Дифференциал ь ды диагностика сы . 3 страница



Көк тамырға еңгізу үшін аминоқыщқылдардың дайын жиынтықтары (полиамин, аминофузин, аминостерил т.б.), инсулин қосылған (3-4 г. глюкозаға 1 бірлік) (5-50%). Сонымен қатар, минеральды заттар, витаминдер тағайындалады.

Этиотропты ем

Жұқпалы аурулардың этиотропты емінің негізгі әдісі – химиотерапия әр түрлі топтарға жататын антимикробты дәрілер (антибиотиктер; сульфаниламидтік препараттар; нитрофуран туындылары, вирустық репликация ингибиторлары т.б.) қолдану.

Антибиотиктерәсер ету механизмі бойынша 3 топқа бөлінеді – микроағзалардың қабырғасының синтезінің ингибиторлары; микробтық нуклеин қышқылдары мен белоктық синтезінің ингибиторлары; молекулярлы құрылымды және жасуша мембранасының функциясын бұзатын препараттар.

Микробтық клеткаларға әсер етуі бойынша бактерицидтікжэне бактериостатикалық антибиотиктерді ажыратады.

Химиялық құрамы бойынша антибиотиктер бірнеше топқа бөлінеді:

- аминогликозидтер (гентамицин, канамицин, т.б.)

- ансамакролидтер (рифампицин, рифамицин т.б.)

- беталактамдар (пенициллиндер, цефалоспариндер т.б.)

- палиендер (амфотерицин В, нистатин т.б.)

- макролидтер (олеандомицин, эритромицин,т.б)

- полимиксиндер (полимиксин М т.б.)

- тетрациклиндер (доксициклин, тетрациклин, т.б.)

- хлорамфеникол (левомицетин)

- фузирен, т.б.

Табиғи антибиотиктермен қатар синтетикалық және жартылай синтетикалық дәрілер қолданылады. Олардың антимикробты әсері, қышқылдар мен ферменттерге тұрақтылығы жоғары.

Антибиотиктердің микробқа әсерінің спектріне байланысты бірнеше топ ажыратады:

- грам-оң және грам-теріс кокктарға (менингококк, стрепто- және стафилококктар, гонококк, коринобактериялар, клостридиялар) және кейбір грам-оң бактерияларға қарсы эффективті антибиотиктер - бензилпенициллин, бициллин, метициллин, цефалоспориндердің I буыны, макролидтер, линкомицин, ванкомицин,т.б.

- грам-оң және грам-теріс таяқшаларға қарсы кең спектрлі антибиотиктер: жартылай синтетикалық пенициллиндер (ампициллин т.б.), хлорамфеникол, тетрациклиндер, II буынды цефалоспориндер;

- көбінесе грам-теріс таяқшаларға қарсы активтілігі жоғары антибиотиктер: доксициклин, полимиксин, III буынды цефалоспориндер;

- саңырауқұлақтарға қарсы препараттар: леворин, нистатин, амфотерицин В, флуканазол, кетоконазол.

Сонымен қатар, қазіргі кезде әртүрлі химиопрепараттардың да маңыздылығы жоғалған жоқ. Оларға нитрофурандар, 8-оксихинолин және хинолон, сульфаниламидтер және сульфондар,т.б. туындылары жатады.

 Нитрофуранды препараттар (фуразолидон, фурадонин, фурагин, фурациллин,т.б.) кең антибактериалді спектрге және қарапайымдыларға қарсы әсерге, жасушаішілік қасиетке ие. Олар ішек және зәр шығару жолдарының жұқпалы ауруларында және жергілікті антисептик ретінде қолданылады.

8-оксихинолин туындылары (мексаза, мексаформ, хлорхинальдон, 5-НОК, т.б.) ішек және урогениталді аурулардың көптеген бактериалді, қарапайымды, саңырауқұлақты аурулардың қоздырғыштарына қарсы эффективті.

Хинолон туындылары, әсіресе фторхинолондар (ломефлоксацин, норфлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ципрофлоксацин, т.б.) жоғары антибактериалді эффектіне, кең спектрлігіне, жасуша ішіне ену қасиетіне және төмен токсиндік әсеріне, т.б. байланысты қазіргі кезде кең қолданылуда.

Сульфаниламидтер                                    (сульгин, сульфадимезин, сульфаниламидтер, сульфапиридазин, фталазол,т.б,) және сульфон препараттары (диафенилсульфон немесе дансон, т.б.) грам-оң және грам-теріс бактериялармен немесе қарапайымдылармен шақырылған ішек, тыныс жолдары, зәр шығару жолдары ауруларының көптеген ауруларында қолданылады. Бірақ, бұл дәрілерді қолдану әр түрлі асқынулардың пайда болуына әкеліп соғады. Жаңа сульфаниламидтер мен триметопримнің үйлесуі - котримаксазолдың (бактрим, бисептол, гросентол, септрим, т.б,) антибактериальды эффекті жоғары және жанама әсері аз.

Этиотропты терапия мақсатымен паразиттерге қарсы және вирустарға қарсы препараттар да қолданылады. Паразиттерге қарсы препараттар бірнеше топқа бөлінеді: безгек қоздырғышына қарсы (хингамин немесе делагил, хинин, т.б.), амебиаз қоздырғышына қарсы (метронидазол, парамомицин, эмитин, т.б.) және басқа протозойлы инвазияларға қарсы препараттар; гельминттерге қарсы препараттар (альбендазол, левамизол, мебендазол, празиквантель, фенасал.т.б.).

Вирусқа қарсы препараттарвирустардың тіршілік циклінің әр түрлі сатыларына әсер етеді. Клиникалық тәжірибеде вирусқа қарсы препараттар А тұмауына қарсы (амантадин, арбидол, ремантадин, осельтамивир, занамавир т.б.), герпестік инфекцияға қарсы (ацикловир, валацикловир, ганцикловир, полирем, т.б.), В және С вирусты гепатиттерге қарсы ( ламивудин, рибавирин, т.б.). АИВ – инфекцияға қарсы (зидовудин, невирапин, саквинавир, эпивир, т.б.) қолданылады. Қазіргі кезде вирусты инфекциялар емінде интерферондар қолданылады (адамның лейкоцитарлы интерфероны, рекомбинантты препараттар – интерлейкин - 2α, интерлейкин - 1β). Олар вирусқа қарсы әсерімен қатар иммуноынталаушы әсерге ие.

Антибактериальды, вирусқа қарсы және паразиттерге қарсы емінің максимальды эффектіне жету үшін бірнеше ережелерді сақтау керек. Қандайда бір белгілі дәрі ауру этиологиясына, науқастан бөлінген қоздырғыш штаммының сезімталдығына, ауру сатысына және науқастың осы дәріге сенсибилизациясы болуына байланысты таңдалынады.

Антибактериальды препараттардың активтілігі басқа дәрілермен өзара іс-әрекетіне байланысты болуы мумкін (мысалы, кальций препараттарының әсерінен тетрациклин эффективтілігі төмендейді; фторхинолондардың антацидті препараттардың әсерінен эффективтілігі төмен, т.б.). Антибиотиктердің өздері де көп дәрілердің әсерін өзгертеді (мысалы, аминогликозидтер миорелаксанттардың әсерін жоғарылатады, левомицетин антикоагулянттың әсерін күшейтеді).

Спецификалық ем

Инфекция қоздырғышына спецификалық және спецификалық емес әдістер көмегімен әсер етіледі.

Спецификалық әдіске әсері микроорганизмнің бір түріне ғана бағытталған препараттарды қолдану жатады, мысалы, емдік сарысулар, иммуноглобулиндер және гаммаглобулиндер, иммунды плазма, бактериофагтар және емдік вакциналар.

Емдік сарысулардың құрамына микроорганимзге қарсы (антимикробты сарысулар) немесе бактериальды токсиндерге қарсы (антитоксикалық сарысулар – ботулизмге қарсы, күл ауруының қоздырғышына қарсы, сіреспеге қарсы) антиденелер кіреді. Емдік сарысулар иммунизацияланған жануарлардың қанынан өндіріледі. Бұндай жануарлардың сарысуынан спецификалық гаммаглобулиндер жасалынады. Олардың құрамына тазартылған антиденелер жоғары титрде кіреді (лептоспирозға қарсы, түйнемеге қарсы, сіреспеге қарсы, обаға қарсы).

  Спецификалық иммуноглобулиндер иммунизацияланған донорлардың немесе жұқпалы ауру реконвалесценттерінің қанынан өндіріледі (антирабиялық, гриппке қарсы, күл ауруның қоздырғышына қарсы, қызылшаға қарсы, стафилококке қарсы, сіреспеге қарсы, кенелік энцефалитке қарсы). Гомологиялық иммундық препараттардың жақсы қасиеттері – олар ағзада ұзақ уақыт (1-2 айға дейін) сақталады және жанама әсерлері жоқ. Көп жағдайларда иммунизацияланған донорлардың немесе реконвалесценттердің қан плазмасы (стафилококке қарсы) қолданылады.

 Емдік сарысулар, гамма және иммуноглобулиндер тек қана парентеральды жолмен (бұлшық етке, ауыр жағдайларда – көк тамырға) еңгізіледі. Жануарлардың қанынан алынған сарысулар мен гаммаглобулиндердің құрамына гетерологиялық (бөгде) белоктар кіреді, сондықтан науқастарда аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін (анафилактикалық шок, аллергиялық дерматит, Квинке ісінуі, сарысулық ауру). Бұл препараттарды бөлшектеп қолдану керек, олар десенсибилизациядан кейін ғана еңгізіледі. Басында терілік аллергиялық сынама жүргізіледі: білектің ішкі бетіне тері ішілік әдіспен 1:100 ерітілген сарысу (қызыл түспен белгіленген ампуладан) 0,1 мл мөлшерінде еңгізіледі. Екінші білекке бақылау үшін физиологиялық ерітінді еңгізіледі. Нәтиже 20 минуттан кейін бағаланады. Егер сарысу еңгізілген орнында диаметрі 1 см-ден астам гиперемия немесе ісіну пайда болса, нәтиже «оң» болып саналады (яғни науқастың жануар белогына сенсибилизациясы бар). Егер нәтиже «теріс» болса иықтың сыртқы бетіне таза сарысу 0,1 мл мөлшерінде (көк түспен белгіленген ампуладан) бұлшық етке еңгізіледі. Жергілікті немесе жалпы аллергиялық реакция 45 минут арасында дамымаса, емдік мөлшердің қалғанын жамбас бұлшық етінің сыртқы жоғары квадрантына еңгізеді. Сарысу температурасы дене температурасымен бірдей болуы қажет. Бір рет еңгізетін сарысудың мөлшері 10 мл-ден аспау керек. Серотерапия қабылдайтын науқастар 1 сағат бойы дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

 Тері ішілік сынама «оң» болған жағдайда немесе сарысуды теріастылық әдіспен еңгізу нәтижесінде реакция дамыса препарат тек қана шұғыл көрсеткіштермен қолданылуы мүмкін және десенсибилизациядан кейін жасалынады. Ол үшін алдыменен тері астына 100 есе ерітілген сарысуды 0,5 мл, 2,0 мл және 5,0 мл мөлшерінде 15-20 мин интервалымен, содан кейін сол интервалмен таза сарысудың 0,1 және 1,0 мл мөлшерде еңгізіледі. Егер реакция болмаса, бұлшық етке препараттың толық емдік мөлшерін еңгізеді. Осымен қатар шокқа қарсы препараттар қолданылады.

Сарысуларды еңгізу бойынша манипуляциялар асептикалық жағдайларда жасалынады. Сарысуы бар ашылған ампуланы стерилді салфетка астында бөлме температурасында 1 сағаттан көп емес сақтауға болады. Ерітілген сарысуы бар ашылған ампуланы сақтауға болмайды. Гаммаглобулиндер осы ережелер бойынша қолданылады. Иммуноглобулиндерді бұлшық етке алдын-ала десенсибилизацияны жүргізбей еңгізеді. Сарысулар мен иммуноглобулиндерді қолдану алдында олардың жарамдылығын тексеру қажет: ампула зақымдалмаған болуы тиіс, жарамдылық мерзімі болу керек, ерітінді мөлдір, тұнбасы болмауы қажет. Бұл препараттарды ұсынған температурада сақтау қажет. Сарысулар мен иммуноглобулиндерді қолдану орнында шокқа қарсы дәрілер болуы керек.

Бактериофагтар қазіргі кезде көбінесе ішек инфекциялары кезінде қосымша ем ретінде қолданылады. Патогенді бактериялар әр түрлі фаготиптерге жатуы мүмкін, сондықтан керекті бактериофагты таңдау қиындыққа соғады. Сонымен қатар, адам организмінде еңгізілген бактериофагқа қарсы антифагтық антиденелер түзіледі. Бактериофагтарды ауыз арқылы қабылдауға арналған қышқылға тұрақты жабындымен қапталған таблеткалар түрінде (іш сүзектік, дизентериялық, сальмонеллездік), суппозиторий түрінде (дизентериялық), сұйық түрде (іш сүзектік бактериофаг), құрғақ түрде (стафилококктың, стрептококктың, коли-протейлік т.б.). Бактериофагтардың сұйық түрлері ауыз арқылы, тік ішек арқылы және қабыну ошағында жергілікті қолданылады (тампон, шашырату, тері ішілік және бұлшық етке еңгізу т.б.). Препараттар 5-7 күн бойы қолданылады, курстары жиі қайталанады.

Вакцинотерапия организмнің қорғаныс механизмдерінің белсендіруге бағытталған жұқпалы аурулар емінің спецификалық әдісі болып табылады. Вакцина препараттары «мұражайлық» микробтық штаммдарынан немесе науқастан бөлінген қоздырғыштар дақылынан (аутовакцина), инактивацияланған микроорганизмдерден немесе олардың патогендік қасиеттерін жоғалтқан токсиндерінен (анатоксиндер) жасалынады. Әдетте вакциналар жұқпалы аурулардың созылмалы және созылыңқы түрлерінде және кей жағдайларда жедел жұқпалы процесс кезінде қолданылады.

Вакцинотерапияны ауруханада жүргізген дұрыс, себебі қауіпті асқынулар дамуы мүмкін (жұқпалы аурудың айқын асқынуы немесе қосымша патологияның активизациясы, анафилаксиялық реакциялар т.б.). Қазіргі кезде жаңа, жетілген иммунотерапия әдістері пайда болуда, сондықтан вакцинотерапия қолдануы шектеліп, кей жағдайларда тиім салынған (бруцеллез).

                                 Патогенетикалық ем

Патогенетикалық ем жұқпалы ауру барысында пайда болған функциональды және метаболикалық бұзылыстарды қалыптастыруға және жоюға организмнің иммунобиологиялық тұрақтылығын және қоздырғыштың жойылу эффективтілігіне жоғарылатуға бағытталған. Патогенетикалық емнің негізгі түрі – дезинтоксикациялық терапия. Ол улану синдромының ауырлық дәрежесіне байланысты тағайындылады. Бұл ем инфузия түрінде немесе энтеральды жолмен, эфферентті әдістерімен жүргізіледі. Инфузиялық әдіспен (көк тамырға) кристаллоидты (глюкоза, полиионды, Рингер, физиологиялық, т.б.) және коллоидты (альбумин, аминоқышқылдар, декстрандар - реополиглюкин және полиглюкин, инфезол, т.б.) ерітінділері еңгізіледі. Гемадилюция (қанды сұйықтату) әдісі бойынша ерітінділерді еңгізумен қатар диуретиктер қолданылады. Энтеральды әдіс - кристаллоидты ерітінділерді, энтеросорбенттерді (активтелген көмір, полифепам, тагансорбент, смекта, энтеродез,т.б.) пероральды жолмен (кейде назогастральды зонд арқылы ) еңгізу.

Эфференттік әдістер - аурудың ауыр түрлерінде экстракорпоральды емдеу әдістерімен жүзеге асырылады (гемодиализ, гемосорбция, плазмаферез, т.б.)

Дезинтоксикациямен қатар, су-электролиттік бұзылыстар, газды және қышқыл- негізді гомеостаз бұзылыстары, көмірсу, ақуыз және май алмасуының бұзылыстары, гемокоагуляция, гемодинамика бұзылыстар қалыптастырылады.

Иммунобиологиялық резистенттілікті жоғарылату үшін бірнеше шаралар комплексі жүргізіледі: физикалық тәртіп және диета сақтау, витаминдер және микроэлементтер тағайындау, физикалық ем әдістерін қолдану (мысалы, қанды лазермен немесе ультракүлгін сәулелендіру, гипербариялық оксигенация, т.б.).

Бактериялық препараттар (эубиотиктер) кең қолданылады. Олар адамның қалыпты микрофлорасын қалыптастыруға көмек етеді: бифидум-, коли-, лактобактерин, бактисубтил, энтерол, нарине, т.б.

Аурудың патогенезінде  иммунотапшылық жағдай дамығында  иммунокорректорларды (интерферондар, интерферондардың индукторлары, интерлейкиндер және т.б.) қолдану қажет.

Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары

 Жұқпалы науқастардың емі дәрілердің жанама әсерімен және дәрілік ауыруымен асқынуы мүмкін. Асқынуларға дисбактериоз, иммуно-аллергиялық бұзылыстар (анафилактикалық шок, сарысулық ауру, Квинке ісінуі, токсико-аллергиялық дерматит, васкулит, т.б.), токсикалық зақымдалулар (гепатит, нефрит, агранулоцитоз, энцефалопатия, т.б.) және аралас генезді бұзылыстар жатады. Көбінесе спецификалық және химиотерапиялық препараттармен этиотропты ем нәтижесінде дамиды. Дәрілік аурудың ең қауіпті түрі – анафилактикалық шок.

Сарысулық ауру – аллергеннің қайта енгізілуінің нәтижесінде дамиды (әдетте емдік сарысулар, гаммаглобулиндер, кейде иммуноглобулиндер, пенициллин, т.б.). Ол қан тамырлар мен дәнекер тіндердің қабынуымен сипатталады.

Антигенді қайта енгізу нәтижесінде организмде әр түрлі классқа және түрге жататын антиденелер өндіріледі. Олар қан тамырлар қабырғасында бекітілетін, комплементті активтейтін  қан айналымында жүретін иммундық комплекстерді түзеді. Бұның нәтижесінде қан тамырлар өткізгіштігі артады, қабырғалары инфильтрацияланады; бүйрек шумақтарының, миокардтың, өкпенің және басқа мүшелердің қан тамырлық капиллярлары тарылып, бітеледі; жүрек клапандары және синовиальды қабаттар зақымдалады. Қанда антиденелер пайда болуынан 3-7 күннен кейін иммундық комплекстермен антиген жоғалып, бірте-бірте сауығу болады.


Дата добавления: 2018-11-24; просмотров: 502; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!