КККККККККККККККККККККККККККККК 9 страница



 

 

5. Жер қойнауын пайдаланушы төлейтін арнайы төлемдер мен салықтарға не жатады?.

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын есептеу және төлеу тәртібін, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін белгiлейдi. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары келесідей:

1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін:қол қойылатын бонусты; коммерциялық табу бонусын;тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;

2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;

3) үстеме пайда салығын қамтиды.

Кен орындары рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды . Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша, сондай-ақ рентабельдiгi төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебетi аз және қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, осындай кен орындары тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгiн, бір келісімшарт шеңберіндегі кен орындарының бір бөлігін)

6.Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?

Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және оны өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметіне қолданылады. Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады. Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы режим қолданылған бiрiншi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Арнаулы салық режимі:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың: жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу; толық кезеңді мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығының өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне; селолық тұтыну кооперативтерінің: шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу; шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады. Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Салықтық өтiнiш арнаулы салық режимiн қолдануға арналған өтiнiште көрсетiлген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей бел­гiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi болып есептеледi.

7. Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші үшін арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын (БЖС) төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiру, қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi қызметке қолданылады.

  Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі жалпы белгіленген тәртіпте есептелген КТС, ҚҚС, әлеуметтiк салықтың, жер салығының, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердің, мүлiк салығының, көлiк құралдары салығының 70% төмендеуін көздейдi.

  Осы режим ауыл шаруашылығы өнімдерін, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнiмдерiн өндіру, қайта өңдеу және өткiзу қызметiне және ауылдық тұтыну кооперативтерінің қызметіне қолданылады.

Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айырықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа қожалықтары қызметіне қолданылады.

Шаруа қожалықтары осы арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.Шаруа қожалықтары арнаулы салық режимін 20 ақпанға дейін таңдау керек, таңдап алынған арнаулы салық режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды. 20 ақпаннан кейін құрылған шаруа қожалықтары Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күні АСР қолдану құқығына өтініш береді.

  Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі патен негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғаларды:

ü Жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі;

ü Толық кезеңді мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай-ақ , өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Мыналардың:

ñЕншілес ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;

ñ Заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің және т.б. АСР-н қолдануға құқығы жоқ.

8. Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?

Оңайлатылған декларация негізінде   жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:

ñдара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса;

ñсалық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңгені құраса.

Салықты оңайлатылған декларация негізінде есептеуді шағын бизнес субъектісі салық салу объектісіне есепті салық кезеңіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

  Егер, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалдамалық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ең төменгі айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемінде 2 еселенген мөлшеріндей болса, онда жеке кәсіпкердің табысына көрсетіліп кеткен ставкалар бойынша салық салуға сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы, қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5%-ы мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге тиіс. Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға арналған оңайлатылған декларация - 910.00 формада жүргізіледі

  Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған АСР: Ойын бизнесі саласында; Ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына; Боулинг бойынша; Картинг бойынша; Бильярд бойынша; Лото ойын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпркерлердің, заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қолданылады.

АСР осы тұлғалар үшін:

- КТС немесе ЖТС және ҚҚС есептеудің және төлеудің;

- Акциз бойынша оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Корпорациялық (жеке) табыс салығы-тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 30%, ҚҚС- тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 70% құрайды. Салық төлеуші тіркелген жиынтық салықты төлеумен бірге акциз төлейді, оның сомасы жалпы белгіленген тәртіппен анықталады.

Күнтізбелік бір жылда төленуге тиісті тіркелген жиынтық салық = салық салу объектісіне * тиісті жылдың салық ставкасын қолдану арқылы анықалады. Есепті кезең үшін төленуге тиісті тіркелген жиынтық салық жыл бойынша есептелген соманы 12 бөлу жолымен анықталады.

Акциз және тіркелген жиынтық салық сомасы есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей, ай сайын алу объектілерінің орналасқан жері бойынша бюджете төленуге тиіс. Күнтізбелік ай тіркелген жиынтық салықты және акцизді есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі б/т. салық төлеушілер тіркелген жиынтық салық және акциз бойынша бірыңғай оңайлатылған декларацияны есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей, ССО-ң орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті.          

 

 

9. Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін:

1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңiндегi табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:

1) патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі па­тент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті. Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі. Егер патенттің қолданылу мерзімінің ішінде нақты табыс есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшеріне жетпесе, дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етуге құқылы. Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару тәртіппен салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі. Іс жүзінде алынған табыс сомасы шекті табыс сомасынан асып түскен жағдайда, патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін патент құны белгіленген жағдайларда салық салудың өзге режиміне ауысу күніне дейін осы баптың 1-тармағында белгіленген ставка бойынша есептеледі.  Дара кәсіпкерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

 

10. Патент негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін:

1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңiндегi табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.

Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:


Дата добавления: 2018-10-26; просмотров: 292; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!