Дифференциал ь ды диагностика сы . 4 страница



 Полиневрит, синовиит, тері және тері асты майлы клетчаткасының некрозы, гепатит сияқты сарысулық асқынулары сирек кездеседі.

 Дисбактериоз – антибактериальды препараттар (көбінесе кең спектірлі антибиотиктер) қолданудың нәтижесінде дамиды. Дисбактериоз биоценоз бұзылыстарына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: кандидозды, протейлік, стафилококкты, колибациллярлы, аралас микрофлораның өзгерістерінің дәрежесі бойынша компенсацияланған, суб- және декомпенсацияланған варианттары ажыратылады. Дисбактериоз жергілікті, жайылмалы және жүйелік (генерализацияланған, немесе септикалық) түрде өтуі мүмкін. Көбінесе ішек дисбактериозы дамиды.

 Ішек микрофлорасының зақымдалуы ас қорыту процестерінің бұзылыстарына, эндогенді интоксикацияға әкеп соғады; екіншілік иммунодефициттің және басқа мүшелерде қабыну процестердің пайда болуына әкелуі мүмкін.

 Ішек дисбактериозының көріністеріне жиі сұйық немесе жартылай сұйық нәжіспен, іштің ауыру немесе қолайсыз сезімі, метеоризм жатады. Сонымен қатар дене салмағы төмендейді, гиповитаминоз (глоссит, хейлит, стоматит, терінің құрғақтығы түрінде), дерматит, астения, анемия дамиды. Кейде ұзақ субфебрилитет болады. Ректоромоноскопия арқылы тік және сигма тәрізді ішектер шырышты қабатындағы қабыну және субатрофиялық өзгерістерін анықтауға болады.

Орофарингеальды дисбактериоз кезінде ауыз-жұтқыншақтағы қолайсыз сезім және күйдіру сезімі, жұтынудың бұзылуы мазалайды. Қарап тексергенде шырышты қабаттың гиперемиясы және құрғауы, глоссит, хейлит анықталады.

Жұқпалы аурулар дың  профилактикасы (алдын -алуы)

Эпидемиологиялық процесс даму үшін 3 негізгі звено қажет: аурудың көзі,                                           аурудың берілу  механизмі және жолдары, қабылдауыш тұрғындар. Профилактикалық шаралар осы 3 звеноға қарсы бағытталады. Аурудың  көзіне әсер ету: науқасқа дер кезінде диагноз қойып, оны оқшаулап емдеу, бактериятасымалдаушыларды анықтау, ауру жануарларды емдеу т.б.

Аурудың берілу жолдарын үзу үшін дезинфекция, дезинсекция, дератизация және санитарлы- ағарту шаралар қолдану қажет.

Үшінші звеноға әсер ету:арнайы және арнайы емеспрофилактика. Жасанды иммунитет дамыту үшін вакциналар, иммундық сарысулар және гамма- глобулиндер қолданылады.                                         

Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру

Біздің елімізде жұқпалы науқастарға көмек көп деңгейден тұрады.Біріншілік сатыға жалпы емдік жүйе жатады (учаскелік дәрігер, жалпы тәжірибе дәрігері, жедел жәрдем дәрігері). Келесі саты – жұқпалы аурулар кабинеті және жұқпалы аурулар ауруханасы. Ауруханадан шыққан соң науқас қайтадан учаскелік дәрігердің, жалпы тәжірибе дәрігердің немесе жұқпалы аурулар кабинетінде бақылауында болады. Жұқпалы аурулардан кейін диспансерлік бақылау ұзақтығы нозологияға сай әр түрлі болады (1 айдан 2 жылға дейін).

Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.

Жұқпалы аурулардың таралуын алдын алу үшін науқастар оңашаланады. Жұқпалы науқастардың оңашалануы 2 түрде өткізіледі: үй жағдайында және жұқпалы ауруханаға жатқызу. Науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу инфекция көзін толығымен шектейді. Науқастар ауруханаға клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жатқызылады. Клиникалық көрсеткіштер бойынша ауруханаға  аурудың орташа ауырлық, ауыр түрлерімен ауырған науқастар, ал эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша аурудың ауырлығына қарамай аса қауіпті инфекцияларға күмәнданған кезде, үй жағдайында оқшалауға мүмкіндік болмағанда, және жатақханада, интернатта, казармада тұратын адамдар жатқызылады.

Басқа ауруханалармен салыстырғанда жұқпалы аурухананың бірнеше ерекшеліктері бар. Оның құрылымы мен жұмыс тәртібі инфекция көзін (яғни науқасты) шектеуге; аурухана ішілік зақымдануды алдын алуға және жұқпалы науқастардың еміне бағытталған.

 Жұқпалы аурухананың негізгі құрылымдық бөлімдеріне бокстелген бөлімшелер, науқастарды қабылдау бөлімшесі, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі, хирургиялық, рентгенологиялық бөлімшелер, зертхана, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімше, асхана, залалсыздандыру камерасы, орталық стерилизация бөлімшесі, патологоанотомиялық бөлімше жатады.

Жұқпалы аурухана жұмысының негізгі принципі ағынды-өткізбелі жүйе болып табылады, яғни науқас ауруханаларда басқа жұқпалы аурулармен ауырған науқсатармен қатыспайды.     Санитарлық көлiкпен жеткiзiлген науқастар қабылдау бөлiмшесiнiң бөлек бокстарында қабылданады. Жұқпалы науқасты жеткiзген автокөлiк дезинфекцияланады. Бокстардың iшке кiру және сыртқа шығу есiктерi бөлек. Сыртқы есiк арқылы науқас боксқа кiрiп, дәрiгердiң тексеруiнен және санитарлық өңдеуден кейiн шығады. Медициналық қызметкерлер боксқа iшкi есiк арқылы кiредi. Әрбiр науқастан кейiн бокста дезинфекция жүргiзiлуi керек.

Қабылдау бөлiмшесiнен науқас басқа науқастармен қатыспай, арнайы бөлiмшеге жеткiзiледi. Бөлiмшелерге науқсатар нозология бойынша жатқызылады.

Егер науқас ауа – тамшылы жолмен жұғатын аурумен ауырса, немесе осындай ауруға күдiк болса, оны боксталған бөлiмшеге жатқызады. Боксталған бөлiмшеге аса қауiптi карантиндiк аурулармен ауырған науқастар жатқызылады. Олар боксқа қабылдау бөлiмшесiнен тыс жеткiзiледi.

Бокстың құрамына науқас жататын бөлме, дәретхана, шомылатын бөлме, сыртқы кiреберiс (предбоксник) және iшкi кiреберiс кiредi. Iшкi кiреберiс арқылы медицина қызметкерлерi кiрiп шығады, тағам жеткiзiледi. Бұл жерде қолжуғыш және қызметкерлердiң халаты орналасады. Сыртқы кiреберiс арқылы науқас боксқа кiргiзiледi және емделген соң шығарылады. Бұндай бокс толық немесе Мельцер (1990 жылы жұқпалы аурухана проектiн ұсынған орыс инженерi Э.Мельцер атымен) боксы деп аталды. Жартылай бокстың құрылысы ұқсас, бiрақ оның сыртқы кiреберiсi жоқ. Оңашалауды қажет етпейтiн науқасты палаталық бөлiмшеге жатқызады. Бұндай бөлiмшелер құрылысына палаталар, бiрнеше изоляторлар (оңашалау бөлмелерi) және қосымша бөлмелер (асхана, санитарлық бөлме, дәретхана т.б) кiредi. Әртүрлi емдiк және диагностикалық процедураларға арнайы бөлмелер бөлiнедi (мысалы егу бөлмесi).

Диагнозы анықталмаған науқастар (ауа–тамшылы инфекциядан басқа) диагностикалық (сараптау) бөлiмшесiне жатқызылады. Диагноз анықталған соң науқас профилдi бөлiмшеге ауыстырылады. Бөлiмшеге жаңа түскен науқастар сауығып жатқан науқастармен және асқынулары бар науқастармен бiрге жатқызылмайды. Мүмкiндiк бойынша палаталарды бiр уақытта толтырып, сол науқастарды бiр уақытта шығарады. Жұқпалы науқастардың ауруханада жату ұзақтығы екi фактормен бөдiнедi: науқастың клиникалық сауығу дәрежесiмен және жұғу кезеңiнiң аяқталуымен.

Бөлiмшедегi санитарлық – гигиеналық тәртiпке палаталарда, бокстарда және басқа бөлмелердi тазалау; дезинфекция және дезинсекция; науқастарды шомылдырып, киiмiн ауыстыру; науқастардың және қызметкерлердiң жеке гигиена ережелерiн сақтау жатады. Науқасты күту заттары (судно, грелка, горшок т.б) жеке болуы тиiс, немесе олар дезинфектанттармен залалсыздандыруы қажет.

Насқастарға екi деңгейде көмек көрсетiледi. Мейiрбикелер емдiк манипуляция-ларды, ауыр науқастардың арнайы күтiмiн және тамақтануын қамтамассыз етедi. Санитарлық және кiшi мейiрбикелер бөлмелердi тазалайды, судно берiп алады, төсек төсейдi т.б. Науқастардың туыстары әкелген заттар мен тағамдар арнайы бөлмеде қабылданады. Әкелген заттардың iшiнде науқасқа қарсы көрсетiлген өнiмдер болмауын бақылау керек.

Медицина қызметкерлерi өздерiн заласызданудан сақтау үшiн және қоршаған адамдарға инфекция болмау үшiн бөлiмшенiң санитарлық тәртiбiн және жеке гигиена ерекшелiктерiн сақтауға тиiстi.

                                   Емхананың жұқпалы аурулар кабинетi

Жұқпалы аурулар кабинетi (ЖАК) – емхананың бөлiмi болып табылады. Оның негiзгi мiндетi жұқпалы науқастарды ерте анықтау және емдеу бойынша мамандандырылған кеңестiк жұмысты қамтамассыз ету және ұйымдастыру - әдiстемелiк жұмыс жүргiзедi. ЖАК–ң жұмысы, есептiк құжаттарды жабдықтауы және қызметкерлердiң мiндеттерi бiрнеше нормативтi құжаттармен белгiленген.

                                    ЖАК – ң негiзгi мақсаттары:

1) Науқастарға емханада және үйде кеңес беру, оларды емдеу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

2) Жұқпалы ауруларды амбулаторлық жағдайда зерттеу және емдеу, оларды ауруханаға жолдау ережелері,

 ЖАК-тегі диспансерлік бақылауды қажет етпейтін жұқпалы ауру реконвалесценттердің емін жалғастыру бойынша емхана дәрігерлеріне (жалпы тәжірибе дәрігерлеріне) кеңестік көмек көрсету.

Сонымен қатар ЖАК қызметкерлері жұқпалы аурулар реконвалесценттердің және бактериятасымалдаушылардың бақылауын жүргізеді; ауруханадан шыққан науқасқа реабилитация шараларын өткізеді және науқастарды, бактерия немесе паразиттасымалдаушыларды тіркейді. ЖАК жұмысының маңызды бөлігі – жұқпалы ауруларды алдын алу бойынша және бірінші медициналық көмек көрсету бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.

ЖАК мейірбикесі дәрігерге мамандандырылған медициналық көмекті көрсетуде атсалысады; зертханалық зерттеуге материал жинайды; емдік тағайындауларды орындайды; науқастың туыстарын күту және эпидемияға қарсы шаралар өткізу ережелеріне үйретеді; ағынды дезинфекция өткізеді.

ЖАК меірбикесі дәрігер – инфекционисттің басқаруымен жұмыс істейді.

Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы

Диспансеризация (француз dispensaire - босату) - аурулардың дамуын және таралуын алдын алуға, адамның еңбекке жарамдылығын қалыптастыруға және оның белсенді өмірлік кезеңін ұзартуға бағытталған шаралар комплексі.

  Диспансеризацияның негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын, еңбекке жарамдылығын сақтау және жақсарту, адамдар өмірін ұзарту болып табылады. Бұл мақсатта ауруларды белсенді анықтау және ерте емдеу, аурудың пайда болу және таралу себептерін анықтау және жою, санитарлық гигиеналық, профилактикалық, емдік – сақтау және әлеуметтік шараларды өткізу жолымен жетеді.

  Жұқпалы аурулар реконвалесценттерінің диспансерлік бақылауы бұйрықтарға және нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Жұқпалы ауруханадан шығарылған реконвалесценттер ЖАК дәрігерінің немесе учаскелік дәрігердің (жалпы тәжірибе дәрігері) диспансерлік бақылауына жолданады.

Көптеген жұқпалы ауруларда диспансерлік бақылау мерзімдері, ЖАК дәрігердің тексеру жиілігі, лабораториялық және басқа зерттеулер тізімі және кезеңділігі белгіленген. Қажет болса басқа мамандардың кеңесі жүргізіледі: терапевт, кардиолог, невропотолог және т. б. Сонымен қатар, жұқпалы аурулар реконвалесценттерінің диспансеризациясы мақсаттарына емдік – сауығу, реабилитациялық шаралар жүргізу, қосымша патологияны анықтау және емдеу кіреді. Егер қажеттілік болса медикаментозды ем жалғастырылады. Диспансерлік бақылауды жүргізетін дәрігер науқас өмірінің саласын жақсартуға бағытталған, диета бойынша ұсыныстар береді; физиотерапиялық процедуралар, емдік дене шынықтыру және санаториялық – курорттық ем туралы сұрақтарды шешеді. Одан басқа дәрігіердің міндеттеріне науқастың еңбек және демалыс тәртібі туралы, уақытша еңбекке жарамсыздың экспертизасы туралы сұрақтарды шешу кіреді.

Тағам өндірісінде жұмыс істейтін немесе оларға теңестірілген адамдарда ұзақ бактериятасымалдаушылық анықталса, эпидемиологпен бірге олардың басқа жұмысқа ауыстырылуы туралы сұрақ шешіледі.

Реабилитация (латын re – қайта; habititas – қасиет, жарамдылық) – науқастың ауру әсерінен бұзылған денсаулығын және еңбекке жарамдылығын тез және толық қалыптастыруға бағытталған медициналық және әлеуметтік – экономикалық шаралар жүйесі.

Жұқпалы аурулар кезіндегі науқастың реабилитациясы ең алдымен организм тіршілігін демеуге және науқастың жаңа жағдайларға, қоршаған ортаға, сонымен қатар әлеуметтік факторларға (қоғам, еңбек) үйренуін жақсартуға бағытталған.

Жұқпалы аурулар кезіндегі реабилитациялық шараларды аурудың өршу кезеңінде немесе ерте реконвалесценция кезеңінде бастау керек.

Ауруханадан шыққан соң реабилитация өту үшін науқастар реабилитациялық орталықтарға немесе санаторияларға, одан кейін емханаларға (ЖАК) жолданады. Реабилитация орталықтарындағы және санаториялардағы қалыптастыру шаралары міндетті болып табылмайды. Жұқпалы науқастарының көбісі реабилитациялық емді ауруханада, кеін емханада (ЖАК) өтеді. Егер науқас ауруханаға жатқызылмаған болса барлық реабилитациялық шаралар амбулаторлық – емханалық қызметпен өткізіледі.

Реабилитация комплексті түрде жүреді. Негізгі емдік – қалыптастыру шаралары – тәртіп (аянышты, аянышты шынықтыру, белсендіруші), емдік диета, емдік дене шынықтыру, физиотерапия, психотерапиялық әдістер. Сонымен қатар, фармакологиялық дәрілер де қолданылады: ноотропты препараттар, адаптогендер, поливитаминдер. Аурудың нозологиялық түріне назар аудару керек.

II ТАРАУ.  ЖЕДЕЛ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ және ИНВАЗИЯЛАРЫ

Іш сүзегі. А және В парасүзектері

Анықтамасы. Іш сүзегі – Salmonella typhi бактерияларымен қоздырылатын, фекальды-оральды механизмімен берілетін, ащы ішектің лимфоидты аппаратын зақымдануымен өтетін, клиникасы айқын интоксикациямен, жоғары тұрақты қызбамен, розеолезді бөртпемен, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюмен сипатталатын жедел антропонозды жұқпалы ауру.

Тарихи мәліметтер. Сүзек-парасүзек тобының аурулары өте ерте заманнан бері белгілі. Бұл аурудың клиникалық ағымын жазған Гиппократ (460-377 ж. б.э.д.) екені де мәлім. XIX ғасырдың ортасында іш сүзегі ағымының ерешеліктері жазылғанмен, ол дербес ауру ретінде, одан қоздырғыштар табылғаннан кейін ғана қарастырыла бастады. Краковта (1874) Т. Брович және Санк-Петербургта (1876) Н.И.Соколов ішектің пейеровті қатпарлы табақшаларынан таяқша түріндегі микробтарды тапқан, ал К.Эберт (1880) –іш сүзегінен өлген адамдардың көк бауыры мен мезентериальды лимфатикалық түйіндерінен сондай микробтарды тауып алған. А.И.Вильчур (1887) науқас қанынан іш сүзегінің микробын бөліп алды.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 607; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!