КККККККККККККККККККККККККККККК 3 страница



9.Дайын өнімді сатудан түскен табысқа не жатқызылады?

Жылдық жиынтық табыс – салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражаткіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері соның ішінде дайын өнімді өткізуден түсетін-табыс жатады. Салық есебінде сатудан түскен табыс бухгалтерлік мәліметтерден құралады. Егер мекеме бірнеше қызметпен айналыса онда табыс та қызмет б/ша жіктелуі қажет. Сонымен қатар әрбір қызметтің үлесі көрсетілуі керек.Тауарды өткізуден табыс мынандай жағдайда түзетілуі тиіс:-тауарды толығымен немесе жартылай қайтарғанда;-келісімшарттың шарттары өзгергенде;-сатылған тауарларға,көрсетілген қызметтерге келісілген өтемақының өзеруі;-сатылған тауарларды қызметтерді теңгемен төлегенде айырманы алу. Табысты өзгерту жоғарыда көрсетілген өзгерістер орын алған салық кезеңінің қорытындысы бойынша жүзеге асады.
Тауарды сату,қызмет көрсету бойынша түскен табысты есепте көрсету үшін КТС бойынша Декларацияның 1-ші қосымша толтырылады. Студан түскен табысты тану үшін бухгалтерлік есептегі бастапқы құжаттарға іріктеу жаслады: 1.Кассалық құжаттар(кіріс,шығыс ордері;оларды тіркеу журнал ордерлері;касслық кітап) 2.ағымдағы әне валюталық түбіртек пен қосымшалар 3.Өткізу қабылдау актідері 4.Жүкқұжаттар; 5. Шот фактуралар. Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны өткізуден түсетін табыс болып табылады.
Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына қосылған құн салығының және акциздің сомасы енгізілмейді.Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа осы бөлімнің мақсатында,сондай-ақ: 1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс;
2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс; 3)роялти; 4) мүлікті жалға беруден түсетін табыс жатады. Тауарды өткізуден түскен табысты анықтағанда анналитикалық шоттар негізінде жүзеге асырылады: 6000 «Тауарды өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс»,6010,6020,6030 шоттары.

 

 

10.Құн өсімінен алынған табыс қай кезде пайда болады?

Құн өсімінен түскен табыс жайлы айтпас бұрын,жылдық жиынтық табысқа көңіл аудара кетейік. ЖЖТ – салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражат кіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері соның ішінде құн өсімінен түскен табыс жатады.Құн өсімінен түсетін табыс: 1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу; 2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы кезінде құралады. Осы жерде көрсетілген 1-ші тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.Осы тармақтың 2-ші тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады. Осы тармақтың 3-ші тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс:бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – тарату салық есептілігі табыс етілген салық кезеңінде;бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – бөліну балансы бекітілген салық кезеңінде танылады. Құн өсімінен түскен табыс ғимраттарды,құрылғыларды және амортизацияланбайтын активтерді сатқанда орын алады.Өсім жоғарыда аталған активтердің бастапқы құны мен сату құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

11.Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс қай кезде пайда болады?

Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс жайлы айтпас бұрын,жылдық жиынтық табысқа көңіл аудара кетейік. ЖЖТ – салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражат кіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері соның ішінде міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс жатады.Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табысқа: 1) салық төлеушiнiң мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен-шығаруы; 2) салық төлеушi таратылған кезде тарату балансы бекiтiлген кезде кредитор талап етпеген мiндеттемелер;
3)Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талап қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару; 4) соттың заңды күшіне енген шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару жатады. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.

12.Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түріне не жатқызылады?

Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түрі жайлы айтпас бұрын,жылдық жиынтық табысқа көңіл аудара кетейік. ЖЖТ – салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражат кіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері соның ішінде күмәнді міндеттемелер бойынша тыбс түрлері де жатады.Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.
Көрсетілген күмәнді міндеттемелер осы салық кодексінің 8-бөлімінде белгіленген тәртіппен есепке жатқызылудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.Күмәнді міндеттеме бойынша табыс:
1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;
4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:
сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;
сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған міндеттемелер бойынша тауарды берген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салық кезеңінде танылады.

13.Бағамдық айырма қай кезде пайда болады?

Бағамдық айырма — ұлттық валютаның шетелдік валютаға шаққандағы бағамының өзгеруі кезіндегі айырмадан пайда болатын coмa. Көбіне бағамдық айырмалар импорттық және экспорттық операцияларды жүзеге асыруда туындайды. Яғни дебиторлық және кредиторлық берешектерді өтеу кезеңінде болған өзгерістердің нәтижесінде қалыптасады. Соларға жекелей тоқталайық.

Бағамдық айырма туындайтын жағдайлар:

-тауарларды және басқа да мүліктерді импорттау кезінде тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құнымен және сол үшін аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма (жабдықтаушылармен есеп айырысу, кредиторлык карыздардың темендеуі немесе қайта бағалануы немесе дебиторлық қарыздың берілген аванстары бойынша);

-көрсетілетін қызметтің импортталуы кезінде — осы қызметтің нақты тұтынған кезіндегісімен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасында пайда болған айырма;

-экспортталған операциялардың кезінде ;

-экспортталатын тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құны мен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма;

-дебиторлық және кредиторлык қарыздардың пайда болуы мен олардың өтелу күнінің арасындағы болған айырма;

-валюталық қаражаттар бойынша қарызы бар болған жағдайда, яғни несиелік мекемелерден немесе басқа да қарыз берушілерден алынған қарызды теңгелік тұрғысынан бағалаған кезде пайда болады.

Валютаны сатқан ж/е сатып алған кезде Ұлттық банк-ң бағамы мен биржалық бағамның арасында айырма пайда болады. Бағамдық айырма бойынша табыс деп тек қана оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі мойындалады және тиісінше теріс бағамдық айырманың оң бағамдық айырмадан асып кетуі ғана шегерімге жатады.

Теріс және оң бағамдық айырмаға мысал: Импорттық операцияларда кәсіпорын есеп құжатын(счет-фактура, инвойс) жазған күніндегі доллар бағамы 121,6 болғанда 2000долларға материал сатып алды. Матер.үшін төлем төленгенде шетел валютасы-ң бағамы 122,7-ге көтерілді. Келесі жазбалар беріледі:

1)Материалдар кіріске алынды:

Дт 1310 Кт 3310    243200 (121,6*2000долл=243200)

2)Жабдықтаушыға төлем төленді:

Дт 3310 Кт1030     245400(122,7*2000долл=245400)

3)Теріс бағам айырмасы есептелгенде:

Дт7430 Кт3310       2200 (243200-245400=-2200)

Ал егер есеп құжатын жазған кездегі доллар бағамы 122,7 болып, ал төлем төленген кезде 121,6-ға түссе, бух.жазба келесідей орын алар еді:

1)Материалдар кіріске алынды:

Дт 1310 Кт 3310      245400 (122,7*2000долл=245400)

2)Жабдықтаушыға төлем төленді:

Дт 3310 Кт1030       243200(121,6*2000долл=243200)

3)Оң бағам айырмасы есептелгенде:

Дт 3310 Кт 6250       2200 (245400-243200=2200)

 

14.Айырма есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма?

Тұрақты айырмалар-ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі кезеңде жойылмайтын ССТ пен бух.табыстың арасындағы айырмалар. Осындай айырмаларды есептеудің бух. және салық есебіндегі айырмашылықтарын көрсетейік:

1.ЖЖТ-пен де, кәсіпорын-ң кәсіпкерлік қызметімен де байланыссыз шығ.(демалыс үйлеріне жолдама алу; ьассейнге абонимент,т.б.) бухгалтерлік есепте таза табыс есебінен шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;

2.Бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бух.есепте  таза табыс есебінен шығысқа жатады, ал салық есебінде шегерімге апарылмайды;

3.Нормадан жоғары белгіленген шығындар бух.есепте кезең шығындарына жатқызылады, салық есебінде шегерімге апарылмайды;

4.Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын объектілерді пайдалану мен күтіп ұстау шығындары бух.есепте толық көлемінде шығыс деп танылса, салық есебінде шегерімге жатпайды, т.б.

Уақытша айырмалар-есепті кезеңдегі ССТ пен бух.табыс арасындағы айырмалар. Бұл айырма табыс пен шығ-ң кейбір көздері ССТ-қа енгізілетін кезең олар бух.есепке енгізілетін кезеңмен сәйкес келмеуі себепті туындайды.Уақытша айырмалар бір немсе бірнеше кезеңде жойылады. Осындай айырмаларды есептеудің бух. және салық есебіндегі айырмашылықтарын көрсетейік:

1.ССТ анықтағанда қолданылатын аморт.әдісі бух.табысты анықтағанда қолданылатын әдістен өзгеше, бух. есепте аморт. аударымы үшін әр түрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады. Ондағы есептелген сома шығ.деп қабылданады. Салық есебінде тек қалдығын азайту тәсілі қолданылады.Сондай-ақ екі есептің пайдаланатын амортизация нормасы әр қилы болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша салық есебінде объекті толық амортизациялануы мүмкін;


Дата добавления: 2018-10-26; просмотров: 295; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!