Аванесов В.С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. М.:Мос.текст.акад. им.Косыгиан, 1996. -95 с. 12 страница



Дене атомдарын, молекулаларын қоздыру себептеріне байланысты люминесценция мынадай түрлерге бөлінеді:

· Фотолюминесценция- жарық (көрінетін сәуленің қысқа аймағы, УК сәуле) әсерінен атомдардың қозуы нәтижесінде пайда болады;

· Рентгенолюминесценция- рентген және гамма сәулелері әсерінен атомдардың қозуы нәтижесінде пайда болады (рентген аппаратының экраны, радиация индикаторлары);

· Катодолюминесценция- электрондар ағыны әсерінен атомдардың қозуы нәтижесінде пайда болады (кинескоп, осциллограф, монитор);

· Электролюминесценция- электр өрісі әсерінен атомдардың қозуы кезінде пайда болады(электр разрядымен газ молеккласын қоздыру-газ разрядты лампа);

· Хемилюминесценция- химиялық реакция әсерінен молекулалардың қозуы кезінде пайда болады;

· Биолюминесценция - биохимиялық реакциялар әсерінен биологиялық жүйенің қозуы кезінде пайда болады;

· Сонолюминесценция - ультрадыбыс әсерінен атомдардың қозу кезінде пайда болады.

    Жоғарыда атап өткендей, люминесценция құбылысы сыртқы әсер тоқталса да жалғаса береді, қалдық сәулелену ұзақтығына байланысты люминесценция: флуоресценция және  фосфоресценция деген түрлерге бөлінеді:

· Флуоресценцияда қалдық сәулелену ұзақтығы 10-9 – 10-8 с.

· Фосфоресценцияда  сәулелену ұзақтығы  10-4 – 104 с. 

 

Енді люминесценцияның кей түрлерінің пайда болу механизімін талдайық.

1) Фотолюминесценция құбылысы жиілігі n жарықтың фотондарының зат атомдарын немесе молекулаларын қоздыру нәтижесінде байқалады. Нәтижесінде, зат атомы қозбаған негізгі энергетикалық 1 күйден, қозған 2 күйге көшеді, ары қарай процесс 3 түрлі жолмен жүруі мүмкін.

1.  Қозған күйдегі атом немесе молекула жиілігі жұтқан жарық жиілігіне nл = n фотон шығарып бұрыңғы негізгі күйге қайта келеді. Мұндай люминесценция резонансты деп аталады (5 сурет).

2. Қозған күйдегі атом немесе молекула өзін қоршаған орта атомдары немесе молекулаларымен әрекеттесіп, сәуле шығармай төмен жатқан қозған күйдегі 2/  энергетикалық деңгейге орын ауыстырады. Онан соң, ол жиілігі төмен nл < n фотон шығарып негізгі күйге көшеді. Мұндай люминесценция стоксты деп аталады (6-сурет).

3. Қозған күйдегі атом немесе молекула өзін қоршаған орта атомдары немесе молекулаларымен әрекеттесіп, жоғары энергетикалық деңгейде жатқан 3/ қозған жаңа күйге орын ауыстырады. Онан соң, ол жиілігі жоғары   nл > n фотон шығарып негізгі күйге көшеді. Мұндай люминесценция антистоксты деп аталады ( 7-сурет).

 

                                                                     

 

 

              5 сурет                  6 сурет                        7 сурет

 

2) Хемилюминесценция. Химиялық реакцияда бөлінген энергия нәтижесінде байқалатын люминесценцияны хемилюминесценция деп атайды. Бұл кезде химиялық энергияның жарық энергиясына ауысуы орын алады және бөлінетін жарық не реакцияға түскен заттардан немесе зат құрамындағы қозған денеден шығады. Хемилюминесценция жарығының интенсивтілігі химиялық реакция жылдамдығына пропорционалды. Биологиялық жүйелерде байқалатын хемилюминесценция түрін биохемилюминесценция деп атайды. Биохемилюминесценция тірі жанулар мен жәндіктер әлеміне тән құбылыс, қазігіт таңда оның 250 тарта түрі кездеседі.  Биохемилюминесценция құбылысы тотығу реакциясы нәтижесінде, мысалы, липидтердің еркін радиклдар реакциясында байқалады.

        Люминесценция құбылысы медицина мен биологияда заттардың құрамына санды және сапалы талдау жүргізуде қолданылады.

        Биологиялық жүйлерде жарықтың жұтылуы ол жүйелерде ерекеше фотохимиялық реакциялар жүруімен қабаттасып келеді, өз кезегінде бұл реакциялар фотобиологиялық процестердің басы болуы мүмкін. Фотобиологиялық реакциялар деп – биологиялық жүйенің молекулалары жарық квантын жұтуымен басталып, ағза немесе ұлпаның сәйкес жауап реакциясымен аяқталатын құбылысты атайды. Фотобиолгиялық реакцияларға мыналар жатады:

· Фотосинтез - күн сәулесі энергиясының әсерінен органикалық молекулардың синтезделуі;

·  фототаксис- күн сәулесіне немесе оған қарсы жаққа қарай тірі жәндіктің (мысалы, бактериялар) қозғалуы;

· фототропизм- сәулеге немесе оған қарсы бағытқа қарай жапырақтың, шөп діңгегінің бұрылуы;

· фотопериодизм- тірі жәндіке «жарық-қараңғы» циклымен әсер ету арқылы оның сөткелік және жылдық циклын реттеу;

· көру- көзге түскен жарық энергиясын нерв импульсіне айналдыру;

· тері күйінің жарық әсерінен өзгеруі: эритема, эдема, күнге күй, пигментация, терінің күйуі, тері рагы;

        Барлық фотобиологиялық  процестер мына ретпен жүреді:

· жарық квантын жұтқан молекуланың қозуы;

· бірінші реттік фотохимиялық реакциялар нәтижесінде пайда болған заттардың жарықсыз химиялық реакцияларға түсуі;

· екінші реттік химиялық реакциялар;

· ұлпа немесе ағзаның физиологиялық жауабы.

    Енді  ультракүлгін сәулесінің тірі ағзаларға әсерін қарастырайық. Ультракүлгін сәулесі (УК) оптикалық диапазонның ең қысқа аймағы 180 нм ден 400 нм дейінгі аралықты алып жатыр. УК сәулені биологиялық әсерлерін байланысты 3- аймаққа бөледі:

·  400-320 нм, ұзын толқынды УК (ҰУК) «А» аймақ деп аталады; 

·  320-280 нм, орта толқынды УК (ОУК) «В» аймақ деп аталады; 

·  280-180 нм, қысқа толқынды УК (ҚУК) «С» аймақ деп аталады.

    Осы аймақтардағы ҰУК сәулесінің фотонының энергиясы төмен болғанымен оның денеге терең ене алатын қаблеті жоғары, ал ҚУК сәулесіне сәйкес келетін квантың энергиясы басқаларынан көп, бірақ денеге ену қаблеті төмен. Жалпы УК сәуле квантының энергиясы басқа сәулелер квантына салыстырғанда жоғары болғандықтан, оның биологиялық денелерге тигізетін әсер инфрақызыл (ИҚ) және көрінетін жарықпен (КЖ) салыстырғанда өзгеше болады. Кез келген сәуле, мейлі ол ИҚ, УК немесе КЖ болсын биологиялық денемен әсерлескенде түрлі дәрежеде жұтылады.

    Осы жерде мына мәселеге тоқтала кеткен жөн. Ұлпада жұтылған сәуле энергиясы энергияның басқа түріне, жылу мен химиялық түрлерге айналады, бұл процесс ағзада жалғасын одан ары тауып, фотобиологиялық процестерге ұласады. Инфрақызыл (ИҚ) және көрінетін жарық(КЖ) энергиялары негізінен жылуға айналса, УК сәуленің энергиясы фотобиологиялық процестерді жүргізуге ықпал етеді.

    УК сәуленің квантарының энергиясы жоғары болғандықтан оны жұтқан ұлпаның атомдары мен молекулалары қозған күйге көшеді, кейде мұндай кванттар әсерінен электрондар атомнан ажырап, соның салдарынан дене молекуласының құрылымында өзгерістер орын алады. Осының әсерінен белок молекулаларындағы әлсіз байланыстар бұзылып, еркін радикалдар пайда болады, күрделі молекуллар қарапайымға ыдырайды. Нәтижесінде биологиялық белсенді: ацетилхолин, гистамин, т.б. заттар пайда болады. Ал УК сәулесінің үлкен дозасы әсерінен нуклейн қышқылында құрылымдық өзгерістер байқалады, жасуша мутатциясы орын алып. Сонымен УК сәулесін жұту нәтижесінде ағза ұлпаларында жүретін атомдық және молекулалық құрылымдық өзгерістер жасушаның, ұлпаның, ағза мүшелерінің өмір сүруінің бұзылуына себеп болады. Сонымен қатар УК сәулесінің витамин жасаушы да қаблеті бар екендігі анықталды. Тері қабатындағы 7-дегридрохолестерин, эргостерин т.б. витаминге жақын заттар 280-310 нм аралықтағы УК сәуле әсерінен «Д» витаминіне айналады. УК сәулесінің мұнанда басқа көптеген әсерлері бар екендігін де қарастыру қажет.

    Енді ультракүлгін сәуле әсерінен ақуыз молекуласының құрылымының өзгеруін қарастырайық. УК сәуленің әcерінен ароматты күкірт құрамды  ақуыздар мен пиримидин негізді нуклейн қышқылдарының еркін радикалды пайда болады. Мысалы, триптофанға УК әсер еткенде мына түрдегі реакция жүреді:  

*.
*.
                            

                    АН + hn        AH*           +  + e-  А + H+ + е-

              

мұндағы АН – триптофан молекуласы, hn - УК сәуле кванты, AH+ - пайда  болған аралық катион- радикал, A- нейтрал радикал, e- сольватарлы электрон. Пайда болған бөлшектер өте реакцияшыл болып келеді, мысалы e-  сольватарлы электроны цистин ақуызымен әсерлесіп, оның дисульфидті байланысын бұзып, цистеин еркін радикалын пайда етеді. Бұл еркін радикалдар мембрананың өткізгіштік қабілетін бұзады, терінің күйуіне алып келеді және т.б. құбылыстар орын алады. 

    УК сәулені кварцты-сынапты, газразрядты шамдар арқылы өндіреді. Өндірілетін УК сәуленің құрамына сәйкес мұндай шамдар: интегралды және селективті болып бөлінеді. Интегралды шам УК сәуленің барлық спектрін, ал селективті- тек белгілі бір аймағын ғана шығарады. Интегралды УК жарық көзіне ДТР-100 Вт - ДТР-1000 Вт типті шамдары жатады, ал селективті УК жарық көзіне ЛУФ-153 шамы жатады, ол 320-400 нм аралықтағы, ал ЛЗ-153 шамы 310-320 нм жарық толқындарын өндіреді. Мұнан басқа ОУК-1, УУД-1, УФО-1500, т.б. шамдар да қолданылады. Жеке бөлмелерді, аураханалардағы палаталарды залалсыздандыруда селективті УК сәуле шығаратын, электр доғалы бактерицитті ДБ-15, ДБ-30 және ДБ-60 . шамдары пайдаланылады, олар 200-280 нм аралықтағы УК толқындарды таратады.

    Соңғы кездері кварц ыдыс арқылы аққан қанға УК сәулемен әсер ету арқылы емдеу шараларын өткізілуде. Мұндай сәуле әсерінен қанның формалы элементерінің функционалды белсенділігі артуы нәтижесінде, ағзадағы қабыну процестерінің әсерінен эритроциттердің мембрана қабатына жабысқан бөгде заттардан тазаруы жүреді. Мұндай емдік шаралар УФОК, МД-73М,ЛК-5И, «Изольда», т.б құралдар арқылы орындалады. УК сәулесін ағзаның түрлі инфекциялық ауруларға қарсы тұруын күшейтуде, балаларда рахит кеселін болдырмауда, тері ауруларын емдеуде, ағзаның иммундік жүйесін қалпына келтіруде қолданды.

 

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІ ӨЗІ ТЕКСЕРУІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

 

1. Жұтылу спектрі деп…………

1) жарық толқын ұзындығын мен оның жиілігі арасындағы байланысты атаймыз және ол мына түрде жазылады....

 2) жарық жылдамдығы мен ортаның оптикалық тызығдығы арасындағы байланысты айтамыз және ол мына түрде жазылады....

 3) ортаның оптикалық тығыздығының жұтылған жарық толқын ұзындығына тәуелділігін айтамыз және ол мына түрде жазылады....

 A) l = f(n)  

B) V=(D), 

C) D=f(l)

2) Бугер-Ламберт-Бер заңы тек….

А) жұтылу көрсеткіші айнымалы болып келген монохроматты сәулелер үшін ғана орындалады.

В) жұтылу көрсеткіші тұрақты болып келген монохроматты емес сәулелер үшін ғана орындалады.

С) жұтылу көрсеткіші тайнымалы болып келген когерентті сәулелер үшін ғана орындалады.

Д) жұтылу көрсеткіші тұрақты болып келген монохроматты сәулелер үшін ғана орындалады.

Е) жұтылу көрсеткіші тұрақты болып келген когерентті сәулелер үшін ғана орындалады.

3. Монохроматты жарық деп...

А. толқын ұзындығы бірдей жарық ағынын атаймыз.

В.  интенсивтілігі бірдей толқындар ағынын атаймыз.

С. толқын ұзындығы бірдей, бірақ жиілігі әр түрлі жарық ағынын атаймыз.

Д. кәдімгі жарық ағыны атаймыз.

4) D=Ig (1/T) қатынасымен анықталатын шаманы

  А) жұтылу коэффициенті деп аталады.

  В) жұтылу көрсеткіші деп аталады

  С) ерітіндінің тығыздығы деп аталады

  Д) ерітіндінің концентрациясы деп аталады

  Е) ерітіндінің оптикалық тығыздығы деп аталады.

 5) Жарықтың жұтылуы деп.........

А) ортаның сындыру көрсеткішінің жарық жиілігі немесе толқын ұзындығына тәуелділігін айтады және ол.....

В) орта арқылы тараған жарық интенсивтілігінің кемуін айтады және ол........

С) ортада таралған жарық шоғыныңбарлық бағытта таралуынайтады және ол......

Д) электрондар эмиссия,ортаның электрлік өткізгіштігінің өзгеруін немесе Э.Қ.К. пайда болуы сиақты құбылыстар жиынтығын айтады және ол.......

1. n=f(L) өрнегімен сипатталынады

2. I=Ioe-k*l*c өрнегімен сипатталады.

3. I=1/L4 өрнегімен сипатталады.

      4. hv=A+m2/2 өрнегімен сипатталады 

6. Фотоколориметр КФК-2 құралы

1. толқын ұзындығы 315-980 нм аралығында жататын.....

2. толқын ұзындығы 380-760 нм аралығында жататын......

А. монохроматты сәулелер көмегімен...

В. күрделі сәулелер көмегімен...

  I. денелердің жұтылу спектрін алуға арналған

II. денелердің шығару спектрін алуға арналған.

7. Жарық зат арқылы өткен кезде,ол.......

А) тор ішіндегі еркін электрондарды тербеліске түсіреді.

В) тор түйіндеріндегі теріс иондарды тербеліске түсіреді.

С) оң иондарды тепе-теңдік күйдің маңында өтетін тербеліске түсіреді

Д) атомдардағы электрондарды тербеліске түсіреді.

Е) атомдардағы молекулаларда тербеліске түсіреді.

8. Жарықтың жұтылуы деп кез-келген заттар арқылы өткендігі

  А) энергиясының артуын айтады

  В) тербеліс жиілігінің артуын айтады.

  С) интенсивтілігінің кемуін айтады.

  Д) заттардың тығыздығына әсерін айтады.

  Е) заттардың электрлік кедергілерінің кемуін айтады

9. Лабораториялық жағдайда Бугер-Бер –Ламберт заңы мына түрде жазылады...

A. D = lg(I/I0), мұндағы D,C,I0 ...

B. D =e ∙ С ∙l , мұндағы D,C,l ......

C. C =D × С/ l , мұндағы D,C,l ......

D. lg(I/I0) =e ∙ С /D,  мұндағы D,C,I0 ... ...

E. D =e 2 ∙C/∙l , мұндағы D,C,I0 ... ...

1. D ертіндінің оптикалық тығыздығы, С ерітінді концентрациясы, l ертіндіңің қалыңдығы.

2. D ерітінді концентрациясы, С, ертіндінің оптикалық тығыздығы I0 түскен жарық интенсивтілігі.

3. D ертіндінің оптикалық тығыздығы, С түскен жарық интенсивтілігі, I0 ерітінді концентрациясы.


Дата добавления: 2019-02-13; просмотров: 202; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!