Аванесов В.С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. М.:Мос.текст.акад. им.Косыгиан, 1996. -95 с. 17 страница



 

1. Ядролық физика және өлшеу техникаларың...

А. иондаушы сәулелердің денеге әсерін сипаттаумен айналысатын бөлімін....

В. иондаушы сәулелердің денеге әсерін сипаттау әдістерін және оны өлшейтін техникалармен айналысатын бөлімін.... 

С. кез келген сәулелердің денеге әсерін сипаттау әдістерін және оны өлшейтін техникалармен айналысатын бөлімін....

1. дозаметрия деп атайды. 

2. ионометрия деп атайды.

3. кулонометрия деп атайды.

2. Жұтылу дозасы....

А. дене элементі(бөлшегі) жұтқан DЕ энергияның, сол дене массасына қатынысына тең шама және ол мына түрде жазылады:  

В. иондаушы сәуле үшін анықталған эквиваленттік дозаның сол сәуле үшін сапа коэффицентіне көбейтіндісіне тең шама және ол мына түрде жазылады:

С. қалыпты жағдайда, иондаушы сәуленің әсерінен бірлік ауа массасында пайда болған барлық оң зарядтарға тең шама және ол мына түрде жазылады:

1. D =f×X, бұл шаманың өлшем бірлігі …. 

2. Н = К×D, бұл шаманың өлшем бірлігі ….

3. D = DЕ/Dm, бұл шаманың өлшем бірлігі ….

I.Грей. 

 II.Зиберт

III.Кулон/кг 

3. Эквиваленті доза....

А. дене элементі(бөлшегі) жұтқан DЕ энергияның, сол дене массасына қатынысына тең шама және ол мына түрде жазылады:  

В. иондаушы сәуле үшін анықталған эквиваленттік дозаның сол сәуле үшін сапа коэффицентіне көбейтіндісіне тең шама және ол мына түрде жазылады: С. қалыпты жағдайда, иондаушы сәуленің әсерінен бірлік ауа массасында пайда болған барлық оң зарядтарға тең шама және ол мына түрде жазылады:

1. D =f×X, бұл шаманың өлшем бірлігі …. 

2. Н = К×D, бұл шаманың өлшем бірлігі ….

3. D = DЕ/Dm, бұл шаманың өлшем бірлігі …. 

I.Грей. 

II.Зиберт

III.Кулон/кг 

4. Экспозициялық доза....

А. дене элементі(бөлшегі) жұтқан DЕ энергияның, сол дене массасына қатынысына тең шама және ол мына түрде жазылады:  

В. иондаушы сәуле үшін анықталған эквиваленттік дозаның сол сәуле үшін сапа коэффицентіне көбейтіндісіне тең шама және ол мына түрде жазылады:

С. қалыпты жағдайда, иондаушы сәуленің әсерінен бірлік ауа массасында пайда болған барлық оң зарядтарға тең шама және оның жұтылу дозасымен байланысы мына түрде жазылады: 

1. D =f×X, бұл шаманың өлшем бірлігі ….  

2. Н = К×D, бұл шаманың өлшем бірлігі ….

3. D = DЕ/Dm, бұл шаманың өлшем бірлігі …. 

I. Грей. 

II. Зиберт

III. Кулон/кг  

   5. Масасы 5 кг денеде энергиясы 25 Дж тең иондаушы сәуле жұтады. Жұтылу дозасын анықта:

A. 50, бұл шаманың SI жүйесіндегі өлшем бірлігі.. 

B. 5, бұл шаманың SI жүйесіндегі өлшем бірлігі...  

C. 125, бұл шаманың SI жүйесіндегі өлшем бірлігі... 

1. Дж/кг 

2. Рад/кг

3. Кулон/кг

   6. Доза қуаты деп:

А. иондаушы сәуле әсерін сипаттайтын дозаның сол доза әсер еткен t уақытқа қатынасына тең шаманы атаймыз және ол мына өрнекпен сипатталады:  

В. иондаушы сәуле әсерін сипаттайтын дозаның сол доза әсер еткен t уақытқа көбейтіндісін атаймыз және ол мына өрнекпен сипатталады:

С. иондаушы сәуле әсер еткен t уақыттың сол сәуле дозасына қатынасына тең шаманы атаймыз және ол мына өрнекпен сипатталады:

1. ND = D/t, бұл шаманың өлшем бірлігі ….    

2. NX = Н/t, бұл шаманың өлшем бірлігі ….  

3. NH = t/H. бұл шаманың өлшем бірлігі ….  

a) Гр/с    

b) Рад/Зб 

c) Гр/бэр

7. 2  Грей.... 

A.50 радқа тең.

B. 200 Зв тең.

C. 150 рад/с тең.

D.200 радқа тең. 

E. 200 рентгенге тең.

 

 

10 дәріс.    КӨРУ БИОФИЗИКАСЫ

Лекция жоспары

1. Көздің құрылысы.

2. Көз- оптикалық жүйе және оны сипаттайтын шамалар.

3. Линзаның түрлері, линза параметрлері: фокус қашықтығы, оптикалық күші. Линзалар жүйесі, кемшіліктері.

4. Көз кемшіліктері және оны линза арқылы жою. Кератотомия түрлері.

5. Көз торының құрылысы.

6. Көру биофизикасы.

7. Түрлі түсті көру.

 

    Лекция мақсаты:

Көрудің биофизикалық механизімін талдау және көз кемшіліктерін линза және басқа да жолдар арқылы жоюдың түрлерін қарастыру.

 

    Алдымен көз құрлысын қарастырайық (1- сурет). Көз алмасының сырты склера (1) қабатымен қоршалған, ол көздің ішкі құрылымын қорғап тұрады және оның қаттылығын сақтайды.

12
А
А

1 сурет Көздің құрылысы.

 

    Склераның алдыңғы қабаты жұқарып, өте жұқа мөлдір мүйізді қабатқа (2) айналған. Жұқа мүйізді қабат арқылы көзге сыртқы ортадан жарық енеді. Мүйізді қабаттан кейін түсті қабық (3) жатыр, оның орта бөлігін 2 -8 мм дейін өзгеретін саңлау түрінде көз қарашығы (4) алып жатыр. Түсті қабық пигментпен боялған дөңгелек тәрізді бұлшық еттен тұрады. Дөңгелек бұлшық етің жиырылуы немесе босаңсуы көз қарашығының өлшемінің өзгеруіне алып келеді, осылайша көзге түсетін жарық ағыны реттеледі. Түсті қабықтың арғы жағында қос дөңес линза пішінді, созымалы көз бұршағы (5) орналасқан. Оны қоршай жалғанған циллиарлы бұлшық еттің (6) тартылу немесе созылуы көз бұршағы бетінің қисықтығын өзгертеді, нәтижесінде оның оптикалық күші өзгереді, сонымен қатар бұлшық ет көзді бұрып оның осін қарап тұрған нәрсеге бағыттайды. Мүйізді қабат пен көз бұршағы арасындағы кеңістік су тәрізді сұйықпен толтырылған. Көз бұршағының арғы жағындағы кеңістікті қоймалжың сұйық шыны тәрізді дене (7) алып жатыр. «Мүйізді қабат - су тәрізді сұйық – көз бұршағы - шыны тәрізді дене» бірігіп оптикалық күші 58,8 диоптрии болатын (F=17,2 мм) линза тәрізді оптикалық жүйені құрайды. Бұл оптикалық жүйенің оптикалық ортасы(центрі) мүйізді қабаттан, ішке қарай 5 мм жерде, бұл оптикалық ось суретте АА түзуі түрінде көрсетілген.

    Көз алмасының ішкі бетін, жартылай сфера түрінде тор қабат алып жатыр(9), ол сыртқы пішіні құтыша және таяқша түрінде болатын жарықты сезгіш фоторецепторлардан құралады. Бұл жарықты сезгіш жасушалар тор қабаттың сыртқы бетінде қан тамырлары орналасқан аймақта (8) жатыр. Тор қабаттағы нерв талшықтары бірігіп, көру нервіне (10) айналған. Бұл аймақта таяқшалар мен құтышылар жоқ, сондықтан көру нерві алып жатқан жерді жарықты сезбейтін «соқыр дақ» (11) деп атайды. Тор қабаттың орта бөлігінде, оптикалық остің бойында (АА түзуі) ең көргіш аймақ(12) орналасқан, бұл жерде жарықты өте сезгіш құтышалар орналасқан, бұл құтышалар арқылы көз жарықтың түсін анықтайды. Тор қабаттың басқа аймақтырын негізінен таяқшалар алып жатыр.

Көзде кездесетін ақауларды, яғни көздің жақыннан, алыстан көргіштігін дұрыстау үшін линза қолданатындылығы белгілі. Енді линза және оның қасиеттерін сипатайтын шамалар туралы кейбір мәліметтерді қарастырайық.

Жалпы линза деп, екі беті сфералық қисықпен шектелген, мөлдір заттан жасалынған (шыныдан, пластмассадан, т.б.) денені атаймыз. Сфералық беттің түріне байланысты линза жинағыш(2а-сурет) және шашыратқыш (2б-сурет) деген түрлерге бөлінеді.

 


      

      а)               б)

 

Линзаның екі беті сфералық бетпен шектелгендіктен, олар өзі арқылы өткен жарықты таралу бағытынан бұратын қасиетке ие болады.

Егер линза жинағыш қасиетке ие болса, онда линзадан өткен жарық ағындары линзаның осіне қарай бұрылып, бір нүкте арқылы өтеді(3а-сурет). Жарық ағындары жиналған нүктені линза фокусы деп атайды және оны F әрпімен белгілейді, осы нүкте мен линза ара қашықтығы метрмен өлшенеді, ал фокустың кері шамасы D = 1/F линзаның оптикалық күші деп аталып, ол диоптрия(дптр) деген шамамен сипатталады.

Егер линза шашыратқаш қасиетке ие болса, онда линзадан өткен жарық ағыны линзаның осінен кері бағытқа бұрылып, линзадан өткен жарық ағындары шашырап тарайды. Бұл жағдайдағы линзаның фокусын қалай анықтаймыз, жарық ағындары шашырап кетті, олар бір нүктеде жиналмады. Шашыратқыш линзаның фокусын анықтау үшін, линзадан шашырап өткен жарық ағынын кері бағытта ойша сызамыз, сонда олар бір нүктеде жиналады, осы нүктені шашыртақыш линза фокусы ретінде аламыз (3б-сурет).

 

 


                    

                     а)                                                     б)              

                                     3 сурет

 

Осыландай әдіспен анықталған фокус «жалған» болғандықтан, фокус белгісінің алдына минус таңбасын қоямыз, яғни –F, соған сәйкес оның оптикалық күші де теріс таңбалы болып шығады, яғни -D = 1/F. Осындай таңба арқылы линзаның жинағыш немесе шашыратқыш екендігін анықтаймыз. 

Линз көмегімен алынған кескіннің сызықтық өлшемінің һ, сол дене өлшеміне Н қатынасы k= һ/Н линзаның сызықтық үлкейтуі деп аталады.

Егер, бірнеше линзаның остерін бір-біріне дәл келетіндей етіп жинасақ, яғни линза жүйесін құрастырсақ, пайда болған жүйенің оптикалық күші олардың әр қайсысының оптикалық күштерінің алгебралық қосындысына тең болады:

D = D1 + D2 + D3 + …

Линза арқылы алынған кескіндегі кемшіліктерді аберрация деп атайды. Аберрация латын сөзі (aberratio), ол ауытқу дегенді білдіреді. Егер аберрация күрделі жарық (монохроматы емес) кезінде байқалса, оны хроматты аберрация деп, басқа кездегілері монохроматты аберрация деп аталады, өйткені мұндай ауытқулардың пайда болуы жарықтың спектріне байланысты емес. Осындай ауытқулардың кейбір түрлерін қарастырайық.

1.  Сфералық аберрация деп, өте жұқа болып келетін линзаның шеткі аймағы арқылы өткен жарық ағыны (1), оның орта бөлігі арқылы өткен жарықтан (2) көбірек сынады (ауытқиды), нәтижесінде линзаның шеті мен орта бөлігі арқылы өткен жарық ағыны экранда бір біріне сәйкес келмейтін екі түрлі кескін жасайды (4-сурет).

 

 


                                                                                                     

 

 

                                                                       4- сурет

    Мұндай ауытқуларды болдырмау үшін жинағыш және шашыратқыш линзалар жүйесін бірге қолданады.

1. Астигматизм деп, жарық ағыны линза осіне үлкен бұрышпен, қиғаштап түсу нәтижесінде пайда болатын ауытқуды атаймыз. Мысалы, сәуле линзаға белгі бір бұрышпен түскен кездегі нүктенің кескіні элипс түріндегі дақ болса, басқа түсу бұрышында сол нүктенің кескіні түзу сызық болады.

Көзде мұндай құбылыс көз бұршағы мен мүйізді қабат беттерінің қисықтығында асимметрия болса байқалады, оны болдырмау үшін, қистықтық радиусы түрлі бағытта әр түрлі болып келетін линза қолданылады.

2. Дисторсия, деп линзаға түскен сәуле бағыты мен линзаның оптикалық осі арасындағы түсу бұрышы үлкен болғанда пайда болатын ауытқуды атайды. Бұл кезде, пайда болған дене кескіні оның шын мәнідегі түрінен өзгеше болады, мысалы, квадратты тордың кескіні «жастық»(а) немесе «бөшке»(б) тәрізді түрде көрінеді (5-сурет). Мұндай ауытқуды болдырмау үшін бір-біріне кері дисторсиялық қасиеті бар линзалар жүйесін құрайды.

 


                    

                     a)                                                         б)    

                                                5 сурет

 

3. Хроматтық аберрация деп, линза арқылы алынған дене кескіні айналасының түрлі түсті болуын атаймыз. Мұндай құбылыс ақ жарық құрамындағы сәулелердің сыну көрсеткіштерінің олардың толқын ұзындығына байланысты болуынан. Мысалы, күлгін сәуле қызылға қарағанда көп сынады, сондықтан әр түс өз кескінін жасайды, нәтижесінде экранда пайда болған кескіннің төңірегінде түрлі түс пайда болады.   

 

 

 

 

 

6-сурет

 

    Көз кез келген қашықтықта жатқан нәрсені анық көруі тиіс. Енді осы құбылысты қарастырайық. Жұқа линзаның формуласы мына түрде жазылады:

1/d + 1/f = 1/F, (1)

мұндағы d- нәрседен көзге дейінгі қашықтық, f- линзадан кескінге дейінгі қашықтық, F- линзаның фокустық қашықтығы. Бұл теңдеудегі f көз бұршағынан тор қабатқа дейінгі қашықтық, ол тұрақты шама, ал d үздіксіз өзгеріп отыратын шама. Егер нәрседен көзге дейінгі қашықтық үнемі өзгеріп отырса, онда 1-теңдік орындалуы үшін теңдеудегі F үнемі өзгеріп отыру тиіс. Оған көз бұршағы бетінің қисықтығын өзгерту арқылы қол жеткіземіз. Бұл құбылыс былайша жүреді: көз бір нәрседен қашықтығы өзгеше екінші нәрсеге ауысқанда, екінші дененің кескіні анық көрінбейді, (өйткені d өзгерді, ал F сол қалпында) бұл туралы миға тиісті сигнал жетеді, мидан шыққан кері сигнал көздегі циллиарлы бұлшық етің жиырылуын немесе созылуын тудырады, соның нәтижесінде көз бұршағының фокусы дене кескіні анық болғанға дейін өзгереді, әрине бұл үрдіс өте жылдам жүреді көздің мұндай қабілетін аккомодация деп атайды.

    Көзі қалыпты көретін адамның көзі дене кескінін көздің тор қабатына фокустайды. Кейбір адамдардың көздері кескінді тор қабаттың алдына, оған жеткізбей түсіреді (7а- сурет), көздің мұндай кемшілігін жақыннан көргіштік деп атайды. Мұндай адамдар жақын жатқан нәрселерді анық көргенімен, алыс жатқан денелерді бұлыңғыр көреді, Мұндай көз ақауын түзету үшін шашыратқыш линзадан жасалған көзілдірік киеді.


Дата добавления: 2019-02-13; просмотров: 255; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!