Адамның мәні мен табиғаты туралы классиктердің көзқарастарына салыстымалы талдау жасап, оларды топтастырып көрсетіңіз 4 страница



Гендік-мәдени коэволюция теориясы өкілдерінің теориясы бойынша, адам моральдік сезімдерін биологиялық каналдар бойынша мұраланатын сияқты. Мәселен қандас адамдардың некелесуіне тиым салу жануарлардың мінезіндеде байқалатын сияқты, олай болса, жалпы моральдық тиымның биологиялық негізі де сонда. Агрессияшылдық та сол сияқты адам психологиясына табиғи тән қасиет, олай болса, соғыс-адамға іштей тән қасиеттің сыртқы саяси көрінісі ғана. Махаббатта адамға іштей тән бірін-бірі қанағаттандыру сезімінің социобиологиялық көрінісі. Тіпті адамның санасы да тек биологиялық қажеттіліктерді орындау енструменті ретінде қарастырылады. Бұл қағидалардың бәрін қазіргі әлеуметтік дарвенизм, нәсілшілдік және евгеника теориялары өз мүддесіне пайдалануға тырысады.

Адам мен табиғаттың дамуында биологиялық пен әлеуметтік факторлардың бірлігін көрсететін коэволюция шындығында бар. Ол ол ма, қайта адам табиғатпен бірлікте ғана дами алатынын ерекше атап көрсеткен жөн. Мұны орыс ғалымы В.И.Веронадский ХХ ғасырдың басында-ақ атап көрсеткен болатын, адам мен табиғаттың, оның ішінде адам мен биосфераның өзара тығыз байланыстылығын сол кісі тұңғыш ғылыми негіздеген болатын. Алайда басты мәселе биологиялық фактордың әлеуметтіке тигізетін әсері, адамның мінез-құлқы биологиялықтан қаншалықты тәуелді екндігінде. Биология, гендер әрине адамның мінез-құлқын айқындайды, бірақ ол өзінің биологиялық табиғатынан тыс шыға алмайды. Адамның жануарлар мен эволюциялық байланысы да бар, олрдың мінез құлқында белгілі бір ұқсастықта бар. Басқаша айтқанда, адамның әлеуметтік жаратылысының биологиялық негізі бар.

Алайда социолобиология бағытының өкілдері жасағандай, адамның дамуын және мінез-құлқын негізінен биологиялық терминдердің, заңдылықтардың көмегімен ғана түсіндірсек, мүлдем дұрыс болмады, өйткені адам бойынедағы биологиялық пен әлеуметтік, біз жоғарыда атап көрсеткендей, өзара тығыз байланысты. Тағы да айтайық, белгісіз бір себептермен жануарлар тобырының ішінде қалып қойған адам нәрестесі тірі қалғанымен, бірақ адам қоғамына қайта қосылса, бәрібір толық мәнінде адам бола алмайды. Мұны растайтын фактілер тарихта баршылық. Нәресте адам болу үшін туғаннан бастап әлеуметтендірудің белгілі бір кезеңінен өту керек. Осы тұрғыдан алғанда орыс психологы А.Н.Леонтьевтің “Бала туылған кезде адамдыққа тек кандидат қана, бірақ ол оңашада адам бола алмайды: ол адамдармен қатынаста ғана адам болуды үйренуі тиіс”-деген сөздерімен келіспеуге болмайды. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жағдайлардан тыс табиғаттың бір өзі адамды адам жасай алмайды.

Адамның биологиялық жаратылысына әлеуметтіктің тигізетін әсерінің тағы бір жағы бар: адам бойындағы биологиядық қасиеттер мен әлеуметтік формада іске асып, әлеуметтік формада қанағат табады, яғни адам өмірінің табиғи биологиялық жақтары мәдени-әлеуметтік факторлар арқылы ғана “адамдыққа ” айналады. Бұл ұрпақ өсіру, тамақтану, сусындау сияқты т.б. таза биологиялық қажеттерді қанағаттандыруға да қатысты.

Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторларының адам дамуындағы рөлін түсіндірген кезде панбиологизм және пансоциологизм сияқты сыңаржақ теориялардан аулақ болған жөн, өйткені панбиологизмді бетке ұстаған кезде адам жануарлар деңгейіне дейін төмендетіледі, ал екінші сыңаржақ бағыты ұстанғанда адам түрінде көрінеді де оған сыртқы орта оның даму барысын жазады.

 

56 Этнос пен ұлт ұғымдарына сипаттамалы түрде талдау жасап, этногенез процесінің эндогендік және экзогендік факторларын бейнелейтін құбылыстарды атап көрсетіңіз.

Этнос – бұл әлеуметтік қауымдастық. Бірақ оған кей-кейде биологиялық сипат беріліп, қарастырылады. Мұндай ұстаным-ды Ю.Семенов терістейді. Ал, шынтуайтына келгенде балалар ата-аналарынан мәдениет пен этникалық сананы ғана емес, дене құрылымын да мұра етіп алып, алға қарай жалғастырады емес пе? Осыдан барып этникалық қауымдастық негізінен бұл шығу тегінің бірлігі, әрбір этнос – бұл адамдардың айрықша әулеті, тегі деген ұғым келіп шығады. Адамның бір этносқа жататындығы оның қаны бір шығу текпен байланыстыра анықталады. Адамдар өздерінің ата-аналарын басқалармен шатастырып алмайды, қанымыз да осындай, басқа емес деп есептейді. Мұның бәрі этностық текті адамдардың айрықша биологиялық түрі-әулеті ретінде түсінуге үндейді. Адам және оның ұрпақтары өздерінің шығу тегі мәселесін әрдайым есінде сақтайды емес пе? Олар биологиялық ата-аналарын таңдай алмайды. Ортақ ататек әрдайым адамдардың бір-біріне деген бейілділігін күшейте отырып, олардың жақындасуының негізін қалайды. Демек, этникалық тек адам өмірінің объективтік жағдайларының әсерімен қалыптасады екен. Туылғанынан бастап адам белгілі бір этностың бөлшегі болып табылады.

Этнос қоғамдық институттардан тыс өмір сүрмейді. Осы институттармен бірге этнос «Этникалық-әлеуметтік құрылым-дарды» құрайды. Ол «Әлеуметтік организмдерге» көп ретте сәйкес келеді.

Мұндай жалпылық қауымдастық территориялық-саяси ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық бірліктерге де ие болады. Осынау этникалық-әлеуметтік организмдерді типтерге бөлу арқылы, олардың белгілі бір қоғамдық-экономикалық сатыларға тиісті екендігі анықталады. Мысалы, алғашқы қауымдық дәуірде тайпа немесе қандас-туыстар тайпалар тобы; орта ғасырларда ұлыстар тобы; жаңа дәуір үшін, яғни капитализм мен социализм деп аталатын құрылымдар пайда болған кезде ұлт сияқты қауымдық типтерді тілге тиек етуге болады. Сонымен кең мағынада алып қарағанда этнос бір жағынан, этникалық, екінші жағынан, қоғамдық-экономикалық факторлармен айқындалып анықталады. Ғалымдар тарапынан айтылып жүрген этникалық қауымның ең жоғары түрі – ұлт деген пікірдің жаны бар деп білеміз. Этнос пен ұлт ұғымдарының ара жігін ашып көрсету өлшемдеріне байланысты мыналарды айта кеткен жөн: біріншіден, бір этностың құрамынан біртіндеп ондаған ұлттардың бөлініп шығуы табиғатта бар нәрсе. Мысалы, өз уақытында түрік тілінде сөйлейтін тайпалық қауымдардан бөлініп шыққан қазақ, қырғыз, түрікмен, өзбек ұлттары туралы сондай пікірді айтуға болады; екіншіден, этнос ұлттың бір бөлігін білдіруі мүмкін; а) Мысалы, құрамындағы этникалық-діни топтар ретінде шоғырланған татарлар-керәшендерді көрсетуге болады. Керәшендердің дәстүрлі мәдениеті бөлекше. Мұнда, бір жағынан, православие дінінің ықпалын айту керек. Екінші жағынан, ноғай-қыпшақ және фин-угорлық компоненттердің қатыстылығы және бар. Болгарлар арасындағы мұсылмандар мен христиандар да этникалық-діни топтарға жатады; ә) Этникалық-нәсілдік топтар (бұған Америка халқы мысал бола алады); б) Этникалық-территориялық топтар (белгілі бір ұлт өкілдерінің ол немесе бұл территорияда, елде бірыңғай орныға, топтаса өмір сүруі). Сібір мен Астрахань татарлары татар ұлтының сондай этнотерриториялық топтарын құрайды[25]. Сондай-ақ, этнос ұлттың қалыптасуының алдыңғы дәуірін білдіруі мүмкін[26]. Кейде этностың ұлт ұғымы орнына да қолданыла беретіндігін практикадан көріп жүрміз. Сонымен, «Этнос» ұғымы «Ұлт» ұғымына қарағанда кең мазмұнға ие екендігін көруге болады. Этностылық ұлттыққа қарағанда көнерек, өйткені ұлт кейінірек пайда болған. Жаңа дәуірде, адамзат дамудың капиталистік сатысына көтерілуіне байланысты этностардан ұлт өсіп шыға бастайды.

 

57 Нәсілдік антропологиялық мектептің басты тұжырымдарын баяндап, нәсілдік теңсіздікке негізделген эксперименттерден мысал келтіріңіз

Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.[1]

Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:

• экваторлық, (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер),

• еуропалық,

• моңғолоид.

Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.

Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер[өңдеу]

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Моңғолоидтік нәсілдерге тән белгілер[өңдеу]

Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдыгы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Негроидтік нәсілдерге тән белгілер[өңдеу]

Негроидтік нәсілдердің шаштары бүйра әрі кара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпак, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.]Раса[3] (араб. рас — бас, бастау, шығу тегі) — бір антропологиялық түрге жататын, шығу тегі белгілі бір географиялық ареалда таралған адамдар тобы. Р. термині 17 ғ-дан бастап Еуропа халықтарында тарай бастады. Оны испандықтар мен португалдықтар (Rasse), француздар (la rasa), итальяндықтар (Razza), немістер (Rassа), ағылшындар (the race) және славян халықтары (paca) биол. мағынада кеңінен пайдаланады.ЮНЕСКО шешімі бойынша (1966 ж.) Р. мәселесінің биол. аспектісі туралы арнайы декларация қабылданған. Онда Р. туралы мынадай негізгі ғыл. қағидалар айтылған:

• Бүгінгі әлемдегі барлық адам баласы жалпы биол. бір түрге, яғни Homo sapіens-ке жатады және ол бір түбірден тарайды;

• адамдардың биол. айырмашылықтары табиғи орта мен адамның генетик. құрылымының бір-біріне тигізген әсерінен пайда болған өзгешеліктер болып саналады;

• адамзат топтасуында (папуляциясында) көптеген генетик. айырмашылықтар бар. Оны бірыңғай папуляц. тұрғыдан алып қарағанның өзінде адамзат тобында таза Р. жоқ;

• адамзаттың нәсіл заңдылықтарына орай оның физ. ерекшеліктері шартты түрде үлкен Р-ларға, одан кейін кіші Р-ларға ажыратылады. Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен Р-ға жүйеленеді;

• ешқандай халық, ұлт, тіл, дін, мәдени топ өзінше жеке Р. құрай алмайды. Р. деген ұғым тек биол. мағынада пайдаланылады. Р-ның мән-мағынасын тұжырымдаған декларацияда бүкіл әлемдегі адамзаттың барлығының биол. мүмкіншіліктері бірдей екендігі айтылады.

Олар қалай және қандай затты және рухани өркениетті дамытам десе ерікті екендігі көрсетілген. Қазіргі уақытта әлем халықтарының антропол. жүйелеу әдістемелері бойынша еуропеоид, негроид, моңғолоид секілді негізгі үш үлкен Р. белгілі. Бұлардың әрқайсысы бірнеше кіші Р-ларға ажыратылады (қ. Нәсілдер). Сонымен қатар әрбір үлкен Р. жігінде аралас кіші Р-лар бар. Мыс., еуропа тектес және моңғол тектес Р-лар жігінде ерте заманнан бері олардың араласуынан пайда болған кіші тұран тектес (оңт. сібір) Р. бар. Оның өзі мынадай үш антропол. нұсқаға ажыратылады: қазақстандық антропол. нұсқа (өкілі қазақтар), тянь-шань өңірлік нұсқа (өкілі қырғыздар), алтай-саяндық нұсқа (өкілі хакастар);

 

58 Д.Рисменнің бірөлшемді адам концепциясы бойынша тұлғаның негізгі типтерін сипаттап, Қазақстанда аталған түрлердің басым орын алып отырған типін көрсетіңіз

Д. Рисмен 1909 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген американдық социолог және заңгер. Жеке тұлғаның типтері:

1. аполитикалық (саясатқа немқұрайды қарайтын);

2. саяси белсенділігі төмен адамдар (саясатқа, болып жатқан оқиғаларға

онша қызықпаушылық);

3. саясатқа жанама қатысатын адамдардың типі (саяси проблемаларға

қызығушылық танытады, газет оқиды, өзінің көзқарасы бар);

4. қоғамдық қайраткерлер (саяси белсенділігі жоғары адамдар, уақытының

көбін саяси жұмыстарға бөледі);

5. саясаткер-кәсіпқойлар (саяси жұмыспен тұтастай байланысты:

депутаттар, мемлекеттік қызметшілер);

6. саяси лидер – саяси жеке тұлғаның жоғарғы типі.

Қазақтардың көбі, меніңше, 2 немес 3 сияқты.

 

59 Көпшілік мәдениеті мен тұтыну қоғамының қалыптасу жағдайларына социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз

Көпшілік мәдениетін оймен жаза салындар: өзін қалай ұстау, қалай жүріп-тұру керек, мәдениеттілік жайлы. Ок?)))

Қазіргі әлемді тұтыну қоғамы деп те атайды. Осы қоғамдық тұтыныс бұрыннан бері жеке адам қызметінің және тұтас алғанда өндіріс пен экономиканың дамуының басты қозғаушы күші ретінде саналған.

Қазіргі уақытта, нарықтық шаруашылықтың ең негізгі категорияларының бірі болып тұтынушылық сұраныс табылады. Қазіргі заманғы экономика жағдайында тұтынушылық сұранысқа алуан түрлі факторлар әсер етеді. Тұтынушылық сұраныс мазмұнының, формаларының, тұтынушы талғамдары мен қалауларының өзгеруі, нарық жағдайларының, әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет ету шарттарының өзгеруі, сондай-ақ, тұтынушылық сұраныстың нарықтың көптеген аса маңызды үдерістеріне әсерінің күшеюімен байланысты осы тұтынудың және оған әсер ететін факторлар табиғатының тәжірибелік маңыздылығы бүгінгі күні арта түсуде. Сонымен қатар, экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруда, әртүрлі нарықтардың теориясы мен ұйымдастырылуын зерттеуде тұтынушылық сұраныстың рөлі көтеріліп келеді.

Тұтынушылық сұраныс теориясы неоклассикалық нұсқада сұранысты нарықтың ажырамас элементі ретінде, оның бағалық және бағалық емес факторларын, сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігін, тоғыспалы икемділігін, икемділік коэффициенттерін, сұраныс заңын және оның ерекше жағдайларын (Гиффен қайшылығы, Веблен әсері) зерттейді.

Адамдар қажеттілігінің дамуы бойынша, тұтынушы қалауларының өзгеруіне, тұтынуға ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің көбеюіне, демалысты ұйымдастырудың әдістеріне байланысты тұтынушылық сұраныстың және оның факторлары мен құрауыштарының арнасы кеңейіп, олардың арасындағы өзара байланыстар бара-бара күрделене түсуде.

 

60 Э.Фроммның «Бостандықтан қашу» еңбегі негізінде тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларға талдау жасаңыз

американдық ғалым Э. Фромм, қоғам дамуының неофрейдистік теориясын немесе антропологиялық моделін жасады.

Э. Фромм З. Фрейдтің ізбасары ретінде оның психоанализмін реформалау арқылы, акцентті ішкі психологиялық процестен әлеуметтік, кісіаралық қатынастарға көшірді. Адамның полярлық бастамалары арасындағы күресті - өмірді сүю мен өлімге ұмтылуын, ол әлеуметтік сипаттың негізіне салады. Э. Фромм үшін қоғамдық өмірдің идеалы адамның еркін және бақытты өмір сүруі. Оларсыз прогресс туралы ойлардың еш мәні жоқ.

Ол «Бостандықтан қашу» деген еңбегінде нарық қоғамындағы бостандықтың өсуін және адамдардың сол бостандықты пайдалана алмауын талдайды. Осының негізінде өмірден «қашудың» механизмін көрсетеді: тұлғалар арасындағы байланыстың, симбиоздық (садизм және мазохизм), автоматтандырылған ұқсастық конформизмнің өсуі, т. б. Фроммның тоталитарлық мемлекеттің пайда болуын, адамдардың жауапкершіліктен және ынталанудан бас тартуын, өз тағдырын патерналистік өкіметке жүктей салуын психикалық ұмтылыс деп түсіндірді. Ол бұл жолды жалғыздықтан арылудың қияли әдісі деді. Оның «Адам өзіне-өзі үшін» деген еңбегі ерекше «өмір сүру өнері» ретінде этиканы және адам мінезі типологиясын, «жемісті немесе жемісті емес» тағдырларды талдауға арналған. Оның негізгі еңбектері: «Бостандықтан қашу» (1941), «Маркстің адам концепциясы» (1961), «Психоанализ кризисі» (1973), «Адам өзіне-өзі үшін».

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!