Аванесов В.С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме. М.:Мос.текст.акад. им.Косыгиан, 1996. -95 с. 20 страница



                                            ТК× 4% = (ТК- ӨК)× 6%,

мұнан ӨК = 1/3× ТК. 

    Сонымен өлі кеңістік 180-200 мл болады. Өкпенің өмірлік сиымдылығының мәнін теориялық жолмен Людвиг теңдеуі арқылы анықтауға болады:

Ер адам үшін ӨТС = 40 × бойы (см) + 30 × салмағы (кг) – 4400,            әйел үшін ӨТС = 40 × бойы (см) + 10 × салмағы (кг) – 3800.

    ӨӨС мәнінің 15% төмендеуі өкпе патологиясының бар екендігін көрсетеді, бірақ адам жасының ұлғайуына сәйкес ӨӨС мәні төмендейтіндігін ескеру керек.

                       Ер адамдар үшін ӨӨС мәні

                                                                                №1 кесте

 

Бойы,

см

Дене салмағы, кг

50 55 60 65 70 75 80
160 3500 3650 3800 3950 4100 4250 4400
165 3700 3850 4000 4150 4300 4450 4600
170 3900 4050 4200 4350 4500 4650 4800
175 4100 4250 4400 4550 4700 4850 5000
180 4300 4450 4600 4750 4900 5050 5200

                                             

Әйелдер үшін ӨӨС

                                                                          №2 кесте

 

Бойы,

см

Дене салмағы, кг

50 55 60 65 70 75 80
155 2900 2950 3000 3050 3100 3150 3200
160 3100 3150 3200 3250 3300 3350 3400
165 3300 3350 3400 3450 3500 3550 3600
170 3500 3550 3600 3650 3700 3750 3800
175 3700 3750 3800 3850 3900 3950 4000
180 3900 3950 4000 4050 4100 4150 4200

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІ ӨЗІ ТЕКСЕРУІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Тыныс алу депағза жасушаларының қоршаған ортамен ... алмасуын айтады.

a) су мен жылу…;

b) көмірқышқыл газы , оттегі және газ…;

c) жарық және зат…;

d) энергия…

e) қоректенетін зат…

2. Тыныс алу үшін өкпе...

А) альвеолдардағы қысым сыртқы атмосфералық қысымнан жоғары болуы керек. Соның нәтижесінде... 

В) альвеолдардағы қысым сыртқы атмосфералық қысымнан төмен болуы керек. Соның нәтижесінде... 

С) альвеолдардағы қысым сыртқы атмосфералық қысымға тең болуы керек. Соның нәтижесінде... 

1. ауа өкпеге енеді, бұл процесс .....

2. ауа өкпеден сырқа шығады, бұл процесс...

І. альвеолардағы қысым атмосфералық қысыммен теңескенде ауа қозғалысы тоқтайды.

ІІ. альвеолардағы қысым атмосфералық қысыммен теңескенде ауа қозғалысы басталады.

ІІІ. альвеолардағы қысым атмосфералық қысымнан артқанда ауа қозғалысы тоқтайды.

3. Спирометрияда графикалық жолмен зерттеу нәтижелерін тіркеу арқылы алынған графикалық сызбаны ... деп атайды.

a) энцефалограмма…;

b) спирограмма…;

c) миограмма…;

d) кардиограмма…;

e) ретинограмма…

4. Дем шығару фазасында өкпедегі....

a) қан айналуы әсерінен өндірілетін күш әсер етеді, нәтижесінде...

b) серпімді ретракция әсерінен өндірілетін күш әсер етеді, нәтижесінде …

c) механикалық жұмыс әсерінен өндірілетін күш әсер етеді, нәтижесінде …

1. альвеолдардағы қысым атмосфералық қысыммен артық болды. Сондықтан...

2. альвеолдардағы қысым атмосфералық қысыммен кем болды. Сондықтан ....

3. альвеолдардағы қысым атмосфералық қысымға тең болды. Сондықтан ....

І. өкпедегі ауа бір қалыпты күйде қалады.

ІІ. өкпедегі ауа бір сыртқа шығады.

ІІІ. өкпедегі ауа жылынады.

5. Тыныс алу көлемі деп ...

a) дем шығарған кезде .

b) дем алу кезінде …

c) өкпенің жалпы көлемін…

1. өкпе жұтқан ауа көлемін  айтады. Ол ....

2. өкпе шығарған ауа көлемін  айтады. Ол ....

І. 1200 -1500 мл болады.

ІІ. 300-500 л болады.

ІІІ. 500-800 мл болады.

6. Тыныс алу жиілігі деп...

a) бір минут ішіндетыныс алу циклының санын.

b) бір секунд ішіндегі тыныс алу жиілігін

c) барлық альвеолдардың санын. .

d) тыныс алудың секунтық көлемін айтады.

e) тыныс алудың минуттық көлемін айтады.

7. Өкпенің қалдық көлемі деп толық дем шығарғаннан кейін ... көлемін айтады.

a) тек альвеолардағы ауа...

b) тыныс алудың минуттық…

c) тыныс алу…

d) өкпеде қалатын ауа…

e) резервті…

8. Қалыпаты жағдайда альвеолярлы көлем, тыныс алу көлемінің ...  құрайды.

a) 80-90% ;

b) 60-70% ;

c) 40-50%;

d) 20-30%;

e) 100-110%

10. Альвеолға жететін және газ алмасуға қатысатын тыныс алу көлемінің бөлігін ... деп атайды.

a) тыныс алу жиілігі...

b) альвеолдардың саны...

d) альвеолярлы көлем…

e) минуттық альвеолярлы вентиляциясы...

11. Өкпе вентиляциясы, қалыпты жағдайда тыныс алу бұлшық еттерінің ырғақты жиырылуы кезінде ... үдеріс.

a) зат алмасатын…

b) ешқандай өзгеріс тудырмайтын…

c) дем алумен дем шығару ырғақты алмасып тұратын екі фазалы…

d) тек дем алуды қамтамасыз ететін екі фазалы…

e) тек дем шығаруды қамтамасыз ететін екі фазалы…

12. Өкпенің өмірлік сиымдылығы (ӨӨС) деп...

a) пациенттің қалыпты жағдайда жұтқан ауа көлемін атайды. Ол..

b) пациенттің жұтқан ең үлкен ауа көлемін атайды. Ол ..+

c)  пациенттің қалыпты жағдайда шығарған ауа көлемін атайды. Ол..

1. ТК мен резервтік көлемнің қосындысына тең. ӨӨС шамамен...

2. ТК мен дем шығарудың резервтік көлемінің қосындысына тең. ӨӨС шамамен...

І. 8-10 л көлемінде тең болады.

ІІ. 10-12 л көлемінде тең болады.

ІІІ. 0,5-8 л көлемінде тең болады.

12  дәріс.  УЛЬТРАДЫБЫСТЫ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНУ. УЛЬРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУ ҚҰРАЛЫ «АЛОКА-630».

 

Ультрадыбыс деп есту әсерін тудырмайтын, жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз. Көбіне мұндай тербелістерді электр тербеліс генераторы арқылы өндіреді, ол магнитострикция немесе кері пьезоэлектрлік әсері құбылысына негізделген. Магнитострикция құбылысы – айнымалы магнит өрісінің әсерінен ферромагнитті өзекшенің тербелуі, ал кері пьезоэлектрлік әсер – айнымалы электр өрісінің әсерінен пьезоэлектр пластиналарынын тербелуі. Екі жағдайда да өзекшемен немесе пьезе пластинкамен қоршалған ортада көлденең ультрадыбысты толқындар тарайды, әсіресе ол резонансты жиіліктерде қатты байқалады.

Ультрадыбыстың таралу жылдамдығы дыбыс толқындарындай, бірақ толқын ұзындығы біршама кіші, сондықтан ультрадыбыс толқындары оңай фокусталады.

Ультрадыбыс толқының интенсивтілігі 1 сантиметр квадрат ауданға ондаған ватт, ал фокусталғанда бірнеше жүздеген немесе мыңдаған ваттқа дейін жетеді.

Ультрадыбыс толқындары тығыздықтары әр-түрлі екі орта шекарасында шағылады және сынады, толқынның екі орта шекарасында шағылу дәрежесі толқын кедергісінің қатынасына тәуелді. Жиілігі 2,5 МГц УД-толқыны 24 сантиметрге дейін денеге енеді, 3-3,5 МГц – 16-18 сантиметрге дейін, 5 МГц – 9-12 см, 7,5 МГц – 4,5 сантиметрге дейін енеді. УД-толқынының жиілігі жоғары болған сайын оның өте кішкентай нәрселерді дәлірек байқау мүмкіндігі артады.

Ультрадыбысты медицинада пайдалану оның заттарға механикалық, физико-химиялық, биологиялық және жылулық әсер етуіне негізделген.

УД-толқындарының механикалық әсері заттардың микроқұрылымының деформациясымен байланысты, яғни толқын әсерінен дене құрамындағы молекулалар тербеліске түседі.

УД-толқындардың интенсивтілігі артқанда заттардың құрылымының бұзылуы байқалады. Бұйректегі тастарды майдалайтын УД-емдеу аппаратының жұмысы толқындардың осы қасиетіне негізделген. Ал сұйықтарда бұл кавитация тудырады, яғни сұйық ортада газ немесе сұйық буымен толтырылған микроқуыстар пайда болуы. Олар бір-біріне жақындандасып, үлкен қысыммен соқтығысады. Бұл процесс ортаның иондануына, молекулалардың дисоциациялануна, сондай-ақ жылудың пайда болуына алып келеді. УД-толқындарының әсерімен вирустар, бактерияларды өлтіруге болады. Сондықтан оны стерилизациялауда пайдаланады. Ал УД-ның азғана қуаты әсерінен жасуша мембранасының өтімділігі артады да, ұлпадағы зат алмасу процессі күшейеді.

Медициналық практикада УД-толқындары диагностикалық және емдік мақсаттарда қолданылады.

УД зерттеу (УДЗ) ультрадыбыстың әр-түрлі тығыздықтағы ұлпалармен бөлініп тұрған шекарадан шағылу құбылысына негізделген.

УДЗ құрылғысы үздіксіз және импульсті режимдегі УД-толқындарын шығаратын пьезоэлектрлік генератордан, биологиялық денеден шағылған УД толқындарын қабылдайтын пьезоэлектрлік датчиктен, оның сигналдарын өңдейтін микропроцессордан, кескінді бақылайтын монитордан т.б. көптеген қосымша бөліктерден  тұрады.

Барлық ультрадыбыстық диагностикалық аппараттар локация принципі бойынша жұмыс істейді. Екі орта шекарасынан шағылғын сәуле және негізгі сәуленің ортадан шағылу және таралу  уақытының әр түрлі болуы, объектінің орналасу тереңдігін анықтауға, ал датчикті қозғалта отырып олардың пішінін білуге болады.

Датчик қабылдаған УД микропроцессорда өңделіп кескін  құрылғысына жіберіледі. Осы арқылы дәрігер мониторда дененың бөлігінің кескінін, мүшелердің пішінін (формасын) сондай-ақ ондағы жаңа пайда болған нәрселерді (ісік, тастар т.б.) көре алады.

УД-толқындары сондай-ақ қан ағыны жылдамдығын өлшеуде де қолданылады. Бұл әдіс Доплер эффектісіне негізделген.

Доплер эфффектісі деп – бір-біріне қатысты қозғалыс кезіндегі негізгі УД толқын мен оның шағылысқан толқыны арасындағы  жиіліктің өзгеруін айтады. Жиіліктің әр-түрлі болуына қарай зерттелген дене қозғалысыынң  жылдамдықты анықтауға болады. Доплерография әдісінде қозғалыстағы эритроциттен шағылған ультрадыбыс жиілігі, датчиктен шыққан негізгі сәуле жиілігінен өзгеше болады. Негізгі толқынмен салыстырғанда, шағылған ультрадыбыстың жиілігінің артуы немесе кемуі қан ағыны бағытына байланысты (датчикке-қарай немесе оған қарсы). Қан ағыны жылдамдығы қаншалықты үлкен болса, шағылған ультрадыбыс жиілігі соншалықты үлкен жиілікке өзгереді. Осы мәліметтерді салыстыра отырып, УДЗ құралының  микропроцессоры қан ағыны жылдамдығын есептейді.

Зерттелетін мүшенің орналасу тереңдігіне және өлшемдеріне байланысты мынадай датчиктер қолданылады: секторлық, конвексті, сызықтық (1-сурет).

           1                   2                            3

1 сурет. 1- конвексті, 2- секторлы, 3- сызықты

 датчиктер

УД диагностикада негізінен жиілігі 2,5; 3,0; 3,5; 5,0; 7,5 МГц датчиктер қолданылады. Датчиктің жиілігі аз болған сайын, сәуленің денеге ену тереңдігі жоғары болады. Бірақ бұл жағдайдағы ультрадыбыстың денені анық көру мұмкіндігі азаяды. Берілген датчиктердің ішіндегі анық көру мүмкіндігі жоғарысы 7,5 МГц жиілігі датчик.

Секторлық датчиктің корпусында бір пьезокерамикалық элемент орналасқан( 2 сурет).

Секторлы датчиктің артықшы лығы:

· бүкіл мүшені қамтиды, тереңдегі мен бақылау аймағының үлкендігі. Мысалы: бүйректі немесе шарананы толығымен көру;

· ультрадыбысқа арналған кішкене “мөлдір терезелер” арқылы көру, түсіру мүмкіндігі, мысалы: қабырға арасы арқылы жүректі түсіру, әйелдер органдарын    зерттеу.  


Секторлы датчиктердің кемшіліктері:

· дене бетінен 3-4 см “көрінбейтін аймақтың” болуы (бұл аймақты секторлы датчикпен зерттеу мұмкін емес).

· датчиктің бір фокусты болуы.

Фокустаудың мүмкіндік шекары үлкен болғандықтан секторлы датчиктер: ұзын – фокусты (ішкі мүшелерді зерттеуде), орта фокусті (кардиологияда) қысқа фокусті (балаларды зерттеуде, беткі мұүелерді) болып бөлінеді. Сызықты датчиктердің бақылау аймағының ені 5-8 см болады. Сызықты датчиктің элементтері сканердің электронды схемасы арқылы басқарылады.


Сызықты  датчиктің артықшылығы:

· “көрінбейтін аймақтың” аз болуы, беткі мүшелерді зерттеу мұмкіндігі;

· “динамикалық фокусировка” толқынның таралу бағыты бойынша бірнеше фокустың болуы, сол арқылы терең қабатты түсіруде жоғары айқындылықты қамтамасыз етеді.

Сызықты  датчиктің кемшіліктері:

· секторлы датчиктерге қарағанда терең қабаттарды бақылау аймағының тарлығы, яғни бүкіл мүшені толығымен бірден

көруге мүмкін болмауы;

· жүректі түсіру мұмкін еместігі және

әйелдердің жыныс мүшелерін түсіру қиындығы.

 

    Сондықтан сызықты датчиктер абдоминальды  мүшелерді (бауыр, бүйрек т.б.), акушерлікте шарананы зерттеуде ғана қолданылады.

 

Конвексті датчик. Сызықты датчиктер сияқты көптеген пьезокерамикалық элементтерден тұрады. Олар қисық (конвексті) бетімен орналасқан және сканердің электронды схемасымен қосылған. Конвексті датчиктердің де секторлы және сызықты датчиктер секілді артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Конвексті датчиктердің артықшылығы. Сызықтыға қарағанда дене бетіндегі зерттеу аймағы аз, ал терең қабатында көп. Сондықтан конвексті датчиктерді, сызықты датчиктермен көру мүмкін болмайтын аймақты зерттеуде қолдануға болады, мысалы: әйелдер жыныс мұшелерін.


Дата добавления: 2019-02-13; просмотров: 197; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!