (іштен дүмпу) әсерінен сынып кетеді;

· жылу өткізгіштігінің төмен болуы;

· тіс тіндеріне жабысу қасиетінің жоғары болуы;

· тістің түсін өзгертпеуі және кіреуке түсіне сай болуы;

· тістің тіндеріне және жалпы организмге зиянды әсерінің болмауы;

· біраз уақыт жұмсақтығын сақтауы және тісжегі қуысына енгізудің және тістің пішінін қалыптастырудың жеңіл болуы;

· антисептикалық қасиетінің болуы;

Стоматологиялық цементтер. Олар үлкен топ құрайды және бірнеше түрге бөлінеді: цинк-фосфатты немесе фосфатты цементтер, силикатты цементтер, силикат-фосфатты, поликарбоксилатты және иономерлі (шыны-иономерлі) цементтер.

Фосфатты цементтер.Ұнтақ және сұйық түрінде шығарылады. Ұнтағының 75-90% мырыш тотығынан және басқа металдар тотықтарынан (MgO – 5-13%, SiO2 – 0,05%, Al2O3 – 0,05-2,5%) тұрады және аз мөлшерде кальций фториді және кальций тотығы, басқа да бояғыш заттар бар. Сұйықтығы – мырыш тотығының, алюминий су тотығының, кейде магний тотығының көмегімен жартылай бейтараптандырылған ортофосфор қышқылының судаға ерітіндісі. Ұнтақ пен сұйықтықты араластырған кезде фосфор қышқылының барлық көлемі мырш тотығымен химиялық реакцияға түсіп, цинк фосфаты құрылады. Пломбылық материалдың құрамында артық қышқыл қалмайды. Тіс тіндеріне зиянды әсерінің болмауына байланысты фосфатты-цементті көбінесе аралық төсем ретінде пайдаланады. Фосфатты-цемент бірнеше атпен Ресейде шығарылады: фосфатты-цемент, ортопедиялық конструкцияларды бекітуге арналған фосфатты-цемент, висфаттты-цемент, унифас (универсальный фосфатный-цемент), бактерицидті цемент (диоксивисфат, фосцин, құрамында күміс бар фосфатты-цемент).

Қазіргі кезде біздің елде де Raucem деген атпен фосфатты-цемент шығарыла бастады (Шымкент фосфор зауытында). Фосфатты-цементтің алыс шетелдік өкілдері де бар. Олар: адгезор, аргил, фосфакап, поскал, тенет және т.б.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 331; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!