КККККККККККККККККККККККККККККК 11 страница



17.Тіркелген активті күрделі жөндеудің шығындары қайда апарылады?

Тіркелген активтерге келесілер жатады: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер; қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер; әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер; табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының басқару шарты бойынша немесе мүлікті басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

Тіркелген активтерге жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді. Тіркелген активтерге жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөнеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді.Бұл шығындар шегерімге жатқызылмайды. Яғни, толық ашып өтсем: күрделі жөндеу болғанда, оның шығындары апарылады: бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға; топтың актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады; топтың актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің аяғында құндық баланс қалыптастырады; салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құ­нын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады; жалға алушы жалға алынатын негізгі құралдарға қатысты жұмсаған шығыстардың сомасы шегерімге жатқызылады;

активтер бойынша пайдалы қазбаларды табудан шеккен шығыстардың бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңiнiң соңында, оның iшiнде мұндай сома салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болған жағдайда амортиза­цияланатын активтердiң тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтуға апарылады.

Жалпы алғанда күрделі жөндеу шығыстары салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға апарылады.

 

18.Тіркелген активті ағымдағы жөндеу шығындары қайда апарылады?

Тіркелген активтерге жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді.

 Ағымдағы жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.

     Ағымдағы жөндеу шығыстары амортизация шығындарымен шегерімге жатқызылады, яғни өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған болса шегерімге апарылады.

Ғимаратты (құрылғыны, жабдықты, коммуникацияларды, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді) ағымдағы жөндеу – ғимараттың (құрылғының, жабдықтың, коммуникациялардың, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілердің) жарамдылығын немесе жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, шектеулі номенклатураның құрамдас бөліктерін нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген көлемде ауыстыру немесе қалпына келтіру арқылы оның ресурстарын ішінара қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу.

    Құрылыс, монтаж және жөндеу жұмыстарының көлемі (ағымдағы жөндеу жұмыстарынсыз) келесі формуламен есептеледі:

Vs=Vб´(1–dr), (3) мұнда

Vборындалған құрылыс – монтаж, жөндеу жұмыстарының бағалау көлемі;

drағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың үлес салмағы (ірі, орта кәсіпорындармен орындалған, мердігерлік жұмыстар көлемінің құрылымы бойынша)

№2 Кесте

№ р\н Көрсеткіш Көрсеткіштің атауы Ақпарат көздері
1 2 3 4
1 Vб орындалған құрылыс – монтаж, жөндеу жұмыстарының бағалау көлемі, мың теңге (2) формуласы Vб=Rs:n
2 dr Ірі және орта кәсіпорындар орындаған мердігерлік жұмыстар көлемінің құрылымы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарының үлес салмағы, % Құрылыс ұйымдары орындаған жұмыстар (қызметтер) туралы статистикалық байқау деректері

Қазіргі уақытта статистикалық басылымдарда күрделі жөндеу шығындарынсыз негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы деректер жарияланады. Бұл жағдайда (3) формуласы пайдаланылады, онда dr – ағмдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының үлес салмағы.


Дата добавления: 2018-10-26; просмотров: 272; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!