А) ВПС. Открытый баталов проток 10 страница



A) жедел дизентерия, орташа ауырлықта

B) жедел дизентерия, жеңіл ағымы

C) жедел дизентерия, ауыр ағымы

D) жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік варианты

E) сальмонеллез, гастроэнтероколиттік варианты

Дұрыс жауап – А

 

05_08_қаз. Фтизиатрия (ЖДТ

$$$001

Ересектерде туберкулез диагнозын қойған кезде ең маңызды болып табылады: A) қақырықтың туберкулез микобактерияларына тексерісі 

B) көкірек қуысын рентгенологиялық тексеру

C) Манту сынамасы

D) жалпы қан және несеп талдауы

E) көкірек қуысының перкуссиясы және аускультациясы

(Дұрыс жауап) =A

$$$002

Аталған аурулардың қайсысы ересектердегі ателектаздың жиі себебі болып табылады:

A) Көкірек ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

B) Өкпенің орталық обыры

C) Бронхоэктаздық ауру

D) Обструктивті бронхит

E) Жедел пневмония

(Дұрыс жауап)= B

$$$003

Бронхтың ісікпен обструкциясының ең ерте симптомы:

A) бөлік ателектазы (сегменттің)
B) гиповентиляция
C) эмфизема
D) бейспецификалық қабыну

E) обструктивті бронхит

(Дұрыс жауап)= C

$$$004

Туберкулездік этиологиялы экссудативті плеврит үшін ең тән рентгенологиялық белгі:

A) плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы

B) плевра қуысында сұйықтықтың және өкпенің жоғарғы бөліктерінде жұмсақ ошақтардың болуы

C) плевра қуысында сұйықтықтың көлденең деңгейі

D) өкпе түбірінің бір немесе екі жақты ұлғаюы

E) зақымдану жағынан диафрагманың жоғары тұруы

(Дұрыс жауап)= B

$$$005

Бронхоскопия осы мақсатпен жасалады:

A) туберкулез микобактерияларын табу үшін

B) бронх тармақтарының жағдайын анықтау үшін

C) лимфа түйіндер зақымдалуны бағалау үшін

D) диагностикалық мақсатпен

E) емдік мақсатпен

(Дұрыс жауап)= B

$$$06

Өкпе туберкулезімен науқаста қандай сипатты қақырық жиі болады?

A) мол, «ауыз толтыра»

B) мол, шырышты-іріңді, үш қабатты

C) мардымсыз, жабысқақ, тот басқан тәрізді

D) мол, іріңді, сасық

E) шамалы мөлшерде, шырышты-іріңді, кейде қан араласқан

(Дұрыс жауап)= E

05_09_қаз. Акушерлік сала және гинекология (ЖДТ)

$$$001

Жүктілік кезінде ұрықтың жамбастық орналасқанын (тазовое предлежание) диагностикалау үшін Леопольд-Левицкийдің сыртқы қабылдауы ақпаратты:

А) бірінші және үшінші

B) үшінші

C) екінші

D) төртінші

E) бірінші

{Дұрыс жауап}=A

$$$002

Ана өлімінің көрсеткіші келесі тәсілмен есептеледі:

А) Босану кезінде қайтыс болған әйелдер саны/босану саны х 100000

B) Қайтыс болған жүкті әйелдер саны/босану саны х 100000

С) Қайтыс болған жүкті әйелдер, жүктілік аяқталғаннан кейін 42 күн аралығында қайтыс болған жас босанған әйелдер, босанған әйелдер саны/тірі нәрестелермен босану саны х 100000

D) Қайтыс болған жүкті әйелдер, босанғаннан кейінгі кезеңдегі 2 апта аралығында қайтыс болған жас босанған әйелдер, босанған әйелдер саны/тірі және өлі туған нәрестелермен босану саны х 100000

E) Қайтыс болған жүкті әйелдер, жүктілік аяқталғаннан кейін 2 апта аралығында қайтыс болған жас босанған әйелдер, босанған әйелдер саны/тірі нәрестелермен босану саны х 100000

{Дұрыс жауап}=С

$$$003

Шарананың шетінеуі (перинатальная смертность) төмендету бойынша іс-шаралардың ішіндегі бағалысы, төмендегісінен басқасы болып табылады:

А) Жүктілікті сақтау мүмкіндіктері туралы мәселенің дер кезінде шешілуі

B) Шарананың шетінеу себептерін саралауды жүргізу

C) Нәрестенің созылмалы гипоксиясын уақытылы диагностикалау

D) Жүкті әйелдің диететикасын жүзеге асыру

E) Дистресс-синдромды уақытылы жүргізу

{Дұрыс жауап}=С

 

$$$004

Шарана өлімінің көрсеткіші келесі түрде есептеледі:

А)(Өлі туған нәрестелер саны)/(босанулар саны)ө1000 //

B)(Интранатальды шетінегендер саны)/(өлі туғандар саны)ө1000 //

C)(Өлі туғандар саны + туғаннан кейін алғашқы 168 сағат ішінде шетінегендер)/(тірі және өлі туғандар саны)ө1000 //

D)(Туғаннан соң алғашқы 7 тәулік ішінде шетінегендер саны)/(босанғандар саны)ө1000 //

E)(Өлі туғандар саны + туғаннан кейін алғашқы 168 сағат ішінде шетінегендер)/(тірі туғандар саны)ө1000

{Дұрыс жауап}=С

$$$005

Пациент әйел 17 жаста. Етеккірінің 3 апта бойына жоқтығына шағымдарымен әйелдер консультациясына келді, бірнеше күн бойына жүрегі айну, сүт бездерінің ісінуін байқаған. Айнада қарағанда –, жатыр қынабы мен мойыншығы шырышының көгеріңкілігі. Бөлінділер шырышты, бірқалыпты. Бимануалды тексеру: жатыр қалыптан сәл үлкенірек, ауырсынусыз, мойнақ аймағында «жұмсару». Өсінділер ерекшеліксіз, жиынтықтар еркін (Қосалқылар ерекшеліксіз, қабырғалары еркін). Дәл диагнозды қою үшін қандай қосымша тексеру әдістерін орындау қажет?

А) ХГ-ға қан тапсыру

B) Жүктілікке қан тапсыру

C) УДЗ

D) 2 аптадан соң қайталама тексеру

E) МРТ

{Дұрыс жауап}=С

$$$006

Науқас М., 21 жаста, 2 ай бойына етеккірінің жоқтығына, тәулігіне 15 ретке дейін құсуына, тәбетінің жоқтығына, дене салмағының 6 кг-ға дейін төмендеуіне шағымдарымен әйелдер консультациясына келді. Объективті: тері жабындылары бозғылт, құрғақ, тамыр соғысы минутына 92, АҚ 90/60 мм сын. бағ., көздің ағы сарғыш. Айнада – қынап және жатыр мойнының қынаптық бөлігі көгеріңкі. Қынаптан бөлінділер мардымсыз, сүт түстес. Қынаптық тексеру: қынап тар. Жатыр жұмсақ консистенциялы, жүктіліктің 7-8 апта мерзіміне сәйкес ұлғайған, ауырсынусыз. Қосалқылар анықталмайды. Қабырғалары еркін. Диагнозы:

А) 7-8 апталық жүктілік. Жүкті әйелдер құсуының жеңіл түрі.

B) 7-8 апталық жүктілік. Жүкті әйелдер құсуының ауыр түрі.

C) 7-8 апталық жүктілік. Жүкті әйелдер құсуының орташа ауырлық түрі.

D) 7-8 апталық жүктілік. Жедел гастрит.

E) 7-8 апталық жүктілік. Тамақтан улану.

{Дұрыс жауап}=С

$$$007

27 жастағы науқас әйел біріншілік бедеулікпен, жатырдың шырыш асты миомасы бойынша хирургиялық ем үшін гинекологиялық стационарға түсті. Аталған жағдайда операцияның оңтайлы көлемі қандай? 

А) Гистерэктомия

B) Гистероскопия кезінде миоматозды түйіннің резекциясы

C) Өсінділерсіз жатырдың қынапүстілік ампутациясы

D) Жатырдың дефундациясы

E) Лапаротомия, консервативті миомэктомия

{Дұрыс жауап}= B

$$$008

18 жастағы науқас М. Жетекші симтомдар: ішіні төменгі бөлігінде тік ішекке таралатын жедел ауырсыну, жыныс жолдарынан біраз қанды бөлінділер. Ауырсынулар етеккір циклының 18-ші күні жыныстық қатынастан кейін пайда болды. АҚ 100/70 мм сын. бағ. Тамыр соғысы минутына 80. Дене т-сы 36,9С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөлігі ауырады, көбіне оң жақ мықын тұсында. Ішастар тітіркену синдромы жоқ. Айнада зерттеуде – цервикальды каналдан қанды бөлінділер. Қынап арқылы зерттеуде – сыртқы жатыр тесігі жабық. Жатыр ұалыпты көлемде, anteversio, аnteflexio ширақ, ауырсынусыз, қалыпты консистенциялы. Қосалқылар сол жағынан пальпацияланбайды.Оң жағынан қосалқылар аймағында айқын пішінсіз құрылым образование, ауырады. Артқы қабырға сезімтал. Сіздің диагнозыңыз?                                                                                                                                                                                                                                                                                             

А) Жедел аппендицит                                                    

B) Жатырдан тыс жүктілік

C) Анабезге қанның құйылуы

D) 12 елі ішек ойық жарасының перфорациясы

E) ДМК

{Дұрыс жауап}= C

$$$009

Менопауза алдындағы кезеңде дисфункциялы жатыр қан кетуін тоқтатудың негізгі әдісі болып табылады:

А) Андрогендер қолдану

В) Жатыр қуысы мен жатыр мойны каналының шырышты қабығын бөлек диагностикалық қырып тазалау

C) 17-оксипрогестерон капронатын (17-ОПК) қолдану, үздіксіз режимде.

D) Синтетикалық эстроген-гестагенді препараттарды қолдану

E) Қан тоқтататын және жатырды жиырылтатын дәрілерді енгізу

{Дұрыс жауап}=B

$$$010

Бартолинит – бұл:

A) Әйелдің сыртқы жыныс органдарының қабынуы

B) Қынап кіреберісі үлкен безінің қабынуы

C) Жатыр түтіктерінің қабынуы

D) Қынап шырышының қабынуы

E) Ана бездердің қабынуы

{Дұрыс жауап}= B

$$$011

25 жастағы жүкті әйел, қалыпты жамбас мөлшерімен және уақыты жеткен жүктілікпен жыныс жолдарынан 100 мл мөлшерінде ұйыған қан бөлінділерімен келіп түсті. Анамнезінде 4 медициналық аборт. Асқынусыз. Соңғы 3 аптада жіліншігінде айқын ісік. АҚ 150/90 мм сын. бағ., 160/90 мм сн. бағ. Акушерлік статус: уақытына жеткен жүктілік мерзіміне сай жатыр ұлғайған, іштегі баланың жүрек қағысы тыңдалады. Жатыр ширыққан, жатыр түбінде сол жағынан пальпация кезінде ауырсыну білінеді. Жіліншігінде айқын ісіктер. Сіздің диагнозыңыз?

А) ПОНРП

B) Плацента предлежаниесі 

C) Босанудың І-ші кезеңінің басталуы

D) Жатыр мойнының эрозиясы

E) Жалған толғақ

{Дұрыс жауап} = А

$$$012

Медициналық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша жүктілікті үзу қай мерзімге дейін жүзеге асырылады?

А) 28 аптаға дейін

В) 23 аптаға дейін

С) 30 аптаға дейін

D) 12 аптаға дейін

Е) 16 аптаға дейін

{Дұрыс жауап} =В

$$$013

28 апта жүктілікпен 30 жастағы әйел қабылдауға келді. Әлсіздікке, бас айналуына, қолы мен аяқтарындағы ауырлыққа шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 37,2 0С, тері жабындылары әдеттегі реңкте, АҚ 165/100 мм сын. бағ., ЖҚЖ минутына 88 соғу. Аяқтарында, қолдарында, ішінде ісіну бар. ЖҚТ: ақуыз 1,0 гр., іші жұмсақ, ауырсынусыз. Дәреті мен диурез қалыпты. Жүкті әйелдің жағдайын бағалаңыз?  

А) Гестоз. І дәрежелі преэклампсия

В) Гестоз. ІІ дәрежелі преэклампсия

С) Гестоз. ІІІ дәрежелі преэклампсия

D) Гестоз. Жүкті әйелдер гипертониясы

Е) Гестоз. Жүкті әйелдер ісінуі

{Дұрыс жауап} =В

 

05_10_қаз. Онкология (ЖДТ)

$$$001

Сүт бездерінде айқын емес бұлдыр, тегіс емес шеттерімен, көкірек қуысына басқан кезде жоғалмайтын (оң Кениг симптомы); алаңқай симптомы – ісікті екі саусақпен ұстаған кезде алаңқай анық білінеді; «лимон қабығы» симптомы, умбиликация симптомы – алаңқай орталығында жеңіл ойық, «әжімдер» симптомы – алаңқай ортлығында 1-2 тері әжімі бар, теріні тартқанда жазылмайды, қолдарын жоғары көтергенде – сүт бездерінің деформациясы, емшек ұшының ойығы, Краузе симптомы – ареолярлы аймақты әр қолдың екі саусағымен бір мезетте пальпациялау кезде зақымдалған жақта жеңіл ісіну білінеді, емшек ұшының салыстырмалы қалыңдауы (Педжет ауруы), ареолярлы аймақ экскореациясы осының объективті көріністері болып табылады:

А) түйінді мастопатияның

В) зарарсыз ісіктің

С) сүт безі обыры

Д) мастит

Е) диффузды мастопатия

{Дұрыс жауап}=С

$$$002

23 жастағы әйел етеккірінің басталуы алдында бірнеше күн бұрын пайда болып етеккір келісімен жоғалатын сүт бездерінің ауырсыну сезіміне шағымданады. Ауырсынулар кез-келген жанасу немесе кеудені жеңіл басу кезінде де. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

А) Мастопатияның бастапқы сатыдағы диффузды формасы (масталгия)

В) Фиброаденома

С) Обыр

Д) Жедел қабыну процессі

Е) Мастопатияның түйінді формасы

{Дұрыс жауап}=А

$$$003

40 жастағы науқас әйелдің сүт безінің сыртқы-жоғары квадрантында анықталды – айқын анықталатын ісіктік түйін, тығыз консистенциялы, шектелген қозғалысты. Тері белгілері көрінеді, емшек ұшының қалыңдауы және ісік анықталған бездегі ареол қатпарлары – оң Краузе симптомы, ісік ауырсынусыз, зақымданған жағындағы қолтық астындағы шұңқырда бір немесе бірнеше кішігірім жылжымалы түйіндер. Аталған белгілердің үйлесуі қандай аурудың таралушылық дәрежесін және оның қандай клиникалық сатыларын көрсетеді?

А) Сүт безінің липомасы 

В) Ретенциялық киста

С) Жедел мастит

Д) Ерте сатыдағы сүт безінің обыры  

Е) Соңғы сатыдағы сүт безінің обыры

{Дұрыс жауап}=Д

$$$004

Әйелдерде сүт безінің обыры бойынша қауіп белгілері: сүт безінің тығыздануы, жүктілік және бала емізумен байланысты емес емшектен кез-келген сипаттағы бөлінділер, емшек немесе ареола аймағындағы эрозия, қабықша, қабыршақ, ойылулар, органның ісінумен байланысты пайда болған деформациясы, бір сүт безінің ұлғаюы немесе кішіреюі. Дәл диагнозды қоюда ең бағалы ақпарат бере алатын диагностика әдісі:

А) клиникалық диагностика

В) маммография

С) ультрадыбыстық диагностика

Д) морфологиялық диагностика

Е) дуктография

{Дұрыс жауап}=Д

$$$005

Перифериялық обыр кезіндегі патологиялық өзгерістер ісіктердің эпителиальды қабаттан өсуі кезінде білінеді:

А) өкпелік паренхима (субсегментарлы, бронхиолалар, альвеолалар)

В) 1 реттегі сегментарлы бронхтардың

С) бөліктік бронхтардың

Д) негізгі бронхтардың

С) трахеяның

{Дұрыс жауап}=А

$$$006

Орталық өкпе обырының эндобронхиальды түрін нақтылайтын диагностика үшін келесі тексеру әдісі ең ақпараттандырушы болып табылады: 

А) екі проекцияда түсірілетін өкпе рентгенографиясы

В) өкпе томографиясы, компьютерлікті қоса отырып

С) қалыптан тыс жасушаларға қақырық анализі

Д) торакальды пункция

Е) нысаналы биопсиямен фибробронхоскопия

{Дұрыс жауап}=Е

 

2-нұсқа

05_01_қаз. Жалпы дәрігерлік тәжірибе (ЖДТ)

$$$001

Ауруханадан тыс пневмония кезінде эмпирикалық терапияға қолданылатын препараттар:

А) Ципрофлоксицин, перфиксацин, офлоксацин;

В) Стрептамицин және гентамицин;

С) Линкомицин және левомицетин;

D) Имипенем және меропенем;

E) Пенициллин, эритромицин, азитромицин

{Дұрыс жауап}= C

$$$002

Созылмалы обстуктивті бронхитпен ауыратын 60 жастағы науқаста ентігу мен жөтелдің күшеюі; сәл ғана сарғыш – жасыл түсті қақырықтың бөлінуіне, шағымданады. Объективті: ТАЖ – минутына 28 рет, ЖСЖ - 92 рет мин. Аускультативті өкпеде қатқыл тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар.ТШЖ- 70% төмен. Сальмутамолды күніне бірнеше рет қабылдаған.Қай препаратты тағайындаған дұрыс?


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 447; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!