Аванесов В.С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. М.:Мос.текст.акад. им.Косыгиан, 1996. -95 с. 7 страница



                                        

 

                             

                                           + + + + - - - - - - - - -

                аксон

                                            + + + + - - - - - - - - -

                                           - - - - - + + + + + + +

 

5- сурет.

    Осылайша пайда болған «жергілікті (локальный) ток» деполяризацияланған бөлікке жанасып жатқан қозбаған нерв талшығының бөлігін тітіркендіріп, оны қоздырады, нәтижесінде ол бөлікте әрекет потенциалы пайда болады, бұл құбылыс келесі бөлікке ауысып, жалғаса береді. Ток жасушаның сыртқы қабаты арқылы қозбаған бөліктен қозған бөліке қарай жүреді, ал ішкі ортада ток керісінше бағытталады.

Кез келген электр тогы сияқты «жергілікті ток» мембрананы тіріркендіріп, мембрананың иондарды өткізуін жоғарылатады, бұл құбылыс өз кезегінде осы бөлікте әрекет потенциалын тудырады, ол келесі бөлікті қоздырады, процесс осылайша жалғасып, нерв талшығы бойымен импульс тарайды. Бұл кезде бұрын қозған мембрана бөлігінде қайта қалпына келу процессі, яғни реполяризация (тыныштық потенциланының орнауы) құбылысы жүреді. Импульстің аксон бойымен тарауы бір бағытта мембрананың қозған бөлігінен келесі бөлігіне қарай жүреді . Мембрананың осының алдында ғана қозуды өткізген бөлігі біраз уақыт бойы қозбаған - рефракторлы күйін сақтайды, сондықтан импульс кері бағытта тарамайды.

Нерв импулісінің (әрекет потенциалының) таралуы нерв талшығының қасиетіне байланысты. Нерв талшығы миелинді және миелинсіз деген екі түрге бөлінеді. Миелинді нерв талшығының цилиндр тәрізді орта бөлігі аксоплазмамен толтырылған, сырты цитоплазмалы мембранамен қапталған болып келеді. Нерв талшығының цилиндр тәрізді өсінің әр жерінің 0,2 мкм ден 2 мкм сайын қабаты жаңалаштанған болып келеді. Мұндай аймақтарды нерв талшығының түйіні немесе Ранвье үзілісі деп атайды және бұл аймақтар жасушаның сыртын алып жатқан ертіндімен жанасады. Ранвье үзіндісінің ұзындығы жобамен 1 мкм тең (6- сурет).   

    Нерв жасаушасын миелинді қабаты липидтер мен ақуыздардан тұрады сондықтан ол изолятор болып табылады. Осы себепті қозу аксон мембранасының тек ашық аймақтарында (Ранвье үзіндісінде) пайда болады, бұл кезде аксонның басқа аймақтарында потенциалдар айырымы тұрақты, сыртқы орта оң, ішкі орта теріс зарядталған болып келеді.

 

 


 

 

                        

6-cурет

                                                                                                          

    Миелинді нерв қабатынның деполяризацияланған А бөлігіндегі қозу келесі Б бөлігіне өтеді, бұл құбылыс ар қарай тек В нүктесінде жалғасады, ал бұрын қозған күйде болған Б нүктесі қозуды сезбейтін рефакторлы күйде біраз уақыт болады. Осы себепті импульстер нерв арқылы тек бір бағытта ғана тарайды ( 7- сурет).                                                                                                       

 


7- сурет.

 

    Миелинді нерв талшығы арқылы импульстердің осылайша таралуын секірмелі немесе сальтоторлы деп атайды. Импульстің сальтаторлы таралуы нерв импульстерінің таралу жылдамдығын артыруға мүмкіндік береді және мембрананың өте аз бөлігінің қозуы аз иондарды тасмалдауға, яғни натрии және калии иондық насостарының жұмысына аз энергия жұмсауға мүмкіндік туғызады.

    Нерв талшығы арқылы әсер потенциалының х қашықтықа және t уақытқа байланысты таралуы телеграф теңдеуі арқылы сипатталады екен және оның шешуі мына өрнекке тең:

j = j0е-х/l,

мұндағы j - х нүктедегі потенциал мәні, х- қозған жерден потенциалы анықталынатын нүктеге дейінгі қашықтық, l - нерв талшығының тұрақтысы, ол деполяризия потенциалының е есе кемуіне тең ара қашықтық.  Нерв талшығыынң тұрақтысы мына шамаға тең:

 

l = ÖrMDa/2ri,

 

мұндағы rM- нерв талшығы қабатының меншікті электр кедергісі, D - қабат қалыңдығы, a – нерв талшығының радиусы, ri – цитоплазманың меншікті электр кедергісі. Бұл өрнектерден миелинсіз нерв талшығы үшін нерв талшығы тұрақтысының үлкен шама болған сайын импульстің таралу жылдамдығы артатындығы байқалады, ал ол өз кезегінде аксон радиусы мен мембрананың меншікті кедергісінің үлкен, цитоплазманың меншікті кедергісінің аз болғандығын сайын үлкен шама болатындығын көреміз.

    Миелинді нерв талшығында қозудың таралуы Ранвье үзіндісінің ұзындығына байланысты болады екен. Жүргізілген өлшеулер импульстің таралуы бір үзілістен екінші үзіліске дейін 0,07 мс екендігін көрсетті. Нерв радиусы 10 мкм болатын талшықтағы импульстардың таралу жылдамдығы 120 м/с тең.

    Аутоиммундық аурулардың бірі склероз нерв талшығының миеленді қабаттың бұзылуынан, нерв талшығының ашылып қалуынан пайда болады. Соның әсерінен нерв импульстарының ашылып қалған нерв аймағындағы таралу жылдамдығы нашарлайды, нәтижесінде көру мен қозғалу қабілеті төмендейді, бұлшық еттердің әлсізденуі байқалады т.б. Сондай ақ- нерв талшығының демиелендігі басқа да аурулар себебінен де пайда болуы мүмкін, мысалы невралгия, радикулит, түрлі полиневропатология.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІ ӨЗІ ТЕКСЕРУІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. ХХ ғасырдың 50 жылдары Ходжикин, Хаксли және Катц мембрананың

А. заттарды таңдап өткізуінен...

В. иондарды өткізуінен...

С. иондарды таңдап өткізуінен... 

1. оның ішкі мен сыртқы орталарындағы зат концентрациясының әр түрлі болуы биопотенциалдың пайда болуының басты себебі деген қорытынды жасады.

2. оның ішкі мен сыртқы орталарындағы иондардың концентрациясының тең болуы биопотенциалдың пайда болуының басты себебі деген қорытынды жасады.

3. оның ішкі мен сыртқы орталарындағы иондардың концентрациясының әр түрлі болуы биопотенциалдың пайда болуының басты себебі деген қорытынды жасады. 

                  2. Тәжірибе қозбаған мембрананың (кальмар аксоны)...

А. калий иондарын орташа, ал натрии және басқа иондарды жақсы өткізетіндігін көрсетті. Осының салдарынан және ...

В. натрии иондарын жақсы, ал калий және басқа иондарды нашар өткізетіндігін көрсетті. Осының салдарынан және ...

С. калий иондарын жақсы, ал натрии және басқа иондарды нашар өткізетіндігін көрсетті. Осының салдарынан және ... 

1. фильтрация құбылысы әсерінен.... 

2. жеңілдетілген диффузия құбылысы әсерінен....

3.  диффузия құбылысы әсерінен.... 

I. натрии иондары сыртқа қарай тасымалданады, ал сыртқы ортадағы иондар...

II. калий иондары ішке қарай тасымалданады, ал ішкі ортадағы иондар...

III. калии иондары сыртқа қарай тасымалданады, ал сыртқы ортадағы иондар... 

a) ішке ене алмайды, олар үшін мембрана өтімділігі өте төмен. Сонымен...

b) ішке енеді, олар үшін мембрана өтімділігі өте жоғары. Сонымен...

c) сыртқа өтеді, олар үшін мембрана өтімділігі өте жоғары. Сонымен...

01. ішкі ортаға өткен натрии иондары ортаны оң зарядтайды, ішкі ортадаға оң зарядтардың біраз бөлігін калий алып кеткендіктен, ішкі орта теріс зарядты болады.

02. сыртқы ортаға өткен натрии иондары ортаны теріс зарядтайды, ішкі ортадаға оң зарядтардың біраз бөлігін натрии алып кеткендіктен, ішкі орта оң зарядты болады.

03. сыртқы ортаға өткен калии иондары ортаны оң зарядтайды, ішкі ортадаға оң зарядтардың біраз бөлігін калий алып кеткендіктен, ішкі орта теріс зарядты болады. 

    3. Тыныштық потенциалының пайда болуына...

А. K, Na және Cl атомдарының қатысы бар. Қозбаған мембрананың...

В. K+, Na+ және Cl- иондарынының қатысы бар. Қозбаған мембрананың...

С. K-, Na- және Cl- иондарынының қатысы бар. Қозбаған мембрананың...

1. бұл иондарды өткізбеу коэффициенті...

2. бұл атомдарды өткізу коэффициенті...

3. бұл иондарды өткізу коэффициенті...

I. PK : PCl: PNa = 1 : 0,04 : 0,45, мұнан калий ионының натриға салыстырғанда өтімділігі...

II. PK : PNa : PCl = 1 : 0,45: 0,04, мұнан натрии ионының хлорға салыстырғанда өтімділігі...

III. PK : PNa : PCl = 1 : 0,04 : 0,45, мұнан калий ионының натриға салыстырғанда өтімділігі... 

01. 3 есе жоғары екендігі көрінеді, яғни тыныштық потенциалының пайда болуында...    

02.  25 есе төмен екендігі көрінеді, яғни тыныштық потенциалының пайда болуында...   

03. 25 есе жоғары екендігі көрінеді, яғни тыныштық потенциалының пайда болуында...   

a) калии мен натрии иондарының концентрациялары басты роль атқаратындығы келіп шығады. 

b) натрии мен хлор иондарының концентрациялары басты роль атқаратындығы келіп шығады. 

c) калии мен хлор иондарының концентрациялары басты роль атқаратындығы келіп шығады. 

4. Гольдман, Ходжкин және Катц тыныштық потенциалының басты теңдеуін мына түрде ұсынды:

                           А. j M = RF/T lg , мұндағы...

                           В. j M =-RT/F , мұндағы...

                            С. j M = -RT/F ln , мұндағы...

  1. мұндағы i және 0 иондардың ішкі және сыртқы ортадағы концентрациясы, РК, РNa РCl  сәйкес иондар үшін мембрананың өткізгіштік коэффиценті.  

2. мұндағы i және 0 иондардың сыртқы және ішкі ортадағы концентрациясы, РК, РNa РCl  сәйкес иондар үшін мембрананың өткізгіштік коэффиценті. 

3. мұндағы 0 және i иондардың ішкі және сыртқы ортадағы концентрациясы, РК, РNa РCl  сәйкес иондар үшін мембрананың өткізгіштік коэффиценті. 

              5. Жасушаны сыртқы тітіркендіргіштер (механикалық, жылулық, электрлік) арқылы қозған күйге көшірсек, мембрананың...

А. натрии иондарын өткізуі 500 есе кемиді, бірақ калии иондарын өткізу дәрежесі артады.

В. натрии иондарын өткізуі 500 есе артады, бірақ калии иондарын өткізу дәрежесі өзгеріссіз қалады. Осы құбылыстың әсерінен...

С. калии иондарын өткізуі 500 есе артады, бірақ натрии иондарын өткізу дәрежесі өзгеріссіз қалады.

1. натрии ионының мембрана ішіне қарай өтуі кемиді, бұл ондағы потенциалдар айрымын төмендеуіне, соңынан оның ішкі қабатының оң зарядталуына алып келеді. Жасушадағы бұл құбылысты...

2. натрии ионының мембрана ішіне қарай өтуі күшейеді, бұл ондағы потенциалдар айрымын төмендеуіне, соңынан оның ішкі қабатының оң зарядталуына алып келеді. Жасушадағы бұл құбылысты...

3. калии ионының мембрана ішіне сыртына қарай өтуі күшейеді, ондағы потенциалдар айрымын төмендеуіне, соңынан оның ішкі қабатының оң зарядталуына алып келеді. Жасушадағы бұл құбылысты...

I. поляризация деп атайды.

II. реполяризация деп атайды.

III. деполяризация деп атайды.

4 дәріс.  КАРДИОМИОЦИТЕ  ӘРЕКЕТ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ

ПАЙДА БОЛУ МЕХАНИЗМІ.

 

Лекция жоспары:

1. Кардиомиоцитегі әрекет потенциалы.

2. Миокард жасушасындағы ионнық насостар.

3. Кардиомиоцит фазалары.

4. Кардиомиоцитің өткізгіштігін зерттеу әдістері.

5. Эйтховен теориясы. 

6. ЭКГ. Жүрек потенциалын өлшеу әдістері.

 

    Лекция мақсаты: Жүрек миокардында биопотенциалдың пайда болуы механизмін, деполяризация ұзақтығының ерекшеліктерін талдау. Жүрек бұлшық етінде биопотенциалдың таралуын қарастыру. Эйнтховен теориясының негізгі және ЭКГ түсірудің принциптерімен танысу.

 

Жүрек бұлшық ет жасушаларындағы әрекет потенциалының түрі мен пайда болуы механизмі және оның деполяризация ұзақтығы жүйке талшықтары мен қаңқа сүйек бұлшық ет жасушаларындағы әрекет потенциалының ұзақтығынан өзгеше. Мысалы, кальмар аксонындағы әрекет потенциалының ұзақтығы 0,5-1 мс болса қаңқа сүйек бұлшық еттегі 2-3 мс болады, ал жүрек қарыншасының миокардындағы әрекет потенциалының ұзақтығы 250-300 мс созылады (1 сурет).           

                          мВ

                                       

 
                                                                                              

 

                                 

 

 

                                                    

 

 

1 сурет

 

    Мұндай ұзақ уақыт жүрек бұлшық ет құрылымының қозуы мен жиырылуының синхронды болуын қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде қан айдауға мүмкіндік береді. 

    Кардиомиоциттағы әрекет потенциалының өзгеше болуы жасушаның ішкі және сыртқы орталарындағы иондардың таралуына тікелей байланысты. Кардиомиоцит пен қаңқа сүйегі бұлшық еттерінде калии және натрии иондарының концентрациясы жақын. Бірақ, кардиомиоцитте әрекет потенциалының пайда болуы мен жүректің жиырылуында кальции иондарының үлкен үлесі бар екендігі анықталды. Кальции ионы жасушаның сыртында 2 ммоль/л болса, ішінде өте аз 10-4 ммоль/л шамасында. Ал жүректің жиырылуы кезінде, жасуша ішінде бос кальции иондарының концентрациясы 103 ммоль дейін артуы мүмкін, бірақ бұл артық иондар реполяризация кезінде жасушадан сыртқа шығарылады.

Кардиомиоциттегі иондар баланысын калии, натрии және кальции иондық насостары қамтамасыз етеді, олар жасушадан сыртқы ортаға активті тасымалдау арқылы натрии және кальции иондарын айдайды, ал пассивті тасымалдау арқылы ішке кальции, натрии, сыртқы ортаға калии иондарын айдайды (2 сурет).

                                                                 

    

 

               

 

                                                                                                                          

                                                                                                

 

               

 

                                                                  


Дата добавления: 2019-02-13; просмотров: 228; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!