Азақстанның этносаясатының негізгі бағыттарын баяндап, этносаралық қарым-қатынастардың қалыптасуына талдау жасаңыз.



Этнос, этникалық қауымдастық – [грек, ethnos – тайпа, халық] – бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. Ұлттық саясат — бір мемлекетте тұратын әр түрлі этностардың, этникалық топтар мен диаспоралардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеу. Өркениетті мемлекеттерде Ұ. С. Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтауды және нығайтуды мақсат етеді. Әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің 80%-дан астамы көп этн. Және көп дінді. Сондықтан Ұ. С. Әрбір мемлекеттегі әлеум. Саясаттың маңызды сегменті болып табылады. Ұ. С. Этн. Татулықты нығайтудың нақты шараларын күн тәртібіне қояды және шешеді. Ұлт саясатын этносаясат деп те атайды. Этносаясаттың мақсаты елдегі этносаралық түсіністікті сақтай отырып, халықты өркениеттілік дәстүрлеріне тарту. Ол үшін саясатқа араласатын мүдделі топтар әрбір қайшылықты, шиеленісті өзара келісімге келу арқылы шешеді. Түрлі халық өкілдері өздерімен қатар өмір сүріп жатқан этностардың дәстүрлеріне, мәдениетіне, тілдеріне, т.б. ерекшеліктеріне толеранттылық көрсетеді. Ұ. С. Өркениетті елдерде азаматтардың ұлттық құндылықтарына деген позициясына сәйкес жүргізіледі. 1970 — 80-жылдары Қазақстандағы қазақ ұлты өкілдерінің 40%-ы ана тілін білмейтін халге жетіп, халықтар достығы саясатының толық құрбаны болуға аз қалды. Қазақ халқына қарсы геноцидтік саясат жасалды. 1916 ж. 6 млн-ға жеткен қазақтар 1959 ж. 3 млн-ға дейін азайды. Қазан төңкерісінен кейін басталған шаруашылық және саяси реформалар салдарынан 3 млн-ға жуық қазақ қырылды немесе шет елдерге кетуге мәжбүр болды. Қазіргі Қазақстандағы Ұ. С-тағы кемшіліктер мен қателіктердің түп-тамыры осы процестерге байланысты. Қазақ тілінің дағдарысқа ұшырау мәселесі әлі де тиімді шешілмей отыр. Дербес мәдениеті мен дамыған тілі бар қазақ этносының орыс тіліне көшу үрдісі әлі де тоқтаған жоқ. Сондықтан қазіргі Ұ. С. Кемшіліктерді жоюдың кешенді шараларын күн тәртібіне қойып, оларды шешудің жолдарын қарастыруы қа-жет. Елдегі ұлт саясаты қазақ этносының ұлттық мүдделерін шешумен шектелмейді. Этносаясаттың басымдылығы Қазақстандағы этн. Татулықты сақтай отырып, басқа да этн. Топтар мен диаспоралардың мұң-мұқтажын мемл. Деңгейде шешуге, шиеленістер мен қайшылықтарды реттеуге ат салысу.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!