Аванесов В.С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. М.:Мос.текст.акад. им.Косыгиан, 1996. -95 с. 19 страница



     

 

12-сурет

 

Д.Уолд өз зерттеуінде родопсинді қараңғы жағдайда бөліп алып, оны температурасы -1400С болатын сұйық азотта ұстаған, осы күйдегі родопсинге жарық түсіргенде және оның температурасын жоғарылатқанда, родопсиннің жұтылу спектрі өзгеріп отырған, бұл родопсиннің тізбекті түрде, бір түрден екінші түрге ауысқандығын, яғни түрленгендігін көрсетеді

Әр кезеңдегі конформер (батородопсин, люмиродопсин, метародопсин және т.б.) транс-ретиналь күйдегі ретиналь болғандықтан, оған жарық квантымен әсер етсек, ол бірден родопсинге айналады (арнаулы ферментсіз).

Осындай фотоизомериялық өзгерістің нәтижесінде таяқшадағы тыныштық потенциалы өзгеріп, әсер потенциалы пайда болады. Көз таяқшасындағы осындай құбылыстар тізбегі көру сезімін тудырады. 

Шындығында, фоторецепторлық жасушалардағы мембраналық потенциалдың өзгерісі таяқшаның сыртқы бөлігінің (сегмент) плазмолеммасында орын алады, ал родопсиннің фотоизомеризациясы таяқшаның сыртқы бөлігінің (сегмент) дискі мембранасында байқалады. Мембрана қасиетінің өзгеруі, оның құрамындағы родопсиндегі өзгерістермен (ретиналдың, опсиннің өзгеруі) қабаттасып жүреді. 

Енді осы құбылыстарды талдайық. Алдымен мына ерекшелікпен танысайық, фоторецепторлардағы тыныштық потенциалының пайда болуы механизмінде біраз өзгешеліктер бар. Таяқша жарық квантарын жұтпаған кезде, яғни қараңғылық кезеңінде, тыныштық потенциалы таяқшаның ішкі бөлігінде (сегмент) плазмолеммада К+ иондарының әсеріннен пайда болса, таяқшаның сыртқы бөлігіндегі(сегмент) потенциал Na+ иондарының әсерінен туындайды, яғни таяқшадағы тыныштық потенциалы осы екі түрлі иондардың әсерінен пайда болады деп саналады.

Көз таяқшасының сыртқы бөлігіндегі(сегмент) тыныштық потенциалының таңбасы өзгеше, ішкі орта «оң», ал сырты «теріс», ал таяқшаның ішкі бөлігінде(сегмент) керісінше, ішкі орта «теріс», ал сырты «оң» зарядталған. Бұл құбылыс, таяқшаның сыртқы бөлігінің (сегмент) Na+ иондарын өткізетін каналдарының циклды гуанозин монофосфатты(цГМФ) әсерінен ашық болуынан екендігі анықталды. Сондықтан тыныштық күйдегі мембрана қабатының натрий иондарын өткізу коэффициенті басқа иондарға қарағанда басым болады, осының әсерінен және электрохимиялық градиент есебінен сыртқы ортадағы натрий иондары ішке қарай диффузияланады (пассивті тасымал). Осылайша, көз таяқшасының сыртқы бөлігінің(сегмент) цитоплазмасында жиналған натрий иондары, екі бөлімді қосатын орта арқылы ішкі бөлімге тасымалданады. Жиналған натрий иондары, митохондрия жеткізген АТФ энергиясының есебінен сыртқы ортаға шығарылады (активті тасымалдау). Осылайша, Na+ ионының ішке, ал К+ ионының сыртқа қарай қозғалысы нәтижесінде таяқшада тыныштық потенциалы орнайды (13 сурет).

 


 

 

13 сурет. Таяқшаға жарық әсер етпеген кездегі тыныштық потециалының пайда болуы.

 

Енді таяқшаға жарық әсер еткен кездегі жағдайды қарастырайық. Жұтылған жарық кванты әсерінен родопсиннің опсин мен ретинальға ыдырауы дискіде Са2+ иондарының бөлінуіне алып келеді. Пайда болған Са2+ иондары циклды гуанозин монофосфаттының натридың иондық каналдарына әсерін төмендетеді, нәтижесінде Na+ иондық каналдары жабылып, натрий ионының мембрана арқылы ішке енуі тоқтайды, ал К+ иондарының тасымалы бірқалыпты, өзгеріссіз қалады.

Осылайша пайда болған потенциалды «ерте фоторецепторолық потенциал(ЕФП)» деп атайды, оның шамасы 5 мВ аспайды және 1 мс уақытқа созылады, ал 1 мс кейін «кеш фоторецепторолық потенциал(КФП)» пайда болады. ЕФП мен КФП пайда болу механизмдері әр түрлі. ЕФП жарық әсерінен родопсин молекуласының метародопсин-ІІ дейінгі түрлену кезінде пайда болса, КФП метародопсин-ІІ пайда болған соң, иондардың қозғалысы нәтижесінде пайда болады және амплитудасы жұтылған жарық кванттары санына тәуелді. Бұл құбылыс, родопсиның метародопсин-ІІ айналуы мезгілінде өзінің максимал мәніне жетеді.

Жұтылған бір жарық кванты 100-300 дейін натрий каналдарын жабады, әзірше бұл құбылыстың қалай жүретін, белгісіз. Осының нәтижесінде таяқшадағы потенциалдың полярлығы өзгереді, ендігі жерде оның табиғаты К+ ионына байланысты болады(14- сурет).

 

 


                                                                                                                 

 

 

14 сурет. Таяқшаға жарық әсер еткен кездегі әрекет потециалының пайда болуы.

 

Осылайша пайда болған фоторецепторлық потенциал (оны әрекет потенциалы деп атауға болады), таяқша мембраналары арқылы синап аймағының алдыңғы бөлігіне жетіп, ондағы медиаторлардың синап саңлауына өтуін қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде биполярлы нерв жасушасын қоздырады. Осылайша нерв жасушасында пайда болған әрекет потенциалы, нерв импульсі түрінде көру нерві арқылы, мидың көру орталығына жетеді.

    Енді түрлі түсті көру механизмін талдайық. Біздің түрлі түсті көруімізді тор қабатында орналасқан құтышалар қамтамасыз етеді. Жарық әсерінен таяқшаларда болатын құбылыстар құтышаларда өзгеріссіз орын алады, тек мұндағы көру пигменті родопсин емес, одан бөлек иодопсин ақуызы. Иодопсин ақузы да жарықты сезгіш 11 цис-ретиналь түрдегі хромофорға жатады. 

    Көз торында, жарықты жұту спектрі мен фотобиологиялық әсерлері бойынша бір бірінен өзгеше, үш түрлі құтышалар бар. Олардың бір бірінен айырмашалығы тек ретиналды ақуызбен байланыстыратын энергияның әр түрлі болуында, соның әсерінен иодопсин молекуласы көрінетін жарықтың l= 440 нм, l= 540 нм және l= 590 нм сәйкес келетін толқындарын жақсы жұтады, бұл толқындар көк, жасыл және қызыл түске сәйкес келеді (15 сурет). 

    Монохроматты жарық тек бір түрлі ғана құтышаны қоздыра алады, ал күрделі жарық болса үш түрлі құтышаны, жарық толқыны ұзындығына байланысты қоздырады. Осындай құбылыс нәтижесінде түрлі түсті көру мүмкін болады.

    Көз торында үш түрлі құтышаның біреуінің болмауы немесе оның өз қызметін дұрыс орындамауы, көздің түрлі түсті дұрыс ажырата алмауына алып келеді, мұндай көздің кемшілігін дальтонизм деп атайды.

 

 


 

 

 

15 сурет

 

    Жалпы, құтышаның жарықты сезу қабілеті таяқшаға салыстырғанда төмен болғандықтан, денелердің түрлі түсті болып көрінуі үшін олардың жарықтылығы жоғары болуы қажет, ал жарықтылығы төмен болғанда, құтышалар өз қызметін ойдағыдай атқара алмайды, мұндайда таяқшалар қызметке кіріседі, соның әсерінен кеш құрымда, қараңғылау кезеңде дененің түсі сұр болып көнінеді.

 

 

 
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІ ӨЗІ ТЕКСЕРУІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Кейбір адамдардың көздері дене кескінін ....

1. тор қабаттың сыртына фокустайды, көздің мұндай кемшілігін..... 

2. тор қабаттың, 2F қашықтыққа фокустайды, көздің мұндай кемшілігін.....

3. тор қабаттың алдына, 3F қашықтыққа фокустайды, көздің мұндай кемшілігін.....

A.жақыннан көргіштік деп атайды, оны жөндеу үшін...

B. алыстан көргіштік деп атайды, оны жөндеу үшін... 

C. көз кемшілігі деп атайды, оны жөндеу үшін...

a) жинағыш линза қолданамыз.

b) шашыратқыш линза қолданамыз

c) лупа қолданамыз

 

2. Көздің кез келген қашықтықтағы денені анық көру қабілетін...

1. астигматизм деп атайды. Көздің бұл қабілеті...

2. сфералық аберация деп атайды. Көздің бұл қабілеті...

3. дисторция деп атайды. Көздің бұл қабілеті...

4. аккомодация деп атайды. Көздің бұл қабілеті...

A.шашыратқыш линза қолдану арқылы іске асырылады.

B. линзаның фокус аралығын өзгеруту арақылы іске асырылады.

C. көз бұршағының қисықтығын өзгерту арқылы іске асырады.

 

3. Кейбір адамдардың көздері дене кескінін ....

A.тор қабатқа жеткізбей, оның алдына фокустайды, көздің мұндай кемшілігін.....

B. тор қабатқа жеткізбей, 2F қашықтыққа фокустайды, көздің мұндай кемшілігін.....

C. тор қабаттың сыртына, 3F қашықтыққа фокустайды, көздің мұндай кемшілігін.....

1. жақыннан көргіштік деп атайды, оны жөндеу үшін...

2. алыстан көргіштік деп атайды, оны жөндеу үшін...

3. көз кемшілігі деп атайды, оны жөндеу үшін...

I. жинағыш линза қолданамыз.

 II. шашыратқыш линза қолданамыз 

III. лупа қолданамыз

 

4. Линзаның формуласы мына түрде жазылады....

A.1/f + 1/d = 1/F , мұндағы D ….. 

B. 1/F + 1/D = F, мұндағы D …..

C. 1/F – 1/D = 1/f, мұндағы D …..

1. линзаның оптикалық күші деп аталады және оның өлшем бірлігі.... 

2. линзаның фокусы деп аталады және оның өлшем бірлігі....

3. линзаның қисықтық радусы деп аталады және оның өлшем бірлігі....

a. метр2 , ал формуладағы F….

b. диоптрии, ал формуладағы F….

c. метр-2, ал формуладағы F….

I. линзаның фокусы деп аталады, оның өлшем бірлігі... 

II. линзаның үлкейту коэффициенті деп аталады, оның өлшем бірлігі...

III. линзаның аберациясы деп аталады, оның өлшем бірлігі..

  α) метр. 

  b) Град.

  g) Радиан.

 

11 дәріс.   ТЫНЫС АЛУ БИОФИЗИКА СЫ

 

Адам өкпесі бірнеше қызмет атқарады, біріншіден, ол газ алмасуды іске асырады, яғни атмосферадағы оттегі газын қанға жеткізеді, керісінше қандағы көмірқышқыл газын сыртқа шығарады. Осы арқылы қанның рН бір қалыпты  деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

    Өкпе арқылы біз қоршаған ортадан температурасы төмен, қанықпаған су буын жұтып, температурасы адам денесі температурасына дейін жоғарылаған және су буына қаныққан ауаны қайта шығарамыз, осы арқылы өкпе ағзаның жылулық және сұйықтық тепе теңдігін сақтау процесіне де қатысады. Сонымен қатар өкпе адамның дауыс шығарудағы басты элементі болып табылады.

    Қалыпты жағдайда тыныс алу кезінде өкпе арқылы минутына 6 литр ауа өтеді, оны қалыпты тыныс алу (ҚТА) көлемідеп атайды. Жұтқан ауаның 20% оттегі, олай болса өкпе арқылы минутына 1,2 литр оттегі газы айдалады. Жұтылған ауаның 80% инертті газ азот, 20% оттегі газы, ал өкпеден қайта шығарылған ауаның 80% азот, 16% оттегі және 4% көмірқышқыл газ болады. Бір тәулік ішінде өкпеде 0,5 кг (400 л) оттегі газы жұтылады, сонымен қатар шығарылған ауа арқылы 0,5 кг суды жоғалтамыз, ол қайта шығарылған ауаны су буымен қанықтыруға жұмсалады. Ер адамдардың тыныс алу (дем алу мен дем шығару) жиілігі минутына 12 рет болса, әйелдерде 20, жас балалар мен нәрестелерде 60 ретке дейін жетеді.

    Жай және терең тыныс алу кезіндегі өкпе көлемінің көрсеткіштері өкпенің функционалдық күйін сипаттатын диагностикалық мәлімет болып табылады. Өкпе көлемі спирометр деп аталатын құралмен өлшенеді. 2 суретте спирометр арқылы анықталған тыныс алудың түрлі кезіне сәйкес келетін пневмограмма берілген. Берілген пневмограммада бір қалыпты тыныс алу кезіндегі өкпе көлемі дем алудың соңында 3,2 л ден, дем шығарудың соңында 2,2 л дейін өзгерген. Осы өзгеріс қалыпты тыныс алу (ҚТА) көлемі деп аталады(берілген мысалда ол 1 л тең). Сонда тыныс алу көлемі деп - бір рет дем алу көзінде өкпе жұтқан ауа көлемін айтамыз. Қалыпты жағдайда ересек адамдар үшін ҚТА 0,5-0,8 л тең.

    Бір қалыпты дем шығарудан соң өкпеде біраз ауа қалады, оны функционалды қалдық көлем (ФҚК) деп атайды, оның көлемі 2,5 л шамасы болады. Максимал дем шығару кезіндегі спирометрдің көрсетуі өкпенің жалпы сиымдылығы (ӨЖС) деп аталады, жоғарыда берілген пневмограммада ол 6 л тең. Максимал терең дем алу көлемі мен қалыпты дем алу көлемдерінің айырымы дем алудың резервтік көлемі (РКДА) деп аталады, оның шамасы 3 л болады, ал қалыпты дем шығару көлемі мен максимал(терең) дем шығару көлемдерінің айырмалары дем шығарудың резервтік көлемі (РКДШ) деп аталады, оның шамасы 1,3 л болады.

Максимал терең дем шығарғанмен өкпеде біраз ауа қалады, оны қалдық көлем (ҚК) деп атайды, оның көлемі шамамен 1,2 л болады.

    Максимал терең дем алу мен максимал(терең) дем шығару көлемдерінің айырмалары өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС) деп аталады, берілген пневмограммада ӨТС 5 л тең. Өкпенің өмірлік сиымдылығы өкпенің жалпы көлемі- ӨЖК (пневмограммада- 5 түзумен көрсетілген) мен қалдық көлемнің - ҚК (пневмограммада - 4 түзумен көрсетілген) айрымына тең.

 


                  

 

 

    1 сурет. 1- дем алудың резервтік көлемі, 2- дем алу көлемі, 3- дем шығарудың резервтік көлемі, 4- қалдық көлем, 5- өкпенің жалпы көлемі, 6- өкпенің өмірлік сиымдылығы, 7- функциональнды қалдық сиымдылық, 8- қалыпты тыныс (дем алу мен шығару) алу үрдісі, 9- терең тыныс алу үрдісі.


        

 

        

 

    Өкпенің өмірлік сиымдылығының сан мәні, өкпенің қаншалықты дұрыс немесе бұрыс қызмет атқаратындығын көрестеді. ӨӨС сан мәні жеке тұлғаның дене шынықтыруына тікелей байланысты болады, сондықтан денсаулығы жақсы, дене шынықтыумен айналысқан еркектер үшін оның мәні 4,5-5 л, әйелдер үшін 4-4,5 л тең болады.

    Өкпеде «өлі кеңістік (ӨК)» деп аталатын аймақ бар, оған трахея, бронхылар мен альвеолалар алып жақтан кеңістіктер жатады, бұл аймақта газ алмасу болмайды, тек газдар тасымалданады. Енді осы «өлі кеңістіктің» көлемін анықтайық. Біз дем алатын ауаның 80% азоттан, 20% оттегі газынан құралады, көмір қышқыл газы тіптен болмайды, ал өкпеден қайта шығарылған ауаның 80% азоттан, 16% оттегінен, 4% көмірқышқыл газынан тұрады. Бұл орташа мәліметтер, шын мәнінде дем шығарудың бастапқы кезеңінде өкпеден шыққан ауада СО2 көмір қышқыл газы 4 % шамасы болады. Кейін трахея мен бронхыларда қалып қойған оттегі газы, альвелоларда оттегіні беріп, көмір қышқыл газын шығарады, осының нәтижесінде шығарылған ауаның соңғы порцияларында СО2 шамасы 6 % дейін жетеді. Осы мәліметтерді пайдаланып мына теңдеуді жазамыз:


Дата добавления: 2019-02-13; просмотров: 185; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!