Блок №3 Неотложные состояния в пульмонологии 2 страница



Т әжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

№ та қырып Блоктор мен тақырыптардың аталуы Жүргізу түрі Сағаты

№1 Блок ОЖЖ зақымдануларында шұғыл жағдайлар

1 Нейротоксикоз. Гипертермиялық және тырысу синдромы. Себептері: әр-түрлі этиологиялы жіті респираторлы вирусты инфекциялар (грипп, парагрипп, аденовирусты, энтеровирусты және басқа инфекциялар). Балаларда, жасөспірімдерде және қарттарда ерекшеліктері. Ауруханаға дейінгі кезеңде анықтау мен жедел жәрдем алгоритмі.

- Тесттік-бақылау

- ЖМЖ бригадасының құрамында  шақыртуларға бару, аурухананың қабылдау бөлімінде жұмыс істеу

- Тәжірибелік дағдыларды игеру

- Қарауға алған науқастарды талдау, тақырыптық науқасқа клиникалық талдау жүргізу- топта жұмыс істеу, дикуссия;

- Ситуациялық есептерді шешу

6
2 Нейроинфекциялар: менингит, энцефалит. Клиникасы, балалардағы ағым ерекшеліктері. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі. 6
3 Тырысу  синдромы: эпилепсия, эпистатус. Балалардағы тырысу синдромы. Тырысулардың ауруханаға дейінгі кезеңдегі диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі 6
4 Ишемиялық және  геморрагиялық инсульт.  Даму механизмдері және жағдайлары, олардың диагностикалық ерекшеліктері. «Ишемиялық жарты көлеңкелер» және «терапиялық терезе» концепциялары. Геморрагиялық инсульт, геморррагиялық инсульт дамуының қауіп факторлары: ми ішілік қан құйылу,  субарахноидальды қан құйылу. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі. 6
5 Ес бұзылуының синдромдары. Ес бұзылуының сапалық синдромдары (естен тану синдромдары): есеңгіреу, coпop, кома. Ес бұзылуының сандық синдромдары (ес тежелуінің синдромдары): делириозды синдром онейроидты синдром (онейроидтық жағдай, онейроид)  аменция (естің aментивті тежелуі, аментивті жағдай), естің күңгірттенуі. Тәжірибелік дағдыларды тексеру. Тест түрінде коллоквиум тапсыру. 6
  Барлық сағат саны: 30 сағат

№2 Блок Кардиологиядағы шұғыл жағдайлар

6 Жіті жүрек-тамырлық жетіспеушілік. Естен тану, коллапс. Жіті оң қарыншалық жетіспеушілік. ӨАТЭ. Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік. Кардиогенді шок. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі.

- Тесттік-бақылау

- ЖМЖ бригадасының құрамында  шақыртуларға бару, аурухананың қабылдау бөлімінде жұмыс істеу

- Тәжірибелік дағдыларды игеру (дәрігермен жұмыс істеу)

- Қарауға алған науқастарды талдау, тақырыптық науқасқа клиникалық талдау жүргізу- топта жұмыс істеу, дикуссия;

Ситуациялық есептерді шешу

 

 

Тәжірибелік дағдыларды тексеру. Тест түрінде коллоквиум тапсыру.

6
7 Жүрек ырғағы және өткізгіштерінің жедел бұзылыстары. Себептері. Ырғақ және өткізгіштік бұзылыстарының ЭКГ диагностикасы. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жедел жәрдемі. 6
8 Клиникалық өлім. Клиникалық өлімнің белгілері,  жандандыру әдістері Реанимациялық әдістерді өткізу мерзімдері. Дефибрилляция: аппаратура, көрсеткіштері, өткізу әдістемесі. Жүректің жабық массажы, ЖЖМ көрсеткіштер. Өкпенің жасанды вентиляциясы, жүргізу әдістемесі. Кенеттен өлу кезінде дәрілік ем. Реанимация нәтижесінің критерийлері. Реанимацияны тоқтату критерийлері. 6
   
9 Жіті коронарлы синдром. ЖИА клиникалық түрлері:   Стенокардия: алғашқы рет пайда болған кернелу стенокардиясы, үдемелі кернелу стенокардиясы; спонтанды (ерекше) стенокардия; Миокард инфаркты: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, ЖМИ ажырату диагнозы. Миокард некрозы және ишемиясының ЭКГ диагностикасы.  Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі. 6
10     Артериальды гипертензия. Гипертензиялық криздер. Криздердің жіктелуі. Диагностикасы. Миокард гипертрофиясының ЭКГ диагностикасы.Гипертензиялық криздердің асқынулары: БМҚЖБ, тырысулар, мұрыннан қан кетулер, ЖСҚЖ. Диагностикасы, ажырату диагнозы. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі. Шақырту картасын қорғау. Аралық бақылау (коллоквиум) 6
  Барлық сағат саны: 30 сағат

№3 Блок Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар

11. Жіті тыныс жетіспеушілігі. Жоғары тыныс жолдарының бөгде заттары.  Өкпе артериясының тром6оэмболиясы. Жіктелуі. Клиникасы, ажырату диагностикасы. ӨАТЭ кезіндегі тромболитикалық терапия. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жедел жәрдем тізбегі. ЖТЖ балалардағы ерекшеліктері.

- Тесттік-бақылау

- ЖМЖ бригадасының құрамында  шақыртуларға бару, аурухананың қабылдау бөлімінде жұмыс істеу

- Тәжірибелік дағдыларды игеру (дәрігермен жұмыс істеу)

- Қарауға алған науқастарды талдау, тақырыптық науқасқа клиникалық талдау жүргізу- топта жұмыс істеу, дикуссия;

Ситуациялық есептерді шешу

 

 

Тәжірибелік дағдыларды тексеру. Тест түрінде коллоквиум тапсыру.

6
12.  Тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі жіті тыныс жетіспеушілігі. ЖРВИ. Жіті ларингит, ларингоспазм, кеңірдек стенозының дәрежесін ауруханаға дейінгі кезеңде анықтау және жедел жәрдем көрсету. 6
13. Тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі жіті тыныс жетіспеушілігі:  бронхиолоспазм, созылмалы обструктивті бронхит.    Бронхолитикалық, муколитикалық дәрілердің клиникалық фармакологиясы. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі диагностикасы және жедел жәрдемі. 6
14. Демікпе статусы. Клиникасы, анықтау алгоритмі. Жедел жәрдем көрсету принциптері. Балалардағы ерекшеліктері. 6
15 Өкпеден қан кетулер. Себебі, клиникасы, ажырату диагностикасы Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі. Шақырту картасын қорғау. Аралық бақылау (коллоквиум) 6
  Барлық сағат саны: 30 сағат

№4 Блок Аллергиялық және жұқпалы аурулардағы  шұғыл жағдайлар

16. Дәрілік аллергия.Патогенез. Анафилаксия. Анафилактикалық шок. Себептері, клиникасы, анықтау тізбегі. Балалардағы ерекшеліктері. Жедел жәрдем көрсету принциптері.

- Тесттік-бақылау

- ЖМЖ бригадасының құрамында  шақыртуларға бару, аурухананың қабылдау бөлімінде жұмыс істеу

- Тәжірибелік дағдыларды игеру (дәрігермен жұмыс істеу)

- Қарауға алған науқастарды талдау, тақырыптық науқасқа клиникалық талдау жүргізу- топта жұмыс істеу, дикуссия;

Ситуациялық есептерді шешу

Тәжірибелік дағдыларды тексеру. Тест түрінде коллоквиум тапсыру.

6
17. Квинке ісінуі, көмей ісінуі, есекжем, . Стивен-Джонсон,  Лaйелл синдромдары. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі 6
18 Гипертермия, фебрильді тырысулар. Клиникасы диагностикалау тізбегі. Балалардағы ерекшеліктері. Жедел жәрдем көрсету принциптері. 6
19   Аса қауіпті инфекциялар. Тырысқақ, оба, геморрагиялық қызбалардың диагностикасы.   Ауруханаға дейінгі кезеңде аса қауіпті инфекция ошағында эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері. 6
20 Балалар мен ересектерде жедел ішек инфекцияларының ауруханаға дейінгі кезеңдегі синдромдық диагностикасы. Тағам  токсикоинфекциялары, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі. Диагностикасы. Эксикоз, инфекция-токсикалық шок кезіндегі жедел жәрдем. Шақырту картасын қорғау. Аралық бақылау (коллоквиум) 6
  Барлық сағат саны: 30 сағат

№5 Блок Травматологиядағы  шұғыл жағдайлар

21 Бассүйек-ми жарақаты, анатомиялық, клиникалық жіктелуі. Мидың соғылуы, жарақаты, компрессиясы: клиникасы, диагностикасы, ауруханаға дейінгі кезеңдегі жедел жәрдемі. Спинальды жарақат. Жұлын компрессиясы. Клиникасы, ауруханаға дейінгі кезеңде бассүйек-ми және жұлын жарақатымен науқасты тексеру, жедел жәрдем беру, иммобилизациялау және тасымалдау ерекшеліктері. 

- Тесттік-бақылау

- ЖМЖ бригадасының құрамында  шақыртуларға бару, аурухананың қабылдау бөлімінде жұмыс істеу

- Тәжірибелік дағдыларды игеру (дәрігермен жұмыс істеу)

- Қарауға алған науқастарды талдау, тақырыптық науқасқа клиникалық талдау жүргізу- топта жұмыс істеу, дикуссия;

Ситуациялық есептерді шешу

 

Тәжірибелік дағдыларды тексеру. Тест түрінде коллоквиум тапсыру.

6
22 Кеуде клеткасының зақымдануы: қабырғалар сынуы, пневмоторакс, кеуде клеткасы мүшелерінің зақымдануы және жыртылулары, кеуде жарақаты кезіндегі жансыздандырудың ерекшеліктері, кеуде клеткасының жарақатымен науқастарды тасымалдау.Ашық, жабық және кернелген пневмоторакс. Кеуде клеткасының жарақатымен науқастарда ауру сезімін басу және тасымалдау ерекшеліктері. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі. 6
23   Сүйек, буындар, жұмсақ тіндердің зақымдануы:  жарақаттық орнынан таю, түтікшелі сүйектердің, жамбас сүйегінің сынуы, аяқ-қол бөліктерінің жарақаттық үзілуі. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі.  6
24 Жарақаттық шок. Көптік жарақат. Аралас және бірлескен жарақаттар. Балалардағы полижарақат және шоктың ерекшеліктері. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі. 6
25 Көз, құлақ, мұрын, тамақ мүшелерінің зақымданулары мен бөгде заттар. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі. Шақырту картасын қорғау. Аралық бақылау (коллоквиум)   6
  Барлық сағат саны: 30 сағат

№6  Блок  Акушерия-гинекологиядағы  шұғыл жағдайлар

26 Жатырдан тыс жүктілік. Жатырдан қан кету. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі.  

- Тесттік-бақылау

- ЖМЖ бригадасының құрамында  шақыртуларға бару, аурухананың қабылдау бөлімінде жұмыс істеу

- Тәжірибелік дағдыларды игеру (дәрігермен жұмыс істеу)

- Қарауға алған науқастарды талдау, тақырыптық науқасқа клиникалық талдау жүргізу- топта жұмыс істеу, дикуссия;

Ситуациялық есептерді шешу

 

 

Тәжірибелік дағдыларды тексеру. Тест түрінде коллоквиум тапсыру.

6
27 Жүктілікті анықтау, ауруханадан тыс босану.  Науқасты жүргізу тактикасы, ауруханаға жатқызу көрсеткіштері, науқасты тасымалдау. 6
28 Жүкті әйелдерге және жыныс жүйесінің қабыну аурулары бар науқастарға жедел медициналық көмек көрсету. Пельвиоперитонит. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі.   6
29 Эклампсия, преэклампсия. Жіктелуі, салыстырмалы диагностикасы. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі.   6
30 Аналық без апоплексиясы, аналық без кистомасы аяқшасының бұралуы. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі.   Шақырту картасын қорғау. Аралық бақылау (коллоквиум) 6
 

Барлық сағат саны:

30 сағат

№7  Блок  Хирургиядағы  шұғыл жағдайлар

31   Жіті аппендицит, холецистит, панкреатит. Құрсақ қуысы және құрсақ арты кеңістігі ағзаларының патологияларындағы ауыру сезімдер. Іш ағзаларының патологияларында кездесетін құсықтар. Құрсақ қуысы ағзаларының жіті патологияларында кездесетін ішек функцияларының бұзылуы.  Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем көрсету тізбегі.

- Тесттік-бақылау

- ЖМЖ бригадасының құрамында  шақыртуларға бару, аурухананың қабылдау бөлімінде жұмыс істеу

- Тәжірибелік дағдыларды игеру (дәрігермен жұмыс істеу)

- Қарауға алған науқастарды талдау, тақырыптық науқасқа клиникалық талдау жүргізу- топта жұмыс істеу, дикуссия;

Ситуациялық есептерді шешу

 

Тәжірибелік дағдыларды тексеру. Тест түрінде коллоквиум тапсыру.

6
32 Құрсақ қуысы мүшелерінің жедел патологиялары кезіндегі қан кетулер, балалар мен ерекектерде АІЖ қуысына қан кетудің жиі себептері. Бос құрсақ қуысына қан кетулер. Іштің жабық жарақаты. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі 6
33 Геморрагиялық шок, жіктелуі, шок дәрежелері, жедел медициналық жәрдем берудің жалпы принциптері, жедел қан кетулердің инфузиялық терапиясының принциптері. Қаналмастырушы ерітінділер, ауруханаға дейінгі кезеңде қолдану көрсеткіштері. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі 6
34 Жіті ішек түйілуі. Ішек инвагинациясы. Клиникасы, диагностикасы. Жедел жәрдем көрсету принциптері. Балалардағы ерекшеліктері. Шаптың қысылған жарығы. Клиникасы. Диагностикасы. Жедел жәрдем көрсету принциптері. 6
35 Бүйрек шаншуы. Ересектер мен балалардағы жедел зәр кідіруі.  Фимоз, парафимоз, баланопостит. Аталық без және оның қабықтарының жедел аурулары және жарақаттары.  Диагностикасы. Жүргізу тактикасы, ауруханаға тасымалдау көрсеткіштері.   Шақырту картасын қорғау. Аралық бақылау (коллоквиум) 6
 

Барлық сағат саны:

30 сағат

№8  Блок   Шұғыл төтенше жағдайлар

36 Электрожарақат, найзағай түсуінің диагностикасы. Электрожарақаттың баладардағы ерекшеліктері. Электр тоғымен зақымданғанда медициналық көмек көрсету кезіндегі техникалық қауіпсіздік. Жүргізу тактикасы. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жедел жәрдемі.

- Тесттік-бақылау

- ЖМЖ бригадасының құрамында  шақыртуларға бару, аурухананың қабылдау бөлімінде жұмыс істеу

- Тәжірибелік дағдыларды игеру (дәрігермен жұмыс істеу)

- Қарауға алған науқастарды талдау, тақырыптық науқасқа клиникалық талдау жүргізу- топта жұмыс істеу, дикуссия;

Ситуациялық есептерді шешу

 

Тәжірибелік дағдыларды тексеру. Тест түрінде коллоквиум тапсыру.

6
37 Суға бату. Суға батудың түрлері. Жүргізу тактикасы, тасымалдау. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жедел жәрдемі. Странгуляциялық асфиксия (асылу). Диагностикасы, жүргізу тактикасы, тасымалдау. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жедел жәрдемі.   6
38 Үсіктер, суық өту, ыстық өту. Клиникасы, диагностикасы, ажырату диагностикасы. Ауруханаға дейінгі кезеңде жедел жәрдем тізбегі. Термиялық, химиялық,  электрлік күйіктер. Күйіктер дәрежелері, терең және беткей күйіктер. Күйіктік шок, күйік ағымының ерекшеліктері және балалар мен қарттардағы күйік шогының ерекшеліктері. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі. 6
39 Токсикологияның жалпы сұрақтары. Улардың және уланулардың жіктелуі. Ішкі мүшелер мен жүйелердің токсикалық улану синдромдары: токсикалық гепатопатия, нефропатия. Жедел улануларды диагностикалау және емдеудің жалпы принциптері. Антидоттар және уға қарсы заттар. Детоксикациялау және дезинтоксикация әдістері. 6
40 Жиі кездесетін улануларды: алкоголь, наркотиктер, дәрі-дәрмектер, қышқылдар, көмірқышқыл газы. Жануарлар тістеуі. Қазақстанда мекендейтін улы жыландар және жәндіктер. Жылан, жәндіктер шағуы. Диагностикасы, ауруханаға дейінгі кезеңдегі жедел жәрдемі.     Шақырту картасын қорғау. Аралық бақылау (коллоквиум)   Қорытынды кеңес беру 6
  Барлық сағат саны: 30 сағат

Тәжірибелік сабақтың барлық сағат саны:                                                                                                        240 сағат

(академиялық сағаттың ұзақтығы -50 минут)


Дата добавления: 2020-01-07; просмотров: 111; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!