А) ВПС. Открытый баталов проток 15 страница



A) Иерсиниоз

B) Лептоспироз

C) Сальмонеллез

D) Вирусты гепатит

E) Инфекциялық мононуклеоз

{Дұрысжауабы}= A

 

$$$005

19 жастағы студент 3-ші қаңтарда ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Шағымдары: дене қызуының 40,0ºС-қа дейін жоғарылауы, басының қатты ауыруы, жеңілдік әкелмейтін құсу. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Есі анық, көзін жұмып жатыр. Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған гиперемиясы мен түйіршектенуі анықталады. Тері жабындылары ыстық. Пальпация кезінде ауру сезіміне байланысты ыңырсиды. Аяқтарында аздаған петехиальды бөртпе көрінеді. Қанның жалпы анализінде: лейк.-25×109/л, таяқша ядролы нейтр.-11%, сегмент ядролы нейтр.-72%, лимф.-5%, мон.-5%.

Қай диагноз еңықтималболыптабылады?

A) Грипп

B) Эпидемиялықбөртпесүзегі

C) Геморрагиялыққызба

D) Менингококкты инфекция

Е) Инфекциялық мононуклеоз

{Дұрысжауабы}= D

 

$$$006

Үндістаннан келген медицина университетінің студентінде дене қызуының жоғары сандарға дейін ұстама тәрізді жоғарылауы, қалтыраулар, айқын тершеңдік болған, көз склераларының сарғыштығы байқалған, бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Қан жағындысында микроскопиялық әдіспен Pl. Vivax қарапайымдылары анықталған. 3 күн бойы делагил қабылдаған.

Ауру рецидивтерін алдын алу үшін қандай дәрі қолдану керек?

A) Хинин

B) Примахин

C) Мефлохин

D) Доксициклин

E) Делагил

{Дұрысжауабы}=B

 

$$$007

45 жастағы ер адам қарқынды терапия бөліміне айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, кофе түстес құсуға, ұйқының нашарлауына, қорқынышты түстер көруіне шағымданып түсті. Екі апта бойы ауырады: алғашқы күндері жүрек айнуы, құсу, тәбетінің жоғалуы, буындарының ауыруы байқалған. 2 ай бұрын жарақат себебімен операция жасалынған және қан құйылған. Жағдайы ауыр, ауызынан бауырлық иіс сезіледі, тері мен шырышты қабаттарының сарғыштығы өте айқын. Ұйқышылдық, адинамия байқалады. Бауыр пальпациялағанда сезілмейді. Перкуссиялағанда бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады. Зәр шығару төмендеген, зәрі қоңыр түсті. Науқаста қандай асқынудың дамуы ең ықтимал ?

А) Бүйректің жедел жетіспеушілігі    

В) Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі

C) Бауырдың жедел энцефалопатиясы

D) Латентті бауыр энцефалопатиясы

E) Тамыр ішілік шашыранды ұю синдромы

{Дұрыс жауабы}= С

 

$$$008

Ер адам, 26 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісі мен көз склераларының сарғаюына шағымданып түскен. Бір аптадан бері ауырады, тәбеті жоғалып, жүрегі айныған, құсқан. Кеше терісі мен көз склераларының сарғайғанын байқаған. Жағдайы аздап жақсарған. 4 жастағы баласы баратын бала бақшада сарғаю синдромымен ауырған балалар болған. Жалпы жағдайы орташа аурлықта. Тері жабындысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырының төменгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз. Нәжісі түссіз. Зәрі қоңыр түсті. АЛТ-440 Ед/л, АСТ 240 Ед/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 48.0 ммоль/л.

Қай лабораторлы көрсеткіш алғашқы диагноздың дұрыстығын дәлелдейді?

A) HBsAg                                                                                        

B) HBeAg

C) Anti - HAV IgM

D) Anti -HAV IgG

E) Anti - HDV IgM

{Дұрыс жауабы}= C

$$$009

ҚР ДСМ-ң №92 бұйрығы бойынша (12 ақпан 2012 жылығы) вирусқа қарсы терапия үрдістің белсенділігіне және вирусты жүктемесіне байланыссыз қай аурумен ауырған науқастарға міндетті түрде тағайындалады:

A) Этиологиясы вирусты цирроз

B) Созылмалы вирусты гепатит В

C) Созылмалы вирусты гепатит С

D) Созылмалы вирусты  гепатит В+С

E) Созылмалы вирусты гепатит В+Д

{Дұрысжауабы}= C

 

$$$010

65- жастағы әйел адам стационарға түсті. 2 күн бойы дене қызуы 39,50С дейін көтерілген, басы аурған, әлсіздік, сол жақ балтырындағы қызару, ісіну, ауру сезімі мазалаған. Анамнезінде қант диабеті. Жағдайы интоксикация салдарынан ауыр, дене қызуы 40,00С, пульсі 130 рет бір мин., АҚҚ 80/50 мм. сб., кешегі кештен бері кіші дәреті болмаған, сол жақ балтырында айқын шекарасы бар «оттың жалындары тәрізді» терісінің айқын гиперемияланған эритемасы, тері астылық шел қабатының ісінуі байқалады, ауыратын перефериялық валигі анықталады, ұстағанда ыстық

Науқасқа бірінші кезекте не тағайындау керек?

A) Пенициллин

B) Преднизолон

C) Супрастин

D) Парацетамол

E) Диклофенак

{Дұрыс жауап}=B

 

$$$011

36 жастағы әйел Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны стационарға жатқызылды. 8 күн бойы жоғары қызба, басының ауруы, әлсіздік, ұйықысыздық байқалған..Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас тежелген, сұрақтарға бір бағытта жауап береді, сөйлегісі келмейді. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде біркелкі элементік розеолезді бөртпе.Тілі құрғақтау, бетін коңырқай-сұр жабынды жапқан, шеттерінде тісттердің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында азадаған ауру сезімі анықталады, перкуторлық дыбысы осы жерде тұйықталған, бауыры +1,0 см, эластикалы. Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді?

A) Левомицетин

B) Пенициллин

C) Ципрофлоксацин

D) Рифампицин

E) Доксициклин

{Дұрыс жауап}=A

 

$$$012

42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түйені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы айқын интоксикация белгілері салдарынан ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі – минутына 140 рет, АҚҚ-80/50 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақта инфильтраттар анықталады. Гемограммада: лейкоциттері – 24х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған. Қандай емдік шараны бірінші кезекте көрсетеді?

A) Оксигенотерапия

B) Гормондарды көктамырға еңгізу

C) Антибиотиктерді көктамырға еңгізу

D) Антибиотиктерді бұлшық етке еңгізу

E) Көк тамырға тұзды ерітіндерді еңгізу

{Дұрыс жауап} = E

 

01_09_қаз.Инфекция 2 нұсқа, қаз.

 

01_09_қаз.

$$$001

45 жастағы ер адам аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне оң қолының ортаңғы саусағында жараның пайда болуына шағымданып келген. Кәуап пісіруші болып жұмыс істейді. 5 күн бұрын дене қызуы жоғарлаған. Ауырғанына 4 күн болғанда саусағындағы жараны байқап қалады, бір апта бұрын ет өңдегенде қолын кесіп алғанын есіне түсірді. Жарасы ауырмайды, бірақ қолы шынтағына дейін ісінген. Жағдайы орташа дәрежелі. Оң қолының ортаңғы саусағында бөліндісі бар жара байқалады, айналасында гиперемия сақинасы мен ісіну бар. Оң жақтық қолтық лимфадениті. Лейкоциттер – 20х109/л, т\я -4%, с\я– 88%, лимф. – 6%, мон. -2%. Қандай диагноз ең ықтимал болады?

A) Тілме, буллезді түрі

B) Листериоз, терілік түрі

C) Пастереллез, терілік түрі

D) Клебсиеллез, терілік түрі

E) Түйнеме, терілік түрі

{Дұрыс жауап} = E

 

$$$002

16 жастағы бозбала дене қызуының 39-40С дейін көтерілуіне, қалтырауға, денесінің сырқырауына, басының қатты ауруына, сол жақ шап аймағындағы айқын ауру сезіміне шағымданады. Жайлаудағы мал шаруашылығында шопан болып жұмыс істейді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Жағдайы айқын улану белгілерінің салдарынан ауыр. Аяғында жәндектердің шаққан іздері мен қасыған орындары көрінеді. Сол жақ шап аймағындағы лимфа түйіндері 4х3 см дейін ұлғайған, тығыз, қатты ауырады, периаденит анықталып, үстіндегі терісі қызарған. Лейк. – 20х109/л, т\я -4%, с\я – 88%, лимф. – 6%, мон. -2%.

Қандай емдік шараны бірінші ретте көрсету керек?

A) Гормондарды көк тамырға еңгізу

B) Антибиотиктерді көк тамырға еңгізу

C) Бұлшық етке анальгетиктерді еңгізу

D) Көк тамырға тұзды ерітінділерді еңгізу

E) Лимфа түйінін хирургиялық өндеу, іріңін шығару

{Дұрыс жауап} = B

 

$$$003

29 жастағы ер адам бастың қатты ауруына, қайталамалы құсуға шағымданып ауруханаға түсті. 7 күн бұрын ауырған, құлақ маңы сілекей бездерінің ісінуі пайда болған. Жанұялық дәрігер төсектік тәртіп, патогенетикалық ем тағайындап кетеді. Барлық күндері жоғары қызба мазалаған. Кеше қатты басы ауырып, жеңілдік әкелмейтін құсу пайда болды. 6 ай бұрын басының жарақаттануы болған. Жағдайы ауыр дәрежеде, дене қызуы 39ºС. Пальпация кезінде сілекей бездері аздап ұлғайған, бірақ ауырмайды. Лейкоциттер саны - 5.4 х 109/л, ЭТЖ 4 мм/сағ. Қандай зерттеуді бірінші ретті жүргізу қажет?

A) Неврологиялық бөлімшіге жодама беру

B) бас миының КТ жолдама беру

C) басмиының МРТ жолдама беру

D) менингеалді нышандарды тексеру

E) жұлын пункциясын жасау

Дұрыс жауап} = D

 

$$$004

22 жастағы жүкті әйел жүктілікті үзу туралы сұрақты шешу үшін кеңеске мынандай зерттеу нәтижелерімен жіберілді: лейк. – 4,8 х109/л, т\я– 1%, с\я – 58%, лимф. – 26%, мон. -2%, ЭТЖ - 30 мм/ч. Кіші жамбас органдарының УДЗ – 9-10 апталық жатырлық жүктілік, ИФА қызамық вирусының Ag қарсы IgG классы Ab «оң» анықталды. Шағымы жоқ. Анамнезінде балалық шағында бөртпемен өтетің жұқпалы аурумен ауырған. t- 36,40С, ауыз – жұтқыншақта шырышты қабаты қалыпты, энантема жоқ. Тері қабаты таза, бөртпелері жоқ. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Жатыр қозбаған. Жыныс жолдарынан бөліністер жоқ.

Сіздің жүкті әйелге беретін нұсқауыңыз?

A) Емдемей жүктілікті үзуге нусқау беру

B) Бірінші емдеп, сосың жүктілікті үзу

C) Бірінші жүктілікті үзіп, сосың емдеу

D) Дене қызуы көтерілген кезде жүктілікті үзу

E) Жүктілікті сақтауға нұсқау беру

 Дұрыс жауап} = Е

 

$$$005

40- жастағы әйел ес түссіз жағдайда стационарға түсті. Жақындарының айтуы бойынша, 3 күннен бері ауырады: әлсіздік, дене қызуының көтерлуі, бас ауру, аяқтағы әлсіздік мазалаған. Бүгін есі тежелген. Қарап тексергенде: есі сопор, шүйде бұлшық еттінің ригидтілігі +4 см, Керниг симптомы екі жақтан оң, ернінде инфильтрацияланған негізде топтасқан іріңді везикулалар байқалады. Жұлыннан алынған сұйықтықта цитоз 140 жасуша мл3, лимфоциттер 80%, нейтрофилдер 20%. Ауырғанынан бірнеше күн бұрын күйзеліс жағдайы болған.

Қандай этиотропты дәріні тағайындаған дұрыс?

A) Ремантадин

B) Ганцикловир

C) Ацикловир

D) Циклоферон

E) Рибавирин

{дұрыс жауап}=C

 

$$$006

Әйел адам 30 жаста мал дәрігері, басының үнемі ауыруына, мойын омыртқаларының, оң жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, тершеңдікке, қызбаға шағымданады. Бірақ дене қызуы 37,5оС аспайтынын байқады. Ұзақ уақыт неврологта «Остеохондроз» диагнозымен емделген, бірақ емінің нәтижесі болмаған. Кеше беттің асимметриясы пайда болған. Жылағыш. Менингеалді белгілері «+-», сол жақ тізе буыны ісінген, қозғалысы шектелген. Гемограммада: лейкоциттер - 4,8 х 10 9/л, эоэ. – 1%, с/я – 52%, лимф – 40%, моноц. – 7%, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Райт реакциясы 1:100. Қандай зерттеуді бірінші ретті жүргізу қажет?

А) Мойын омыртқаларының рентгенографиясы

B) Мойыномыртқаларының компьютерлік томографиясы

С) Жұлын пункциясы, ликворды зерттеу

D) Бас тың компьютерлік томографиясы

Е) Ьастың магниттік-резонансты томографиясы

{Дұрыс жауап}=С

 

$$$007

Ер адам 25 жаста, стационарға ауруының 3 күні түскен. Жедел ауырған: дене қызуы 39о C дейін көтеріліп, бастың самай аймағының ауруы және көз алмасының, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі, дененің қақсауы, сүйектегі және буындағы ауру сезімі мазалайды. Қараған кезде: беттің ісінуі және қызаруы, склераның қан тамырларының инъекциясы, құрғақ жөтел, ентігу байқалады. Өкпенің төменгі бөлігінде әлсіз тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ-92\мин., ТЖ-30 мин., АҚҚ-100/60 мм.с.б. Гемограммада: лейкоциттер- 3,5х 109, HB -120 г/л, эритр-3,38, тром-225, т/я-6%,с/я-56%, мон-8%, лимф-30%, ЭТЖ-15 мм/с. Науқаста қандай асқыну дамыған?

A) Өкпенің ісінуі

B) Жедел бронхит

C) Вирусты пневмония

D) Бактериалды пневмония 

E) Вирусты - бактериалды пневмония

{дұрыс жауап}=С

 

$$$008

Ер кісі, 44 жаста терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, заттардың екеу болып көрінуіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. Кеше қонақта майонез қосылған салат, етті тағамдар, маринадталған саңырауқұлақ жеген, спиртті ішімдіктер ішкен. Түскен кезде есі анық, екі қабақтың птозы, мидриаз, қылилық анықталады. Дауысы мыңғырлаған. Дене температурасы 37,0С. Жүрек тондары  бәсеңдеген. Пульсі-118 соқ/мин, АҚҚ 100/70 мм с.б., Өкпесінде: төменгі аймақта тынысы әлсіреген. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді. Қандай шараны бірінші кезекте орындау керек?

А) Асқазанды жуу

В) Асқазанды зондпен жуу

С) Тазарту клизма жасау

D) Жоғарытазарту клизма жасау

E) Ботулизмге қарсы сары суенгізу

{ Дұрыс жауап }= В

 

$$$009

Ер адам 35 жаста участкелік дәрігерге мынандай шағымдармен келді: дене қызуының 37,0-37,8°С дейін көтерілуіне, әсіресе кешкі уақыттарда, терлегіштік, әлсіздік, қақырықпен жөтел, соңғы бірнеше ай бойы күшейуіне. Бір жыл бұрын бас бостандығынан айырылу жерінен оралған. Құрылыста әр түрлі жұмыс істейді. Рентгенологиялық зерттеу кезінде өкпенің сол жақ бөлігінде ыдырай бастаған ошақты инфильтраттар анықталды. Қанды АИВ-ке қарсы антиденелерге зерттеу кезінде оң нәтиже анықталған. Осы науқасқа қатысты қай шара бірінші кезекте орындалуы тиіс?

A) Фтизиатр кеңесін алу

B) ЖИТС-мен күресу орталығына жіберу

C) Иммунды статусын анықтау                                                     


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 159; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!