КККККККККККККККККККККККККККККК 10 страница



1) патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі па­тент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызмет уақытша тоқтатыла тұрған жағдайда,

11. Арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?

1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:

1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстан алынатын жеке табыс салығын;

2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;

3) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны;

4) аталған салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын;

5) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағында аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және олар бойынша салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Бірыңғай жер салығын төлеушілер қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына салықтық өтінішті ерікті түрде беруге құқылы.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті. Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін рес­публикалық бюджет туралы заңда белгiленген және әлеуметтiк салықты есептеу жүргiзiлетiн айдың бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.

Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.

 

 

12.КТС бойынша аванстық төлемдер дегеніміз не?

Салық кодексінің 141-бабына сәйкес, өткен салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезең үшін жасалған түзетулерді есепке алғандағы жылдық жиынтық табыс республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең сомадан асып түссе, салық төлеуші корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есептемесін тапсырады. Алдағы салықтық кезең үшін корпоративті табыс салығы бойынша декларация тапсыруға дейінгі кезең ішінде төленуге тиісті корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы алдағы салықтық кезең үшін келтірілген аванстық төлемдер сомасының есептемелерінде есептелген аванстық төлемдер жалпы сомасының төрттен бір көлемінде тағайындалады, ол келесі формула бойынша есептеледі:

АТ 2011 ж. = АТ 2010 ж. * 1/4

Алдағы салықтық кезең үшін декларация тапсырылғаннан кейін төленуге тиісті корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы келесі формула бойынша есептеледі:

АТ 2011 ж. = 2010ж. декларациядағы КТС*3/4

мұндағы 2010ж. декларациядағы КТС – корпоративті табыс салығы декларациясы бойынша 2010ж. үшін есептелген корпоративті табыс салығы сомасы. Егер салық төлеуші өткен салықтық кезеңде корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептемесін жүргізбесе, алдағы салықтық кезең үшін корпоративті табыс салығы бойынша декларация тапсыруға дейін төленуге тиісті аванстық төлемдер сомасы корпоративті табыс салығының үстіміздегі салықтық кезең үшін болжанған сомасынан есептеледі. Салық төлеушілер корпоративті табыс салығын орналасу орны бойынша төлейді. Қазақстан Республикасындағы іс-әрекетін тұрақты мекеме арқылы жүргізетін бейрезидент-заңды тұлғалар корпоративті табыс салығын тұрақты мекеменің орналасу орны бойынша төлейді. Салық төлеушілер корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді салықтық кезең ішінде ай сайын әр айдың 25-іне дейін бюджетке енгізіп отыруға міндетті. Салықтық кезең ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есеп беруші салықтық кезең үшін тапсырылған корпоративті табыс салығы декларациясы бойынша есептелген корпоративті табыс салығын төлеу есебіне есептеледі.

 

 

13.Уақытша айырмаға қандай айырмалар жатқызылады?

Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің теңдігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады. Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ уақытша айырмашылықтардан салықтық тиімділік туындайды. Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезеңде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде баска есептік кезенде есептелінеді. Сондықтан бірінде болған айырма, екіншіде жойылады. Мысалға: -материалдық емес активтер мен негізгі кұралдар бойынша жасалатын амортизациялық аударымдар.

Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде қабылданады. Салық есебінде тек қалдығын азайту тәсілі пайдаланылады. Сондай-ақ екі есептің пайдаланатын нормасы да әрқилы болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша объекті толық амортизациялануы мүмкін, ал бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін; - бухгалтерлік есепте негізгі құралды жөндеу шығындарын толық келемде алады, ал салық есебінде оның құндық балансының 15% тең сомасын ғана алады; 15% асқан сомасы негізгі құралдың құндық балансына қосылып, одан амортизация сомасы есептелінеді, яғни салық салынады. Бухгалтерлік есепте тап бұндай операциялар көрініс таппайды.

- бағалы қағаздарды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде пайда болады, сол пайда болған кезінде бухгалтерлік есепте есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Салық есебінде аталған зиянды құнның өсімінің есебінен жабады (компенсацияланады), ал егер де ол жабылмаса, онда оның жабу мерзімін үш жылға дейін созады;
- салық бойынша шығыстар (корпоративтік салығын, табыс салығын қоспағанда) бухгалтерлік есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде — шегерімге тек төленген салық қана алынады;
- теріс бағамдық айырма бухгалтерлік есепте толық көлемінде алынады, салық есебінде шегерімге жатқызу үшін шектеулер қойылады, ал шектеулердің сомасын мынадай жолмен анықталады: Салық салынатын табыстың сомасынан 50% алынады, ал ол жылдық жиынтық табыс пен
Оң бағамдық + шегерімнің (табыс пен шығыстың бағамдық айырмасы айырмасы есепке алынбайды) айырмасынан шығады.
Айырма сомасы негізінен шектеудің салдарынан пайда болады, ал ол келесі салықтық кезеңдерде іздестіру барысында компенсацияланады. Құрылыс салуға алған несие (қарыз) бойынша бағамның теріс айырмасы оны жүргізудің кезеңдік төлеміне байланысты пайда болады және салық есебінде оның объективтік кұны ескерілсе, бухгалтерлік есепте ол шығыс ретінде танылып отырады.

 

 

14.Тұрақты айырмаға қандай айырмалар жатқызылады?

Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады. Уақытша айырма (немесе уақыт бойынша сәйкессіздіктер) - бұл есепті кезеңдегі салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табыстың арасындағы айырмалар, бұл айырма табыс пен шығынның кейбір көздері салық салынатын табысқа енгізілетін кезең олар бухгалтерлік есепке енгізілетін кезеңмен сәйкес келмеуі себепті туындайды.
Тұрақты айырма –бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындағы айырмашылықтар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы-айырмашылықтар.
Тұрақты айырма ретінде келесі айырмалар жатады:

*жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейнге абономенттерді алу, спорт құрал-жабдықтарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;

*бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;

*нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол шегерім құрамына енгізілмейді;

*қоршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол жылдық жиынтық табыстан шегеруге жатпайды;

*марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі
- несие бойынша, соның ішінде қаржылық лизингі бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландыру коэффициентінің 1,5 есе еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, онда Лондондық банк аралық нарықтың 2 есе еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.

15.Залалдардың салық есебі дегеніміз не?

Залалдардың салық есебінде келесідей түрлері болады. 1.Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал деп келесілерді айта аламыз: түзетулер ескеріле отырып, шегерімдердің жылдық жиынтық табыстан асып түсуі; 2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал. 2. Бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал:1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша – өтізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма; 3. Шығыстардың айқындалатын түсімдерден асып түсуі хеджирлеу операцияларының ерекшеліктері ескеріле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша залал болып табылады. 4.амортизацияға жатпайтын активтердiң өткiзiлу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма осындай активтердi өткiзуден шеккен залал болып табылады.

 Залалдарды ауыстыру 1. Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар кейінгі он жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады. Ал амортизацияға жатпайтын активтердi өткiзуден шеккен залалдар көрсетiлген құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде туындайтын залалдар, егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар болып табылмайтын тұлғалардың мүлкін құраса, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі.

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі. -Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден туындайтын залалдар мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыс есебiнен өтеледi. -Агенттiк облигацияларды өткiзуден туындайтын залалдар агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыс есебiнен өтеледi. - Арнаулы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалдары бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналымы мерзімі ішінде ауыстырылуы мүмкін.

- Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші шеккен залалдар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.

Егер осы залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмайтын болса, онда олар туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебінен өтелуі мүмкін.

16.Табыстар мен шегерімдерді түзетуді қалай түсінесіз?

Табыстар немесе шегерімдерді түзету келесі жағдайларда жүзеге асады: тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда; мәміленің шарттарын өзгерткенде; сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде; бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда; шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде түзетуге жатады.

Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор жақтан болғанда, ол: заңды тұлғадан немесе дара кәсіпкерден; Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.

Табысты түзету: салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймағанда; заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады.
  Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде ғана жасалынады: талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда; талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.
Және де табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік


Дата добавления: 2018-10-26; просмотров: 301; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!