Адамның мәні мен табиғаты туралы классиктердің көзқарастарына салыстымалы талдау жасап, оларды топтастырып көрсетіңіз 3 страница



Қазақтардың негізгі морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін бірнеше топқа бөлуге болады. Соматологиялық сипаттамасы екі жүйеден тұрады. Олар бас пен бет әлпеттің құрылымдары (антропометрия мен антропоскопия) және дене құрылымының анықтамалары. Арнайы антропологиялық зерттеулер қазақтардың бойларының биіктігі орташа, дене тепе-теңдігі мезоморфтық, бас пішімі брахикефалия (жұмырбасты), маңдайы сәл кеңірек, беті жалпақ және мұрны биік, үстіңгі ернінің биіктігі орта деңгейде болып келетінін көрсетті. Бұл антропологиялық сипаттамалар бойынша қазақтарды аймақтар мен субэтникалық топтарға шартты жүйелеп, өзара салыстыратын болсақ, олардың ешбір статистикалық әдістемелер бойынша бір-бірінен ажыратылмайтындығы анықталады. Сондай-аққазақтардың тіс морфологиясының құрылымы жағынан да одонтологиялық сипаттамасы біркелкі.

Қазақ халқының төл тарихы қола дәуірден, яғни 4 мың жыл бұрын басталғаны аян. Жоғарыда келтірілген антропологиялық сипаттамалар қазақтардың тұрақты қалыптасқан морфофизиология ерекшелікке ие, этноантропологиялық бірлік пен тұтастыққа ие болған, сонымен қатар Еуразия кеңістігі халықтары арасында өзіне тән антропологиялық және этномәдени даму сатыларынан өткен дара өркениеті бар халық болғанын дәлелдейді.

 

51 Антропологиядағы гендерлік сұрақтар. Гендерлік антропологияның негізгі мәселелеріне ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдау жасаңыз.

Кітаптан 111 беттегі мәлімет

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат – шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат – мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр. 2000 жылғы қыркүйекте өткен Мыңжылдық саммитте әлемнiң көптеген елдерiнiң лидерлepi БҰҰ Мыңжылдық декларациясын қабылдады, оның сегiз мақсатының бiрi гендерлiк теңдiктi қолдау болып айқындалған. Бұл мәселеге БҰҰ Бас ассамблеясының "Әйелдер 2000 жылы: әйелдер мен ерлер арасындағы теңдiк, XXI ғасырдағы даму және әлем" атты 23-ші арнайы сессиясы арналды. Осы сессияға қатысушы үкiметтерге әйелдердiң өмiрдiң барлық салалары мен барлық деңгейлерiне тең қол жеткiзуiн және толық ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды ұсынды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдама Қазақстандағы гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттарын, басымдықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi. Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады. Сонымен, гендер дегенміз – ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы. "Gender" сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi. Ал, гендерлiк саясат – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамытуда үлкен жұмыстар атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды. Осы комиссияның ұйытқы болуымен 2011 жылдың 5 наурызында Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезі болып өтті. Съезде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ер мен елге қиын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін қайыспай қатар көтере білгендігін атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы әйелдердің өмірлік маңызды салаларда жұмыс істейтіндіктеріне назар аударды. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда барлық педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы әйелдер болып табылады. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы әйелдердің үлесінде. Мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі көп жағдайда олардың кәсібилігінің арқасында жұмыс істеп тұр. Тәуелсіздік жылдарында ондаған әйелдер министр және мемлекеттік органдардың басшылары болып тағайындалды. Жүздеген әйелдер Парламент пен мәслихат депутаттары болып сайланды. Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында мемлекеттік басқару органдар арасындағы әйелдер өкілеттілігін 30 пайызға дейін көтеру міндеті қойылған. 2010 жылы ол көрсеткіш 10 пайыз көлемінде ғана болған. Сонымен қатар, мемлекет басшысы әйелдердің мемлекеттік басқарудың шешім қабылдау деңгейіндегі үлесінің өте аз екендігін тілге тиек етті. Бүгінде Үкімет құрамында 3 министр әйел болса, бірде-бір облыс әкімі жоқ. Облыс әкімдерінің 5 орынбасары және 3 аудан әкімі ғана әйелдер. Осы мәселелерді шешуге Президент Үкіметке Президент әкімшілігімен, Ұлттық комиссиямен және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, әйелдерді шешімдер қабылдау деңгейіне дейін жылжыту жөнінен 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған нақты жоспарлар жасауды тапсырды.

 

Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/1405

© e-history.kz

 

52 Қазіргі кезеңнің этносоциологиялық мәселелерінің ерекшеліктерін талдау негізінде өзекті мәселелерді атап көрсетіңіз

Қоғамның этникалыққұрылымын әлеуметтанудың “этно-социология” деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда болуын, мәнін мазмұнын, олардың қоғамдағы әрқайсынының атқаратын қызметін (функциясын), араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын,қажетті байланыстарды анықтап, жалпы заңдылықтарын ашады, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша айтқанда, этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. Осыған сәйкес “этногенез”, т.с.с. ұғымдарды (категорияларды) терең түсінген жөн.

“Этника” деген ұғым “этнос” деген ұғымнан, терминнен шыққан. “Этнос” грек сөзінен алынған, оның мағынасы ру, тайпа, халық дегендерді білдіреді. Этнос адамдарды тарихи – этникалық тұрақты бірлігі. Бұл термин “халық” деген ұғымға өте жақын. Бұл жерде “метаэтнос”, “субэтнос” деген терминдер шығады. Метаэтнос (немесе үлкен этникалық бірлік) – бұл халықтардың ең үлкен топ бірлігі. Мұнда мәдени және өзіндік сананың ортақ белгілері болады. Мысалы, славян немесе түрік халықтары- ортақ жақтары көп. Субэтнос немесе субэтникалық топ – бұл халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі.

Этника немесе этникалық қауымдастық – белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы. Бұл табиғи – тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі, Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну т.б. белгілері болады. Адам қоғамдық әлеіметтік организм ретінде өзінің ілеуметтік – этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту процессі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, ұғынуы -әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал, бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап, тілегіне, т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді. Бұл қауымдастықтардың өдеріне тән шығу және даму белгілері мен ерекшеліктері болады. Бұл еі алдымен, олардың бір белгілі территориясынан- қауымдастықтың қалыптасуының бесігінен-мәдениетінен, басқа топтардың айырмашылығын түсінуден, т.б. көрінеді. Бұл объективтік қажеттілік адамның өмір сүруіне тікелей әсер етеді.

Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың біршама дербес дами отырып, қоғамда алуан түрлі қызмет атқарады. Ол, еі алдымен, адамдардың бір-бірімен қатынасуын, материаолдық игілікті бірігіп өндіруін қамтамас етеді, соның нәтижесінде өзінің дамуын жүзеге асырады. Халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныс, сұраныстарын, т.б. қанағаттандырып отырады. Гентикалық шығу жағынан бір-юірімен өкешелес бола отырып, ру, тайпа, халық, ұлт әлеуметтік-этникалық жағынан ілгерілеп даму процессінің тізбегін жасайды.

Сонымен, этногенез әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпа немесе халықтың шығу тегі болады. Этногнез халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде оның кейбір топтар бөлініп те жатады. Мысалы, Қазақстан территориясында көптеген түркі тілдес тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу процессінің нәтижесінде қазақ халқы қалыптасты. Этногенес процесінің негізгі екі түрі болады: бірі- жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биологиялық жолмен жаппай айналасуы арқылы қалыптасуы; екіншісі- жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Бір сөзбен айтқанда, этногенез уақытпен кеңістік бойынша дараланатын тарихи процесс.

 

53 Томас Гоббс пен Джон Локктың көзқарастарының басты айырмашылықтары неде екендігін көрсетіңіз

Томас Гоббс (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.

Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.

Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты.

Мемлекет адамдардың "барлығына қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік,суверен билігін жақтады

Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті. Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу. Мемлекеттік басқару туралы екі трактат" еңбегінде Дж. Локк µзінің мемлекет туралы ілімін баяндайды. Гоббс тәрізді ол да адамдарды табиғи жағдайда еркін, өзара тең, тәуелсіз ретінде қарастырады. Бірақ оның Гоббстан айырмашылығы жеке меншік пен енбек тақырыбын адамның табиғи ажырамас атрибуттары түрінде түсіндіреді. Оның айтуынша, адамның жеке меншікке иеболу ұмтылысы, адамдардың өздерінің пайдасын көбірек ойлауы табиғи нәрсе. Дж. Локктың пікірінше, мемлекеттің калыптасуына дейін адамдар табиғи жағдайда болған. Мемлекетке дейінгі кауымдастыққа "бәрінің барлығына карсы күресі" болған емес. Адамдарешкімнен рұқсат сүрамай, ешкімнің еркіне тәуелді балмай өздерінін қадір-қасиеті мен меншігіне иелік еткен. "Барлық билік пен құқықтар өзара тиімді жағдайда және ешкім артықшылықта болмаған", теңдік үстемдік күрған. Ал адамдардың табиғи қалыптан мемлекетке өтуі табиғи жағдайда құкықтардың тұрақсыздығынан туды. Бірақ "мемлекеттік жагдайда да еркіндік пен меншік сақталуы тиіс. Сонымен бірге жоғары мемлекеттік билік қалай болса солай және шексіз бола алмайды. Мемлекеттің пайда болуын Локк адамдардың табиғи құқықтарын, бостандығы мен еркіндігін, жеке меншігін берік камтамасыз ету мақсатындағы келісім арқылы құрған саяси қауымдастығы деп біледі. Бұндай келісімді ол "кез-келген мемлекеттің бейбіт түрде орнауы халық келісімінің негізі" деп түсіндіреді. Джон Локк таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім-тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан деді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан тұрады:

1. адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

2. адамның дүниеге келгенкездегі ақыл-ойыештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ло тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады.

3. ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе — түйсік. Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі. Адамның қуанышын тудыратын және күшінөсіретін істің барлығы — игілік, ал оған қарама-қарсы іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс. Ол адамның табиғатынан әлсіздігіне байланысты биліктің бір қолда шоғырлану қаупінің алдын алудың бірден-бір жолы ретінде билікті бөлу қажеттігін көрсеткен. Ал, билік бұтақтарының арасында дау-жанжал туа қалған жағдайда, оны халық игілігін басшылыққа ала отырып шешу қажет: salus poluli suprema lex (халық игілігі - жоғарғы заң). Локк Джон қоғамда билік бұтақтары арасындағы дау-жанжалдан басқа, өте қауіпті дау-жанжал бар екенін көрсеткен. Ол - азаматтар мен тиран арасындағы дау-жанжал. Міне, осы дау- жанжалды шешу барысында Локк Джон халықтың көтеріліске шығу құқын қолдайды. Халықтың көтеріліске шығу құқын мойындау саяси тарихты көтерілістермен наразылықтарға толтыру емес еді. Себебі, көтеріліс арқылы халық билікті жаңа адамдар қолына бере алады. Локк Джон ілімінде де халықтың саяси қатысуы шектеулі. Дегенмен, көтеріліске шығу, наразылық білдіруді халықтың саяси белсенділігінің бір түрі ретінде қарастырар болсақ, онда саяси жүйенің сипатын, басқару түрін өзгерту Локк Джон халықтың қолында екендігін негіздеген деп қорытындылауымызға болады. Оның ілімінің негізі - меншікті қорғау. Т. Гоббс бойынша мемлекетке жеке адам өзінің бар жаратылыс құқықтарын толығымен беретін болса, ал Локк Джон бойынша мемлекетті құраған адамдар ортақ мақсатқа қажетті тұрғыдан ғана өз құқықтарымен бөліседі.

 

54 Көшпенділер мәдениетінде орын алған номадизм феноменінің басты ерекшелігін бейнелеп,өз ойыңызды тұжырымдаңыз

Номадизм - [грек, nomades - көшпенді] - өндіріс процестерінің қарқынды интернационализациясы кезеңінде (ұлттық шекаралардың шайылуы, капиталдың жөнсіз "құйылуымен" жәнедиаспоралар белсенділігімен ерекшеленетін) аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым. XX ғ. 70-ші жж. Э.Тоффлердің еңбектерінде көрініп, 1990-шы жж. Ж.Аттали, М. Маффезоли, Р. Брайдотти және т.б. еңбектерінде жетілдірілген. Ерекше пұрсатты халықтың шағын топтарының және ондай ерекшеліктерден жұрдайлардың арасындағы терең айырмашылықтардың жүргізілуі жағдайында "номадизм" ұғымын түсіндіру өндірістік факторлар арқылы жүзеге асырылады ("көшпелі өмір" әлемдік экономиканың қызметін оңтайландыру ретінде), сондай-ақ өмір салты, мәдени стилі және 2000 жылдан кейін тұтыну түрі ретінде көрінеді. "Мінсіз номад" келесідей негізгі сипаттарға ие: а) шағындылығы (шекараларды көзге ілмей, өзгенің аумағын басып өту мүмкіндігі); ә) тәуелсіздігі (өзін элем азаматы деп сезіну, этникалық, ұлттық, азаматтық, нәсіл, таптық белгілерге меңзейтін ішкі шекараларды жою; б) тиістіктен тыс (үзілді-кесілді биліктен тыс болу, коммуникацияның магистралдық торабынан және билік өндірісінен; в) үздік сараптамалық қабілет және білімнің жоғары деңгейі; г) іс-әрекет (номад тұлғасы аса белсенді және саясаттандырылған, "номадтың грамматикалық уақыты - мінсіз емес: белсенді және ұзақ" (Е. Брайдотти, "Номадизм жолымен"). Бірқатар сарапшылар (Ж. Ведел, Г.П. Мартин және X. Шуман және т.б.) "бай номадтардың" мәдени мәнділігіне күмәнмен, сынмен қарайды. Олардың пікірінше, шынайы билікті иемдену (саяси, экономикалық, масс-медиа билігі) космополиттік кәсіпкерлік және интеллектуалдық топтар өкілдерінің қоғамдық мәнді шешімдерді қабылдау- да жоғары моральды-этикалық сапаларымен ақталмаған. Керісінше, бұл страта осыған дейін ұстанып келген қағидаларды тоталитарлық "жабық қоғамдармен" теңдестіреді. А. Негри мен М. Хардтың "Империя" еңбегінде "номадизмге" "аз ғана пұрсатты топтардың ерекше тәжірибесін" ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, әлемдік масштабта өршіп келе жатқан еңбек миграциясын да жатқызады. Аумақсыздандырылған көптеген "кедей көшпенділерді" (бүкіләлемдік еңбек армиясының жұмысшыларын) "Коммунистік манифест" қисынына сәйкес әлемдік саяси империялық ықпалдасудың өршуіне қарай халықаралық ынтымақтастық, таза таптық сана деңгейіне көтеріледі және әлемді эгалитарлық қайта құруға бағыт алған жаңа интернационалды "пролетариат" болады деп түйіндеуде.Ерікті, еркін өмірді көшпелі өзге игіліктерден жоғары қояды және тәуелсіздікке

ұмтылыс - оның ажыратылмас сапасы. Көшпенді үшін бостандықтың өлшемі

- нағыз еркін өмір салты. Еркіндіктің негізі мен кепілі - номадизм болып табы-

лады. Еркіндік - көшпенді үшін адамзаттың тіршілік етуінің негізгі байлығы мен

мағынасы болып табылады. Көшпенділердің танымдық санасында адам мен қоғамның еркіндігі және

тәуелсіздігі, әділеттілік және теңдік түсініктері ерекше орын алады. Олар

адамның басты құндылықтарына жатады. Көшпенділер үшін бостандық жай

абстрактілі түсінік емес, өмірлік құбылыс, әлеуметтік шынайылық болған.

Көшпенділер бостандықты ажыратылмас қасиет, өзінің ойлауының, өмір

салтының, әрекеттерінің түрткісі ретінде сезінген, оны тұтастай өмірінің негізі

мен мәні ретінде қабылдаған.

 

55 Биологиялық және әлеуметтік жан ретіндегі адамның даму эволюциясына өркениеттің даму кезеңдері тұрғысынан салыстырмалы талдау жасаңыз

соңғы кезде шыққан социобиология деп аталатын жаңа бағыттың адам жайлы теориясының көзқарастық қағидаларына талдау жасаудың сабақ боларлық мәні бар.

1975 ж. Американдық энтомолог Э. О. Уилсонның “социобиология: новый синтез” деген кітабы жарық көрді. Социобиологияның щығыуы осы кітаптың шығуымен байланысты болды. Бұл кітапта адамның моральдік, еркіндік, агрессивтік, эгоистік, альтруистік сияқты әлеуметтік сапаларын жануарлар биологиясы тұрғысынан жаңаша түсіндіру концепциясын түсіндіреді. Мұнда жануарлармен адам арасындағы мінез құлық ұқсастығының шекарасымен мүмкіндігін талдауға аса маңызды орын беріледі. Бұл мәселелерді шешудің кілтін дарвенизм ілімінің ұғымдары мен принциптерінен, атап айтқанда табиғи сұрыпталу ілімінен іздейді. Жануарларды зерттеудің нәтижесінде жасалған қорытындыларының адам мінезін түсіндіруге кеңінен қолданады. Методологиялық жағынан өарағанда, адамның мінез-құлық сапасы биологиялық және малекулалық генетика тұрғысынан тұрпайындылап түсіндіріледі, яғни антропология биологияға, ал биология малекулалық генетикаға жатқызылады.

Социобиологтардың пікірінше, адамның табиғаты жайлы түсінікті негізінен өзгертетін біріккен гендік-мәдени эволюция теориясы блуы тиіс. Бұл теорияның мәні мынада: адамның бойындағы органикалық және мәдени эволюциялар процестері бірге жүруі керек, өйткені гендер мен мәдиниет бұл эволюцияда өзара айырғысыз байланыста. Бірақ жетекші рөлді гендер атқарады. Адамның көптеген іс-әрекеттерінің түпкі себебі солар болып табылады. Сондықтан адам іс жүзінде алдымен биологиялық танымның Обьектісі болады. Осыдан келіп Уилсон социобиологияның міндеті “барлық жануарлардың, адамды қоса алғанда, әлеуметтік мінез-құлқының барлық формаларының биологиялық негіздерін зерттеу болуы тиіс ” деп тұжырымдайды. Оның теориясының басты қағидасының мәні мынада: адамның биологиялық табиғатынан тыс, одан бұрын пайда болған “трансцендельтальды” мақсаттары болуы мүмкін емес.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!