А) ВПС. Открытый баталов проток 8 страница



А) иә, өйткені қарыншалық тахикардия пароксизмі дамуы қаупі бар

В) иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталған

С) жоқ, өйткені науқаста аритмия субъективті жақсы өтеді

D) жоқ, өйткені ырғақтың жасанды жүргізушісін орнату қажет

Е) иә, өйткені Адамс-Моганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін

{Дұрыс жауап}= С

$$$025

2 типті қант диабетімен жапа шегетін 40 жастағы А. атты науқас әйелде 2 дәрежелі артериалды гипертензия байқалады. Қандағы глюкоза деңгейі 8 ммоль/л шамасында. Аталған жағдайда гипотензивті препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?

A) АПФ ингибиторлары

B) кальций каналдарының блокаторлары

C) β-адреноблокаторлар

D) АТ ІІ рецепторларының антагонистері

E) диуретиктер

{Дұрыс жауап}= A

05_02_қаз. Ішкі аурулар – стационар (ЖДТ)

$$$001

Нозомикальды деп осы кезде пайда болған пневмонияны айтады:

A) Бұрын емделмеген адамда

B) Пациентті госпитализациялағаннан кейін 48 бұрын

C) Жүкті әйелде жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін

D) Пациентті госпитализациялағаннан кейін 48 сағат кешірек

E) Үй жағдайында басқа аурудан емделген науқаста

{Дұрыс жауап}=Д

$$$002

А. атты науқас, 58 жаста, 10-15 жыл бойына ІІ дәрежелі артериалды гипертензиямен жапа шегеді. Бір жыл бұрын алдыңғы қалқа аймағының ірі ошақты миокард инфарктын өткізді. Аталған науқастың еңбек диагнозы қандай?

A) Еңбекке жарамды, режим сақтау

B) ІІ топ мүгедегі

C) Дене жүктемесімен байланысты емес жұмысқа ауыстыру

D) Түнгі ауысым жұмысына ауыстыру

E) І топ мүгедегі

{Дұрыс жауап}=В

$$$003

ІІ дәрежелі артериалды гипертензиямен науқастарға келесі еңбек түрі көрсетілген:

A) Айтарлықтай дене жүктемесімен жұмыс

B) Айтарлықтай жүйке-психикалық шиеленіспен жұмыс

C) Түнгі ауысым

D) Шуыл, вибрация

E) Шамалы дене жүктемесімен жұмыс

{Дұрыс жауап}=Е

$$$004

55 жастағы науқас әйел, ІІ дәрежелі артериалды гипертензиямен жапа шегеді. 12 жыл бойына АҚ 165/100 мм сын. бағ. дейін көтеріледі. Аталған науқас әйелге қолдаушы терапияның қандай схемасын қолдануға болады?

A) Нифедипинмен қысқа әсерлі монотерапияны

B)  b-блокаторлар+диуретиктер

C)  АПФ ингибиторлары+диуретиктер

D)  АПФ ингибиторлары+кальций антагонистері+ жүрек гликозидтері

E)  Адельфанмен монотерапия

{Дұрыс жауап}=В

$$$005

Шылым шегуші бронхитінің жиі асқынуларымен 50 жастағы науқаста бүгін түнде өмірінде бірінші рет төс артында күйдіру ұстамасы және ұстаманың тыныс алумен байланысты емес 2-3 сағатқа созылған мойынға таралымы, күрт әлсіздік және тершеңдік пайда болды. Қандай ауруды алып тастау керек?

A) Мойын остеохондрозы

B) Спонтандық пневмоторокс

C) Өкпелік жүрек

D) Миокард инфаркты

E) Өкпе инфаркты

{Дұрыс жауап}=Д

$$$006

Бірінші рет пайда болған стенокардия кезіндегі дәрігер тактикасы:

A) Үйге белсенді қатынаумен амбулаторлық жағдайда емдеу және бақылау

B) Науқас емханаға 2-4 сайын қатынай отырып амбулаторлық жағдайда емдеу және бақылау 

C) Жоспарлы госпитализация (амбулаторлық жағдайды алдын ала емделумен)

D) Шұғыл госпитализация

E) Емхананың күндізгі стационар жағдайында емдеу

{Дұрыс жауап}=Д

$$$007

62 жастағы науқас әйелді соңғы 2 жылда жүрген кезде пайда болатын, баспалдақтан түскен кезде күшейетін тізе буындарындағы, көбіне оң жағында ауырсынулар мазалайды. Қарап тексерген кезде выпот есебінен оң жақ тізе буыны көлемі біршама ұлғайған. Тізе буындарының R-графиясында, екі жағынан да бірдей айқындалған остеофитоз анықталды. Нозологиялық диагноз қойыңыз:

A) Екіншілік синовитпен остеоартроз

B)  Псориаздық артрит

C)  Подагра

D) Рейтер ауруы

E)  Бехтерев ауруы

{Дұрыс жауап}=А

$$$008

50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісінулеріне шағымданып келді. Ауру дамуына дейін 2 жыл бұрын 5 жыл бойына оң жақ жіліншік аймағында терең жара болған. АҚ жоғарыламаған. Қан талдауында: гемоглобин 45 г/л, несеп талдауында – үлес салмағы 1015, ақуыз 10 г/л, шөгіндісінде көптеген гиалинді және түйірлі цилиндрлер. Несепнәр, креатинин қалыпты мөлшерде. Зимницкий бойынша сынама өзгермеген. Болжамды диагноз:  

А) Екіншілік бүйрек амилоидозы

В) Созылмалы гломерулонефрит

С) Созылмалы пиелонефрит

D) Жедел пиелонефрит

E) Біріншілік бүйрек амилоидозы

{Дұрыс жауап}=А

$$$009

48 жастағы науқасты анықталған АГ бойынша қарап тексерген кезде, несеп талдауында ақуыз 1,2 г/л, эритроциттер 10-15 көру аймағында, үлестік мөлшер 1012. Бүйрек УДЗ-да патология анықталмаған, несепнәр және креатинин – қалыпты. Анамнезінде – ерекшеліктерсіз. Болжамды диагноз:  

А) Созылмалы гломерулонефрит

В) Гипертониялық ауру

С) Созылмалы пиелонефрит

D) Подагралық нефропатия

Е) Екіншілік бүйрек амилоидозы

{Дұрыс жауап}=А

$$$010

Науқаста тамақ ішкеннен соң жарты сағаттан кейін, дене жүктемесі және денесі еңкейгенде пайда болатын және күшейетін жүрек аймағына таралымымен семсер тәрізді өсіндінің басында күйдіретін ауырсынулар. Алмагелмен толықтай басылмайды. Сондай-ақ ауамен кекірікату, тұншығу ұстамасы, жөтел байқалады. Барий жүзгінімен рентгенологиялық тексеру кезінде – контрасты массаның асқазаннан өңешке рефлюксі. Аталғандардың барлығы күмәндәндырады: 

А) Рефлюкс-эзофагит

В) Өңеш обыры                                     

С) Кардия ахалазиясы

D) Бронх демікпесі

Е) Созылмалы гастрит

{Дұрыс жауап}=С

$$$011

44 жастағы науқас, анамнезінде бір апта бойына ішімдік пайдаланған. Соңғы қабылдаудан кейін 12 сағаттан соң – жүрегі айну, қайта-қайта, жеңілдік бермеген құсу, эпигастрийдегі дискомфорт, күрт әлсіздік. Қарап тексерген кезде – жағдайы ауыр, аузынан ішімдік иісі, есеңгіреген, өңі қуқыл тартқан. АҚ 60/20 мм сын. бағ., ЖҚЖ минутына 60. Іш пальпациясы ауырсынулы, бұлшық еттік қорғаныс жоқ, іш перде тітіркену синдромы теріс. Дәреті бір рет, оформленный. Болжамды диагнозы:    

А) Панкреонекроз

В) Экзотоксикалық шок

С) миокард инфарктының абдоминальды формасы

D) Тағамдық токсикоинфекция

Е) Алкоголь суррогаттарымен улану

{Дұрыс жауап}=А

$$$012

44 жастағы науқас оң жақ қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуларға, қайта-қайта құсуларға шағымдарымен клиникаға түсті. Науқас 3 күн бойы ішімдік пайдаланған. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозғылт, құрғақ, дене температурасы 38,6 0 С. Тамыр соғысы минутына 110. АҚ 80/40 мм сын. бағ. Тынысы везикулярлы, төменгі бөліктерінде екі жағынан біршама босаңсыған. Тілі өңезделген, құрғақ. Іші қампайған, жұмсақ, эпигастрииде ауырсынулы. Оң Кер, Керте, Воскресенский симптомдары. Науқаста қандай ауру болуы ықтимал?

A) Жедел холецистит

B)  Жедел панкреатит

C)  Жедел гастрит

D) Асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы

E)  Бауыр циррозы

{Дқрыс жауап}=В

$$$013

32 жастағы әйел адам жүрек қағуына, әлсіздік, күйгелектік, тершеңдік, арықтау шағымдарымен жалпы тәжірибе дәрігеріне келді. 1 жылдан аса ауыру. Объективті: әбігер, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, Ромберг кейпінде қалыпты емес. Жүрегі: тахикардия, тамыр соғысы 1 минутта 110, АҚ 150/30, 160/40 мм сын. бағ. Дәреті – іш өтуге бейім. Науқасқа төменде көрсетілген диагноздардан болжамдысын қойыңыз:

A) Нейроциркуляторлы дистония 

B) Гипертиреоз

C) Гипотиреоз

D) Феохромацитома

E) Біріншілік альдостеронизм

{Дұрыс жауап}= В

05_03_қаз. Балалар аурулары (ЖДТ)

$$$001

Гемолитикалық анемиялар осы анемияларға жатады:

A) Гипорегенераторлы

B) Гиперрегенаторлы

C) Регенераторлы

D) Макроцитарлы

E) микроцитарлы

{Дұрыс жауап}=B

$$$002

Қандай қоздырғыш интранатальды індет жұқтыру кезінде балаларда туа біткен пневмония пайда болуының себебі болып табылады?

A) Цитомегаловирус

B) В тобының стрептококкы

C) Грамтеріс бактериялар

D) Стафилококк

E) Микоплазма

{Дұрыс жауап}=B

$$$003

І-ші жүктіліктен, І-ші ұзаққа созылған босанудан жаңа туған нәресте, өмірінің алғашқы минуттарында енжар, спонтандық қозғалыс белсенділігі, қарап тексеруге және тітіркендіргіштерге реакциясы әлсіз, рефлекстері тұнжыраңқы. Айқайы қысқа, аз эмоциалы. Тері жабындылары көгеріңкі, тахикардия, тондары бәсеңдеген, қысқа мерзімді апноэ. Жаңа туған нәрестенің жағдайын Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

A) 9

B) 8

C) 7

D) 6

E) 5

{Дұрыс жауап}=E

$$$004

Балалардағы гломерулонефриттің дәл диагностикасы үшін келесі тексеру қажет:

A) Бүйрек биопсиясы

B) Урография

C) Цистография

D) Цистоскопия

E) Компьютерлік томография

{Дұрыс жауап}=А

$$$005

Ұзақ әсер ететін инсулин препараттарына жатқызады:

A) Хумалог

B) Хумулин

C) Протофан

D) Лантус

E) Актрагит

{Дұрыс жауап}=D

$$$006

Балалардағы Крон ауруы кезінде жиі осы ішек зақымдалады: 

A) Ащы

B) Тоқ

C) Мықын тұсы

D) Тоқ ішектің дистальды бөліктері

E) Тоқ ішектің илеоцекальды бөлігі

{Дұрыс жауап}=E

$$$007

Қан айналымның кіші шеңберінің молаюы қандай туа біткен жүрек ақауына тән?

A) ДМЖП

B) Өкпе артериясының стенозы

C) Қолқа сағасының стенозы

D) Декстракардия

E) Қолқа коарктациясы

{Дұрыс жауап}=A

$$$008

Балаларда жүрек жеткіліксіздігімен асқынған қандай жүрек патологиясы кезінде, жүрек гликозидтарымен тез қанықтыру әдісі қолданылады?

A) Митральды саңылау стенозы

B) ДМЖП

C) Эндокардит

D) Миокардит

E) Перикардит

{Дұрыс жауап}=D

$$$009

Бала 4 жаста. Көруінің төмендеуіне шағымданады, «көздерінде құм» сезімі, тізе және сирақ-аяқ буындарында қимылсыздық, кешке қарай қимылы толық қалпына келеді, субфебрилитет. Объективті: интоксикация, оң жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, сипағанда күйіп тұр, көбірек бүгі мүмкін емес. Басқа органдар өзгеріссіз. Көзін қарап тексергенде: көз алмасының тамырлық суретінің ұлғаюы, синехия есебінен қарашықтарының формасының өзгеруі. Науқаста қандай диагноз болуы ықтимал? 

A) Реактивті артрит

B) Ювенильді созылмалы артрит

C) Ревматоидты артрит

D) Облитерацияланған артрит

E) ЖҚЖ

{Дұрыс жауап}=B

$$$010

12 жастағы бала, тез шаршағыштық, диспепсиялық бұзылыстар, парестезия, көз қарлығу шағымдарымен клиникаға түсті. Объективті: оң Хвостек, Труссо, Люст симптомдары. Қанында гипокальциемия. Науқаста қандай ауруды болжауға болады?

A) Спазмофилия

B) Эпилепсия

C) Гиперинсулинизм

D) Гиперпаратиреоз

E) Гипопаратиреоз

{Дұрыс жауап}=E

$$$011

6 жастағы бала, клиникаға ауыр жағдайда түсті, енжар, дәрменсіз, тері жабындылары боз-сарғыш, мұнаралы бас-сүйек, биік готикалық таңдай. Бауыры қабырға доғасының шегінде, ауырсынусыз, көкбауыр қабырға астынан 5 см шығып тұр, тығыз консистенциялы. 3 жасынан бастап гематологта есепте тіркеуде. Кесімді диагнозды қоюға қандай жоғары сезімтал және спецификалық тест көмектеседі?

A) Эритроциттердің осмотикалық резистенттілігі

B) Ағысты цитометрия

C) Билирубинді анықтау

D) Ретикулоциттер саны

E) Қан сарсуы мен несептегі еркін гемоглобин мөлшері

{Дұрыс жауап}=B

$$$012

Систолалық шығарылудың көлемін мен эластикалық және бұлшық ет типтес тамырлар тонусының жағдайын осы әдіс көмегімен жасайды: 

A) Эхокардиография

B) Ангиография

C) Векторокардиография

D) Механокардиография

E) Фонокардиография

{Дұрыс жауап}=D

$$$013

Қандай ауру қоюланудың плазмалық факторларының ақауымен шарттасқан?

A) Верльгоф ауруы

B) Гемофилия

C) Лейкоз

D) Шенлейн-Генох ауруы

E) Гемолитикалық анемия

{Дұрыс жауап}=В

 

05_04_қаз. Хирургиялық аурулар (ЖДТ)

$$$001

Іріңді фурункулдың тікелей емі қарастырады:

А) Крест тәрізді тілік

В) Линиялық тілік

С) Доға тәрізді тілік

Д) Іріңдеген жерді сылып тастау

Е) Біріншілік хирургиялық өңдеу

(Дұрыс жауап)= В

$$$002

Сепсистің өзгермейтін белгілеріне жатады:

А) Жоғары температура, қалтырау, біріншілік ошақтың болуы

В) терінің, көздің ағының сарғаюы, ентігу

С) Терінің бозғылттығы, артериалды қысымның жоғарылауы

Д) Акроцианоз, артериалды қысымның төмендеуі

Е) Метастаза болуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы

(Дұрыс жауап)= А

$$$003

Жедел аппендициттің негізгі асқынуы болып табылады:

А) Қан кету

В) Динамикалық ішектің тарылуы                                                                                       

С) Перитонит

Д) Мезоденит

Е) Лимфаденит

(Дұрыс жауап)= С

$$$004

Жедел панкреатит диагнозын растайды:

А) Жалпы қан талдауы

В) Копрологиялық зерттеу                                                                                                   

С) Несеп шөгіндісі

Д) Несеп диастазасы

Е) Коагулограмма

(Дұрыс жауап)= Д

$$$005

Ішектің тарылу белгілері болып табылады:

А) Жоғары температура

В) Дәрет пен газдардың кідірісі                                                                                            

С) Артериалды қысымның төмендеуі

Д) Диарея

Е) Брадикардия

(Дұрыс жауап)= В

$$$006

Жедел ішектің тарылуы диагностикасының ең ақпараттандырушы әдісі болып табылады:

А) Фиброгастродуоденоскопия                      

В) Ультрадыбысты зерттеу                                                                                                  

С) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

Д) Жасырын қанға боқты тексеру

Е) Лапароцентез

(Дұрыс жауап)= С

 

05_05_қаз. Психиатрия және наркология (ЖДТ)

$$$ 001

Ауыр ағымды эндогенді депрессияларды және шизофрения кезіндегі (әсіресе – фебрильді шизофрения кезінде) аффективті-сандырақ ұстамаларын емдеуде, эпилептиформалы талма есебінен емдік әсерге жететін биологиялық терапияның қандай түрі ұзақ уақыт бойы қолданылды?

A) Пиротерапия

B) Ұйқы депривациясы (айыру)

C) Лоботомия

D) Электр тоғымен ұйықтату

E) Электро дірілді терапия

{Дұрыс жауап}=E

$$$002

Науқас К., 52 жаста. Қарап тексерген кездегі психикалық статусы: өз жасынан кіші көрінеді. Көңіл-күйі көтеріңкі, кең-пейілді-көңілді. Мимикасы тірі, тез өзгереді. Бет әлпеті көңілді. Көздеріне күлкі үйіріліп тұр. Әңгіме тақырыбынан тез ауытқиды. Бір сөзін аяқтамай жатып екіншісіне көшеді. Басқа адамдардың әңгімесіне килігеді, ескерту жасайды. Дауысы қырылдаған, әсершіл, қатты. Тақпақ айтып, өлең айтып, билеп беруге ынталана келіседі. Өзін «өмірдің артисті» деп есептейді. Өзін жас, талантты, күш-жігер мен энергияға толы деп деп сендіреді. Медбикелерге өзіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Өзіне ескерту жасаса ашуланады. Айналасындағылармен жиі қақтығысып қалады, алайда ашуы тез арада көңілді күйге алмасады. Өзінің жағдайын сынамайды. Болжамды диагнозы?


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 248; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!