Буын синдромы кезіндегі диагностикалау алгоритмі



$$$049

Бруцеллез кезіндегі буындардың зақымдануына тән:

A) Кіші буындардың полиартриті

B) Аяқтың үлкен саусағының артриті

C) Иық-жауырындық периартрит

D) Екі жақтық сакроилеит

E) Ірі буындардың моноартриті

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(В.И. Мазуров. Клиническая ревматология. – С.-П. 2005)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=ZO

 

$$$050

54 жастағы әйел тізе буындарының домбыққандығына және олардың ауыруына шағымданады.  Қарап тексергенде: дене бетімі толық, тізе буындары көлемі жағынан ұлғайған, оң жақтағы қуыста – кішкентай ойыс. Буындардың пальпациясы кезінде қимыл жасағанда – дөрекі түрдегі қытырлау, қимыл жасауы ауырсынулы. Жалпы қан анализі - эритроциттер – 4,2×1012/л, HB – 133 г/л, түсті көрсеткіш – 0,9, лейкоциттер – 5,3×109/л, ЭТЖ – 14 мм/сағ. С-реактивті ақуыз +. Буындардың рентгенографиясы: буын тесігі тарылған, субхондралды остеосклероз анықталады.

Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды болып табылады?

А) Остеоартрит

B) Подагралық артрит

C) Ревматоидты артрит

D) Реактивті артрит

E) Бруцеллезді артрит

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(В.И. Мазуров. Клиническая ревматология. – С.-П. 2005.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$051

30 жастағы ер адам оң жақ тізе, табан, толарсақ буындарының домбығуына және олардың ауыруына, оң жақтағы ахилді сіңірдегі созылмалы ауыруға, көздің шырышты қабығының қызаруына, жиі болатын зәр шығаруға шағымданады. Науқас жалғыз тұрады, маскүнемдікке салынған. Қанның жалпы талдауында: эритроциттер – 4,5×1012/л, HB – 143 г/л, түсті көрсеткіш – 0,9, лейкоциттер – 11,3×109/л, ЭТЖ – 34 мм/сағ. Зәрдің жалпы анализі: меншікті салмағы -1024, ақуыз – 0,4 г/л, лейкоциттер – 15-17 көз алаңында, эритроциттер – 0-1 көз алаңында.

Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ең лайықты ем болып табылады?

A) Цефазолин

B) Гентамицин

C) Тетрациклин

D) Метронидазол

E) Амоксициллин

{Дұрыс жауап}=С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Насонов Е.Л. Клинические рекомендации .Ревматология.- М. 2005.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

$$$052

39 жастағы әйел, музыкант, қол мен аяқтың дисталды саусақ аралығы, алақан сүйегі және табанның саусақ аралығы буындарының домбығуына, терідегі бөртпелер мен білектің жазылатын беткі қабатында қышудың болуына шағымданады. «саусақ-сосиска» симптомы, тырнақ «оймағы» симптомы, табақшалы бөртпелер бар. Рентгенограммада: остеопороз, буындардың остеолизисі, буын тесіктерінің тарылуы, сакроилеит.      Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды диагноз болып табылады?

A) Остеоартрит

B) Ревматоидты артрит

C) Подагралық артрит

D) Псориатикалық артрит

E) Анкилозирлеуші спондилит

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(А.Н. Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Т.2. Ревматические болезни. Витебск. - 1998)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

 

$$$053

34 жастағы ер адам, электрик, шынтақ, балтыр-табан, тізе, кәрі жілік-білезік, саусақ аралығы буындарының домбығуы мен ауыруына шағымданады. Саусақ аралығы буындары жуандаған, қимылдары шектелген, оң жақтағы балтыр-табан буындары қимылсыз. Жіліншік пен білезіктің бұлшық еттерінің айтарлықтай семгендігі байқалады. Қанның жалпы анализі: эритроциттер – 3,2 ×1012/л, HB – 92 г/л, түсті көрсеткіш – 0,8, лейкоциттер – 4,3×109/л, ЭТЖ – 58 мм/сағ. Рентгенографияда – узурация, шығулар, оң жақтағы балтыр-табан буындарының анкилозы анықталады.

Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы ең ықтималды диагноз болып табылады?

A) Остеоартрит

B) Бруцеллездік артрит

C) Подагралық артрит

D) Ревматоидты артрит

E) Ревматикалық артрит

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(А.Н. Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Т.2. Ревматические болезни. Витебск. - 1998)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM

 

$$$054

36 жастағы ер адам, жүргізуші болып жұмыс істейді, қимылдың бөгелгіштігі мен омыртқа қимылының шектелуі, омыртқаның бел және төменгі кеуде бөлігіндегі түннің екінші жартысында және таңға жуық күшейетін біркелкі дәрежедегі ауыру шағымдарымен клиникаға жатқызылды. 20 жасынан бері «радикулиттен» зардап шегеді. Невропатологтың емі нәтижесіз болған. Тері жамылғылары бозарған. Физиологиялық бел лордозының тегістігі, арқа және бөксе бұлшық еттерінің гипотрофиясы анықталған. Шобер (2 см), Томайер (20 см), Кушелевсий симптомдары оң.                                                                   Емдеуді көрсетілген препараттардың қайсысынан бастау ЕҢ тиімді болып табылады?                                                                                                                A) Метотрексат                                                                                                                  B) Диклофенак                                                                                                        C) Преднизолон                                                                                                         D) Азатиоприн                                                                                                                    E) Аллопуринол

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=( Насонов Е.Л. Клинические рекомендации .Ревматология.- М. 2005.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA

 

Зәр синдромы кезіндегі диагностикалау алгоритмі

$$$055

Бүйрек жетіспеушілігі кезінде диагностика үшін қандай сынама ЕҢ маңызды болып табылады?

A) Амбурже сынамасы

B) Зимницкий сынамасы

C) Нечипоренко сынамасы

D) Реберг-Тареев сынамасы

E) Аддис-Каковский сынамасы

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(С.И. Рябов. Нефрология: Руководство для врачей. – СПб., 2000)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=ZO

 

$$$056

17 жасар бозбала, бетінің, денесінің ісінуіне, зәрінің түсінің өзгеруіне шағымданады. 2 жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз, бүкіл денесінде ісінулер. Артериалды қан қысымы – 160/100 мм.с.б.б. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,0×1012/л, HB – 93 г/л, лейкоциттер – 6,7×109/л, ЭТЖ – 38 мм/сағ. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1004, белок – 3,8 г/л, лейкоциттер – 3-4 көру алаңында, эритроциттер – 8-9 көру алаңында, цилиндрлер – 10-12 көру алаңында, креатинин – 280 мкмоль/л, холестерин – 7,8 ммоль/л.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды синдром қайсысы?

A) Аралас

B) Нефротикалық 

C) Нефриттік

D) Гематуриялық

E) Гипертониялық

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(С.И.Рябов. Нефрология: Руководство для врачей. – СПб., 2000.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$057

45 жастағы әйел, бүкіл денесіндегі ісікке, әлсіздікке шағымданады. 5 жылдан бері оң жақ балтыр аймағында жыланкөз бар. Бір айдың ішінде бетінде, аяқтарында ісінулер, әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: терісі боз, бүкіл денесінде ісіну бар. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,2×1012/л, HB – 90 г/л, лейкоциттер – 9,3×109/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1004, белок – 5,4 г/л, лейкоциттер – 6-8 көру алаңында, эритроциттер – 1-2 көру алаңында, цилиндрлер – 12-14 көру алаңында, жалпы ақуыз - 55 г/л.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал болжамалы диагноз қайсысы?

A) Пиелонефрит

B) Бүйрек амилоидозы

C) Гломерулонефрит

D) Бүйрек гидронефрозы

E) Миеломды ауру

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(А.Н.Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Т.6. Болезни почек. Москва. – 2002.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$058

35 жасар әйел, жүктілік мерзімі 31-32 апта, аяқтарындағы ісінуге, бетінің ісінуіне, бас ауруына шағымданады. Қарап тексергенде: Аяқтарында ісіктер, бетінде ісіну бар. Жүректің соғу жиілігі минутына 100 рет. Артериалды қан қысымы – 160/100 мм с.б.б. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1005, лейкоциттер 3-4 көру алаңында, белок 1,33 г/л, гиалинді және дәнді цилиндрлер - 3.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал болжамалы диагноз қайсысы?

A) Преэкламсия

B) HELLP-синдромы

C) Гломерулонефрит

D) Жүктілер ісінуі

E) Жүктілер пиелонефриті

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}=(А.Н. Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Т.6. Болезни почек. Москва. – 2002)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM

 

$$$059

30 жасар әйел, бас ауруына, әлсіздікке шағымданады. Баспамен ауырғаннан 15 күннен кейін әлсіздік пен қабағының ісінуі пайда болған. Қарап тексергенде: қабағы мен өкшесінің ісінуі бар. Терісі боз. Артериалды қан қысымы – 150/100 мм.рт.ст. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1021, белок – 1,4 %о, лейкоциттер – 5-7 көру алаңында, эритроциттер – 10-12 көру алаңында, цилиндрлер – 7-8 көру алаңында, креатинин – 70 мкмоль/л.

Көрсетілген дәрілік заттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

A) Курантил 

B) Фуросемид

C) Каптоприл

D) Преднизолон

E) Азитромицин

{Дұрыс жауап}= Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(С.И. Рябов. Нефрология: Руководство для врачей. – СПб., 2000.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA

 

$$$060

Ер адам 48 жаста, бас ауруына, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: терісі боз. Артериалды қан қысымы – 140/90 мм с.б.б. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1012, белок – 1,2 %о, лейкоциттер – 5-7 көру алаңында, эритроциттер – 10-12 көру алаңында, цилиндрлер – 7-8 көру алаңында.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді тексеру әдісі қайсысы?

A) Бүйрек биопсиясы

B) Экскреторлы урография

C) Компьютерлік томография

D) Ультрадыбысты зерттеу

E) Магнитті резонансты томография

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(С.И. Рябов. Нефрология: Руководство для врачей. – СПб., 2000.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA

 


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 280; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!