Блок №3 Неотложные состояния в пульмонологии 1 страница



                 

СИЛЛАБУС

« Жедел медициналық жәрдем »иси и в, внутиривенной инфузушений. ий.измах остантвки кровообращения. »!»»»»»» пәні бойынша

 

 «051301- «Жалпы медицина» мамандығына арналған

                                                               

 

 

 1. Жалпы мәліметтер:

 

Курс - бесінші   

Семестр – тоғызыншы, оныншы

Дәрістер     30   сағат                                                                

 

Тәжірибелік 

(семинарлық) сабақтар    240   сағат 

 

 

Аудиторлық   барлығы 270  сағат (кредит)

 

Студенттің аудиториядан тыс жұмысы (СӨЖ)

135  (сағат)                                                                                                                    

 

                        

Бақылау түрі: мемлекеттік емтихан 

 

                                                        

 

 

Алматы, 2011

 

 

 


Силлабус жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Құрастырушылар кафедра меңгерушісі, м.ғ.д профессор Тұрланов К.М., доценттер Ахметова Г.Ж, Воднев В.П., Нурмакова М.А., Шкуренкова Л.П., Мухамбетьярова С.А., Альмухамбетова Э.Ф.,  асситенттер м.ғ.к. Әлмұхамбетов М.К., Зарубекова Н.З., Маденов Н.Н., Балканай Г.Б., Ложкин А.А., Сармалаев А.С., Аменов А.И. Әлимкожа А.

Кафедраның отырысында талқыланған және бекітілген «…….» _________ 20___ ж., хаттама № _____

 

 

Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д, профессор                                                               Тұрланов К.М

   
 


1. Жалпы мәліметтер:

 


1.1 ЖОО аталуы: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті.

 

1.2 Кафедра: «жедел медициналық жәрдем беру».

 

1.3 Пән, пәннің код ы: «жедел медициналық жәрдем беру», 

 

1.4 Мамандығы : 051301 - жалпы медицина.

 

1.5 Оқу сағаттарының көлемі: 405 сағат.

 

1.6 Оқыту курс ы және семестр і:  5 курс, 9,10 семестр

1.7 Оқытушылар жайлы мәліметтер:

Профессор- оқытушылар құрамының тізімі.

Аты-жөні Ғылыми дәрежесә Қызметі Ғылыми бағыттары, жетістіктері және т.б.
1 Тұрланов К.М профессор м.ғ.д. Кафедра меңгерушісі СОБ бар қарт науқастарда атеросклероздың клиникалық аспектілері, гериатрия
2 Абильдаева Г.А. м.ғ.д.   Гастроэнтерология, визуальді диагностика
3 Ахметова Г.Ж доцент, м.ғ.к доцент Ішкі аурулар, СОБА
4 Воднев В.П Доцент, м.ғ.к. Доцент «Ірі қалаларда ауруханаға дейінгі кезеңде миокард инфаркті ағымының ерекшеліктері» ішкі аурулар, кардиология
5 Дүйсембаев Б.К м.ғ.к. Доцент «Алматы қаласында ауруханаға дейінгі кезеңде гипертензивті криздердің клиникалық сипаттамасы» ішкі аурулар,
6 Шкуренкова Л.П. м.ғ.к Доцент Жедел жәрдем, балалар  хирургиясы
7 Нурмакова М.А м.ғ.к доцент «Обструктивті бронх аурулары мен қантамыр жүрек аурулары бар қарт науқастарға  изоптин-ретард дәрісін қолдану».
8.  Мухамбетьярова С.А м.ғ.к доцент «АГ мен метаболикалық синдромы бар қарт науқастарды емдеу».
9 Альмухамбетова Э.Ф. м.ғ.к доцент «Бала және жасөспірімдер педиатриясы мен, пульмонологиясы».
10 Маденов Н.Н д/ж  ассистент Неврология, ми қанайналымының бұзылыстары
11 Альмухамбетов М.К. м.ғ.к ассистент Жедел жәрдем ,кардиология
12 Зарубекова Н.З м.ғ.к ассистент Пульмонология, жасөспірімдер терапиясы
13 Сармаллаев А.С д/ж ассистент Жедел жәрдем ,кардиология
14 Асанова К. д/ж ассистент Жедел жәрдем ,кардиология
15 Ложкин А.А. д/ж ассистент Жедел жәрдем ,кардиология
16 Турланова А.К. д/ж ассистент Жедел жәрдем,акушерия- гинекология
17 Әлимкожа А.Б. д/ж ассистент Терапия,кардиология
18 Аменов А. д/ж ассистент Жедел жәрдем

1.8 Контакт ты  мәліметтер:

№ п/п Кафедр а базалары ПОҚ Адрес Контакт ты телефон
1. ҚКККП ЖМЖБ Каф. мең проф. Турланов К.М. Доценттер: Ахметова Г.Ж., Воднев В.П., Дүйсембаев Б.К., Казыбек би ,115, №6 қосалқы станциясы 279-75-92  
2. Қалалық кардиологиялық орталық м.ғ.к., доц. Нурмакова М.А.   Толе-би 93, оқу бөлмесі 5 этаж  Кардиология бөлімі №6 2-92-57-97
3. Қалалық жедел жәрдем ауруханасы м.ғ.к., доц. Мухамбетьярова С.А. асс. Әлимкожа А.Б.   2 оқу. бөлмесі. Терапия бөлімі  
4. №7 ҰОС ардагерлеріне арналған емхана Асс Тұрланова А.К.    Амангелді 43  Төле-би қиылысы Күндізгі стационар 2-60-14-20
5. ҚКККП ЖМЖБ М.ғ.к., ассистент Зарубекова Н.З. Ассистент  Маденов Н.Н.   Казыбек би ,115, № 6 қосалқы станция 279-75-92  
6. ҚКККП ЖМЖБ Ассистенттеры: Сармалаев А.С.  Асанова К.М. Аменов А.И. М-н 3-42 №2 қосалқы станция 2-76-06-71
7. ҚКККП ЖМЖБ Доцент Шкуренкова Л.П. Ассистент: Ложкин А.А.     М-н Тастак - 1  №3 қосалқы станция 2-41-47-43

 

1. 9 Пәннің саясаты: оқу үрдісін кезекті және бағытталған түрде өткізуге негізделген. Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары медициналық ЖОО оқытудың жалпы принциптеріне негізделген: оқу үрдісіне белсенді қатысу (тәжірибелік жұмыстардың конспектілері, теоретикалық материалдарды дайындау, ситуациялық есептердіжәне тесттерді шешу, тәжірибелік дағдыларды өз бетінше орындау) – студенттің дайындығы жеткіліксіз болғанда оның тәжірибелік жұмысына балл қойылмайды.

 

1.9 Кафедраның жалпы талаптары:

1. Студент сабаққа әдістемелік нұсқаулардағы сұрақтар бойынша дайынлдалып келуі керек.

2. Сабақ басталғанда әр студентте болуы керек: - санитарлық кітапша, хирургиялық костюм, медициналық халат, колпак, жеке дәкелік бетперде, латексті қолғаптар, ауыстыратын аяқ киім.

3. Тәжірибелік сабаққа қатыспаған студент, сабақты 3 сағат ішінде қайта өтеді, оның ішінде-сабақтың 2/3 қөлем-сағаты бөлімшеде жұмыс істеу , 1/3 қөлем-сағаты жауапты оқытушыға жіберген сабақтың тақырыбы бойынша ауызша жауап беру.

4.   Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу

5.    Әр блок бойынша СӨЖ 2 түрін орындау.

6.    Әр бөлімге сәйкес тәжірибелік жұмыстарды, тесттерді, ситуациялық есептерді, СӨЖ қорғауды тақырыптық жоспар бойынша белгіленген уақытта тапсыру, бір аптадан кешіктірмей.

7.  Тақырыптық жоспарға сәйкес рубежді бақылауды тапсыру.

8.  Барлық істердің түрлері бойынша студенттің жеке күнделігі болуы керек

9. ПОҚ пен студенттермен сыпайы қарым- қатынаста болу

10. Топтарда болған конфликті жағдайларды оқу меңгерушісі мен кафедра меңгерушісінің қатысуымен ашық талқылау.

 


2. БАҒДАРЛАМА

КІРІСПЕ

Әртүрлі өмірлік жағдайлар жедел медициналық көмекті қажет етеді, ал көмекті дұрыс және уақтылы көрсету зардап шегуші немесе науқас тағдырына тікелей әсер етеді.      Қай медицина саласының маман дәрігері болмасын жедел медициналық жәрдем бере білу оның бірінші парызы болып табылады.  «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуын тамамдаған дәрігер-түлек Республикамыздың ересек және бала тұрғындарына шұғыл медициналық көмекті кәсіби деңгейде орындай білуі керек. Өміріне қауіп төндіретін шұғыл жағдайларды диагностикалаудың негізгі принциптерін, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету ережелерін білу кез келген саланың медицина қызметкерінің дұрыс көмек көрсетуіне көмектесіп, мыңдаған зардап шегушіні және науқастанғандарды өлімнен алып қалады.

2.2 Пәннің мақсаты:

Пәннің мақсаты ішкі ағзалар аурулары кезіндегі әртүрлі ауыр жағдайларды науқастардың жасына байланыссыз анықтай және жедел жәрдем бере білуі, сонымен қатар төтенше жағдайларда (суға бату, тұншығу, жарақаттар, уланулар және т.б.) дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көлемінде жедел медициналық жәрдем беру мәселелері бойынша студенттердің дағдыларын қалыптастыру

2.3 Пәннің міндеттері:

1. Студенттерді ересектер және балалардағы ауруханаға дейінгі шұғыл жағдайларды диагностикалау және ажырату диагностикасын жасау әдістерімен таныстыру. Ауруханаға дейінгі кезеңде ересектер мен балаларда кездесетін ургентті жағдайлардың фармакотерапиясының мәнін ашып түсіндіру.

2. Студенттерді ауруханаға дейінгі кезең жағдайында ересектер және балаларға жүрек-өкпе реанимациясын жасау әдісімен таныстыру. Студенттерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажет алғашқы дәрігерлік манипуляцияларды көрсету және оларды муляждар мен манекендерде тәжірибелік дағдылармен бекіту.

3. Студенттерді әртүрлі емдеу мекемелерінің жұмысымен таныстыру және денсаулық сақтау жүйесіндегі жедел медициналық жәрдем берудің үлесін айту.

4. Студентдерде науқастармен, оның туыстарымен және медициналық қызметкерлермен қарым –қатынас жасау дағдыларын дамыту, өзара түінісу, сенімділік атмосферасын қамтамасыз ету, командамен жұмыс атқара білу дағдыларын ендіру.

5. Студенттерді медициналық қызметкерлердің, пациенттердің құқығы мен міндеттерімен таныстыру және пациенттің өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру үшін ағарту жұмыстарын жүргізуді үйрету.

6.Студенттерді үнемі білімін жоғарлатуға, өзінің кәсіби имиджімен айналысуға қызықтыру, өзінің кәсіби қызығушылығын СҒӨЖ арқылы іске асыруға және университеттің тіршілігіне белсенді қатысуға баулу

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері

  Студент білуі

тиіс:

- ургентті жағдайлардың заманауи  этиопатогенезі туралы көзқарастар

- заманауи жіктелуін

-  аурулар және олардың асқынулары, жарақаттар, уланулар, сыртқы ортаның қолайсыз әсерлері кезіндегі шұғыл жағдайлардың клиникалық көріністерін

- ауруханаға дейінгі кезеңдегі емнің негізгі принциптерін

- техногенді және табиғи апаттар кезіндегі жедел медициналық жәрдем берудің негіздерін

- жедел жәрдем, амбулаторлы-емханалық жүйе және ауруханалар желісіндегі тығыз қарым-қатынас негіздерін

 

істей білуі тиіс:

· уақыт және ақпарат жеткіліксіздігінде экстремальды жағдайда кенеттен ауырған немесе зардап шеккен науқастың жалпы жағдайын бағалауды;

· экспресс – диагностика жасау (ЭКГ, қандағы қантты анықтау,  пульcоксиметрия), алынған зертханалық-аспаптық зерттеулер нәтижелеріне клиникалық талдау жасау

· диагноз қою және ауру ағымындағы немесе жарақаттың негізгі синдромын анықтау және емдеу жоспарын құру

· жүрек-өкпе реанимациясын өткізу (тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру әдістері, өкпені жасанды желдендіру, жүректің жабық массажы, дефибрилляция)

· өмірге қауіпті жағдайларда бригадалар құрамында бар науқасты емдеуге арналған құрылғыларды қолдана отырып жедел медициналық көмек көрсету, оттегі ингаляциясын жасау, небулайзерді қолдану, пневматикалық және әмбебап шиналармен тасымалдау иммобилизациясын жасау

· науқаспен, оның туысқандарымен, бірге жұмыс істейтіндермен және басқа да медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қатынас бекіту

· топпен жұмыс істеу.

 

дағдыларды істей білуі тиіс:

· ЭКГ түсіру және талдау

· Көктамырішіне дәрілік затты тамшымен және болюсті енгізу

· Асқазанды жуу

· Қандағы қантты анықтаудың жедел әдістері және оларды талдау

· Әртүрлі әдістермен өкпенің жасанды желденуін өткізу 

· Жүректің тікелей емес массажы

· Жүректің электрлік және дәрілік  дефибрилляциясы

· Небулайзер көмегімен бронхообструктивті синдромды басу

· Глазго шкаласының көмегімен ес бұзылуының тереңдігін анықтау

· Қан тоқтатушы байламды салу және уақытша қан тоқтату әдістерін

· Зақымданған аяқ-қол иммобилизациясы және таңу

· Жұмсақ катетермен қуықты катетеризациялау

· Ауруханадан тыс босандыру әдістерін.

 

 

2.5 Пререквизит тер: ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, акушерия және гинекология, балалар аурулары.

2.6 Постреквизит тер: жалпы тәжірибелік дәрігер бойынша интернатура, хирургиялық аурулар бойынша  интернатура, акушерия және гинекология, балалар аурулары бойынша интернатура, ішкі аурулар бойынша интернатура.

 

 

2.7 Тақырыптық жоспар

Дәрістердің тақырыптық жоспары (№1 блок )

( академиялық сағат ұзақтығы - 50 минут)

№ п/п Т ақырыптар Сағат саны
1 Жедел медициналық жәрдем беру жұмысының ұйымдастырылуы. Жедел жәрдем дәрігерінің құқықтары мен міндеттері. Жедел жәрдем қызметінің құжаттары және есеп беруі. 1
2 Техногенді және табиғи апаттар кезіндегі ЖМЖББ жұмысының ұйымдастырылуы және принциптері. 1
3 Ауруханаға дейінгі кезеңдегі ми қанайналымының жедел бұзылыстары. Негізгі қауіп факторлары және церебро-васкулярлы аурулардың даму себептері. Жіті ми қанайналымы бұзылыстарының клиникалық жіктелуі.   1
4 Инсульт.  Инсульт дамуының механизмдері және жағдайлары. Инсульттің диагностикалық тізбегі. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жедел жәрдемі.  1
5 Менингит.Клиника. Диагностика, ажырату диагностикасы. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі 1
6 Тыныс жүйесінің өмірге қауіпті зақымдануларын диагностикалау және жедел жәрдем көрсету тізбегі (бронхообструктивті синдром). Демікпелік жағдай: бронх демікпесінің ұстамасы. Демікпе статусы. Ауруханаға дейінгі кезеңде анықтау және жедел жәрдем көрсету. 1
7 Тыныс жүйесінің өмірге қауіпті зақымдануларын диагностикалау және жедел жәрдем көрсету тізбегі (пневмоторакстар). Пневмоторакстар. Пневмоторакстардың түрлері. Ауруханаға дейінгі кезеңде анықтау және жедел жәрдем көрсету.  
8 Жүрек және тыныс қызметі тоқтауының этиологиясы, патогенезі және түрлері.  Клиникалық өлімнің белгілері, жандандыру әдістері. Адам өлімінің көрсеткіштерін анықтау және кезеңін анықтау тәртібі. 1
9 Жүрек-қан тамыр жүйесінің өмірге қауіпті зақымдануларын диагностикалау және жедел жәрдем көрсету тізбегі Артериалды гипертензия. Гипертензиялық криздер. Криздердің жіктелуі. Гипертензиялық криздердің асқынулары. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем.  
10 Жүрек-қан тамыр жүйесінің өмірге қауіпті зақымдануларын диагностикалау және жедел жәрдем көрсету тізбегі Жіті коронарлы синдром, тұрақсыз стенокардиялар. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем. 1
11 Жіті миокард инфаркты. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдемі. 1
12 Жүрек ырғағы және өткізгіштігінің жедел бұзылыстары. Себептері. Жіктелуі. Брадисистолиялар. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі. 1
13 Тахисистолиялар. Ажырату диагнозы. Тахисистолия кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі. 1
14 Өмірге қауіпті аллергиялық жағдайларды диагностикалау және жедел жәрдем көрсету тізбегі. Анафилактикалық шок. Стивен-Джонсон,  Лaйелл синдромдары. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі. 1
15 Өмірге қауіпті жұқпалы ауруларды диагностикалау және жедел жәрдем көрсету тізбегі. Гипертермиялық және тырысу синдромдары, нейротоксикоз, эксикоз, инфекция-токсикалық шок. 1
16 Шоктың патогенезі. сатылары. Шоктың түрлері. Шок жағдайларын диагностикалау және жедел жәрдем көрсету тізбегі 1
17 Комалар. Себептері. Жіктелуі. Ажырату диагностикасы. Себептері. Клиникасы. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі. 1
18 Құрсақ қуысы және құрсақ арты ағзаларының патологиялары кезіндегі ауыру синдромы.  Құрсақ қуысы және құрсақ арты ағзаларының патологиялары кезіндегі құсу. «Жіті іш» синдромын диагностикалау және жедел жәрдем көрсету тізбегі. 1
19 Ішкі қан кетулер.Жедел қан кету терапиясының жалпы принциптері. Қан алмастырушы ерітінділер. Қан алмастырушылардың жіктелуі, фармакодинамикасы.  Ауруханаға дейінгі кезеңде жедел қан кетулердің инфузионды терапиясының жалпы принциптері.  
20 Құрсақ қуысы мүшелерінің жедел патологиялары кезіндегі қан кетулер, балалар мен ерекектерде АІЖ қуысына қан кетудің жиі себептері. Бос құрсақ қуысына қан кетулер. Ауруханаға дейінгі кезеңде жедел жәрдем .  
21 Токсикологияның жалпы сұрақтары. Улардың және уланулардың жіктелуі.      Ішкі ағзалар және жүйелердің токсикалық зақымдану синдромдары. Жедел улануларды диагностикалау әдістері.   1
22 Жедел улануларды емдеу принциптері. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі  детоксикация және дезинтоксикация әдістері. Антидоттар және уға қарсы ем. Жедел уланулардың симптоматикалық терапиясы. Уланулар мен шағуларды ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі. 1
23 Суға бату, тұншығу кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі. 1
24 Электр жарақаты,ыстық және күн өткенде, үсік алғанда ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі. 1
25 Полижарақаттар, жарақаттық шокты ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау тізбегі және жедел жәрдемі. Жүргізу тактикасы, тасымалдау жағдайлары. 1
26 Ұзақ жаншылу синдромы, ауруханаға дейінгі кезеңдегі диагностикасы, жедел жәрдемі. 1
27 Күйіктік шок, балалар мен қарттардағы ерекшеліктері. Жүргізу тактикасы, тасымалдау. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жедел жәрдемі. 1
28 Көз,құлақ, мұрын, тамақ зақымданулары кезінде ауруханаға дейін диагностикалау және жедел жәрдем тізбегі. 1
29 Эпидемиялық ошақта жедел медициналық жәрдем жұмысын ұйымдастыру  
30 Үйде босану, мүмкін асқынулары. Әйелге және нәрестеге жедел жәрдем көрсету. Ауруханаға тасымалдау жағдайлары. 1

Барлық сағат саны:                                                                                                                                                                                      30                                                                                            


Дата добавления: 2020-01-07; просмотров: 96; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!