Аванесов В.С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. М.:Мос.текст.акад. им.Косыгиан, 1996. -95 с. 21 страница



“Алока” фирмасы көлемдері шағын конвексті датчиктерді жасап шығарды. Олар қабырға аралық кеңістік арқылы жүректі көруге және кескіндеу мүмкіндік береді. Беткі мұшелерді зерттеуде сызықты датчиктерді қолданған дұрыс. Себебі конвекстіге қарағанда аз тереңдікте бақылау аймағы кең, “көрінбейтін аймақ” аз. Конвексті датчиктің тағы бір артықшылығы секторлыға (механикалық) салыстырғанда таза электронды, онда қозғалатын механикалық бөлік жоқ, динамикалық фокусировкаға ие, кескіндеу тереңдігінде бірнеше рет фокусталады, соған сәйкес жоғары сапалы ультрадыбыстық кескін алынады, соның салдарынан көру тереңдігінің мүмкіндік шекарасы артады. Конвексті датчиктердің дене бетіндегі бақылау аймағы секторлыға қарағанда кеңірек. Конвексті датчиктер әйелдер мүшелерін, абдоминальды мүшелерді зерттеуде, шарананы зерттеуде қолданылады.

Арнайы датчиктер

«Алока-630» аппаратына көптеген арнайы датчиктер қосуға болады. Олар датчиктерді зерттейтін мүшеге жақынырақ оранласуға, ультрадыбыстың жоғары жиілігі арқылы үлкен айқындылықпен зерттеуге мұмкіндік береді.

 

1. Интраоперациялық датчиктер.

Бұл датчиктер сызықты және конвексті кескіндеу принципіне негізделген. Олар операция кезінде ішкі мүшелерді зерттеуге арналған. Сызықты датчиктерге қарағанда олардың көлемдері шағын, жиіліктері 5 немесе 7,5 МГц пішіні Т-тәрізді және L-тәрізді болып келеді ( 4 сурет).

 

 

     
4-сурет. Интраоперациялық датчиктер  

 


2. Интравагиналді датчиктер.

Бұл датчиктер конвексті кескіндеуге негізделген. Олардың арнайы ұстағышы бар, дененің бір жақ жанын көруге қолданылады.

 

     
 
5-сурет. Сүт және ұйқы безiн зерттеуге арналған датчик

 


3. Сүт және ұйқы безін зерттейтін датчик. Бұл датчик 7,5 МГц-тегі секторлы механикалық датчикке негізделген. Жақын жатқан мүшелерді, сүт, ұйқы безін, ұйқы артериясын зертеуге арналған( 5-сурет).

 

4. Интраректалді датчиктер.

Бұл датчиктерде 5 және 7,5 МГц жиілікпен сызықты кескіндеу принципі пайдаланылады. Олар тік ішек арқылы ішкі мүшелерді, жатарды зерттеуде қолданылады.

 

Кардиологиялық ульрадыбыстық зерттеу

Жүректі зерттеуде (кардиологиялық датчиктер) орташа фокустық, 3 немесе 3,5 МГц секторлық датчиктері қолданылады. 5 МГц датчиктерде ультрадыбыстың ену тереңдігі аз болғандықтан, кардиологияда шектелген масштабты түсіруде, әсіресе балаларды зерттеуде қолданады.

Қазіргі сканерлердің ультрадыбысты кескіннің бір кадрын ғана есте сақтауға мұмкіндігі бар. Жүректі көру және кескіндеу кезінде жүректің жиырылу сәтіндегі белгілі бір кезеңді ғана (диастола, систола) суретке түсіру қажетігі туындайды. Сондықтан кардиологиялық зерттеулерге арналған УДЗ құралында, ультрадыбыстық кескінді электрокардиограммалармен(ЭКГ) үйлестіретін синхронизациялаушы бөлік болады. УДЗ курсорының көмегімен ЭКГ-да жүрек жиырылуы кезіндегі қажетті кезеңді таңдауға және кардиограмманың таңдалған кезеңін ультрадыбысты кескінде тоқтатып түсіруге болады. Мұндай бөлік физиологиялық сигналды көрсету бөлігі деп аталады. Кардиограмма мониторында көрсету бөлігінен басқа синхронизация бөлігі бар. Бұл бөлік УДЗ экранында жүректің фонын, пульстік толқынды көрсетеді. Сондықтан блоктардан тұратын электродтардан бөлек жүрек фонының микрофонын, пульстік толқынның датчигін қоюға болады.

SSD-500, SSD-630, SSD-650 сканерлерінде абдоминальді конвексті кардиологиялық датчиктер қолданылады. Олар ультрадыбыспен қабырғааралық мөлдір кеңістіктен жұректі кескіндеуді жұргізуге мұмкіндік береді.

Арнайы кардиологиялық зерттеулер жүргізу ұшін “Алока” фирмасы 5 және 7,5 МГц эзофагиналді конвексті датчиктер жасап шығарды. Бұл датчиктер ас қорыту жүйесі арқылы жүрекке жақын келіп, жиілігі 5 немесе 7,5 МГц ультрадыбыспен үлкен аймақты тұсіре алады.

Кардиологиялық зерттеулерде кейде М-режимі қолданылады. БҰл режимде кескіндеу жоқ. Датчиктен шыққан ультрадыбыс сәулелері тұзу сызық бойымен таралады да, Ұлпа тығыздығы өзгерген шекарадан шағылады (яғни мұше бетінен, жаңа пайда болған нәрседен).

Шығылған сәулені датчик қабылдайды да, монитор экранында жарық нұкте тұрінде көрінеді. Ультрадыбыспен ұздіксіз сәулелендіргенде экранда жұрек Ұлпаларының шекарасына сәйкес келетін бірнеше жарық қисықтар көрінеді.

Доплерография

 

Жоғарыда көрсетілгендей, доплер бөлігі қан ағыны жылдамдығын өлшеуде қолданылады. Сондай-ақ зерттеу мәліметін арттыру ұшін аппарат микрокомпьютері долпер сигналының спектралді сипатамасын есептейді.

Доплер сигналының спектралді сипаттамасының пішіні сканер мониторының экранында кескінделеді. Жүрек клапандарының, түпкі тамырлардың доплер сигналдары спектрінің атласы жасалған. Атлас жүрек бөлігі жұмысының патологиялық бұзылуын пішіні бойынша анықтауға мұмкіндік береді.

Доплер датчигінен шыққан ультрадыбыс сәулесі мүмкіндігінше қан ағыны бағытымен сәйкес келуі тиіс. Осы кезде ғана доплер сигналының шамасы максимал болады. Егер ультрадыбыс сәулесі қан ағыны бағытына перпендикуляр болса, доплер сигналы нольдік мәнге ие болып, сондықтан қан ағыны жылдамдығын өлшеу мүмкін болмай қалады. Доплерографияның 2 негізгі әдісі бар: үздіксіз (CW) және импульсті (PW).

Үздіксіз доплерографияда ультрадыбыс негізгі сәуленің барлық ұзындығы бойында шағылады. Сондықтан бүкіл түтік бойындағы қан ағынының интегралдық жылдамдығын өлшеуге болады, өлшеу шегі 10 м/сек. Үздіксіз доплерография жіңішке тамырлардағы қан ағыны жылдамдығын өлшеуде қолданылады. Жүректің белгілі бір бөлігіндегі қан ағыны жылдамдығын анықтауда импульсті доплерография қолданылады. Импульсті доплерографияда қан ағыны жылдамдығын өлшеу шегі 7,5 м/сек.

“Алока” фирмасы мынадай датчиктерді шығарады: 3 МГц тік ASU-32CWD-3; 5 МГц тік ASU-32CWD-5. Бұлар екі элементті секторлы датчиктер – бірі кескіндеу үшін, ал екіншісі – доплерография үшін қолданылады. Екі элементті секторлық датчикті пайдаланғанда, сканер микрокомпьютері бір мезгілде, экран мониторында доплерлік УД-сәулесі бағытымен нүктелік сызық және доплерлік шағылған сигналдың таңдау белгісін кескіндейді. Белгі орналасқан жерде қан ағыны жылдамдығын өлшеу жұргізіледі (6-сурет). Осы берілгендердің барлығын монитор бетінде көрініс табады.

 

 


Доплерография кардиологияда қан ағыны жылдамдығын, қысым градиентін, минуттық көлемді, пульсті, шунтты қан ағынын (құлақша аралық, не қарынша аралық бөліктердің ақаулықтарын) өлшеуде қолданылады.Ішкі абдоминалді мүшелерді зерттеуде доплерография шектеулі түрде қолданылады.УД-толқынының емдік әсері, ағзада күрделі физиологиялық реакция тудыратын ультрадыбыстың комплексті, механикалық және физико-химиялық әсеріне негізделген.  

«Алока-630» құралы келесі мүшелерді ультрадыбыспен кескіндеуге мүмкіндік береді:

1. Жүрек.

2. Ішкі мүшелер (бауыр, бұйрек).

3. Жыныс мүшелерін, матка.

4. Шарананы.

5. Ерлер жыныс мұшелерін.

6. Ұйқы және сүт бездерін.

7. Ұйқы артериясын.

8. Нәресте және  үлкен адамдардың миын.

 

«Алока SSD -630» құралының құрылысы

Аппараттың негізгі басқару бөліктері: монитор, датчиктер, датчиктерді қосатын ұя. Ол құралдың оң жақ бүйірінде (бөлігінде) орналасқан. Сондай-ақ монитордағы кескінді принтер арқылы шығаратын бөлік және құралдың сол жақ бүйрінде (бөлігінде) оны жұмысқа қосатын «сеть» тумблері орналасқан. Негізгі басқару панелінде мыналар орналасқан (7 сурет): 1- курсорды жылжытып объектінің ауданын, сызықтық өлшемдерін анықтауға арналған шар(мышка-тышқан); 2- көрністі суретке түсіру тетігі; 3- көрінген кескіннің  геометриялық өлшемдерін анықтауды таңдау(ауданын, ұзындығын, көлемін т.б.)тетігі. 4-алдын-ала программаланған тапсырмаларды орындауға арналған көп функционалды қосқыштар(акушерлік, кардио); 5-датчиктерді таңдау қосқыштары; 6-әріптік сандық мәтін жазуға арналған пернетақта (клавиатура); 7- монитор; 8-датчиктерді «М», «В» немесе «МВ» режимінде жұмысқа қосу қосқыштары; 9- режимді таңдау тетігі; 10- датчиктер тұтатын ұя; 11-монитордағы көрністің жарықтығын, анықтығын реттейтін тетіктер; 11- «+» және «Х» курсор белгілерін таңдау тетігі; 12- монитордағы кескінді тоқтату түймесі (стоп-кадр). 13- кескінді қалыңдығы (тереңдігі) бойынша анық көрсетуді реттегіш тетік;

 

 


7 сурет Алока SSD-630» құралын басқару панель

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІ ӨЗІ ТЕКСЕРУІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Ультрадыбыс деп.....

a) жиілігі 20 кГц төмен, есту әсерін тудыратын серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз.

b) жиілігі 20 кГц төмен, есту әсерін тудырмайтын серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз.

c) жиілігі 20 Гц төмен, есту әсерін тудыратын серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз.

 d) жиілігі 20 кГц – 20 мГц, есту әсерін тудыратын серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз. 

 е) жиілігі 20 кГц жоғары, есту әсерін тудырмайтын серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз.

    2.Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) құралының жұмыс істеу принципі … негізделген.

a) ішкі ағзалардан ультрадыбыс толқындарының сынуына...

b) ішкі ағзаларда дыбыс толқындарының сынуына...

c) ішкі ағзалардан дыбыс толқындарының шағылуына...

d) ішкі ағзалардан ультрадыбыс толқындарының шағылуына...

    3. Ультрадыбыстық диагностикада … датчиктер қолданылады.

a) сызықты, параметрлі және конвексті…

b) тек секторлы және конвексті…

c) секторлы, сызықты және параметрлі…

d) тек сызықты және конвексті датчиктер…

е) сызықты, секторлы және конвексті…

    4. Диагностикада ультрадыбыстық зерттеу … негізделген.

a)  жылулык әсеріне…

b) механикалық әсеріне…

c) тығыздығы әртүрлі ұлпа шекарасынан сыну құбылысына…

d) тығыздығы әртүрлі ұлпа шекарасынан ультрадыбыстың жұтылу құбылысына...

е) тығыздығы әртүрлі ұлпа шекарасынан ультрадыбыстың шағылу құбылысына...

    5. Секторлы сканерлеу кезіндегі шолу аймағы

a) 60 градус бұрышты сектор болып келеді, оның көрінбейтін аймағының тереңдігі 3-4 см.

b) 120 градус бұрышты сектор болып келеді, көрінбейтін аймағының тереңдігі 5-8 см жолақ болып келеді.

c) 140-160 градус бұрышты сектор болып келеді., оның көрінбейтін аймағының тереңдігі 3-4 см.

d) 80 градус бұрышты сектор болып келеді, оның көрінбейтін аймағының тереңдігі 3-4 см.

    6. Сызықты сканерлеу кезіндегі шолу аймағы … болып келеді.

a) 60 градус бұрышты сектор болып келеді, оның көрінбейтін аймағының тереңдігі 3-4 см.

b) 120 градус бұрышты сектор болып келеді, көрінбейтін аймағының тереңдігі 5-8 см жолақ болып келеді.

c) 140-160 градус бұрышты сектор болып келеді., оның көрінбейтін аймағының тереңдігі 3-4 см.

d) 5-8 см жолақ болып келеді, көрінбейтін аймағы өте аз.

    7. Конвексті сканерлеу кезіндегі шолу аймағы … болып келеді.

a) ені 5-8 см жолақ...

b) 80 градус бұрышты сектор...

c) 140-160 градус бұрышты сектор...

d) 60 градус бұрышты сектор...

    8. Шолу аймағы … түрінде болады.

a) сызықты сканерлеуде 8-15 см жолақ, секторлы сканерлеуде – 60 градусты бұрыш, конвексті сканерлеуде – 80 градусты бұрыш...

b) сызықты сканерлеуде 5-8 см жолақ, секторлы сканерлеуде – 80 градусты бұрыш, конвексті сканерлеуде – 120 градусты бұрыш...

c) сызықты сканерлеуде 5-8 см жолақ, секторлы сканерлеуде – 120 градусты бұрыш, конвексті сканерлеуде – 60 градусты бұрыш...

d) сызықты сканерлеуде 10-20 см жолақ, секторлы сканерлеуде – 80 градусты бұрыш, конвексті сканерлеуде – 60 градусты бұрыш...

е) сызықты сканерлеуде 5-8 см жолақ, секторлы сканерлеуде – 80 градусты бұрыш, конвексті сканерлеуде – 60 градусты бұрыш...

    9. Доплерография әдісі деп .... өлшеуді атайды.

a) қанның көлемін...

b) қанның көлемі мен жылдамдығын ...

c) қан ағысының үдеуін...

d) қан ағысының жылдамдығын..

    10. Доплерография әдісі деп...

a) қанның көлемін өлшеуді атаймыз, ол ..

b) қан ағысының удеуін өлшеуді атаймыз, ол... 

c) қан ағысының жылдамдығын өлшеуді атайды, ол ...

1. шағылған сәуле жиілігінбазисті сәулемен салыстырғандағы өзгерісі арқылы анықталынады. 

2. түскен сәуле интенсивтілігін базисті сәулемен салыстырғандағы өзгерісі арқылы анықталынады.

3. сынған сәуле жиілігінбазисті сәулемен салыстырғандағы өзгерісі арақылы анықталынады. 

    11 УД диагностикада ..... жиілікті датчиктер қолданылады.

a) 0,5-2,0 МГц

b) 12,5-17,5 МГц

c) 8,5-12,5 МГц

d) 13,0-20,5 МГц

е) 2,5-7,5 МГц

    12. УД өтімділігі..

a) оның интенсивтілігіне тәуелді.

b) оның жиілігіне тәуелді, жиілік жоғары болған сайын УД терең енеді

c) зерттелінетін дене тығыздығына тәуелді, ал жиілікке тәуелді емес.

d) оның жиілігіне тәуелді, жиілік төмен болған сайын УД терең енеді

    13. Конвексті датчиктің артықшылығы...

a) көрінбейтін аймақтың болмауы және бір фокустың болуы.

b) шолу аймағы тереңдігінің аздығы кескіннің анық көрінуіне мүмкіндік береді.

c) шолу аймағының тар және УД үшін мөлдірлік терезенің болуы және бүйрек, бауыр, ұрықты сканирлеу мүмкіндігінің болуы.

d) шолу аймағының кең болуы көптеген ішкі мүшелерді сканирлеу мүмкіндігінің болуы.

   14. Секторлы датчиктің кемшілігі...

a) дене бетінен тереңдігі 3-4 см көрінбейтін аймақтың және бір фокустың болуы.

b) шолу аймағының аздығы кескіннің анық көрінуіне мүмкіндік береді.


Дата добавления: 2019-02-13; просмотров: 210; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!