А) ВПС. Открытый баталов проток 16 страница



D) Антиретровирусты терапия тағайындау 

E) Қанды ИФА да АИВ-инфекциясына қайта тексеру

{Дұрыс жауабы}= Е

 

$$$010

Әйел адам 28 жаста, жұқпалы аурулар бөлімшесіне мынандай шағымдармен түсті: айқын әлсіздікке, тәбеттің жоқ болуына, үнемі жүрегінің айнуына. 10 күннен бері ауырады, 2 күн бұрын сарғаю пайда болған, әлсіздік күшейген, құсу болған, терінің айқын қышуы қосылған әсерінен ұықысы бұзылған. 2 ай бұрын босанған, қан кетуіне байланысты қан препараттары құйылған. Қараған кезде: әлсіз, айқын сарғыштық, теріде қасыну іздері байқалады. Бауыры 2,5 см ұлғайған. Үлкен дәреті түссіз. Зәрі қоңыр түсті. Қандай клиникалық көрініс осы аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді?

A) Айқын сарғаю

B) Айқын терінің қышуы

C) Гепатомегалия

D) Түссіз нәжіс

E) Бауырлық улану белгілері

{дұрыс жауап}=Е

 

$$$011

35 жастағы ер адам, басының қатты ауыруына, дене қызуының көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, тәбітінің жоғалуына шағымданады. Анамнезінде: бір апта бұрын ауырған, температурасы субфебрильді, әлсіздік, басының ауруының үдеуі мазалайды. Кеше кешке дене температурасы 39,0º-40,0ºС дейін көтерілген, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: адинамиялы, енжар. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында - бірең-сараң ашық қызыл түсті бөртпе элементтері анықталады. Бауыры 1,5 см ұлғайған. Жүрек тондары әлсіз, ЖСЖ – 78 соғ./мин. АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, қоңырқай-сұр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы жабындыдан таза. Іші кепкен. Қандай диагноз ең ықтимал болады?

A) Ку-қызбасы 

B) Іш сүзегі

С) Кенелік бөртпе сүзек

D) Эпидемиялық бөртпе сүзек

E) Солтүстік Азияның кенелік сүзегі

{Дұрыс жауап}= B

 

$$$012

Ер адам, 20 жаста, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, көп рет құсқан, айқын әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Ауруының 1-ші күні-ақ табанында, балтырында, санында көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Қарағанда: жағдайы ауыр. АҚҚ: 100/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейк. – 28х109/л., миелоцит – 7 %, т/я-16%, с/я-46%, мон.-8%, лимф.-23%, тромб. – 225х109, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Кезекші дәрігер науқасқа төмендегідей ем тағайындады, емді қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы бірден нашарлады; бет бозғыл болып, салқын тер пайда болып, АҚ -60/40 мм с.б. төмендеп, пульс сезімейді. Дәрігердің қандай тағайындаған емінен науқастың жағдайы нашарлады?

А) Диклофенак 2,0 бұлшық етке

B) Пенициллин 24 млн/тәулігіне бұлшық етке

С) Трисоль 1500 мл көк тамырға тамшылатып

D) Глюкоза 5%-500 мл көк тамырға тамшылатып

Е) Преднизолон 60 мг көк тамырға

{Дұрыс жауап}=В

 

ААААААААААААААААААААААААААААААААА                                            

01_09_Жұқпалы аурулар қаз

$$$001

Жұқпалы ауру анықталған жағдайда шұғыл хабарлама қандай мерзімде жіберілуі керек?

A) тезарада

B) 12 сағатта

C) 1 тәулікте

D) 2 тәулікте

E) 7 тәулікте

{Дұрыс жауабы}= В

 

01_09_Жұқпалы аурулар қаз

Инфекционные болезни_каз

$$$004

Науқас 24 жаста. Ауру жедел басталды. Дене температурасы 39ºС дейін жоғарылауы, жүрек айну, бастың қатты ауруы, әсіресе маңдай және самай тұстарының ауруы. Бұлшықеттер мен буындардың ауруы, құрғақ жөтел және көкірек клеткасының ауруына шағымданды. Объективті қарағанда, тері жамылғыларының бозарғаны, конъюктивит, склерит, жұтқыншақтың артқы қабырғаларының гиперемиясы байқалды, өкпеде визикулярлы тыныс. Жұмыста ЖРВИ аурулар бар. Болжам диагноз қандай?

A) Парагрипп.

B) Грипп.

C) Паратиф В.

D) РС-инфекция.

E) Аденовирустық инфекциясы.

{Дұрыс жауап}= В

 

$$$005

Науқас 48 жаста, лоқсу сезіміне, көп құсуға, жиі сұйық, көп мөлшерде көпіршік тәрізді, жасыл түсті үлкен дәретке, ішінің жайылған ауырсынуына шағымданып келді. Ауруын шикі жұмыртқа жеумен байланыстырады. Болжам диагноз қандай?

A) Сальмонеллез

B) Дизентерия

C) Холера

D) Иерсиниоз

E) Эшерихиоз

{Дұрыс жауап}= А

 

 

$$$007

Науқас 22 жаста, студент, емхана дәрігеріне мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданып келді. Аурудың басталуы туралы айта алмайды. Дене температурасы қалыпты. Қарағанда: жағдайы қанағаттаанарлық. Алдыңғы- және артқы мойын лимфа түйіндері 1,0см дейін, қолтықасты-1,5см дейін, шап-1,0см дейін ұлғайған, тығыз-эластикалы консистенциялы, ауырсынусыз. Қолында көптеген егу іздері бар. Ішкі мүшелер жағынан патология анықталмаған. Ішкі лимфа түйіндерінің ұлғаюы жоқ (іш қуысының УДЗ, кеуде қуысының рентгенографиясы). Қандай диагноз неғұрлым болжамды:

A) Жұқпалы мононуклеоз

B) АИВ-инфекция

C) Лимфогрануломатоз

D) Хламидиоз

E) Саркоидоз

{Дұрыс жауап}= B

 

$$$008

Науқас 17 жаста, дене температурасының 38,30С дейін жоғарылауына, тұмау, тамағының жыбырлауына, денесіндегі жайылған бөртпеге шағымданып түсті. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықты, фебрилді сандарға дейін дене қызуы жоғарылаған, аяқ-қолының, денесінің жғне бетінің терісініде макуло-папуло-везикулезді сипатты шашырандысы (венчик) бар гиперемия. Кеудесінде, аяқтарында қасыну іздері мен аздаған қоңыр түсті қабыршақтары бар. Қандай диагноз неғұрлым болжамды:

A) Скарлатина

B) қызамық

C) қызылша

D) желшешек

E) Менингококцемия

{Дұрыс жауап}= D

 

$$$009

Науқас 38 жаста. Жедел, дене температурасының 38,70С жоғарылауы, лоқсу, әлсіздік, 2 рет құсу, сұйық сулы нәжіс мазалаған. Үшінші күнге қарай нәжісі тәулігіне 15 дейін жиілеп, «ректалдық түкірік» тәріздес аз мөлшерлі болған. Қарағанда: науқас бозғылт, көзінің асты көгерген. АҚ 130/70мм сын.бағ. Пульс минутына 100 рет. Іші тартылған, тәж тәрізді түрде ауырсынулы сигма пальпацияланады. Нәжіс қарауында: аз мөлшерлі, шырыш, қан ұйындылары. Диагнозды негіздеу үшін науқасқа қандай зерттеу әдісін тағайындау қажет:

A) қанның жалпы анализі

B) Корпограмма

C) Нәжістің бак.себіндісі

D) Қанның бак.себіндісі

E) Зәрдің бак.себіндісі

{Дұрыс жауап}= C

 

$$$010

Науқас 40 жаста аурудың 5 күні дене температурасының 39,50С жоғарылауына, сирек бірақ, тұрақты құсуға, ішінің ауырсынуына, тәулігіне 15 рет сұйық нәжіске шағымданып қаралды. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, әлсіз, ауыз қуысының шырышты қабаты бозғылт, тілі қалың сұр жабындымен жабылған. Іші үрілген, ішектер бойымен шамалы ауырсынулы, шұрылдайды. Бауыры қабырға доғасынан 1,5-2 см шығыңқы. Нәжісі жағымсыз иісті, шырыш және көк (зелень) араласқан. Ауруын шикі жұмыртқа жеумен байланыстырады. Дәрігердің тактикасы қандай:

A) Көктамырішілік глюкоза-тұзды ерітініділерді еңгізу, ципрофлоксацин

B) Жаңа мұздатылған плазманы тағайындау, б/і преднизолон

C) Асқазанды зонд арқылы шаю, фуразолидон

D) Тазалаушы клизма тағайындау, ципрофлоксацин

E) Іш қуысы рентгенографиясын тағайындау

{дұрыс жауап}= A

 

$$$011

Науқас 39 жаста іштің төменгі бөлімінің ұстамалы ауруы, жалған дәретке бару, жүрегі айну, тәбеттің төмендеуі, тәулігіне 15 рет шырыш және қан аралас сұйық нәжіс, дене қызуы 39,6ᵒС АҚ-110/60 мм рт.сб. шағымдарымен түсті.Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған,әіші ішіне кірген, сигма тәрізді ішек спазмы бар. Осы науқаста қандай антибактериалдық препараттарды қолданған дұрыс.

A) Цефазолин

B) Пеницилин

C) Ципрофлоксацин

D) Эритромицин

E) Доксициклин

{Дұрыс жауап}= С

 

$$$012

22 жасар науқас жұқпалы ауруханаға түскенде бірінші тәулігінде қатты бас ауруы, екі еселік жүрек айну, температураның 40ºС көтерулуі. Сырқат суықтануға байланысты. Объективті қарау кезінде есін біледі, бірақ көзі жұмылған, сұрақтарға дұрыс бірақ қиындықпен жауап береді.Терінің сырты таза, түсі сұр, склералар инъекцирленген. Аңқада салыстырмалы гиперемиясы бар. Екі жақтың Кернинг симптомы және желке бұлшықетінің ригидтілік байқалады. Қандағы көрсеткіштер: лейкоциттер 18*109/л, П-12%, С-72%, Л-16%, ЭТЖ-42 мм\ч. Алғашқыда қандай емді тағайындау қажет?

A) Пенициллин,преднизолон,маннит

B) Диклофенак,супрастин,ципрофлоксоцин

C) Бисептол,фуросемид,лоперамид

D) Пенициллин,гентамицин,димедрол

E) Цефазолин,левомицитин,манитол

{Дұрыс жауап}= А


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 252; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!