Ісіну синдром ы кезіндегі диагностикалау алгоритмі



$$$097

24 жастағы ер адам, менеджер, бүкіл денесінің ісінуіне, бас ауыруына шағымданады. Баспа ауруына шалдыққаннан соң 10 күннен кейін жедел ауырған. Тексеру кезінде: қабақтың, беттің, аяқ-қолдың, алдыңғы құрсақ қабырғасының ісінуі. Терісі таза, бозарған. Артериалдық қан қысымы – 160/110 мм.с.б.б.  Зәрдің жалпы анализі: меншікті салмағы-1024, ақуыз – 3,4 г/л, лейкоциттер – 5-7 көз жетерлік жерде, эритроциттер – 10-12 көз жетерлік жерде, цилиндрлер – 7-8 көз жетерлік жерде, креатинин – 70 мкмоль/л.

Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау патогенділік тұрғыда ЕҢ лайықты ем болып табылады?

A) Пенициллин  

B) Фуросемид

C) Каптоприл

D) Альбумин

E) Преднизолон

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(С.И. Рябов. Нефрология: Руководство для врачей. – СПб., 2000.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA

 

$$$0 98

34 жастағы ер адам, бухгалтер болып қызмет істейді, зәр түсінің өзгеруіне, бетінің, кеудесінің ісінуіне шағымданады. 10 жылдан бері ауырады. Тексеріп қарау кезінде: тері жамылғылары бозарған, денесі түгелдей ісінген. Артериалдық қан қысымы – 140/95 мм.с.б.б. Қанның жалпы анализі: эритроциттер – 3,2×1012/л, HB – 93 г/л, түсті көрсеткіш – 0,8, лейкоциттер – 8,3×109/л, ЭТЖ – 21 мм/сағ. Зәрдің жалпы анализі: меншікті салмағы-1004, ақуыз – 3,9 г/л, лейкоциттер – 3-4 көз жетерлік жерде, эритроциттер – 8-9 көз жетерлік жерде, цилиндрлер – 10 -12 көз жетерлік жерде, креатинин – 80 мкмоль/л.,холестерин–7,8ммоль/л.                                                        Көрсетілген синдромдардың қайсысы болуы ЕҢ ықтимал?

A) Аралас

B) Нефротикалық 

C) Нефритикалық

D) Гематуриялық

E) Гипертониялық

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(С.И. Рябов. Нефрология: Руководство для врачей. – СПб., 2000.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$099

58 жастағы ер адам, дәнекерлеуші болып жұмыс істейді, ұзақ уақыттан бері көп мөлшерде іріңді-қақырықты бөлініс болатын бронхоэктатикалық аурудан зардап шегеді. 1 айдың ішінде бетінде, аяқтарында ісіну, әлсіздік пайда болған. Тексеріп қарау кезінде: терісі бозарған, денесі түгелдей ісінген. Қанның жалпы анализі: эритроциттер – 3,2×1012/л, HB – 90 г/л, түсті көрсеткіш – 0,8, лейкоциттер – 9,3×109/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Зәрдің жалпы анализі: меншікті салмағы-1004, ақуыз – 13,9 г/л, лейкоциттер – 6-8 көз жетерлік жерде, эритроциттер – 1-2 көз жетерлік жерде, цилиндрлер – 12 -14 көз жетерлік жерде, жалпы ақуыз -52 г/л.

Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы болуы ЕҢ ықтимал?

A) Пиелонефрит

B) Гломерулонефрит

C) Бүйрек гидронефрозы

D) Бүйрек амилоидозы

E) Миеломды ауру

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(А.Н. Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Т.6. Болезни почек. Москва. – 2002.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$100

43 жастағы әйел, кітапханашы болып жұмыс істейді, бетінің ісінгендігіне, ұйқышылдыққа, дауысының дөрекіленуіне, сөйлеуінің баяулауына, мойнының өсуіне шағымданады. Тексеріп қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде, беті мен қабақтары ісінген, пальпация кезінде қалқанша безі ІІ-ші дәрежеге дейін ұлғайған, пальпация кезінде ауырсынусыз, тығыздану мен жаңа түзілістерсіз. Артериалдық қан қысымы – 110/75 мм.с.б.б., ЖСЖ – минутына 54 рет. Шынтақ және тізе буындары аймағында гиперпигментация.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал диагноз болып табылады?

A) Эутиреоз

B) Гипотиреоз

C) Гипертиреоз

D) Тиреоидит

E) Тиреоаденома

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(Б.И.Шулутко, С.В.Макаренко «Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней». Санкт-Петербург, 2004 г )

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$101

62 жастағы әйел, кешкі уақытта ұлғаятын аяқтың ісінуіне, шаршағыштыққа, аздаған дене қимылы кезінде ентігудің болуына, бас ауыруына шағымданады. Тексеріп қарау кезінде: орта ауырлықты жағдай, терісі бозарған, аяқтың ісінуі, жүрек шекаралары: оң жағы -IV оң қабырға аралықта, жоғарғы – III қабырға, сол жақ - орта-бұғаналық сызықтан 2 см солға, тондары бәсеңдеген. Бауыр 4 см-ге қабырға доғасының шетінен төмен. АҚҚ – 180/100 мм.с.б.б. ЭКГ-да – V1 – V3 – QS, интервал ST изолинияда.

6 минуттық жүріс тестінің қандай бағалау дистанциясы ЕҢ ықтималды болады?

A) 500 метрден көбірек

B) 400 – 499 метр

C) 300 – 399 метр

D) 200 – 299 метр

E) 150 метрден азырақ

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Б.И.Шулутко, С.В.Макаренко «Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней». Санкт-Петербург, 2004)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= ZO

 

$$$102

34 жастағы ер адам, 12 жылдан бері буындарының ауруына байланысты тәулігіне 10 мг мөлшерінде глюкокортикостероидтар қабылдайды. Соңғы кездерде бетінің, ішінің, кеуденің жоғарғы бөлігінің ісінуіне, салмақ қосылуына, бұлшық еттің әлсізденуіне шағымданады. Тексеріп қарау кезінде: «ай тәрізді бет», саусақ аралығының, алақан сүйегі, саусақ және білек буындарының деформациясы. Артериалдық қан қысымы – 170/100 мм.с.б.б. Жүректің соғу жиілігі – минутына 82 рет.

Диагноз қою үшін қандай лабораторлық тексеру ЕҢ лайықты болып табылады?

A) Креатинфосфокиназа

B) Холестерин

C) Триглицеридтер

D) Қандағы қант

E) Қандағы калий, натрий

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(В.И.Мазуров. Клиническая ревматология. – С.-П. 2005.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 220; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!