Аванесов В.С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. М.:Мос.текст.акад. им.Косыгиан, 1996. -95 с. 14 страница



    Енді айнымалы электромагниттік токтар мен өрістерді терапияда қолдануды қарастырайық.

    Дарсанвализация. Жиілігі 110 кГц, ток шамасы 0- 0,02 мА, кернеуі 25-30 кВ, пішіні қоңырау тәрізді, 50 Гц жиіліктегі токпен модуляцияланаған, ұзақтығы 50-100 мкс болатын импульсті токпен адам ағзасының кейбір аймақтарын емдеуді дарсонвализация деп атайды. Бұл әдісте, шыны электродтағы сиретілген ауа арқылы өткен жоғары жиілікті токтың әсерінен, емделетін дене аймағы мен шыны электрод беті арасындағы жұқа ауа қабатында тәжді разряд пайда болады (31- сурет). Разряд кезінде пайда болатын ұшқынның шамасы шыны электрод пен емделетін дене арасындағы ауа қабатынаның қалыңдығына байланысты, ауа қабаты жұқарған сайын разряд шамасы болар болмас ұшқыншадан, үлкен ұшқынға дейін өседі.

 

 


                                                 3- сурет

 

    Жұқа ауа қабаты ортаның электрлік сиымдылығының өте аз болуына себеп болады, соның әсерінен осындай ортадан өткен жоғары жиілікті ток өте әлсіз болып, әсер еткен аймағында ауырсыну әсерін тудыра алмайды.

    Дарсонвализация кезінде ағзаға әсер ететін негізгі емдік фактор болып ұлпа арқылы өткен жоғары жиілікті ток пен электрлік разрядты жатады. Аталған әдісте қолданылатын тербеліс жиілігінің өте жоғары болуы, пайда болатын токтың бір бағыттағы әсерінің өте әлсіз болуына алып келеді, соның себебінен мембрана қабаттарында жиналатын иондар жасушаны қоздыруға жеткіліксіз болады. Сонымен қатар өте аз уақыт ішінде бағытын үздіксіз өзгертетін мұндай ток әсерінен иондар тербеліске түсіп, ортада өте аз мөлшерде жылу пайда болады. Тәжді, әсіресе ұшқынды разрядтар кезінде аз мөлшерде пайда болатын жылудың әсерінен ғөрі, электр разрядының тітіркендіргіш әсер әлдей қайда басым. Осындай құбылыстардың (аз жылу мөлшері, электрлік разряд) әсерінен дарсанвализация аймағындағы артериол мен капиллярлардың кеңуі байқалады, қан айналысы күшейеді, тері қабаттарында гиперемия көрініс табады.

    Дарсонвализация әдісімен Рейно, аяқ вена тамырларының варикозын, нейродермиттерді, трофикалық жараларды т.б. ауруларды емдейді. Мұндай емдік шараларды Искра-1, Вихрь-1 құралдарымен іске асырады (4 сурет).

Ультратонды емдеу – күші төмен, кернеуі жоғары, жиілігі 22 кГц айнымалы токпен әсер етуге негізделген жаңа емдеу әдісі. Әсер ету механизмі жергілікті дарсонвализацияға жақын. Мұндай жиіліктегі токтар лимфа және қан тамырларын ұлғайтады, зат алмасу процессін күшейтеді. Бірқатар тері ауруларын, жараны, жыныс органдарын, қабыну процестерін, перифериялық тамыр ауруларын емдеуде кеңінен қолданылады. Мұндай ток өндіретін аппарат «Ультратон ТНЧ-1041» деп аталады.

    Ультра жоғары жиілікті терапия. Жиілігі 30- 300 МГц аралығындағы электромагниттік (ЭМ) тербелістер мен толқындар ультра жоғары жилікке (УЖЖ)жатқызылады, ал осы диапазонда жататын 27,12 МГц және 40,68 МГц жиіліке сәйкес келетін ЭМ өрісті емдеу мақсатында қолдануды ультра жоғары жиілікті (УЖЖ) терапия деп атайды.

    УЖЖ ток медициналық ғылыми - зертеулерде көп қолданылады, оның аз дозасының әсерінен қан тамырларының кеңитіндігі (Дроздова А.В.,1955; Валиев Д.И.,1977), миокардтың қалпына келу процесін жанданыруға болатындығы, оның сығылу қабілетін жақсарту, жүрек аймағындағы ауырсынудың азайту (Григорьева В.Д. 1961; Крупенников А.И., 1963; Саперов В.П., 1977) сияқты әсерілері бар.

УЖЖТ арқылы өте көп ауруларды емдейді, ол арқылы кез келген қабыну процесін (эндокрин бездерінің, фурункулез, травматизмде, іріңде, ринит, неврит, т.б. көптеген) басуға болады.

    Мұндай емдік шараларды УВЧ-80, УВЧ-66, Экран-1, Импульс-3 құралдары арқылы жүргізеді (5 сурет). Олардың құрлысы мен жұмыс істеу принциптері туралы мәліметтер [1,2] берілген.

    Сантимерлік толқынды терапия (СМТ-СМВ) деп, адам ағзасының кейбір аймақтарына жиілігі 2375 МГц, толқын ұзындығы 12,6 см, аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) электромагниттік толқынмен әсер ету арқылы емдеу әдісін атайды. Осы мақсатта қолданылатын толқыннның максимал қуаты 70-100 Вт артпауы тиіс. СМТ-ның жүрек- қан тамыр жүйесіне (Оржешковский В.В., Чопчик Д.И. Фастыковский Л.Д., 1982), гормондық жүйеге (Николаев Л.Н.,1982), ағзадағы биохимиялық және физиологиялық процестерге (Савченок Л.И., 1983), демалу тыныс мүшелерге (Алыкулов Д.А.,Ким В.И.,Турсунова М.А.,1985) әсерлері анықтаған [2,155-160 б].

 


           4 – сурет. Искра -1 аппараты           5 сурет. УВЧ-50-02 аппараты

                            

    СМТ әсер ететін орта шекараларында тұрғын толқын пайда болады, соның әсерінен ол аймақ қатты қызып, тіптен күйіп кетуі де мүмкін. Бұл айтылған жай көбіне тері асты май қабатының қалыңдығы әсер етуші толқын ұзындығына еселік қатынаста болған жағдайда байқалуы мүмкін, сондықтан СМТ кезінде осы жағдайды қатаң ескерген жөн.

    СМТ емдік әсері жылуға байланысты болатындығын атаған болатынбыз, ғалымдардың зерттеулері бойынша мүнан басқа да құбылыстар байқалатыны анықталған. Қазіргі кезде СМТ-ның жылу түріне жатпайтын кейбір қасиеттері анықталды, әзірше мұндай құбылыстар медициналық практикада емдік мақсатта қолданылмайды, қосымша зерттеулерді қажет етеді. СМТ арқылы емдік шаралар Луч-2, Луч-58, т.б. құралдар арқылы жүргізеді. Олардың құрлысы мен жұмыс істеу принциптері туралы мәліметтер [1,2] берілген.

    Дециметрлік толқынды терапия (ДТТ-ДМВ) деп, адам ағзасының кейбір аймақтарына жиілігі 460 МГц, толқын ұзындығы 65 см, аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) электромагниттік толқынмен әсер ету арқылы емдеу әдісін атайды. Осы мақсатта қолданылатын толқыннның максимал қуаты 100 Вт артпауы тиіс. Биологиялық денелердің дециметрлік толқын энергиясын жұту механизмі СМТ бірдей, бар өзгешелік толқындар жиілігінің төмен болуынан жұтылған және шағылған толқын энергияларының өз ара қатынасынан олардың ұлпада таралуының басқаша болуында ғана. Жиіліктің төмен, соған сәйкес толқын ұзындығының үлкен болуы, ендігі жерде тері асты май қабыты қалыңдығының толқын ұзындығына еселі болуына мүмкіндік бермейді, соның әсеріннен тұрғын толқын пайда болмайды, яғни дененің кей аймақтарының артық дәрежеде қызуы немесе күйуі сияқты құбылыстар байқалмайды, толқынның екі түрлі орта шекарасынан шағылуы 35-63% төмендейді, соның әсерінен биологиялық ортада жұтылатын энергия артады. Дециметрлік толқындардың денеге енуі де артады, су молекуласы мол ортада 3,6 см, су молекалаларына аз, кедей ортада 26,2 см дейін енеді, сонымен қатар толқын энергиясы ортада біркелкі таралады. ДТТ емдік әсері оның биологиялық ортада жылу тудыруына негізделген, тек негізгі айырмашылық ортада жылу біркелкі және терең тарауында. Сондықтан бұл әдіс кең түрде қолданылады, көптеген қабыну процесін емдейді. Мұндай емдік шараларды Волна-2, ДМВ-15, ДМВ-20 т.б. құралдары арқылы жүргізеді.

    Электрохирургия. Жоғары жиілікті(ЖЖ) токты медицинада қолданудың тағы бір саласы электрохиругия болып саналады. Қазіргі кезеңде гинекология, гастроэнтерология, оториноларингология, офтальмология, урология, проктология, торакльды хирургия т.б. салалардағы хирургиялық операциялардың 80-90% осы әдіспен жасалынады. 

    Электрохирургия (ЭХ) екі түрлі аталады. ЖЖ токтың жылулық әсерін пайдаланып ұлпаны кесуді - электротомия деп, ал оны балқыта отырып кесуді электрокоагуляция деп атайды.

    Электротомия кезінде ұлпа пышықтың механикалық әсері нәтижесіндегідей кесілмейді, керісінше ЖЖ ток ұлпа арқылы өткенде                                                                                                                                                       кескіш - электрод астындағы ұлпаның жасуша аралық қабаттардағы сұйықтар жоғары температураға (4000С және одан жоғары ) дейін лезде қызады, жылдам қызған сұйықтардың булануы жарылыс(кавитация) түрінде жүреді, соның нәтижесінде ұлпаның құрылымының бұзылуы, ұлпа қабатындағы белоктардың жиырылып балқуы тәрізді құбылыстар орын алады. Бұл кезде электрод астындағы ұлпада ток тығызды 40 кА/м2 дейін артады.

    Электрохирургияда қолданылатын электродтар пішіні скальпель, ұстара, ине, тұзақ, диск түрінде болады, ол ЭХ аппаратың ЖЖ генераторының бір шығысына жалғанады және бұл электродтар ұлпыны кесі үшін қолданылатындықтан оны активті деп атайды. Ал пассивті деп аталатын келесі электрод ЖЖ генератордың келесі шығысына жалғанады және оның басты міндеті пациенттің денесі мен ЭХ аппараты арасындағы электрлік тізбектің тұйық болуын (жақсы конткт) қамтамасыз ету. Сондықтан бұл электродтың ауданы бірнеше квадарат дециметр болады, активті электрод ауданы бірнеше мм2 аспайды. Пасивті электрод төңірегіндегі ток тығыздығы өте аз, сондықтан оның температурасы өте төмен болады. 

    Электрохирургияда ұлпаны кесу тереңдігі мен коагуляциялану дәрежесі активті электродтың ауданы мен пішініне, ұлпа бойымен оның қозғалу жылдамдығына және жоғары жиілікті(ЖЖ) ток тығыздығына тәуелді. Мысалы, электрокоагулияцияда қолданылатын активті электрод пішіні шар не диск түрінде болады (6а- сурет), оны ұлпаға басып, бірнеше секундқа ЖЖ токты қосады, ал электротомиядағы активті электрод пішіні өте жұқа ұстара, ине, не сымнан жасалынған тұзақ түрінде болады (6б-сурет).  Электрохирурияда биполярлы(екі) электродтар да қолданылады, яғни екі электрод та активтіге жатады, олардың түрі пинцет түрінде болады (6в сурет). ЭХ басты ерекешелігі операцияның қансыз болуында. Электротомия кезінде кіші диаметрлі қан тамырлары мен кесілген ұлпаныңның беттері коагуляцияланады, бұл қанның ағуын азайтады, нәтижесінде қан тамырлары мен лимфа жолдарына ауру жасушылардың еніп кетуіне жол берілмейді, осылайша операцияның стерильді болуын қамтамасыз етеді. Ота кезінде активті электродқа жабықан қан әсерінен ондағы ток күші төмендейді, сондықтан электродты жабысқан, кепкен қан қабатын(плекасын) тазартып отыру керек.

 
 
             

                               а)                    б)                         в)

6 сурет

        

Сонымен қатар ота кезінде электрод пен ұлпа арасында пайда болатын электр ұшқынының температурсы 30000С дейін жетеді, соның салдарынан ұлпа күйіп, жағымсыз иіс пайда болады, сондықтан ота жасалынатын аймақатағы ауаны вентиляциялау арқылы тазартып отырады.

    Электрокоагуляция дәрежесі ұлпаның физикалық параметрлеріне, оның ішінде импеденс шамасына тікелей байланысты болатындығын соңғы жүргізілген зерттеулер дәлелдеп отыр, оның оптималді мәні 1-1,5 кОм тең, мұнан басқа мәндерде ЭХ операциядан кейін кесілген жердің жазылу жағдайы күрделеніп кетуі мүмкін. Осы жағдайларға сәйкес қазіргі заманғы ЭХ құралдарда кесілетін ұлпаның  импеданстық күйіне байланысты операция кезіндегі құралдың қуатын автоматты түрде реттеу қарастырылған, яғни ұлпаның импеданстық көрсеткішіне сәйкес қажетті токты реттеп отырады. Осы мақсатта 100 кГц, 440 кГц, 1760 кГц ЖЖ ток қолданатын ЭХВЧ -100-5 «Коагулятор»; ЭХВЧ -350-4 «Универсал»; ЭХВЧ-20-01, «Martin ME 400» т.б. ЭХ құралдар қолданылады.

    Кез келген хирургиялық әрекет ұлпаның құрылымын бұзу ендігі белгілі. Бұл әркетті хирургтер мейлінше жылдам жасауға, пациентке өте аз зақым келтіруге тырысады. Соңғы жылдары электрохирургияда осы шартты орындауда үлкен табыстарға қол жеткізілді. Соның бірі ретінде АҚШ-тың «ArthroCare» корпорациясы ұсынған Coblation-технология деп аталатын жаңа әдісті атауға болады. Бұл әдісте ЖЖ токтың жылулық әсері қолданылмайды, керісінше, аз энергия жұмсап, төмен температурада ұлпаны кесуге қол жеткізіледі.

    Енді осы әдістің физикалық механизмін талдайық. Операция жасалынатын аймаққа ток өткізгіштігі жоғары болатын, NaCl физиологиялық ертінді жіберіледі. Электрод астындағы аймақтағы NaCl ертіндісің молекулалары ЖЖ ток өрісінің әсерінен иондарға ыдырап, жоғары концентрациялы «плазмалық аймақ» пайда болады. «ArthroCare» корпорациясы жүргізген зерттеулер мен эксперименттер аталған аймақтағы бөлшектердің энергиясы 4-5 эВ болатындығын және бұл энергияның биологиялық ұлпаны қоршаған ортадағы молекулаларды соққылап, олардың молекулалық байланыстарын бұзып, еркін радикалдарға ыдыратуға жеткілікті екендігін анықтады. Электрод астындағы аймақтағы ұлпаның молекулалары ыдырайды, ағзаға немесе мүшеге өте аз зақым келеді. Мұндай әдіс әсіресе көзге, нервке өте жақын орналасқан ұлпаны кесуде және алып тастауда таптырмайтын әдіс. Coblation-технология кезінде ұлпа арқылы ток өтпейтіндіктен, ол аймақ тек 40-700С қызады. 

            

System-2000 (Arthrocare) құралы.

 

Қазіргі кезеңде аталған фирма «COBLATOR» атты 100 кГц жиілікте жұмыс істейтін, шығыс кернеуі 0-300 В болатын, қуаты 300 Вт және System-2000 (Arthrocare) ЭХ құралдарды жасап шығырған және олар қолданыста (7- сурет).       

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІ ӨЗІ ТЕКСЕРУІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

 

1. Жоғары жиілікті тербелістерді қолдану дене…

a) молекуласының айналмалы қозғалысы мен ерекше әсеріне негізделген...

b) жылулық және электрлік әсеріне негізделген...

c) молекуласының бағдарлау мен ерекше әсеріне негізделген...

d) жылулық және арнайы әсеріне негізделген..

e) молекуласының ілгермелі қозғалысы мен ерекше әсеріне негізделген...

2. Дециметрлік толқынды терапия деп ...

a) метрлік диапазонда жататын, жиілігі жоғары электромагниттік толқынмен пациент денесінің белгілі бір аймағына әсер етуді атайды.

b) метрлік диапазонда жататын, жиілігі төмен электромагниттік толқынмен пациент денесінің белгілі бір аймағына әсер етуді атайды.

c) дециметрлік диапазонда жататын, жиілігі аса жоғары электромагниттік толқынмен пациент денесінің белгілі бір аймағына әсер етуді атайды.

d) сантиметрлік диапазонда жататын, жиілігі аса жоғары электромагниттік толқынмен пациент денесінің белгілі бір аймағына әсер етуді атайды.

3. Сантиметрлік толқынды терапияда …

a) жиілігі 40,6 мГц, ұзындығы 65 см. толқын қолданылады..

b) жиілігі 2375 мГц, ұзындығы 12,6 см. толқын қолданылады..

c) жиілігі 1000 мГц, ұзындығы 12,6 см. толқын қолданылады..

d) жиілігі 460 мГц, ұзындығы 65 см . толқын қолданылады..


Дата добавления: 2019-02-13; просмотров: 190; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!