А) ВПС. Открытый баталов проток 14 страница



А) Скарлатина

В) Псевдотуберкулёз

С) Лептоспироз

D) Қырым геморрагиялық қызбасы

Е) Токсоплазмоз

{Дұрыс жауап} –В

 

05_08_қаз. Фтизиатрия (ЖДТ)

$$$001

Міндетті контингенттерге жататын адамдарды флюорографиядан уақытында өткізуді кім қадағалайды?

A) туберкулезге қарсы диспансері

B) рентгенологиялық қызметі

C) сол жердегі қызметкердің мекеме бастығы

D) участкілік терапевттер

E) санитарлы-эпидемиологиялық қызметі

{Дұрыс жауап} = D

$$$002

ДДСҰ ұсынысына сәйкес әр турлі жағдайларға байланысты «нәтижесіз емдеу» дегеніміз не?

1 – екі ай емнен кейін ТМБ+

2 – бес ай емнен кейін ТМБ+

3 – ем басында ТМБ- болып, екі ай емнен кейін ТМБ+

4 – ТМБ төзімділігі дамығанда

5 – туберкулездің асқынулар дамуында

Дұрыс жауапты таңдаңыз:

A) 2 және 3 үйлесушілігі

B) 1 және 3 үйлесушілігі

C) 3 және 4 үйлесушілігі

D) 2 және 5 үйлесушілігі

E) 3 және 5 үйлесушілігі

{Дұрыс жауап} = A

$$$003

5 жасар балада профилактикалық тексеруде 2 ТБ Манту сынағына оң мәнді реакция, 8 мм папула байқалды. Диагноз – Туберкулин сынамасының «виражы» (біріншілік туберкулез инфекциясының ерте кезеңі) деп төмендегіге байланысты қойылды:

A) папуланың көлемі

B) туберкулезбен ауыратын туысымен қатынаста болуы туралы мәлімет 

C) туберкулиннің жіберілген дозасы

D) бұрынғы жылы Манту сынамасына теріс реакция болуы

E) баланың жасына

{Дұрыс жауап} = D

$$$004

Жүкті әйелде (30 апта) кеудедегі ауырсынуға, 37,5°С дейін қызуы көтерілуге, шаршағандыққа шағымдар пайда болды. Өкпенің рентгенографиялық зерттеуде оң жақтың S1-S2 ошақты өзгерістер табылды. Қақырықта микобактериялар анықталды. 2 ТБ Манту сынамасына реакция – 10 мм. Алдынғы рентгенолоиялық тексеру кезінде бір жыл бұрын патологиялық өзгерістер табылмаған. Дәрігерлік әрекетті анықтаңыз:

A) жүктілікті үзу

B) тубдиспансерге жатқызу

C) екі АБП амбулаторлы химиопрофилактика

D) Кох сынамасын жүргізу

E) БЦЖ егу

{Дұрыс жауап} = B

$$$005

Шашыранды өкпе туберкулезі ыдырау фазасы ТМБ+, науқасқа I категория бойынша ем жүргізілді. Изониазид тамырына 6% ертінді түрінде енгізілді. 3 есе аса препараттың дозасы қате жіберілгеніне байланысты, науқаста жеке бұлшық тобында сіреспе, сана сезімін қысқа мерзімге жоғалту пайда болды. Бірінші ретте жедел дәрігерлік көмек беруге сіздің нұсқауларыңыз:

A) пирацетам тағайындау

B) кардиостимуляторлар тағайындау

C) 2,5 г дозада В6 витаминді тамырға жіберу

D) реанимациялық бөлімшеге науқасты аудару

E) миорелаксанттар жіберу және басқарулы тыныс алуға көшу

{Дұрыс жауап} = C

$$$006

39 жастағы, науқас Н., оң өкпе жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезімен 6 ай бойы стационарлық емдеуде жатыр. Ем нәтижесіз, сәулелік зеттеу әдістерімен S2 дөңгелек пішімді диаметрі 4 см қуыс, тегіс шетімен, түбірде кальцинаттар. Қақырықта ТМБ анықталмаған. Қанның клиникалық анализі қалыпты. Диагнозды табыңыз:

A) инфильтративті туберкулез

B) кавернозды туберкулез

C) цирротикалық туберкулез

D) туберкулема

E) фиброзды-кавернозды туберкулез

{Дұрыс жауап} = B

05_09_қаз. Акушерлік сала және гинекология

 

$$$001

23 жастағы әйел адам, дене қызуының көтерілуіне, қалтырауға, жыныс мүшелерінің аймағындағы тыныштық және қозғалыс кезіндегі жедел ауырсынуға шағымданады. Объективті: Сыртқы жыныс ерінінің төменгі үштен бір бөлігінде флюктуациясы бар, ісік тәрізді жедел, ауырсынатын түзіліс анықталады. Емді неден бастау керек?

А) Антибиотикотерапия

B) Майлы аппликация (ихтиол, Вишневский майы)

C) Калий перманганаты ерітіндісімен ванночкалар

D) Үлкен бездің өзегін ашу

E) Безді өзекпен бірге энуклеациялау

{Дұрыс жауабы} = D

$$$002

24 жастағы әйел жыныс мүшелерінде қышып, ашуға және жаман иісті бөліністерге шағымданады. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты қызарған, сарғыш түсті, көпіршікті, сасық иісті бөліністер бар. Қынаптық қарауда: жатыр мен жатыр қосалқылары қалыпты. Қынаптың тазалық дәрежесіне жағындыда: III – дәрежелі. Болжам диагноз қойыңыз:

А) Хламидиозды  кольпит

B) Гонорея

C) Трихомониаз

D) Вагиноз

E) Ашытқылы  кольпит

{Дұрыс жауабы} = С

$$$003

Аналық безінің апоплексиясы ол:

А) Аналық безіндегі жүктілік

B) Аналық безінің бүтіндігінің бұзылуы

C) Аналық без ісігі аяғының айналуы

D) Аналық безінің поликистозы

E) Аналық безінің қабынуы

{Дұрыс жауабы} = В      

$$$04

Әйел жүрек айнуға, құсуға және ішінің кебуіне шағымданады. Анамнезінде: Аналық безінің кистасы, жиі қабынбалы аурулар. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты қалыпты түсте. Жыныс мүшелерінен шырышты бөліністер. Қынаптық тексеруде: Жатыр қалыпты мөлшерде, тығыз, ауырсынбайды. Жатыр қосалқылары: сол жақтан жедел ауырсынатын, ісік тәрізді түзіліс. Диагноз қойыңыз:

А) Аналық безінің апоплексиясы

B) Пельвиоперитонит

C) Жатырдан тыс жүктілік

D) Аналық безінің поликистозы

E) Кистома аяқшасының айналуы

{Дұрыс жауабы} = Е

$$$005

Қабылдауға 28 жастағы әйел келді. Анамнезінде: жүктілік – 3, босану - 3, асқынусыз. Объективті: шағымдары жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Соматикалық дені сау. Айнамен және қынаптық тексеруде гинекологиялық патология анықталмады. Зиянды әдеттері жоқ. Осы әйелге қандай контрацепциялық әдіс ең ыңғайлы?

А) Комбинирленген оральді контрацептивтер

B) Тосқауыл әдісі (презерватив)

C) Күнтізбелік әдіс

D) Жатыр ішілік спираль

E) Хирургиялық  стерилизация

{Дұрыс жауабы} = D

$$$006

HELLP – синдромға анықтама беріңіз:

А) Өкпе ісінуімен жүретін, жүрек жетіспеушілігі.

B) Миға қан құйылу, тромбоздар, ми ісінуі, кома;

C) Гемолиз, плазмада бауыр ферменттерінің жоғарылауы және тромбоциттер санының төмендеуі.

D) Аса маңызды мүшелердегі қан айналым бұзылыстарымен жүретін, ДВС – синдром.

E) Қалыпты орналасқан шарананың уақытынан бұрын ажырауы.

{Дұрыс жауабы} = С

$$$007

Контрацепцияның эффективтілігін қандай көрсеткіш бағалайды?

А) Глазго шкаласы

B) Апгар шкаласы

C) Перль индексы

D) Дене салмағының индексі

E) Витлингер шкаласы

{Дұрыс жауабы} = С 

$$$008

25 жастағы әйелде, жүктілік мерзімі 28 апта, II дәрежелі преэклампсия белгілері анықталды: АҚҚ= 160/100 мм.сн.б.б., пульс 86 рет минутына, аяқта және іш пен қол саусақтарында ісіну. ЖҚА: ЭТЖ = 20 мм/сағ, ЖЗА: ақуыз 1 г/л. Қандай гипотензивті дәрілік зат қауіпті болуы мүмкін?

А) Клофеллин

B) Диуретиктер

C) Магния сульфат

D) В - адреноблокаторлар

E) Кальций антогонистері

{Дұрыс жауабы} = В

$$$009

Босану үйіне 28 жастағы әйел адам келіп түсті. Жүктіліктің мерзімі 39 апта. Анамнезінде жүктілік бірінші – қазіргі. Сыртқы акушерлік тексеру кезінде: 1-  позиция, алдыңғы түр, ұзыннан орналасу, баспен келу. Объективті: АҚҚ 110/70 мм.сн.б.б., ЖСС 84 рет минутына, ісінулер жоқ. Жүктілікті жүргізудің жоспары қандай?

А) Кесарь тілігі арқылы

B) Рахманов төсегінде босану

C) Еркін жағдайда босану

D) Мини – кесарь тілігі

E) Акушерлік қысқыштарды қолдану

{Дұрыс жауабы} = С

$$$010

64 кг салмағы бар, 25 жастағы әйел босану кезінде 400 мл қан жоғалтты. Осы қан кету шекаралық болып табыла ма? Неге?

А) Жоқ, себебі, қан кетуге қалыптастыратын механизмдер қосылады . 

B) Жоқ, себебі, талшық аралық кеңістіктегі қан көлеміне сәйкес келеді.

C) Иә, себебі, компенсаторлы мүмкіндіктер шектеліп, геморрагиялық шок дамиды.

D) Иә, себебі, талшық аралық кеңістіктегі қан көлеміне сәйкес келеді.

E) Иә, себебі, осындай қан кетуді әйел ағзасы оңай көтеріледі.

{Дұрыс жауабы} = Е

$$$011

«Кувелер жатыры» немен сипатталады?

А) Жатыр құм сағатына ұқсайды

B) Жатырдың барлық қабырғалары қанға сіңеді

C) Жатыр гипотониясы

D) Жатыр атониясы

E) Инфантильді жатыр

{Дұрыс жауабы} = В

$$$012

Жүкті әйелдің жағдайы жедел нашарлады. Тері жабындылары бозғылт, көздің қарашығы кеңейген және жоғарғы қабаққа кетеді. Қабақтың, бет және мойын бұлшық еттерінің ұсақ тартылуынан кейін, басы артқа шалқайып, денесі ұзыннан түсті. Осы жағдайға сипаттама берініңіз?

А) Гестоз. Преэклампсия III дәрежелі. 

B) Гестоз. Преэклампсия II дәрежелі. 

C) Гестоз. Эклампсия. Діріл алды кезең. 

D) Гестоз. Эклампсия,тоникалық дірілдер кезеңі. 

E) Гестоз. Эклампсия, клоникалық дірілдер кезеңі. 

{Дұрыс жауабы} = D

$$$013

Пубертатты кезең деп аталады:

А) Жыныстық жетілудің кезеңі

B) Эмбриональді кезең

C) Балалық шақ кезеңі

D) Жыныстық жетілген кезеңі

E) Менопауза кезеңі

{Дұрыс жауабы} = А

 

05_10_қаз. Онкология (ЖДТ)

$$$001

Дәрігерге ішек қызметінің бұзылуына шағымданған науқасты тексеруді неден бастау қажет:

A) Тоқ ішекті рентгенологиялық зерттеуден

B) Колонофиброскопиядан

C) Ректороманоскопиядан

D) Тік ішекті саусақпен тексеруден

E) Ультрадыбысты зерттеуден

{Дұрыс жауап}= D

$$$002

М атты 8 жастағы ұл бала мойын лимфа түйіндерінің ұлғайғанын, әлсіздік, терлегіштік, кезеңді түрде терісінің қышуын, дене қызуының субфебрильді деңгейге дейін жоғарлайтынына шағымданады. Жанұялық дәрігер науқасты тексергенде қан анализіндегі өзгерістерді байқады: аздаған лейкоцитоз (9x109/л), лимфопения (10%), ЭТЖ жоғарлаған (40мм). Бұл өзгеріс қай ауруға тән:

A) Жедел лейкоз

B) Созылмалы лимфолейкоз

C) Созылмалы миелолейкоз

D) Лимфогранулематоз

E) Мойын лимфадениті

{Правильный ответ}= D

$$$003

Бала 5жаста. Лимфа түйіндерінің ұлғайғанына шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауыр деңгейде. Жақ асты лимфа түйіндері II өлшемге дейін, артқы – және алдыңғы мойын түйіндері IV өлшемге дейін ұлғайған, бір бірімен бірікпеген, тығыз консистенциялы, ауырмайды. Қан анализінде: лейкоциттер- 9,2x109 /л, лимфоциттер – 11%, ЭТЖ-42 мм/сағ. Қандай емдеу әдістері қолданады:

A) Хирургиялық терапия

B) Парафинді аппликация

C) Гормонды терапия

D) Антибиотикті терапия

E) Сәулелі және полихимия терапия

{Дұрыс жауап}= E

$$$004

42 жастағы әйел келді. Сүт безін қарағанда: сүт безі терісінде бір жерінде «лимон қабықшасы» белгісі байқалады. Сүт безінің бір секторында терінің тереңдетілген «умбиликация» түрінде, оның астында тығыз консистенциялы болып анықталады. Сіздің диагнозыңыз:

A) Функционалдық мастопатия

B) Мастит

C) Сүт безінің рак ауруы

D) Сүт безінің қатерсіз ісігі

E) Фиброзды-кистозды мастопатия

{Дұрыс жауап}= C

$$$005

Науқаста 10 жылдан соң сүт безі рак ауруын радикальді емдегеннен кейін оң өкпенің жоғарғы бөлігінде солитарлы метастаз анықталды. Осы жағдайдағы ең лайықты емі болып:

A) Химиотерапия

B) Сәулелі терапия

C) Хирургиялық ем

D) Гормонды терапия

E) Антибиотикті терапия

{Дұрыс жауап}= A

$$$006

Науқас К.,47 жаста. Шағымы- эпигастрий аймағындағы тұрақты ауырсынуға,тәбеттің төмендеуі,дене салмағының төмендеуі,периодты түрде жүрек айну мазалайды,сұйық дәрет. 6 ай ауырады. Анамнез бойынша – соңғы 10 жыл ішінде созылмалы холецисто –панкреатитпен ауырады. Өмір анамнезі бойынша-алкогольді ішімдік пен темекі шегумен әуестенеді. Клиникалық-іштің пальпациясында эпигастрий аймағында,оң жақ қабырға асты ауырсыну байқалады. Курвуазье симптомы оң мәнді. Тері кілігей сары түсті. Инструментальды зерттеуден ультрасонографияда ұйқы безі үлкейген. Лабораторлы зерттеуден холестериннің сілтілі фосфотаза,билирубин мөлшері көбейген. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз.

А) оң жақ бауыр бөлігінің карциномасы

В) Асқазанның пилораантральды бөлігінің стенозы бар карциномасы

С) токсикалық гепатит

D) ұйқы безі басының карциномасы

Е) гепатит В

{Дұрыс жауап}=D

 

01_09_қаз.Инфекция 1 нұсқа, қаз.

 

$$$001

26 жастағы ер адам қайталамалы құсу, әлсіздік, эпигастральды аймактағы ауыру сезіміне, 15 ретке дейін сұйық көп мөлшерде нәжіске шағымданып жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Эпиданамнезінде: кеше кешкісін гриль тауығын жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. АҚҚ – 85/60 мм сын.бағ. Пульсі минутына – 95 рет. Іші жұмсақ, кіндік аймағындағы ауыру сезімі байқалады. Қарынның тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі сұйық, сасық иісті, жасыл түсті.Таң ертеңнен бері кіші дәретке бармаған. Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?

A) Гормонотерапия

B) Антибиотиктер

C) Диуретиктер

D) Оральды регидратация

E) Тамыр ішілік регидратация

{Дұрыс жауап}= E

 

$$$002

48 жастағы әйел адам, балтыр бұлшық еттеріндегі қатты ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, бастың ауыруына, белдің ауыруына. Жедел ауырған. Анамнезінде: жаз бойы табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған.Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы – 39,9ºС. Денесі мен қолдарында аздаған петехиальді бөртпе байқалады. Барлық лимфа түйіндері ұлғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Зәрінің түсі – қанық-сары. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Бруцеллез

B) Иерсиниоз

C) Лептоспироз

D) Вирусты гепатит

E) Геморрагиялықваскулит

{Дұрысжауабы}= C

 

$$$003

47 жастағы ер адам, ауруының 4-ші күні қаралды. Шағымдары: дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауы, бастың ауыруы, ұйқысыздық. Анамнезінде: алыс жолға жүретін жүк тасымалдайтын көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Эйфориялы, қозған. Беті қызарған. Көз склерасының тамырлары инъекцияланған. Денесі мен аяқ-қолдарында көптеген розеолезді-петехиальді бөртпе байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ-140 с 1 мин. АҚҚ-120/80 мм.с.б. Тонометрді шешкенде манжетінің орнында теріде петехиялар көрінеді. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Грипп

B) Лептоспироз

C) Іш сүзегі

D) Кенелік бөртпе сүзегі

E) Эпидемиялық бөртпе сүзегі

{Дұрыс жауабы}= E

 

$$$004                       

32 жастағы ер адам, ауруханаға 10 - желтоқсанда, ауруының 4-ші күні түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, бастың ауыруы, жұтынған кездегі тамағының ауруы, іштің ауруы, 3 рет іші өткен. Жер үйде тұрады, үйінде кеміргіштер бар. Жағдайы ауыр. Денесінде көптеген дақты-папулезді бөртпе байқалады. Көз склералары аздап сарғайған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездері ұлғайған, жабындылар жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық, лимфа түйіндері үлкейген. Оң жақ илеоцекальды аймақта ауру сезімі анықталады. Іш пердесінің тітіркену симптомы күмәнді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен шығып тұр. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 361; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!