Нәсілдік антропологиялық мектептің қалыптасу ерекшеліктеріне тарихи тұрғыдан талдау жасаңыз



Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.[1]

Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:

· экваторлық, (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер),

· еуропалық,

· моңғолоид.

Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.

Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер[өңдеу]

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Моңғолоидтік нәсілдерге тән белгілер[өңдеу]

Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдыгы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Негроидтік нәсілдерге тән белгілер[өңдеу]

Негроидтік нәсілдердің шаштары бүйра әрі кара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпак, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.] Раса [3] (араб. рас — бас, бастау, шығу тегі) — бір антропологиялық түрге жататын, шығу тегі белгілі бір географиялық ареалда таралған адамдар тобы. Р. термині 17 ғ-дан бастап Еуропа халықтарында тарай бастады. Оны испандықтар мен португалдықтар (Rasse), француздар (la rasa), итальяндықтар (Razza), немістер (Rassа), ағылшындар (the race) және славян халықтары (paca) биол. мағынада кеңінен пайдаланады.ЮНЕСКО шешімі бойынша (1966 ж.) Р. мәселесінің биол. аспектісі туралы арнайы декларация қабылданған. Онда Р. туралы мынадай негізгі ғыл. қағидалар айтылған:

· Бүгінгі әлемдегі барлық адам баласы жалпы биол. бір түрге, яғни Homo sapіens-ке жатады және ол бір түбірден тарайды;

· адамдардың биол. айырмашылықтары табиғи орта мен адамның генетик. құрылымының бір-біріне тигізген әсерінен пайда болған өзгешеліктер болып саналады;

· адамзат топтасуында (папуляциясында) көптеген генетик. айырмашылықтар бар. Оны бірыңғай папуляц. тұрғыдан алып қарағанның өзінде адамзат тобында таза Р. жоқ;

· адамзаттың нәсіл заңдылықтарына орай оның физ. ерекшеліктері шартты түрде үлкен Р-ларға, одан кейін кіші Р-ларға ажыратылады. Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен Р-ға жүйеленеді;

· ешқандай халық, ұлт, тіл, дін, мәдени топ өзінше жеке Р. құрай алмайды. Р. деген ұғым тек биол. мағынада пайдаланылады. Р-ның мән-мағынасын тұжырымдаған декларацияда бүкіл әлемдегі адамзаттың барлығының биол. мүмкіншіліктері бірдей екендігі айтылады.

Олар қалай және қандай затты және рухани өркениетті дамытам десе ерікті екендігі көрсетілген. Қазіргі уақытта әлем халықтарының антропол. жүйелеу әдістемелері бойынша еуропеоид, негроид, моңғолоид секілді негізгі үш үлкен Р. белгілі. Бұлардың әрқайсысы бірнеше кіші Р-ларға ажыратылады (қ. Нәсілдер). Сонымен қатар әрбір үлкен Р. жігінде аралас кіші Р-лар бар. Мыс., еуропа тектес және моңғол тектес Р-лар жігінде ерте заманнан бері олардың араласуынан пайда болған кіші тұран тектес (оңт. сібір) Р. бар. Оның өзі мынадай үш антропол. нұсқаға ажыратылады: қазақстандық антропол. нұсқа (өкілі қазақтар), тянь-шань өңірлік нұсқа (өкілі қырғыздар), алтай-саяндық нұсқа (өкілі хакастар);

 

 

Адам табиғатын оның қажеттіліктерінің жиынтығы ретінде қарастырған көзқарастардың ерекшелігіне социологиялық тұрғыдан баға беріңіз

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті.

Дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады.. Адам өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Адам дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, өз іс-әрекеттерімен түйістіріп, Дүниеде бұрынғы-соңғы болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды тудырады.

Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқанындай “адамның өзі Дүниедегі орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты есептеуден де қиын.

Фейербахтың антропологиясына келетін болсақ, антропологиялық материализм теориясы:

-нағыз, шын өмір сүретін табиғат пен адам ғана;

-адам табиғаттың бір бөлшегі

-адам материалдық пен руханилықтың бірлігі

-адам философиясының басты мәселесі болу керек

-табиғат мәңгі және шексіз

-бізді қоршағанның барлығы-матияның алуан түрлі көрінісі

-идея дегеніміз өздігінен өмір сүрмейді, ол адам санасының өкілі.

-Құдай өз бетінше жеке өмір сүрмейді, құдай-адамның елесінің желісі.

К. Маркстің байқауынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Яғни жеке адам тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады». И. С. Кон социолизацияны барлық әлеуметтік және психологиялықтың жиынтығы деген. Ол дегеніміз, жеке адам білімді жүйелі түрде меңгеруді, оның нормалары мен құндылығынн, оған қоғамның мүшесі ретінде жұмыс істеуге құқық береді. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты, психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу сықылды қаралмайды. Әр түрлі тұлғалар бірдей жағдайлардан әртүрлі әлеуметтік тәжірибе шығара алады. Табиғат пен адам табиғаты арасындағы байланысты осы екі өзара қарама-қарсылықтар,

бірақ жеке тұрғанда әлсіз, өзара бір-бірін толықтыратын қызметтер арқылы орнату

теориялық мәнде маңызды салдарға жетелейді. Классикалық ойлау жүйесінде адам

табиғатқа да, езіне де, басқа тіршілік иелеріне де тумысынан дарыған жарым-жарты,

шектеулі, ерекше "табиғаттың" көмегінсіз-ақ кірігеді. Адам табиғаты "жалпы табиғатпен"

білім механизмдері қызметі арқылы ғана қосылады немесе, дәлірек айтсақ, классикалық

әдістеменің ұлы жүйесінде жалпы табиғат, адам табиғаты және олардың өзара қарым-

қатынасы қызметтік анықтауға және болжауға келетін сәттер болып табылады. Ал, әуелгі

қалың реалдылық, күрделі объект және кез келген мүмкін білімнің жоғарғы субъектісі

ретіндегі адамның өзіндік ешқандай орны жоқ.

Азақ халқының қалыптасуында әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлардың атқаратын рөліне социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз

Өз ойларыңмен жазыңдар

Э.Дюркгеймнің діни антропологияның дамуына қосқан үлесін «Діни өмірдің қарапайым түрлері» еңбегіне талдау жасау арқылы көрсетіңіз.

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (158-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды,солардың арқасында оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», «Өзіне -өзі қол салу», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады.

Э.Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты.Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады.

Діннің шығу көзі-қоғамның өзі.Ол дінді қасиетті немесе қарапайымнан бөлінген тыйым салынған заттарға қатысты сенімдер мен нанымдардың тұтас жүйесі ретінде анықтайды.Олар артынан ерушілердің барлығын(шіркеу)деп аталатын моральдық қауымдстыққа біріктірді.Ол әлеуметтік сезімді оятып,ұжымдық көзқарастарды қалыптастырады.Дінде адамдарға тән жай заттарды құдай деп тану қасиеті жүзеге асады.Оларға қасиетті мән беріліп,соның арқасында олар қоғамды тұтас ортаға топтастыру қызметін атқара алатын болады.Мұндай заттар салт-жоралық әрекеттердің,қызметтеудің ізгілік көрсетудің ерекше обьектісіне айналды.Өйкені олар сол әлеуметтік топтың нышаны ретінде қасиетті және солардың көмегімен өмір сүрді.

 

Этнос пен ұлт ұғымдарының айырмашылығына салыстырмалы талдау жасап, азаматтық ұлт ұғымының қалыптасу жағдайларын атап көрсетіңіз.

“Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады. Макс Бевердің айтуы бойынша шығу тегі ортақ деп санайтын адамдар жиынтығын айтамыз. Этнос дегеніміз белгілі територияларда мекендеген мәдениетң бір адамдар. Этносты зерттейтің ғылым этногенез деп аталады. Оны Гумелев зерттеген. Бүгiнде этностық мәдениет пен ұлт тiлдерiнiң өткенi мен келешегiне көз жiберу ұшiн этностардың шығу тегiн ғылыми методологиялық тұрғыдан қарастыру қажеттiгi туып отыр. Бұл жөнiнде соңғы жылдары ұлт мәдениетiн ғылыми-методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет құнды еңбек жазған атақты тарихшы ғалым Лев Гумилев болды. Ол өзiнiң “Халықтар қалай пайда болады және жоғалады?” (изд-во Ленинградского университета, 1989) деген атақты еңбегiнде, дүние жүзiндегi халықтардың пайда болу, өсу, өркендеуiн және олардың бiртiндеп өшiп, жоғалу заңдылықтарын диалектикалық тұрғыда, тарих, география және биология (оның iшiнде экология және генетика саласы) ғылымдары негiзiне сұйене отырып, “этнос” туралы ғылыми дәйектi анықтама берген едi. Л.Гумилев “этнос” туралы соңғы уақытқа дейiн әр түрлi түсiнiк-анықтамалардың болғанына тоқталады. Айталық, бiреулер “этнос дегенiмiз — шығу тегi бiр халықтар” десе, екiншiлер “этнос — тiлдiң бiрлiгiне негiзделген мәдениеттiң тууы” дейдi. Ал үшiншiлерi “этнос — бiр-бiрiне ұқсас адамдар тобы” десе, төртiншiлерi “этнос - сана-сезiмдерi бiр адамдар тобы” дейдi. Бесiншiлерi “этнос” - белгiлi бiр қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы” десе, ал алтыншылары “этнос — табиғаттың сыйы, этнос — әлеуметтiк категория” дейдi (19, 13). Ұлт (лат. natio - ұлт) — қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде ХХ-ХХӀ ғасырлар ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттық мемлекетке сәйкес келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді және тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан. Ұлттық емес мемлекеттер толыққанды болып есептелмейді. Олар не ұлттыққа айналуы керек, не өмір сүруін тоқтатуы керек.

КСРО дан кейін қалыптасқан ұғым бойынша, ұлт — белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан, оның өмір сүруін қамтамасыз етіп, оған өзіндік түр беретін субстанционалды-рухани негізі бар, бірыңғай тіл, мәдени, психологиялық, ділдік (менталитет), өмір салты сияқты ерекшеліктер тән әлеуметтік қауым. Бұл Сталинниің ұлттқа берген қате анықтамасы негізінде айтылған көзқарас. Себебі бұл жиынтықта айтылған компоненттерде саяси ерік және осы еріктің негізінде туындайтын саяси мемлекет туралы еш нәрсе айтылмайды. Марксистік идеология негізінде ұлттың негізгі саяси компоненті жойылып, ұлт ұғымы этнос деңгейіне дейін төмендетілген. Оның бірнеше себептері болған. Біріншіден, марксистік көзқарас бойынша коммунизм орнағаннан кейін ұлттар жойылу керек еді болашақта. Екіншіден, отарлаушы мемлекетте ұлттың шынайы саяси көрініс табуы мүмкін емес еді. Сондықтан советтік кезеңнен қалған шолақ анықтамалардан сақ болу керек.

Ұлт— ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетик. тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда “ұлт” және “этнос” ұғымдары біріне-бірі өте жақын, екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Этностан айырмашылығы Ұлттар этностық белгілерге қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық және саяси-әлеуметтік ой-пікірде “ұлт”, “этнос” категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Жер шарында 2 мыңнан астам Ұлттар мен этностар бар. Олар 5 мыңнан астам диалектілерде сөйлейді. 330-ға жуық этностың 1 млн. және одан көп өкілдері бар. Ал қалған 1700-ден астамы 1 млн-ға жетпейтін адамы бар аз санды этностар қатарына жатады. Осыншама көп санды ұлттар мен этностар әлемде 200-ден астам мемлекет біріккен.

 

Техногендік өркениеттің салдарлары, адамзат болашағына тигізер жағымсыз әсерлері, бұл әсерлерді болдырмау үшін қолданылатын шараларды атап көрсетіңіз

ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны игеріп өнеркәсіпті елдерде өмір сүретін миллиондаған адамдардың тіршілігінің өзгеруіне және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми байланыстарының аясы кеңейіп, әлемдік ғылыми бір тұтастық пайда болды.

Ғылыми-техникалық прогресстің адамның ой-өрісіне тигізетін ықпалы және әсері өте жоғары. Техникалық машиналар мен өндіріс технологиясының қарқынды дамуының нәтижесінде ақырындап «табиғи» (биосфералы) адам өзгере бастады. Алғашқыда эволюциялық табиғи дамуда мыңдаған жыл адамға қолайлы орта болғандығы белгілі. Қазір жағдай басқаша. Енді баяу өтетін табиғи уақыттың орнына, динамикалық әлеуметтік өмір келді. Техника өсті, өнеркәсіп дамыды. Халық үлкен қалаларға шоғырлана бастады. Осының салдарынан адамның тұратын табиғи ортасы міндетті түрде жасанды ортаға жол бере бастады. Адамзат тарихында техникалық дәуір басталды. Н.А.Бердяев өзінің «Адам және машина» атты жазбасында осы дәуірді мәдениеттің тоза бастауы, өйткені материалдық зат адамнан жоғары тұрады деген болатын. Дүниені техникализациялау дегеніміз ол тіршілікке аяушылық жоқ дегенді білдіреді, өйткені ол – адам баласына жат құбылыс. Н.А.Бердяевтың айтуынша, техникалық дүние өзінің белгілі бір жоғары даму сатысында, өзін жасаған адамға қарсы шығады да оған ешқашан бағынбайды деген болатын. Оның ойынша техника тән мен рухты және әртүрлі тарихи кезеңдерді айырып, бір-біріне қарама-қарсы қоятындығында. Ол адамға өлшеусіз құдіретті күш сезімін беріп, оны сыртқы дүниені экспансиялауға итермелейді. Осы тұста адамның табиғаты және рухани өмірі, көңіл-күйі зақымданады деп көрсеткен болатын.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!