Адамның мәні мен табиғаты туралы классиктердің көзқарастарына салыстымалы талдау жасап, оларды топтастырып көрсетіңіз 1 страница



Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті.

Дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады.. Адам өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Адам дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, өз іс-әрекеттерімен түйістіріп, Дүниеде бұрынғы-соңғы болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды тудырады.

Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқанындай “адамның өзі Дүниедегі орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты есептеуден де қиын.

Фейербахтың антропологиясына келетін болсақ, антропологиялық материализм теориясы:

-нағыз, шын өмір сүретін табиғат пен адам ғана;

-адам табиғаттың бір бөлшегі

-адам материалдық пен руханилықтың бірлігі

-адам философиясының басты мәселесі болу керек

-табиғат мәңгі және шексіз

-бізді қоршағанның барлығы-матияның алуан түрлі көрінісі

-идея дегеніміз өздігінен өмір сүрмейді, ол адам санасының өкілі.

-Құдай өз бетінше жеке өмір сүрмейді, құдай-адамның елесінің желісі.

К. Маркстің байқауынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Яғни жеке адам тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады». И. С. Кон социолизацияны барлық әлеуметтік және психологиялықтың жиынтығы деген. Ол дегеніміз, жеке адам білімді жүйелі түрде меңгеруді, оның нормалары мен құндылығынн, оған қоғамның мүшесі ретінде жұмыс істеуге құқық береді. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты, психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу сықылды қаралмайды. Әр түрлі тұлғалар бірдей жағдайлардан әртүрлі әлеуметтік тәжірибе шығара алады. Табиғат пен адам табиғаты арасындағы байланысты осы екі өзара қарама-қарсылықтар,

бірақ жеке тұрғанда әлсіз, өзара бір-бірін толықтыратын қызметтер арқылы орнату

теориялық мәнде маңызды салдарға жетелейді. Классикалық ойлау жүйесінде адам

табиғатқа да, езіне де, басқа тіршілік иелеріне де тумысынан дарыған жарым-жарты,

шектеулі, ерекше "табиғаттың" көмегінсіз-ақ кірігеді. Адам табиғаты "жалпы табиғатпен"

білім механизмдері қызметі арқылы ғана қосылады немесе, дәлірек айтсақ, классикалық

әдістеменің ұлы жүйесінде жалпы табиғат, адам табиғаты және олардың өзара қарым-

қатынасы қызметтік анықтауға және болжауға келетін сәттер болып табылады. Ал, әуелгі

қалың реалдылық, күрделі объект және кез келген мүмкін білімнің жоғарғы субъектісі

ретіндегі адамның өзіндік ешқандай орны жоқ.

Леуметтік антропологияның қалыптасу тарихын, жаратылыстанулық және қоғамдық ғылымдармен байланысын салыстырмалы талдауды қолдана отырып түсіндіріңіз.

Әлеуметтік антропология - әлеуметтану мен этнографияға жақын, адамның шығу тегі мен даму сатыларын, өмірінің мәнін, индустрияға дейінгіаграрлы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды, институттарды зерттейтін ғылым. Антропология ұғымын алғаш грек ойшылы Аристотель енгізді. Бүл ұғым көне грек дәуірінен орта ғасырдың соңына дейін адамның физиологиялық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді.

Философия адамды таңғажайып тірі Жан деп қарастырады. Адамның табиғаты мен мәні, оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық мәселелер болып табылады.
Адам феноменінің мәні мен қалыптасуын түсіндіруде әртүрлі дүниетанымдық көзқарастар орын алған.
Жаратылыстану ғылымы адамды жер бетіндегі себептердің, яғни материяның дамуының нәтижесі, салдары деп түсіндіреді. Оның қалыптасуының маңызды алғы шарттары - еңбек ету мен сөйлеп үйрену. Еңбек ету дағдысы, яғни табиғатты арнайы құралдармен өңдеу мүмкіндігі, адамның жер бетіндегі тірі жандардың бірі болып қалуына, дамуына жағдай жасады.
Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымына ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды.
Адам қандай қиыншылықтарды бастан кешірсе де, бәрібір өз қолымен, ақыл – ойымен әлемді жасандырып, тіршілік көркіне үстеме мән дарытып, сонымен бірге еңбек құдіретімен өзі де өзгеріп, өркениетті заманның ізгілікті бір белесінде өмір сүріп отыр. Демек, еңбек адам баласының табиғатқа қатынасын айқындайтын күретамыр, әрекет өрісі болып табылады.
Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қамтиды. Ол алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық түкпіріне тарады.
Н.Н.Моисеев «әмбебап эволюционизм» теориясын жасады. Оның идеяларының бастауын В.И.Вернадский мен Н.Ф:Федоров еңбектерінен табуға болады. Моисеев адамды жер мен космостың қасиеттері жиынтығының өзара тоғысуының нәтижесі деп қарастырады. Адамның қалыптасуымен материя өзін - өзі түсініп, даму заңдылықтарын білім арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Тіршілік пен адамның қалыптасуы - әлем тарихындағы ең үлкен төңкеріс.
Ақыл – ой пайда болғаннан бастап, әлемнің дамуы саналы сипатқа ие болды. Адамның ойлау қабілетінің негізгі ошағы – ми дамып, жетіле түсті. Әр түрлі іс - әрекеттердің іске асу жолына емін еркін араласып, оның бағытын өзгерте алатын ерік пайда болды. Ақпарат пен тәжірибені сақтап, оны қорытып, керек уақытында тауып беріп отыратын ес қалыптасты.
Адам табиғат шындығына бойлай отырып, оның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» (Герцен) танып білу деңгейіне көтерілді.
Сөйтіп, әлеуметтік организмнің ең нәзік бөлшегі, жаңа Адам әлемі – мәдениет әлемнің бастауы, адамның рухани әлемі қалыптасты. Адамның даму эволюциясында екі қарама – қарсы бағыт қалыптасты. Бірінші – сыртқы дүние туралы білімнің өсе түсуіне негізделген оның өзіндік еркіндігі, құрал – саймандар мен мәдениеттің дамуы. Екіншісі – адамның өз қолымен дамып отыратын екінші табиғаттың күрделене түсуіне байланысты оған оның бағыныштылығының арта түсуі.
Әлем халықтарының фольклорында Адам мен әлемнің қалыптасуы туралы әртүрлі тұжырым бар. Мәселен, эскимостардың айтуынша, Адам жерден соғылған, құстардың көмегімен бүкіл дүниеге тараған. Кейбір рулардың пікірінше, Адам тастан немесе ақ, қызыл, қоңыр қиыршықтардан пайда болған. Осы көзқарастардың бәріне ортақ идея – ол әлемді жарататын сыртқы күштің болуы.
Тейяр де Шарден «эволюциялық мәре» теориясын ұсынды. Ол Адам мен әлемнің пайда болуын түсіндіру үшін ғылым мен дінді, ақыл – ой мен мистиканы өзара біріктіруге тырысты. Тейярдың ойынша, әлемнің тарихы – оның ұдайы күрделене түсуінің және саналылыққа ұмтыла түсуінің тарихы. Осы тарихи процесте әлем дамуының белгісіз бір бағыты, косомстық діңгек қалыптасты. Соның аясында тіршілік пен сананың негізгі болатын Жер рухы пайда болады.

Қазіргі таңда, аймақтық интеграция жаңа әлемнің дамуында негізгі трендтің біріне айналып келеді. Аймақтық интеграция ХХІ ғасырдың әлеуметтік және экономикалық даму заңдылықтарына сүйенсе, мемлекеттердің бірігуінде, халықаралық қатынастарында тұрақтылық байқауға болады. Оның үстіне, елімізде «Бір мемлекет-бір тағдыр», «Әр түрлі қалыптасу – бірегей мүмкіндіктер», «Бірлік – әр түрлілік арқылы» секілді консолидарлық қағидалар бір ретке қойылған. Посткеңестік мемлекеттер үшін мұндай жаңа интеграция мәдени-тарихи құндылықтарды ғана біріктіріп қана қоймай, еуразиялық, географиялық кеңістік, жаңа ХХІ ғасыр әлемінің геосаяси орталығына айналады. Ал, Қазақстан мен Ресей бұл еуразиялық интеграцияның негізгі локомотивті күші болып қалмақ.

 

Сараптай келгенде, еліміздің Ұлт Лидері Н.Ә. Назарбаевтың ұсынған Еуразиялық Идеясы өзінің маңыздылығын, өмірлік қажеттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп келеді. Меніңше, сонау еуразияшылдықтан бастау алған бұл идея өзінің түпкі мақсатына жетеді деп ойлаймын. Яғни, болашақта құрылатын Еуразиялық Одақ Еуроодақтың кем тұстарын зерделей отырып, алып аймақтық интеграцияға айналуы тиіс. Алайда, теориядан шынайы тәжірибеге айналған идеяны жүзеге асырып, асығыстық танытып, Еуразиялық Одақты бірден құрмауымыз керек. Алдымен, қатысушы-мемлекеттердің саны ұлғайып, Одақ өз күшіне еніп, даяр болған сәтте, Елбасымыздың көздеген Еуразиялық Одақ Жаһандық әлем жүйесінде, Еуразия кеңістігінде өзінің орнын, рөлін табатыны айдан анық. Себебі, ағылшын ғалымы Х. Маккиндер айтқандай, «Хартлендті (жердің жүрегін - Еуразияны) кім өз бақылауына алса, сол бүкіл әлемді бақылайды».
37.Жаһандану жағдайында Қазақстанның басшылыққа алған стратегиялық жобаларының бірі – Еуразия идеясын өзектендірудің негізгі себебін көрсетіңіз

Жалпы, кез келген серпінді идеяның шығу тегін тарихи тұрғыдан қарастырсақ, өзінің даму кезеңдерін қамтиды. Еуразияшылдық идея алғаш рет ХХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропада қуғында жүрген орыс эмигранттарының арасында туған екен. Бұл дегеніміз, бұрынғы ақыл-ойдағы идеологиялық құндылықтардың өзгеріп, жаңа көзқарастың пайда болуымен байланысты туған ерекше идеялардың бірі болды деген сөз. 1921 жылы Еуропада жарық көрген орыстың еуразияшыл философтарының осы бағыттағы пікірлерін жинақтаған «Шығысқа шығу» атты еңбектің алғы сөзінде «Бұл мақалалар дүниетанудың апатты өзгерісі кезеңінде туған дүниелер. Болған және алдағы уақытта болатын өзгерістерден біз саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарды ғана емес, дүниетану көзқарасында да терең өзгерістер болатынын болжап отырмыз», делінген.

Демек, мұнда еуразияшылдық идея­сының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савиц­кий, Г.В.Вернадский дамытқан фи­ло­со­фиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың еуразияшылдық док­три­насын теориядан шынайы бол­мыс­қа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға бо­лады. Олай болса, ресейлік «ескі еу­ра­зияшылдық» пен қазақстандық «жа­ңа еуразияшылдықтың» айырмашылығын ажы­ратып алайық. Бірін­шіден, еуразияшылдық Ресей үшін та­рихи тұжырымдама болып қалды. Ал Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік. Екін­шіден, ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленді. Ал қазақстандық еуразияшылдық Ба­тыс­тан алыстауға емес, керісінше, мемлекетаралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жы­лы қабылдаған «Еуропаға жол» бағ­дарламасы осының айғағы болып табылады. Үшін­ші­ден, Назарбаевтың еуразиялық док­­тринасы орыстардікіндей тар ауқым­дағы идеологиялық сызба емес, кең ауқымдағы халықаралық және өр­ке­ниетаралық байланыстар әдісі, ашық түрдегі өркениеттік карта болып табылады. Ендеше, Көшбасшымыздың Еуразиялық идеясын неоеуразияшылдық емес, жаңа қазақстандық еуразияшылдық деп атауымызға әбден негіз бар.

Сараптай келгенде, еліміздің Ұлт Лидері Н.Ә. Назарбаевтың ұсынған Еуразиялық Идеясы өзінің маңыздылығын, өмірлік қажеттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп келеді. Меніңше, сонау еуразияшылдықтан бастау алған бұл идея өзінің түпкі мақсатына жетеді деп ойлаймын. Яғни, болашақта құрылатын Еуразиялық Одақ Еуроодақтың кем тұстарын зерделей отырып, алып аймақтық интеграцияға айналуы тиіс. Алайда, теориядан шынайы тәжірибеге айналған идеяны жүзеге асырып, асығыстық танытып, Еуразиялық Одақты бірден құрмауымыз керек. Алдымен, қатысушы-мемлекеттердің саны ұлғайып, Одақ өз күшіне еніп, даяр болған сәтте, Елбасымыздың көздеген Еуразиялық Одақ Жаһандық әлем жүйесінде, Еуразия кеңістігінде өзінің орнын, рөлін табатыны айдан анық. Себебі, ағылшын ғалымы Х. Маккиндер айтқандай, «Хартлендті (жердің жүрегін - Еуразияны) кім өз бақылауына алса, сол бүкіл әлемді бақылайды».

Нәсілдердің қалыптасуына әсер ететін факторлардың классификациясын жасап, қазіргі уақытта өзекті болып отырған фактордың ерекшелігін сипаттаңыз

Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады. Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.

Раса [3] (араб. рас — бас, бастау, шығу тегі) — бір антропологиялық түрге жататын, шығу тегі белгілі бір географиялық ареалда таралған адамдар тобы. Р. термині 17 ғ-дан бастап Еуропа халықтарында тарай бастады. Оны испандықтар мен португалдықтар (Rasse), француздар (la rasa), итальяндықтар (Razza), немістер (Rassа), ағылшындар (the race) және славян халықтары (paca) биол. мағынада кеңінен пайдаланады.ЮНЕСКО шешімі бойынша (1966 ж.) Р. мәселесінің биол. аспектісі туралы арнайы декларация қабылданған. Онда Р. туралы мынадай негізгі ғыл. қағидалар айтылған:

· Бүгінгі әлемдегі барлық адам баласы жалпы биол. бір түрге, яғни Homo sapіens-ке жатады және ол бір түбірден тарайды;

· адамдардың биол. Айырмашыл

· ықтары табиғи орта мен адамның генетик. құрылымының бір-біріне тигізген әсерінен пайда болған өзгешеліктер болып саналады;

· адамзат топтасуында (папуляциясында) көптеген генетик. айырмашылықтар бар. Оны бірыңғай папуляц. тұрғыдан алып қарағанның өзінде адамзат тобында таза Р. жоқ;

· адамзаттың нәсіл заңдылықтарына орай оның физ. ерекшеліктері шартты түрде үлкен Р-ларға, одан кейін кіші Р-ларға ажыратылады. Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен Р-ға жүйеленеді;

· ешқандай халық, ұлт, тіл, дін, мәдени топ өзінше жеке Р. құрай алмайды. Р. деген ұғым тек биол. мағынада пайдаланылады. Р-ның мән-мағынасын тұжырымдаған декларацияда бүкіл әлемдегі адамзаттың барлығының биол. мүмкіншіліктері бірдей екендігі айтылады.

Олар қалай және қандай затты және рухани өркениетті дамытам десе ерікті екендігі көрсетілген. Қазіргі уақытта әлем халықтарының антропол. жүйелеу әдістемелері бойынша еуропеоид, негроид, моңғолоид секілді негізгі үш үлкен Р. белгілі. Бұлардың әрқайсысы бірнеше кіші Р-ларға ажыратылады (қ. Нәсілдер). Сонымен қатар әрбір үлкен Р. жігінде аралас кіші Р-лар бар. Мыс., еуропа тектес және моңғол тектес Р-лар жігінде ерте заманнан бері олардың араласуынан пайда болған кіші тұран тектес (оңт. сібір) Р. бар. Оның өзі мынадай үш антропол. нұсқаға ажыратылады: қазақстандық антропол. нұсқа (өкілі қазақтар), тянь-шань өңірлік нұсқа (өкілі қырғыздар), алтай-саяндық нұсқа (өкілі хакастар);

Леуметтік және мәдени антропологияның, этнология мен этнографияның ерекшеліктеріне антропология ғылымының негізін салушылардың көзқарастары тұрғысынан талдау жасап, Қазақстанда антропология ғылымының даму жағдайларын сипаттаңыз

Этнография – тарих ғылымының бір саласы. Ол тайпалар мен халықтардың шығу тегін, тұрмысын, кәсібін, әдет-ғұрпын, ерекшелігін зерттейді. Этнографтың жұмысы өте қызықты әрі жауапты. Халықтың күнделікті өмірі мен тіршілігін, әдет-ғұрпын зерттеу үшін этнограф салт-дәстүр жақсы сақталған жерлерге барады. Онда сол халықтың қашан пайда болғанын, тұрмысын жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесіп, олардың айтқандарын жазып алады. Этнограф сол жердегі тұрғындардың өмірі мен тіршілігін терең білу үшін жиын-тойға да қатысады. Кейбір маңызды көріністерді суретке түсіріп, үнтаспаға жазып алады, сирек кездесетін бұйымдарды жинайды. Этнограф өз зерттеуіне музей деректерін, ертеректе жазылған қолжазбаларды да пайдаланады. Саяхатшылардың мәліметтеріне, бұрыннан сақталып қалған әдеби мұраларға да көңіл бөледі. Жергілікті халықтың даму жолын, басқа халықтардан ерекшелігін анықтайды. Мысалы, қазақ халқының этнографиялық тұрмысын қазақтармен қатар орыс және шетелдік ғалымдар да терең зерттеген. Этнология – этнография ғылымының бір саласы, ол халықтардың қашан, қай уақытта пайда болып, қалыптасқанын, арғы тегін зерттейді.

Этнология (грек. ethos – тайпа, халық және logos – ғылым, ілім, сөз) – қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді (қ. Тарихи этнография). Өткен өмір мағлұматтарын соңғы деректермен салыстыра зерттеп, этнолог халық тұрмысы мен мәдениетінің тарихи даму үрдісін анықтайды. Халық өмірінің өткен кезеңдерінің ең көне дәуірі палеоэтнология деп аталады. Мыс., халықтардың шығу тегін зерттеуде Этнология үнемі археол. деректерге сүйенсе, археология өзінің зерттеу жұмыстарында археол. ескерткіштердің қандай этн. топтарға жататындығын анықтау барысында әр дайым этнол. деректерді кеңінен пайдаланады.Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем-өнері мен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібін зерттеу Этнологияны толықтыра түседі. Халықтардың тілдеріндегі жақындықты зерттеу лингвистика мен Этнология мүдделерін жақындата түседі. Халықтар мен табиғи ортаның әсерін, қоныстану үлгілерін және этн. картографияны зерттеу ісі Этнологияны географиямен және дүние жүзі халықтарының санын есептеуге арналған демография пәнімен байланыстырады. Сондай-ақ халықтардың шығу тегін және алғашқы қауымдық құрылыс тарихын зерттеуде антропология ғылымы Этнологиямен ұштасып, этн. антропология саласын қалыптастырды. Этнология жоғарыда көрсетілген ғылым салаларымен тығыз байланыса отырып, ғылым үшін де, күнделікті тәжірибе үшін де аса маңызды көптеген сауалдарды шешеді. Этнология атауы этнос терминіне байланысты қалыптасқан. Антик. заманда эллиндіктер “этнос“ терминін грек емес халықтарға қолданған болатын. Э. термині 19 ғ-ға дейін кеңінен қолданыла қойған жоқ. Тек кей жағдайлардағы этногр. үрдістер мен құбылыстарды баяндау кезінде ғана қолданысқа еніп отырды. Антропол. ғылымдардың жалпы классификациясын жасап, оның ішінде Этнология ны бөліп, 1830 ж. алғаш рет көрсеткен француз ғалымы Жан Жак Ампер еді. Осыдан кейін еур. ғыл. жұртшылық осы терминді кеңінен қолдана бастады. Этнология ғылымының дербес пән ретінде ресми түрде қалыптасуы Париж этнологтары қоғамының құрылуынан (1839) басталады. Бұл оқиға пән және оның қоғамдық ғылымдардағы орны туралы қызу ғыл.-теор. пікір-сайыстар туғызды. Кейбір мәселелерге қатысты сан алуан көзқарастар болғанымен, қазіргі таңда Этнология ның орны, пәні мен зерттеу әдістері, міндеттері, т.б. айқындалған. Алғашқыда Э. дамуы артта қалған, жазуы мен мемлекеттілігі болмаған халықтарды зерттеумен айналысып, бұл үрдіс 20 ғ-дың бас кезіне дейін созылды. Кейіннен түрлі саяси және экон. мүдделерге сай ғылымның ауқымы кеңейіп, бүгінгі күнге дейінгі мәселелер қарастырыла беретін болды. Жаңа тарихи жағдайларға байланысты қазіргі уақытта Этнология күрделі де сан салалы тармақтардан тұратын іргелі ғылымға айналды. Оған этн. антропология, этн. социология, этн. психология, экон. Этнология, этнодемография, этн. география, этнопедагогика сынды бірнеше бөлімдер кіреді. Қазақстанда Этнологиялық ізденістердің дамуы ілкі замандардан бастау алған. Ерте темір дәуірінен басталған мол Этнологиялық материалдар ғасырлар бойы жинақтала берді. [[|Қазақ|Қазақтар]] туралы нақтылы этнол. деректерді патшалық Ресей тұсында Қазақстанға келген орыс шенеуніктері жинастырды. Әсіресе, бұл салада П.С. Паллас, И.Г. Георги, И.П. Фальк, И.Г. Андреев, А. Левшин сынды зерттеушілердің еңбектері зор. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ Э-сына елеулі үлес қосқандар Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсарин, М.Бабажанов болды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде қазақ Этнологиясына Н.Гродеков, Н.Аристов, Ә.Диваев, Г.Н. Потанин, Шәкерім, І.Қостанаев, т.б. елеулі үлес қосты.

40 Этникалық қақтығыстардағы негізгі сұрақтарға тоқталып, оларды шешу жағдайларын көрсетіңіз.

Этникааралық қақтығыстар - қандай да бір аумақта, көпэтникалы мемлекеттерде этностардың арасындағы әртүрлі себептерден туындаған қақтығыс. Басқа қақтығыстарға қарағанда зардабы ауыр, шешілуі қиын.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!