А) ВПС. Открытый баталов проток 13 страница



A) антибиотиктер

B) спазмолитиктер

C) муколитиктер

D) глюкокортикоидтар

E) шөптік дәрілер

{Дұрыс жауап }= D

$$$011

8 айлық бала, бірінші жүктіліктен, 3400г салмақпен туылған. 1,5 айынан жасанды тамақтануда. Тамақтануы ретсіз, қосымша тамақ кеш енгізілген. Басын 2,5 айдан бастап ұстаған, 7 айында отырған, тұра алмайды. Тексеріп қарағанда: әлсіз, тершеңдігі жоғары. Тері түсі бозғылт. Жалпы бұлшық еттің жалпы гипотониясы. Басы шаршы формалы, маңдай төмпешігі айқын көрінеді. Үлкен еңбегі 2,0х 2,5 см, шеті жұмсарған. Тісі жоқ. Көкірек қуысы екі жағынан қысылған, апертурасы кеңейген. «Мешелдік білезіктер» айқын. Іші «құрбақа іші» тәріздес, жұмсақ. Бауыры қабырға доғасы астынан 3 см шығыңқы. Нәжісі тұрақсыз. Бұл баланың биохимиялық қан анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

А) Фосфор төмен, алкалоз, сілтілік фосфатаза жоғары

В) Кальций төмен, ацидоз, сілтілік фосфатаза төмен

С) Кальций төмен, Фосфор төмен, сілтілік фосфатаза жоғары

D) сілтілік фосфатаза жоғары, Фосфор төмен, диспротеинемия

Е) Кальций төмен, Фосфор төмен, сілтілік фосфатаза төмен

{Дұрыс жауабы} = С

$$$0012

Баланы жоғары шаршағыштық, ұстама тәрізді, қысқа уақытқа созылатын іштегі ауырсынулар, оның майлы тамақ қабылдаумен байланысты болуы мазалайды. Қарағанда тері жабындылары бозарған, таза. Ішті пальпациялағанда Мерфи, Кера симптомдары оң. Қан анализінде: гемоглобин -126 г/л, Эритроциттер -3,96х10-12/л, лейкоциттер-5,0х10-9/л, ЭТЖ- 2 мм/сағ, эозинофилдер-4, сегмент тәрізді-67, лимфоциттер-29. Дуоденальды зондтау барысында: өттің -«В» мөлшерінің бөліну жылдамдығы 10 мин, Одди сфинктерінің жабық болу уақыты - 9 минут, тітіркендіргішті қайталап бергеннен соң тағы қою өт бөлінеді. Сіздің емдік әрекетіңіз:

A) спазмолитиктер, седативті әсері бар нейротропты заттар, физиоем

B) холеретиктер, үстемелеуші әсері бар нейротропты заттар

C) спазмолитиктер, холекинетиктер, минеральды сулар

D) спазмолитиктер, дуоденальды зондтау, физиоем

E) физиоем, холеретиктер, спазмолитиктер

{Дұрыс жауап }A

$$$0013

Ерте жастағы балалардағы ЖЖШ /жедел жүрек шамасыздығы/-ның этиологиялық факторларын атаңыз :

A) фиброэластоз ревматизм

B) ревматикалық және ревматикалық емес кардиттер

C) инфекциялық токсикоздар

D) өкпе аурулары (пневмония, БА)

E) жүрек аритмиялары

{Дұрыс жауап} = А

05_04_қаз. Хирургиялық аурулар (ЖДТ)

$$$001

Пельвеоперитнитпен асқынған аппендицит кезінде қандай ену жолын пайдалану керек:

A) Көлденең

B) Трансректальды

C) Параректальды

D) Орта-ортаңғы лапаротомия

E) Төменгі-ортаңғы лапаротомия

{Дұрыс жауап}=Е

$$$002

Жедел холецистите кезінде хирург гепатикохоледохтың 2,5 смге кенейгенін көптеген пальпацияланатын. Тастарды көрді, Операцияны қалай аяқтаймыз?

А)Холедохты екі ретті дренаждаумен холедохолитотомия

В)өт жолдарының тері және бауыр арқылы дренаждау холедохолитотомиямен бірге.

С) холедохолитотомиямен холедхты сыртқы Т тәрізді дренажбен дренаждау;

D) холедохолитотомия және холедохты жабық тігіспен;

E) холедохолитотомия және холедоходуоденоанастомозды қалыптастыру

{Дұрыс жауап}= Е

$$$003

28 жасар науқас К, жедел флегмонозды аппендецитке аппенд-эктомиядан кейін, операциядан кейінгі кезеңде 6 тәулікте дуглас-іріңдігі дамыды. Іріңдікті қандай әдіспен ашу және дренаждау керек:

A) Алдыңғы құрсақ қабырғасы

B) Тік ішек

C) Аралық

D) Қынап

E) Бір мезетте алдыңғы құрсақ қабырғасы және тік ішек арқылы

{Дұрыс жауап}=В

$$$004

Асқазан жарасынан қан кетумен зардап шегетін науқасты жүргізілген емнен кейін шоктан шығарылды, бірақ жүргізілген консервативті шаралар гемостаздың толық қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді. Бұндай жағдайда не істеу керек:

A) Лапаротомия және асқазанды резекциялау

B) Гастростома салу

C) Гастростоманы қолдану

D) Консервативті терапияны жалғастыру, Мейленграхт диетасымен

E) Лапаротомия, гастроэнтероанасомоз, тамырдан қан кетуді тоқтату

{Дұрыс жауап}=А

$$$005

37 жасар науқас Л, аудандық ауруханаға асқазанның теспелі ойық жарасы клиникасымен түсті. Ауруханада анезтезиолог болмады. Хирург Тейлор әдісі бойынша консервативті ем әдісін таңдады. Аталған ем әдісі қандай:

A) Cілті және асқазан перистальтикасын төмендететін заттарды қолдану

B) Әрбір 4-5 сағат сайын асқазанды зондтау, көктамыр ішкілік сұйықтық енгізу, және кезбе жүйкені фармакологиялық блокада жасау

C) Үнемі асқазанды салқын физиологиялық ерітіндімен жуу

D) Жергілікті гипотермия және көктамы ішілік сұйықтық енгізу

E) Антибиотик тағайындау, көктамыр ішілік сұйықтық енгізу кезінде азқазан ішіндегісін үнемі аспирациялау

{Дұрыс жауап}=Е

$$$006

72 жасар науқас К, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуына, кебуіне, газ және нәжіс болмауына шағымданады. Үш тәулік бойы ауырған. Соңғы кездері іш қатуымен зардап шегуде, дене салмағы азайған. Қарағанда: іші үрілген, ассиметриялы, шалпы шуы, тимпанит, перистальтика естілмейді. Жедел ішек өтімсіздігін анықтауда шешу зерттеу әдісі:

A) Ирригоскопия

B) Қан, зәр анализі

C) УДЗ

D) Шолу рентгеноскопиясы

E) Лапароскопия

{Дұрыс жауап}=D

05_05_ қ аз . Психиатрия және наркология (ЖДТ)

$$$001

Науқас Д., 45 жаста, ауру аяқ астынан басталды, қысқа мерзімді естен тану пайда болған. Науқаста бастың ауруы, жүрек айнуы, желке бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдары оң мәнді, брадикардия, 38 градусқа дейін дене температурасының жоғарылауы анықталған. Жұлын сұйықтығы қызғылт түске боялған. Болжам диагноздын қайсысы дәлірек:

А. Ми қан тамырларының эмболиясы

В. Субарахноидальді қан құйылу

С. Бас миына қан құйылу

D. Эпидемиялық менингит

Е. Кене энцефалит

{Дұрыс жауап}=В

$$$002

Науқас У., 35 жаста, алкогольды көп қолданғаннан қолдары мен аяқтарында ауырсынулар және парестезиялар пайда болған. Статуста – солғын тетрапарез, «қолғап» және «шұлық» түрімен сезімталдықтын барлық түрлерінің бұзылуы, вегетативтік бұзылыстар анықталады. Болжам диагноздын қайсысы дәлірек:

A) Белл параличі

B) полинейропатия

C) миопатиялық синдром

D) афазия

E) бульбарлы синдром

{Дұрыс жауап}=В

$$$003

17 жастағы науқас, көңіл - күйі төмен, құлазыған, жылай береді, өзінің ешкімге керек еместігін және пайдасыздығын уайымдайды, өмірден қол үзу ойы бар. Эмоция бұзылысының түрін анықтаңыз: 

A) эйфория

B) депрессия

C) дисфория

D) іштарлық

E) амбиваленттілік

{Дұрыс жауап}=В

$$$004

Науқас К., 18 жаста, ауру аяқ астынан басталды, қысқа мерзімді естен тану пайда болған. Науқаста бастың ауруы, жүрек айнуы, желке бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомы оң мәнді, брадикардия, 38 градусқа дейін дене температурасының жоғарылауы анықталған. Жұлын сұйықтығы қызғылт түске боялған. Диагнозын қайсы зерттеу растайды:

A) ЭХО-энцефалография

B) бас миының КТ-сы

C) электроэнцефалография

D) реоэнцефалография

E) коагулограмма

{Дұрыс жауап}=В

$$$005

Алкогольды алты күн үздіксіз ішкеннен кейін науқаста үрей, тынышсыздық пайда болды. Қорқынышты дауыстар естиді, түнде ұйықтамайды. Соңынан түсушілерден қашып, далаға шықты, үстіндегі жабысқан құмырсқаларды қағып-сілкіп жүр. Психоздын қай түрі дәлірек :

A) гебефрения

B) онероид

C) делирий

D) галлюциноз

E) аменция

{Дұрыс жауап}=С

$$$006

38 жастағы науқас ауыр жүк көтергеннен кейін бел аймағындағы кенеттен болатын ауырсынуға шағымданды, соның әсерінен иіле алмай қалды. Объективті: бел аймағында бұлшық еттердің керілуі, сколиоз, бел лордозының тегістелуі байқалған. Омыртқаның бел бөлімінің шектелуі, сол жақты L4-L5 паравертебральды нүктелердің ауырсынуы, Лассега симптомы оң мәнді. Науқасқа төмендегі берілген препараттардың қайсысын таңдадыңыз:

A) диклофенак

B) но-шпа

C) церукал

D) амитриптиллин

E) конвулекс

{Дұрыс жауап}=А

05_06_қаз. Неврология (ЖДТ)

 

$$$001

Науқас оң білегіндегі әлсіздікке шағымданады. Бақылаған кезде: білезік пен саусақ бүгушілердің күші нольге тең, бұлшық ет тонусы түскен, оң жақтағы карпорадиальды және шынтақ-бүгу рефлекстері жоқ. Білезік пен саусақтарды бүгу мүмкіндігі бар. Топикалық диагноз қойыңыз:

А) Оң жақтағы кеуде бөлігіндегі жұлынның жарты бөлігінің зақымдануы

В) Оң жақтағы перифериялық нервтің зақымдануы

С) Оң иық өрімінің зақымдануы

D) Оң жақтағы алдыңғы орталық қатпардың зақымдануы

Е) Сол жақтағы ішкі капсуланың зақымдануы

{Дұрыс жауабы} = B

$$$002

Науқаста келесі симптомдар анықталған: бұлшық ет сіреспелігі, брадикинезия, ахейрокинезия, пропульсия, брадилалия, парадоксальды кинезия, білезік пен бастағы ұсақ ритмді діріл, брадипсихия. Бұл синдром қалай аталады:

А) Мишық атаксиясы

В) Джексон синдромы

С) Акинетикалық-сіреспелі синдром

D) Гиперкинетикалық-гипотоникалық

Е) Тетраплегия

{Дұрыс жауабы} = C

$$$003

Науқаста екі жақ бойынша ДIV-ДVII дерматомдары шегінде ауырсыну және температуралық сезімталдық бұзылуы байқалады. Науқаста сезімталдық бұзылуының қай түрі көрсетілген:

А) Перифериялық

В) Артқы мүйізді-сегментарлы

С) Комиссуральды-сегментарлы

D) Өткізгіштік

Е) Полиневритикалық

{Дұрыс жауабы} = C

$$$004

Науқаста тетрапарез анықталған: қолда тонус төмендеген, аяқта жоғарылаған, қолдағы рефлекстер төмендеген, аяқта жоғарылаған, бұғана деңгейінен бастап сезімталдықтың барлық түрі төмендеген. Топикалық ошақты анықтаңыз:

А) Жоғарғы мойын бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

В) Мойынның жуан бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

С) Кеуде бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

D) Бел-сегізкөз аймағындағы жұлынның зақымдануы

Е) Жұлынның жартылай зақымдану синдромы

{Дұрыс жауабы} = B

$$$005

Науқаста тілдің оң бөлігіндегі атрофия, тілдің оң жақтағы бұлшық еттерінің фасцикулярлы жыбырлауы, тілді шығарғанда оңға қарай қисаюы байқалады. Қандай нерв зақымданған:

А) Тіл-жұтқыншақ

В) Кезбе

С) Үшкіл

D) Оң жақтағы тіл асты

Е) Сол жақтағы тіл асты

{Дұрыс жауабы} = D

$$$006

Орталық жүйке жүйесінің қай бөлігі ішімдікпен зақымдағанды?

А) Супраорбиталық бұралаң.

В) Вернике зона.

С) Бұрыштық бұралаң.

Д) Фоллуккулюс.

Е) Мишық құрты.

{Дұрыс жауабы} = Е

 

05_07_қаз. Жұқпалы аурулар (ЖДТ)

$$$001

АИВ (адам иммунды тапшылық витусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

А) ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) зақымдалуы

В) перифериялық жүйке жүйенің зақымдалуы

С) тыныс алу жүйенің зақымдалуы

D) Полилимфоаденопатия

Е) жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

{Дұрыс жауап} – D 

$$$002

30 жасар науқастың диагнозы: Вирусты гепатит В. Келесі белгілер байқалады: тамаққа тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, тәулігіне 2 рет құсу, әлсіздік, үш аптадан бері айқын сарғайю. Жалпы билирубин - 200мкмоль/л, АлАТ активтілігі жоғары, диспротеинемия, тимол сынамасы жоғары.

Инфекциялық процестің қай ағымына осы өзгерістер тән?

А) жеңіл ағымы

В) ауыр түрі

С) орташа ауырлық

D) көмескі түрі

Е) холестатикалық түрі

{Дұрыс жауап} – С  

$$$003

Ауру жедел басталған. Дәретке шығу сезімі байқалған, науқаста жиі сулы нәжіс болған. Екінші күні көп реттік құсу, тәулігіне 20 ретке дейін сұйық нәжіс болған, түрі ақшыл; аяқтары құрысқан. Дене қызуы қалыпты. Қай ауру туралы ойлауға болады?

A) тырысқақ

В) тағамдық токсикоинфекция

С) эшерихиоз

D) амебиаз

Е) сальмонеллёз

{Дұрыс жауап} – А

$$$004

17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.

Объективті: Т = 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Иерсиниоз

В) созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1

С) созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2

Д) жеделдеу (баяу) бруцеллёз

Е) жедел бруцеллёз

{Дұрыс жауап} – С

$$$005

45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрии ааймағындағы ауырсыну, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған. Консервіні тек өзі жеген. Жанүйясында барлығы сау.

Объективті: дене қызуы 36,6° С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ = 40/10 мм. с/б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД = 38 / мин.

Сіздің алғашқы қойған диагнозыңыз?

А) Тағамдық токсикоинфекция, ауыр түрі, ИТШ – 2 дәреже

В) Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр жетіспеушілігі

С) Ботулизм, ауыр түрі, тыныс алу жетіспеушілігі.

D) Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр және тыныс алу жетіспеушілігі

Е) Сальмонеллёз, гастроинтестиналды түрі, ауыр ағымы, инфекциялық-токсикалық және гиповолемиялық шок

{Дұрыс жауап} –D

$$$006

32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады, тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 485; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!