Адамның мәні мен табиғаты туралы классиктердің көзқарастарына салыстымалы талдау жасап, оларды топтастырып көрсетіңіз 2 страница



Шығу себептері

Этникааралық қақтығыстардың шығу себептері - этнос құндылықтарын кемсіту нәтижесінде туындаған жанжалдар аса ауыр әрі эмоционалды бояуы қанық болады. Құндылықты қақтығыстар қоғам өмірінің кез келген саласында кездесуі мүмкін. М.Вебердің пайымдауынша, адамдардың іс-әрекеті мінез-құлық ережелерін, мақсатын айқындайтын құндылықтармен үйлескенде ғана мағыналы болмақ. Этникааралық қақтығыстардағы құндылықты ерекшелік мәдени, тіл, дін, басқа да әлеуметгік-мәдени айырмашылықтардан туындаған қақтығыстарда айшықты болады (экс-Югославиядағы азаматтық соғыс себебі дін алуандылығынан туындаған субмәдениеттер (православиелік, католиктік, мұсылмандық) болды). Сондай-ақ этникааралық қақтығыстар тұрмыстық деңгейде де шығуы мүмкін. Ол түйсікте жатқан басқа этносты жаратпау социо-психологиялық факторы негізінде туындайды. Ұзақ қайшылықтан кейін себебі қандай болса да, қақтығысушы этностардың бір-біріне өшігуі бұқаралық сипат алады. Этникалық қақтығыстардың тарихи себебі этнос жадында сақталып қалған өткендегі окпе, реніштен туындайды. Олар өздігінен өзі тікелей себеп бола алмайды. Егер қақтығыс пісіп-жетілсе немесе қақтығыс шыққан болса, этнос санасындағы барлық өкпе-наз "ақтарылады" және "отқа май құяды". Қақтығыстардың шығу себебі қандай болмасын, олар нақтылы мақсатты көздейді, біреудің мүддесін білдіреді (кейде, тіпті қақтығысқа қатысушылар оны байқамауы да мүмкін).

Реттелу жолдары

Этникааралық қақтығыстардың реттелу жолдары - қандай да бір этникааралық қақтығысты түбірімен, түпкілікті біржола шешу мүмкін емес. Этностар бар жерде әйтеуір бір қайшылықтар туындайды. Мәселе осы қайшылықты шиеленістірмей, күш қолдануға жеткізбей дер кезінде алдын алып, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге талпынуда. Көпэтникалы қоғамда этносаралық қарым-қатынастар реттеліп отырылуы керек. Бұл қатынастардың басқару стратегиясын жасау үшін полиэтникалы кеңістікте жалпыға ортақ құндылықтар мен ережелерді табу қажет. Жалпыға бірдей ойын ережесін жасау керек, ол әмбебап, бүкіл көпэтникалы қоғамды құндылықты-ережелік алаңмен қамту, екінші жағынан жеке дәстүрлер мен құндылықтар шектелмеуін ойластырған жөн. Осыдан келіп мемлекет пен оның құрамына кіретін этностар арасында "қоғамдық келісімге" келудің қажеттігі туады. Мұндай келісім этникааралық қатынастардың барлық қырын қамти алмайды, дегенмен негізгі маңызды нормалар мен қағидаттар ұсынылуы керек: жеке тұлға мен этнос қауіпсіздігі кепілдігі, тең құқықтық, қайшылық туа қалған жағдайда күш қолданудан бас тарту, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу және т.б. Осы жағдайда ойын ережесінің ешкімге "бүйрегі бұрмауы" керек, сонда ғана ол тиімді болмақ.

Егер этникааралық қақтығыстың алдын алу мүмкін болмай, қақтығыс орын алса, ең алдымен күш қолдануға жол бермей, зорлық-зомбылықты тоқтату керек. Одан кейін қақтығысты тіл табысу кезеңіне өткізу, қандай да бір себептермен қақтығысушы жақтардың арасында диалог мүмкін болмаса ара ағайындық жасау. Қақтығысты реттеудің келесі кезеңі - "қазыға жүгіну" (арбитраж). Міндетті арбитраж қақтығысты реттеу мен күшпен басудың аралығында болады. Қақтығыстарды реттеудің ең соңғы жолы - күшпен басу.

Этноконфликтология

Этноконфликтология - этникалық, этникааралық қақығыстарды зерттеуші ғылым саласы. Қақтығыстанудың аса маңызды бөліктерінің бірі этникалық қақтығыстардың шығу заңдылықтарын, дамуын, алдын алу, реттеу, шешімін табу мәселелерін қарастырады. Ол этнос өкілдерін қиян-кескі қаталдыққа, төзімсіздікке, күш қолдануға жетелейтін бөлінудің, жіктелудің, конфронтацияның алдын алып, тығырықтан, түйықтан шығудың жолдарын қарастырады. Қазіргі этноконфликтологияның аса маңызды мәселелерінің бірі ықтимал қақтығыстарды алдын ала ескертіп, болжам жасау және жағымсыз салдарын төмендету жолдарын қарастыру болып табылады.

 

41 Нәсілдер классификациясының "бейнелеу" және "өлшеу" әдістерінің қолданылу аспектілеріне қатысты сипаттамалық талдау жасаңыз

Кітапта

нтропологиялық зерттеу әдістері. Антропологияның зерттеу аймағы – адам денесі. Ол антрополгиялық және медициналық аймақ болғанымен, олар бірдей емес. Антропологтар бірқатар сапалық белгілерді (антропоскопия) және адам денесінің сандық көрсеткіштерінің (антропометрия) ерекшеліктерін суреттейді. Антропологиялық әдістер арқылы морфологиялық және физиологиялық көрсеткіштерді талдайды. Антропологиялық зерттеулердің нәтижелері сот медицинасында, хирургияда т.б. практикалық медицинада өте кең және жиі қолданылады. Мысалы, киім тігуде, үй жиһаздарын дайындауда және станоктарды құрастырудың стандарттарын белгілейде де маңызы бар. Антропоскопиялық әдіс пен антропометриялық әдіс, бірін-бірі толықтырып отырады. Адамның шыққан тегі туралы проблема адам баласын барлық уақытта бірдей қызықтыратын сұрақ. Бұл табиғаттанудың негізгі сұрағы және оны шешудің дүние танымдылық маңызы бар. Адамның адам болуы туралы идиологиялық күрес ертеден келе жатқан көзқарас. Адамның табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ған түсіндіруге болады. Материалистік көзқарас Римнің натурфилософы Лукреция Караның «Зат тұрғысы» - «О природе вещей» атты шығармасында берілген. Рим дәрігері К.Гален адамға ең жақыны маймыл деп, оның анатормиясын зерттеген. 1619 жылы Италиян философы Лючилио Ваниниді адам маймыл мен туыстас дегені үшін өртеп өлтірілді. Адам жануарлар дүниесіне жатады деген ұғым зерттеушілердің ойында болғанымен, оны сол кездегі діннің дамуына байланысты идеалистік көзқарасқа қарсы шығу мүмкін болиады. Бірінші болып жануарларды жіктеудің негізін қалаған К.Линней, түр өзгермейді деген ұғымнан таймаған. Ол «адамды жаратушы құдай» деген ұғымнан таймаған. Ол адамдарды приматтар отрядына, сүтқоректілер класына жатқызған. Осы отрядқа Линней, маймыл мен жартылай маймылдарды да кіргізген. К.Линнейдің ұсынысы бойынша адам туыстық және түрлік атаққа ие болды (Homo sapiens – человек разумный – ақалды адам). ХVІІІ ғасырда адам маймылдардан шықты, деген ұғымды қолдағандардың бірі орыс натуралисті Афанасий Каверзанов болатын. Ол өзінің «жануарлардың қайта қалыптасуы» деген кітабында (1778) барлық жануарлардың шыққан тегі біреу және олар бір-біріне сыртқы бейнесі ұқсамағанымен олардың ішкі мүшелерінің құрылысында таңқаларлықтай ұқсастықтар бар деген. Бірінші эволюцияның авторы Ж.Б.Ламарк, адамның шығу тегі туралы гипотезаларында бірінші болып «Зоология философиясы» (1809) атты еңбегінде көрсеткен. Ламарк, адамның шыққан тегі, екі аяғымен тіке жүруге бейімделген, ағашта тіршілік ететін, маймыл тұқымының біреуі деп есептеген. Адамның прогрессивтік ерекшеліктерінің пайда болуын, Ламарктың эволюциялық теориясы бойынша, мүшелердің жаттығуларының нәтижесі және олардың қажеттеліктерінің даму барысында ұрпақтан-ұрпаққа берілуі деп көрсетті. «Түрдің шығу тегі» деген еңбегінде Ч.Дарвин болашақта эволюцияның ілім, адамның шығу тегін анықтауға үлесін қосады деп көрсетті. 1871 жылы «Адамның тегі» деген Ч.Дарвиннің жаңа кітабы шықты. Осылайша, антропогенез теориясының биологиялық негізі қаланды. Бірақта «Ақылды адамның» шығу процесі биолигиялық проблемаемес. Адам эволюциясының негізгі факторы еңбек ету. Антропогенездің еңбекке байланысты теориясын ұсынған және дәлелдеген Ф.Энгельс. Адамның шығу тегі туралы сұрақ осы күнге дейін идеологиялық күрес аренасы. Күмәні жоқ дәлелдемелердің қысылуымен адамның агтропоморфты бастамаларданшыққаны мойындалды.

 

42 Инфантилизм және оның қалыптасуына әсер ететін факторлар туралы антропология ғылымында қалыптасқан көзқарастардың ерекшелігін көрсетіңіз

Инфантилизм – латын сөзі. Мағынасы “балалық” деген сөз. Яғни дамудың кері кетуі деген мағынаны білдіреді. Инфантилизмді екі жағынан қарастырған дұрыс: Бірінші, физиологиялық инфантилизм. Бұл адам ағзасының табиғи даму үрдісінен айнып, дамуының тежелуі. Екінші, психологиялық инфантилизм. Бұл адамның ішкі жан дүниесінің күннен-күнге дамып, түсінігі артып, даналыққа қарай жақындауының орнына, күннен-күнге кері кетіп, адамның рухани тығырыққа тіреліп, жанын түрлі-түрлі қайшылықтар торлап алып, бір түсініксіз халге бой ұрып, өмірінің мәнін жоғалтып алуы. Осы туралы толығырақ тоқтала кетейік.

Сәби туылған сәттен бастап, өмірге көзқарасы қалыптаса бастайды. Ата-анасының айтатын ақылдары, үйге келетін қонақтар, ауладағы достарының әңгімелері, телеарналар, газет-журналдардан естігендері бәрі-бәрі әсер етеді. Ер жетіп есі кірген соң, көкірегі түрлі арман-мақсаттарға толады. Пай, шіркін, астыма бір тойота мінсем, сосын бір жастар ұйымын басқарып, сөйте-сөйте өзімді көрсетсем. Оқу бітірген соң, әкімшілікке немесе бір министрлікке қызметке тұрсам. Сөйтіп жегенім алдымда, жемегенім артымда болып бір шалқыған байлыққа жетсем, қызметім халқыма жағып атақ-беделге ие болсам. Сөйтіп бір сұлу қатын алсам, бала-шағамды өсіріп солардың арасында шалқып отырсам. Сөйтіп атақ-абырой, мансап, байлыққа ие болып дүниеден өтсем – дейді. Белгілі социолог Густав Юнг болса: “Адамның жүрегіндегі әділетті принциптерге қиянат жасамай, адал, ақжүрек боп өмір сүргені ең дұрыс жол. Тым болмағанда осы шындықтарды мойындап өмір сүретін болсақ, бақытты ғұмыр кешуге мүмкіндік молайған болар еді” дейді.

 

 

43 Азаматтық ұлт ұғымына анықтама беріп, оның қалыптасу жағдайларына социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз

Академик Сұлтан Сартаевтың көрсетуінше, «Қазақстандағы ұлттық процестердегі шындыққа келсек, елдің тарихи Отанында бір ұлт, бір халық бар. Ол – қазақ этносы. Ал, республикадағы басқа ұлттар мен ұлыстар өкілдері басқа жерде тарихи Отандары бар Қазақстандағы диаспоралар, ирриденталар. Қазақстан орыстарын, өзбектерін тағы басқаларын «Қазақстандағы орыс диаспорасы», «Қазақстандағы неміс диаспорасы» т.с.с. ұғымдармен атау дұрыс. Қазақстандағы орыс халқы, өзбек халқы, неміс халқы т.с.с. деген ұғымдар негізсіз. Себебі, елдегі диаспоралардың төл тарихи Отандары бар. Ресей — Қазақстан орыстарының тарихи Отаны, Өзбекстан — Қазақстан өзбектерінің тарихи Отаны т.с.с. Отанынан шашырап кеткен халықтың бөліктері диаспораға айналады. Осы секілді қазақ халқының да диаспоралары жер шарының 40-қа жуық мемлекетін мекен етуде». Бұл дегеніміз – миллиондаған қазақ ағайындарымыз тарихи Отанынан тысқары жерлерде өмір сүріп жатыр деген сөз. Бірақ та, олар өз этногенетикалық тегін, тілін, ділін, дінін сақтай отырып, бір жағынан, қазақ ұлтының өкілі; екінші жағынан, өзі тұратын белгілі бір шет мемлекетінің тең құқықты азаматтары. Сәйкесінше, «Қазақстан халқы», «қазақстандықтар», «Қазақстан тұрғындары» сияқты полиэтноәлеуметтік қауымдастыққа қатысты ұғымдарды «қазақ ұлты», «қазақ этносы» ұғымдарымен шатастыруға болмайды. Өйткені, кезінде М. Шоқай алға тартқан философ тұжырымымен айтқанда, «Халық – объект, Ұлт – субъект». Осы жерде мынадай қорытынды туындайды: қазақ халқына қатысты «этнос» және «ұлт» деген ұғымдарды қолдануға әбден болады.

 

44 Мультикультурализм, оның мәні. Қазақстанда мультикультурализмге қатысты қалыптасқан «жақтау» және «қарсы шығу» көзқарастарына қатысты тұжырымдама жасаңыз

Мультикультурализм – бұл жеке бір мемлекетте мәдени айырмашылықтарды сақтау мен дамытуға бағытталған саясат. Алғашрет «мультикультурализм» ұғымы 1957 жылыШвейцарияныңжүргізгенсаясатынсипаттауүшінқолданылды. Ал ғылыми-саясиайналымғабұл термин 1971 жылы Канада үкіметінің премьер-министрі Пьера Э. Трюдомультикультурализмтуралыресми акт қабылдауыменбайланыстыенді. Бұлсаясаттыңбастымақсатыбасқаелдерденқонысаударыпкелгениммигранттардыңұлттықерекшеліктерінсақтауы, жергілікті автохтон халықтантілдік, мәдени, дінибөлектенуі мен оқшаулануынқолдау. Әртүрлімәдениеттербірікпей-ақ параллель түрдетіршілікетеді. Алайдабұл практика мәденисеграгацияғаәкеледіжәнежергіліктіхалықтыңұлттық-мәденисәйкестілігінеқатертөндіретінінкөрсетті. Мультикультурализмидеологиясысипатыжағынанәртүрлімәдениеттердіңешжанжал, қақтығыссызқатарөмірсүребередідегенутопиялықтүсініккенегізделеді.

Еуропадамультикультурализм – тығырыққаапаратынжолдепсаналуда. Мемлекеттенегізігібірүстеммәдениетболуытиіс, қалғандарымүмкіндігіншесоныңмаңайындашоғырлануыкеректінұғынуорыналуда.

Ұлттық идеяны ұғынудың негізі, төл тумалықтың қайнар көзі ана тіліндегі көркем шығармаларда жатқанын қазақ зиялылары да үнемі айтып келе жатыр. Ұлттың негізгі құндылықтары мен саяси курстың сәйкес келуі бізде мүлде мүмкін емес сияқты көрінеді. Өйткені, «қазақтық» түсінігі элита санасындаарттақалушылық пен өрлеудіңтежегішісияқтықабылдануда. Бұлалшақтықтыжақындатуүшінмемлекеттің кадр таңдау мен іріктеусаясатынкүртөзгертуқажет. Нағызұлттықбағыттағы элита қалыптастырубағдарламасынжасаукерек.

 

45 Қаланы антропологиялық тұрғыдан түсінуде әл-Фарабидің урбанистік көзқарасының маңызы туралы өз ойыңызды жазыңыз

Әбу Наср Әл-Фараби Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қаласы — 950, Сирия, Шам) — қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген.

Оқу жолы

Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған.

Шығармашылық жолы

Әбу Наср Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Наср Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді.

Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады.

 

46 Қалалық антропологияның Чикаголық мектебінің зерттеу бағыттарының ерекшеліктеріне талдау жасаңыз

Гарольд Дуайт Лассуэл (1902-1978) - Чикаголық мектептің көрнекті өкілі, саяси ғылымда бихевиористік көзқарасты жақтаушы. Йель құқық университетінің құрметті процессоры, Нью-Йорктағы Саяси ғылымдар Орталығының директоры, Американдық саяси ғылымдар Ассоциациясын басқарды. Саяси ғылымның саласында саяси мінез-құлықты әлеуметтік психология мен психоанализ әдістерін кеңінен қолданатын зерттеулерге бағыттады. "Психопатология және саясат" еңбегінде жеке тұлғаның саяси белсенділігіне әсер ететін жасырын, астыртын сананың ықпалы зерттелді. Лассуэлл саяси тұлғалардың жіктелуін жасап, саясаткерлердің түрлерін анықтады. Билікті зерттеу барысында бір индивидтердің әмір етіп, екіншілерінің бағынуын түсіндіретін "билікке - ерік" жайында гипотеза ұсынды, ол бойынша саясаткерлердің сыртқы және ішкі (рухани) кемістіктерінің орнын толтыру мақсатындағы әрекеті түсіндіріледі. Элиталар саясаттың басты субъектілері деген қорытындыға келеді және абстрактылы институттар мен ұйымдарды зерттегеннен сол субъектілердің арақатынасын зерттеу әлдеқайда маңызды деп тұжырым жасайды. "Саясат: кім, қашан, қалай, не алады" деген еңбегінде Лассуэлл саяси ғылымның басты міндетін қоғамдағы құндылықтар бөлінісін зерттеуден кәреді. Егер қоғамның экономикалық саласында материалдық құндылықтар өндірілсе, мәдениет саласында - рухани құндылықтар, ал саяси салада құндылықтар өндірілмейді, тек бәліске түседі. Құндылықтарды кім бөлсе, сол билікке ие болады, - дейді ол

Біздің тілдік қолдану аямызға кіргізілген шетелдік терминдер алғашқы мәніне қарағанда кең мағынаға ие болады. Нақ осы жәйт «инклюзия» ұғымына да қатысты. Мегаполистегі сәулеттің үйлесімдігі, қоршаған кеңістіктің қолжетімдік қабілеті, қала азаматтарының достық ықыластары мен ашықтығы туристтер үшін қаланы тартымды етеді немесе қала туралы жағымсыз әсер қалдырады.

Инклюзивті мәдениеті бар қала әлеуметтік мәдениетті, инфрақұрылымдық және сәулет ортасының қабілеттерін, статустық ерекшеліктеріне қарамастан адамның дамуы мен өзін-өзі қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-саяси перспективаларды қамтиды. Егер адам қалада үйлердің реттік нөмірін (кейде мұндай нөмірлер мүлдем болмайды) анықтауда қиындық көрсе, қажетті мекенжайын табуға қыруар күш жұмсаса немесе қалада жаяужолдар мен қоғамдық кеңістік болмаса, тұрғылықты халықтың жылы ықыласына қарамастан бұл қала туристтер үшін тартымды (позитивті) бола қоймас. Керісінше, инфрақұрылымы дамыған заманауи мегаполисте әлеуметтік коммуникацияларда жағымсыз және немқұрайлық қатынастар, ұлттық ұстанымдар басым болса, бұл қала адамдарға тартымсыз.

Қалалық антропологияның инклюзивті мәдениеті – «басқаларға» қатысты достық қарым-қатынас сипатындағы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік көңіл күйді өзара қабылдау, құрметтеу және толеранттылық арналарына бағыттайтын орта. Мұнда қала халқының білім статусы ерекше рөлге ие. Тұрғындардың басым бөлігі «Болашақ» бағдарламасымен тікелей немесе жанама байланысты, ал бұл жобаның әлеуметтік нәтижелігі сарапшылармен жоғары бағаланып отыр. Білім жоғары статусқа ие қоғам мен өз халқының дамуына жан-жақты мүмкіндік беретін мемлекетте ғана жоғары инклюзивті мәдениет қалыптасуы мүмкін.

 

47 Адамның даму тегіне байланысты түрлі тұжырымдарға талдау жасап, өз ойыңызды пункттер бойынша көрсетіңіз.

3 тұжырым бар негізгі:

1. Адамды Алла жаратты деген, осы дұрыс дейсіңдер.

2. Адам маймылдан жаралды. Неге қазір маймыл адам болмайды?

3. Адам басқа планетадан келген... WTF???

 

48 О.Шпенглердің «Еуропаның ақыры» еңбегіне қатысты өз көзқарасыңызды қысқаша түрде баяндап, эссе жазыңыз

Фаустық мәдениет — неміс мәдениеттанушысы О. Шпенглер енгізген ұғым. Оның «Еуропаның ақыры» («Закат Европы») атты шығармасында мәдениеттің бірінен кейін бірі келіп отыратын екі түрлі құрылымы жайында сөз болады. Оларды О. Шпенглер апполондық және фаустық деп атайды. Қазіргі заманда өзінің рухани-шығармашылық мүмкіншілігін сарп етіп, өлі өркениеттілік күйіне өтіп бара жатқан батыстық мәдениетті О. Шпенглер фаустық мәдениет деп анықтайды. Өйткені европалық мәдениеттің берілген шекараны мойындамай, қол жеткізген нәтижесіне көңілі толмай, таңсық әлеуметтікті шексіз игеруді мақсат тұтқан рухы Гетенің шығармасындағы жаны тыныштық таппай безілдеген Фаусты еске салады. Сондықтан да О. Шпенглер европалық мәдениеттің рухани рәмізі ретінде Фауст бейнесін алып, оны фаустық мәдениет деп айтады. Фаустық мәдениет түсіну үшін оның апполондық мәдениеттен айырмашылығын анықтау керек. Антикалық «апполондық мәдениеттен» фаустық мәдениет өзінің шексіз шалғайға, түпсіз тұңғиыққа талпынысымен, экспансивтілігімен (жаңа территорияларды жаулау ықыласымен), әлемді қайта құруға құштар шығармашылық рухымен, табиғатқа өктемдік жасауға бейімділігімен ерекшеленеді. Билік және реттілік — фаустық мәдениеттің мақсаты. Білім арқылы әлеуметтікнің сырын ашуға болатын болса, «білім-күш» деп, оны өктемдік ету құралы мақсатында дамыту ісі еуропалықтардың ашқан жаңалығы. Егер гректер үшін, яғни «апполондық мәдениет» үшін сабырлық мұраты бастапқы орында тұрса, фаустық мәдениет үшін міндеттілік, борыштылық алға қойылған ұран — «Сен жасай аласың, яғни сен жасауға тиіссің де». Шексіздікке ұмтылған фаустық мәдениетнің христиандық құдайы да шексіз әрі мәңгі рух, оған шексіз құдірет пен шексіз даналық қасиеті тән.

Неміс философы Освальд Шпенглер өзінің «Еуропаның ақыры» кітабында: «Барлық ұлы мәдениеттер қала мәдениетінен бастау алғаны – тарихи факті. Әлем тарихы – қала адамдарының тарихы. Мемлекет, саясат, дін, өнердің барлық түрлері адамдардың өмір сүруіндегі қала феномені арқылы пайда болды. Екінші мыңжылдықтың «Үлкен» адамы – қалаларды тұрғызған жандар... Барлық мәдениеттердің ойшылдары қалаларда тұрады...», – деген екен.

49 Қалалық өмірдің сапасы мен стандарттарын сипаттап көрсетіңіз.

Мынаған оймен жаза салындар, интернетт жазылмаған ол.

 

50 Қазақтардың нәсілдік сипаттамаларына тарихи шолулар негізінде антропологиялық талдау жасаңыз.

Қазақ халқының алғашқы антропологиялық сипаттамалары 18 ғасырда Қазақстан жерінде болған миссионерлер мен саяхатшылардың жазбаларында берілген. Бет-әлпет ерекшеліктеріне қатысты кездейсоқ физиологиялық анықтамаларға сүйеніп, кейбір батыс ғалымдары 19 ғасырдан бастап қазақтарды бірде еуропатектеске жатқызса, бірде моңғолтектестермен аралас (метистік) нәсіл өкілдері деп сипаттаған. Тек 20 ғасырдың басындағы антропологиялық жүйелеуде қазақты аралас нәсіл деп атаған және оған тұрандық тип деген терминологиялық атау берген. Қазақтар арасында арнайы алғаш рет антропологиялық зерттеу жүргізген Ресей зоологы А. Н. Харузин. Автор сол кездегі зерттеу бағдарламасына сүйеніп, қазақты кавказдықтар мен моңғолтектестердің араласуынан пайда болған халық деп пайымдаған. Автордың пікірі бойынша бұл антропологиялық араласу Қазақстан жерінен тыс өңірде болған. Бұдан кейін қазақ халқының соматологиялық сипаттамасына арнайы анықтамалар берген А. И. Ярхо. Ол 1930 жылдың басында Алтай өңіріндегі 15-тен астам түркі халықтарын (арасында қазақтар да бар) арнайы зерттеп, оларға жаңа антропологиялық жүйелердің атауларын енгізді. Ол қазақтарды оңтүстік сібірлік, не болмаса алтайлық тип деп атаған. Қазақтарды кейбір зерттеушілер тұрантектес нәсілдің негізгі өкілі деп тұжырымдайды. Қазір антропологиялық жүйелеуде мамандар тұрантектестер өкілдерін үш топқа бөледі: алтайлық (өкіліхақастар), тяньшандық (өкіліқырғыздар) жәнеқазақстандық (өкіліқазақтар).


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!